• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қыркүйек, 2011

Кемел келешек кілті

490 рет
көрсетілді

ҮКІМЕТ "Егемен Қазақстанның" апталық қосымшасы ___________________________ Еліміздегі жұмыссыз адам­дар­дың саны азаятын күн де алыс емес. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан хал­қы­ның өмір сүру сапасын арт­тыру жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзір­леу міндетін жүктеген болатын. Кемел келешектің кілтіне айналар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 млн. қазақстандық жұмыс­пен қамтылып, кедейлік көрсет­кіші 6 пайызға дейін азаяды. «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасы – халықтың әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ба­ғытталған бастама. Страте­гия­лық бағдарламаны іске асыру бойынша республикалық бюд­жеттен бағдарламаның 3 бағы­тын қаржыландыру мақсатында биыл барлығы 2898,7 млн. теңге қаралды. Бағдарламаның бірінші «Оқы­ту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша ағымдағы жылы аймақта 6909 адамды оқыту жоспарланған. Бұл мақсатқа 1521,3 млн. теңге бөлінді. Ал «Ауылда кәсіпкер­лікті дамытуға жәрдемдесу» бағытын жүзеге асыруға 476,5 млн. теңге қарастырылды. Үшін­ші бағыт – «Еңбек ресурс­та­рының ұтқырлылығын арт­тыру». Бұл ретте де 772,4 млн. теңге қаржы бөлініп, өз мақсатына жұмсалуда. Жергілікті билік тарапынан бағдарламаны іске асыру бағы­тында қолдау көрсетіліп отыр. Үстіміздегі жылдың шілде айы­нан облыстың барлық аудан­дары мен Қызылорда қаласында 8 жұмыспен қамту орталығы ашылды. Мұның өзі шалғай елді мекен тұрғындарының жұ­мыс­пен қамтылуына, әлеумет­тік жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізері сөзсіз. Бұл орта­лықтар 67 адамды еңбекпен қам­тып отыр. Айта кеткен жөн, 6 орталықтың директоры әлеу­меттік салада тәжірибесі бар қызметкерлер. «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасын табысты жүзеге асы­ру мақсатында жұмыспен қамту жөніндегі аумақтық және аудандық комиссиялар құрыл­ды. Іс-шаралар жоспары бекітіліп, медиа-жоспар әзірленді. Орталық қызметкерлері біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бүгінге дейін бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде өңір­лік комиссияның 7 отырысы ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты бағы­ты – ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жалпы, өз бетінше жұмыспен айна­лысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасы­лар­дың көпшілігі ауылды жерлерде тұратынын, оның үстіне елді мекендерде жалдамалы жұмыс орындарын құру оңайға түспей­тінін есепке алсақ, ауыл кәсіпкер­лігін дамытудың маңызы зор болмақ. Бағдарламаның бірінші бағы­ты 6909 адамды қамтыды. Оның ішінде кәсіптік оқуға – 2935, қайта даярлауға – 1644, біліктілік арттыруға 2330 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 118,5 млн. теңге қаралып, 829 адам жұмысқа орналасты. «Оқыту және жұмысқа орна­ласуға жәрдемдесу» бағыты бойынша 31 білім ұйымы белгіленіп, жұмыс берушілерге қажет­ті мамандықтардың 56 түрі ай­қын­далды. Сонымен қатар кәсіп­тік даярлауға 2935 адамды оқыту жоспарланса, есепті кезеңге 2904 адам жолданды. Олардың 1185-і кәсіптік лицейлерге, 1719-ы колледждерге жіберілді. Қайта даярлау курстарына 696 адам жол­данды. Екінші бағыт бойынша бүгін­гі күнге өңірлік комиссия ауыл­дық жерлерде кәсіпкерлікті қол­дау мақсатында кәсіпкерліктің басым бағыттарының 47 түрін бекітті. Облыстық өкілетті несие беру ұйымы «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасы өзара кредиттік келісім-шартқа отырды. Шағын несиелендіру ұйымдарын анық­тау жөнінде рәсімдер өткізіліп, тізімі әзірленді. Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ филиалы шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктерінің арасында конкурс жариялауды ұйымдастыруда. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін әрбір кәсіпкер микрокредиттік ұйымға бизнес-жобасын ұсынуға болады. Оң қорытынды алған жағдайда жобаны іске асыруға жетіспейтін инженерлік-комму­никациялық инфрақұрылымды жүр­гізуге қосымша қаржы бөлі­неді. Ол жобаның несие көлемі­нен аспауы тиіс. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауыл тұрғындарымен насихат жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге несие алуға үміт­керлер саны 632 адамды құрап отыр. Мәселен, Арал ауданының тұрғыны С.Саянов темір жол жанында орналасқан бұрынғы су сақтайтын қойманы алып, жөн­деу жұмыстарын жүргізіп көк­өніс сақтайтын қойма жасауды қолға алды. Кәсіпкер жобасы толықтай жүзеге асқанда 11 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар бизнес өкілі аудан халқын қыс айларында сапалы көкөніс­пен қамтамасыз ете алады. Ал Қазалы ауданы Құмжиек ауыл­дық округіндегі жұмыссыз Ж.Ер­назар есімді азамат наубайхана ашып, 3 жаңа жұмыс орнын құ­руды жоспарлап отыр. Жалағаш, Жаңақорған аудандарындағы жұ­мыссыз азаматтар да бағдарла­маның игілігін сезініп отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мақсатында конкурс жарияланып, жеңімпаз ретінде «PROF-Консалтинг» ЖШС анық­талды. Оқу кестесіне сәйкес 7 аудан мен Қызылорда қаласында 40 ака­демиялық сағаттық кәсіп­кер­лік негіздеріне оқыту курстары 2011 жылғы 27 қыркүйек пен 1 қараша аралығында өткізіледі. Оқу жоспарына сәйкес шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен та­ныс­тыру, кәсіпкерлік және маркетинг негіздеріне оқыту, шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері жөнін­де оқыту, бизнес-жоспар жасау жә­не микрокредиттік ұйымдар­мен жұмыс жүргізуге үйрету секілді курстар қамтылды. Оқыту­шы­лар құрамында Мәскеудегі Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының бизнес жүргізу және еуроме­недж­мент мамандықтары бойын­ша оқу бітірген түлектері болды. Сонымен қатар, Германия және Ұлыбритания елдерінде тәжіри­беден өткен оқытушылар да қатысты. Бүгінгі күні Қызылорда қаласынан 25 адамға жолдама беріліп, 1-топ оқуды бастады. Ал үшінші бағыт бойынша Ауыл шаруашылығы министрлі­гі­нің ұсынысымен 4 ауданда, яғни Арал, Қазалы, Қармақшы, Жала­ғашта 20 экономикалық әлеуеті төмен елді мекен бекітілді. Бүгін­де экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударуға ниет білдірген отбасылар саны нақтыланып, қызметтік үйлер саны белгіленді. Арал ауданында – 1, Қазалыда – 8, Жалағашта 10 үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар Қармақшы ауданында – 30, облыс орталығында 60 пәтерлі 1 үй салынбақ. Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетемін деген ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әсіресе биыл­дан бастап қолға алынып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты деуге болады. Қорыта айтсақ, жаңа страте­гиялық бағдарлама – елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігіне айналғалы отыр. Жазира ЖЫЛҚЫШИЕВА, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы.