• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Кеңейтілген отырыста келелі мәселелер назарға алынды

404 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблея­сының қызметін дамыту және мемлекеттің этноұлттық сая­сатын ғылыми-сарапшылық қыз­мет­пен қамтамасыз ету мемлекеттік тұрғыда қоғамдық даму­дың стратегиялық міндеттерін шешу үшін жаңа міндеттер алып, ма­ңыз­ды шешім қабыл­дауға негіз болып отыр. Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша құ­рыл­ған Қазақстан халқы Ассамб­леясының Ғылы­ми-сараптамалық кеңесі қоғам­дық пікірлерді белсенді ету, қоғамдық келісім және этнос­аралық толеранттылықтың қа­зақ­стандық үлгісін дамытудың берік негізін құру мақсатында ғылыми әлеуетті, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің ға­лымдарын бір ортаға топтас­тыра білді. Елбасы, Қазақстан халқы Ас­самблеясының Төрағасы Н.Ә.На­зарбаев Ассамблеяның ХVІІ сессиясында елдің индус­триялық-инновациялық дамуы мен әлеуметтік модернизация­лануы­на сәйкес, азаматтық қо­ғам­­ның барлық құрылым­дары­ның қызметтік аясын кеңейту жә­не жұмыс деңгейін сапалық тұр­ғы­да арттыруды талап ететін мін­деттер­дің жаңа топтамасын айқындап бер­ді. Ол үшін іргелі, қолданбалы және болжам жа­сауға бағытталған зерттеулерді дамыту жөніндегі интеллектуал­дық ресурстардың бір­тұтас құ­рылымы мен қоғамдық және мемлекеттік-құқықтық тетік­тер­дің іске қосылуы тиістігін атап көрсетті. Осы міндеттердің үдесінен шығу мақсатымен 2011 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Ғылыми-са­рап­тама­лық кеңесі қызметінің құқықтық негізі және мәртебесі, мемлекеттік саясаттың этнос­аралық қаты­нас­тар саласындағы маңызды мә­селелерін ғылыми-сарапшылық тұрғыда сүйемел­деу­дегі рөлі көр­сетіл­ген Қазақстан Республикасы Президентінің «Қ­а­зақ­стан халқы Ассамблеясының ережесі тура­лы» №149 Жарлығы бекітілген-ді. Бұған дейін осы жылдың 16 мамырындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген оты­рысында берілген тапсыр­ма­ларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос­пары күн тәртібіне қойылып, Мемлекеттік хатшының 2011 жыл­ғы 1 маусымдағы №3 өкіміне сәй­кес жобаларды қаржыландыру, оған қажетті ресурстық, ғылыми және білім беру базаларын қалып­тас­тыру, мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдардың өзара қарым-қатынасын дамытуға байланысты маңызды мәселелер­ді атқару шара­сы алға қойылған. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеу аясында Қазақ­стан халқы Ас­самблеясы Ғылыми-сарапта­ма­лық кеңесі ғылыми зерттеулер аясын кеңейтіп, этносара­лық жә­не конфессияаралық қарым-қаты­нас аспектілерінің іргелі және қолданбалы басым бағыт­тарын қалыптастырды. Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Қазақ­станның стратегиялық зерттеулер инсти­ту­тын­да өткен Ғылыми-сарапта­ма­лық кеңестің кеңей­тіл­ген отыры­сын­­да Ассамблея Төр­ағасының орын­ба­са­ры Е.Тоғ­жанов күн тәр­тібіндегі мә­се­­лелердің ретімен та­ныс­тырып, ке­ңестің мүшелері Б.Сұл­танов, Н.Ка­лашникова, А.Сәдуақасова ат­қа­рыл­ған іс-шаралардың есебін тү­йін­де­ді. Сонымен қатар, этно­мә­дени бір­лестіктердің басшылары А.Дедерер, З.Касанов, С.Оздоев, К.Мирзоев өз кезегінде этносара­лық мәсе­ле­де бірлескен зерттеулер жүр­гізудің пайдалылығын атап өтті. Ғылыми-сараптамалық ке­ңес­тің кеңейтілген отырысында атал­­мыш кеңестің белсенді қа­тысуы­мен өтетін Қазақстан Тәуел­­­сіздігі­нің 20 жылдығына ар­налған іс-шаралар жоспары бел­гіленді. Оты­­рыстың күн тәр­тібіндегі мә­селелер жан-жақты талқыланып, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясындағы іс-ша­раларды жүзеге асыруға және этносаралық қаты­нас­тар мен толеранттылық сала­ларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, 2011 жылғы 7 қыр­күйектегі ел Президентінің №149 Жарлығына сәйкес қа­был­данған «Қазақстан халқы Ас­самб­леясы туралы Ереженің» қа­был­данға­нын назарға алу, Ассамблея қыз­метіндегі иннова­ция­лық ба­ғыт­­тар­дың алға жыл­жуына қолдау көрсету, әлеумет­тік маңызды жо­баларды және зерттеулерді жүзе­ге асыруда тиімділікті арттыру мақ­сатында ғалымдар­мен, сарап­шы­лар­мен өзара қа­рым-қаты­нас­ты нығай­ту және осы бағыттағы жұ­мыс­ты үйлес­тіру, Орталық Азия­да­ғы толе­рант­тылық мәселе­лері жөніндегі Азаматтық форум идея­сы мен ұсынысын негізге ала отырып, этносаралық қаты­нас­тар саласын зерттеу мақса­тында Ха­лық­ара­лық сарапшы­лар клубын құру тұ­жырым­дамасын мақұлдау, Ғы­лы­ми-сараптамалық кеңес мү­ше­лер­і­нің Р.Б.Сүлейменов атын­дағы Шығыстану институты жә­не Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ЮНЕСКО кафедраларымен шы­ға­рылатын журналдар мен жи­нақтардың, арнайы веб-сайт­тар­дың мүмкіндігін қолдану ар­қы­лы ақпараттық сүйемелдеуге ие болу, Ғылыми-сараптамалық кеңес мү­ше­лерімен қабылданған ұсыныс­тар­ды мүдделі мемлекеттік құры­лымдарға, ғылыми және білім беру ұйымдарына, этномә­де­ни бірлестіктерге жолдау секілді бір­қатар маңызды міндеттер жауапкершілікке алынды. Қанат ЕСКЕНДІР. Алматы.