«Жауынгерлік бауырластық-2017» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Тарқата айтар болсақ, Алматы облысының «Іле» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерімен (ҰҚШҰ ҰБК) «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті. Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрылуы, ҰҚШҰ-ның құрамына кірмейтін мемлекеттер аумағында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамасы бойынша өткізілетін бейбітшілікті сақтап тұру жөніндегі операция ауданында олардың өрістетілуі, бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны жүргізу, сондай-ақ бітімгершілік тапсырмаларды орындау кезінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығудың белсенді фазасында бітімгершілік бөлімшелердің жеке құрамы іс жүзінде бақылау-өткізу және бақылау пункттерінде қызмет өткеру, жергілікті жер мен елді мекендерді патрульдеу, маңызды нысандарды күзету, жер мен нысандарды минадан залалсыздандыру, радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды жүргізу, өрт салдарын жою, жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы тұру, ізгілік жүктерді алып жүру, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.
Ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің командирлері бітімгершілік тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда, бейбітшілікті сақтап тұру жөнінде операцияны жүргізу барысында бөлімшелерді басқаруда, өзара іс-қимылды ұйымдастыруда практикалық машықтарын жетілдірді.
Оқу-жаттығудың ерекшелігі, ауқымды шараға ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесінде авиациялық компонент, оның ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ психологиялық күрес және ақпараттық қарсы күрес бөлімшелері тартылды.
Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ ҰБК полицейлер персоналының іс-қимылдарын БҰҰ Полиция департаментінің қоғамдық тәртіп жөніндегі кеңесшісі Джорджио Джиаймо қадағалап отырды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың (БҰҰ, ҚКХК), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларда офицерлер, сержанттар және сарбаздар жақсы тәжірибе жинақтайды, өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндіктері бар. БҰҰ-ның әдістемелері мен стандарттары бойынша бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде заманауи кешенді операциялардың өткізілуін ескере отырып, арналым бойынша іс-қимылдарға Ұйымның бітімгершілік күштерін дайындауды жетілдіру жүргізілуде.
Бүгін біз «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы – бітімгершілік контингенттеріміздің бірлескен дайындығының негізгі кезеңін аяқтаймыз. Сіздерге оқу-жаттығу барысында көрсеткен жоғары кәсібиліктеріңіз, танытқан ынта-жігерлеріңіз бен керемет машықтарыңыз үшін алғыс білдіремін», деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.
«Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезекті кезеңі болып табылатынын айта кету қажет. 2017 жылғы 10-20 қараша аралығында Тәжікстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштері контингенттерінің тапсырмаларды орындауы шешуші кезең болмақ.
Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»