• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қазан, 2017

Астанада тауарлардың таза салмағын тексеру жұмыстары жүргізілді

307 рет
көрсетілді

Елордалық тұтынушыларға сатып алатын тауарларының таза салмағы сәйкес емес өнімдер фактісі кездескен жағдайда, заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне шағымдануға болады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының «Әсем» СҮ, «Коммуналдық базар» ЖШС «Шапағат» СҮ, «Ажар» СҮ «Әлем» СҮ және «Астаналық» СҮ (Артем) сияқты ірі сауда орталықтарынмен бірлесіп қаптамада көрсетілген тауардың таза салмағын тексеру мақсатында «МРК 6200» метрологиялық жұмыс комплектісінде дайын өнімдерді бақылау таразысында өлшеу түріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңнамасының сақталуына профилактикалық жұмыс жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру және «Тұтынушылар үшін жадынама» тарату арқылы халыққа профилактикалық көмек көрсету болды. Яғни, нарықта салмағы қаптамадағы көрсеткішке сәйкес емес өнімдер бар екендігі туралы тұтынушыларды құлағдар ету болып саналады.

Тұтынушылар мен сатушыларға жекелей шығарылған немесе «өлшеп салынған» өнімдердің таза салмағы, олардың негізгі көлемі сақтау кезінде кішірейетіндігі туралы ақпарат көрсетпеуге жол берілетіндігі түсіндірілді.

Өзіміз білетіндей базар – ол сұраныс пен ұсыныс тең дәрежеде қанағаттандырылуы тиіс заңнамалық жүйе. Тұтынушыларды алдау тауар айналымы мен халыққа қызмет көрсету саласының нарықтық қатынасын бұзады.

Бұл Заң, метрологиялық қызмет саласында мемлекеттік басқару органдары мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді және азаматтар мен Қазақстан Республикасының экономикасын теріс өлшем нәтижелерінен қорғауға бағытталған.

Осыған орай, тұтынушыларға таза салмағы сәйкес емес өнімдер фактісі кездескен жағдайда, заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттерге хабарласуға болатыны түсіндірілді.

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана, Алматы қалалары бойынша және облыстық Департаменттері Сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санына бақылау жүргізуге уәкілетті орган екенін атап айтқым келеді, — дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім жетекшісі А, Қабылова.

Осыған орай, комитет толығырақ ақпарат алғысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне мына байланыс пен мекенжайға:  Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11, тел.:750541,750542, email gosnadzor_astana@mail.ru. хабарласуға болатынын назарға береді.