• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Бұрынғы кемшіліктер ескерілуі тиіс

259 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қор­ша­ған ортаны қорғау комитеті депутаттарының Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Су ресурстары комитетінің басшылығымен кездесуінде 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасының орындалу жайы талқыланды, деп хаб­ар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Талқылауға Сенат депутат­та­ры, Сенат аппаратының, Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің, Құрылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері агенттігінің, Табиғи монопо­лия­лар­ды реттеу жөніндегі агент­тіктің, Солтүстік Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан облыс­та­ры­ның, Астана қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сумен қамту кәсіпорындарының өкіл­дері қатысты. Талқылауды аша келіп, Аг­рар­лық мәселелер және қор­ша­ған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» мемлекеттік бағдар­ла­масын іске асыру нәтижелері туралы қысқаша әңгімеледі. Кездесу барысында бұл мақ­сатқа мемлекет бюджетінен 205,4 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінгені, ұзындығы 12 935 шақырым болатын ауыз су құбырының желісі іске қосыл­ғаны айтылды. Шалғайдағы 3417 ауыл мен село таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сенатор, сондай-ақ 2011-2020 жыл­дар­ға арналған «Ақбұлақ» бағ­дар­ламасын жүзеге асыру ба­ры­сына назар аудара отырып, бұ­рын­ғы бағдарламаларды орын­дау кезінде анықталған жетіспеу­шіліктерді республикалық ма­ңы­зы бар Астана және Алматы қалаларын сумен қамтамасыз етуде ескеру қажеттігін атап өтті. Кездесуде Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігінің Су ре­сурстары комитетінің төрағасы А.Орман, Құрылыс және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық істері агенттігі төраға­сы­ның орынбасары С.Дембай және Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төр­аға­сының орынбасары Қ.Сма­ғұлов сөз сөйлеп, депутаттар­дың сауалдарына жауап берді. Кездесуді қорытындылаған Аграрлық мәселелер және қор­шаған ортаны қорғау коми­те­тінің төрағасы Б.Жылқышиев 2002-2010 жылдарға арналған таза ауыз су жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға теріс әсер еткен олқы­лықтарға «Ақбұлақ» бағдарла­ма­сын жүзеге асыратын құры­лым­дар басшыларының наза­рын аударып, осы сала бой­ын­ша орталық және жергілікті атқарушы органдар, инвесторлар мен ғылыми институттар және үкіметтік емес сектор ара­сындағы өзара іс-қимылды үй­лес­тіру қажеттігін атап көр­сетті.