• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Зерттеу университеттері – инновациялар бастауы

502 рет
көрсетілді

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Зерттеу университеттерін қа­лып­тастыру және олардың Қазақстан Респуб­ли­касының инновациялық дамуына қосатын үлесі» та­қырыбында халықаралық форум өтті. Форумның жұмысын кіріспе сөз сөйлеп ашқан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов жоғары оқу ор­нын­да зерттеу университетін қа­лып­тастыру және бұл бағыт­тағы ізденістер туралы жан-жақты баян­дады. Қазақстанда ғылыми-зерт­теу университетін құру мә­селесі күн тәртібіне қойылған халық­ара­лық форум­ның тәуелсіз елі­міздің жиырма жылдығы қарса­ңын­да өткізілуі біздер, ғалымдар үшін үлкен мәртебе.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енудегі ең басты шарт – білім мен ғылым жүйесін­дегі мазмұнды өзгерістерге тәу­ел­ді екендігін атап айтқан бола­тын.  Елімізде жас­тар­дың білім деңгейін одан әрі жетілдіріп, ха­лықаралық деңгейдегі мамандар дайындаудың бүгінгі таңда қа­жет­тілігі зор. Сондықтан да, білім сапасы жоғары жаңа уни­верситетті құру қазақстандық жо­ға­ры оқу орын­дарының әлемдік білім кеңістігі интеграциясына бағыт­талған маңызды даму са­ты­сы болып табылады, деді Ғалым Мұтанов. Әлемнің отыз елінен жүзден астам ғалымдар, жоғары білім беру саласының көрнекті қайрат­кер­лері және IGIP,  IFEES,  SEFI,  COPEC  және өзге де халық­ара­лық ұйымдардың өкілдері мен отан­дық жоо басшылары қатыс­қан жиында зерттеу университетін қалыптастыру мен дамы­ту­дағы шетелдік озық тәжі­ри­белер күн тәртібіне қойылды. Сонымен қатар, инновациялық қызмет пен ға­лым­дардың ғылыми-зерттеу, құ­растыр­малы тәжірибелерін жетілдіру сияқты өзекті мәселелер талқыға салынды. Қа­зақ­стандағы көшбасшы универси­тет­тер­дің бірі болып есептелінетін ҚазҰУ бү­гінде Ұлыбританияның «Quac­­du­arelli Symonds» агенттігінің рейтингі бой­ынша әлемдегі 700 үздік университеттің а­ра­сында екі жүз ор­ынға жоғарылап, 401-450-ші дәрежеге шығуы көп нәр­седен хабар берсе керек. Соны­мен қоса,  халықаралық стан­­дарт­тарға сай келетін білім бағ­дарламаларына көшкен ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құ­ру­да мемлекеттік ма­ңызы бар мәсе­ле­лер­ді шешумен айналыспақ. Әрине, мұ­ның өзі оқу орны ғалымдарынан жо­ға­ры деңгейдегі біліктілік пен іскерлікті талап етумен қатар, оларға үлкен жауапкершілік жүк­тей­тіндігі анық. Сөй­тіп, университет ғалымдары елдің эко­но­ми­калық дамуына, әлеуметтік құ­рылымы мен ғылыми ілгерілеуі бағы­тын­дағы іс-шараларға үлес қоспақ. Форум жұмысына қаты­сып, сөз алған АҚШ-тың Гарвард университетінің Азия мен Кав­каз­ды зерттеу бағдарла­ма­сының директоры Джон Шоберлаин, Ата­түрік университетінің рек­то­ры Хикмет Коджак және басқа да ғалым­дар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім беру деңгейінің жоғары талапқа сай екендігін тілге тиек етіп, келешектегі ауқым­ды жобаларға да тоқталды. Халықаралық форум қонақ­та­ры­ның бірі, Оңтүстік Кореядағы Корея университетінің өкілі, эко­номика ғы­лы­мының докторы Ли Ман У-дың пікірінше, «қазақ­стан­дық студенттердің білімі бү­гінгі күннің жоғары талабына сай болуы құптарлық жәйт». Форум аясындағы басқосуларда қазақ­стандық білім жүйесімен кеңірек танысқан ғалымдар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ келешекте іргелі зерттеулермен жан-жақты ай­на­лысатындығына сенім білдірді. Форумның пленарлық және сек­циялық отырысында универси­те­ттің қалыптасуы мен дамуын­да­ғы шетелдік тәжірибелер, оқы­ту­шылар мен сту­дент­тердің акаде­ми­ялық жұмылысы, инно­вация­лық  қызмет пен ғалымдардың ғы­­лыми-зерттеу, құрастырмалы-тәжі­ри­бе­ле­рін жетілдіру тұстары қарастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы та­рапынан қой­ыл­ған әлемдік дең­гейдегі зерттеу университетін құ­руда мемлекеттік маңызы бар мә­селелерді шешумен айналы­са­тын­дығы құптарлық жәйт. Университет халықаралық стан­дарт­тарға сай келетін білім бағдар­ламасына Орталық Азия аймағы бойынша білім мен ғылымның жетекші орталығы ретінде белсенді дамып, әлемдік білім ке­ңістігінде мой­ын­далып келеді. Бүгінде университетте еліміздің әр аймағынан және алыс-жақын шетелден он тоғыз мыңнан аса студент білім алуда. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.