• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2011

Қазақстанның қаржы саласындағы «мұзжарғыш»

307 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы «Рэдисон САС» қонақ үйінде Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) құрылғанына 10 жыл толуына орай ұй­­ым­дастырылған «Экономиканы жаңғырту мақсатында инве­с­­­ти­цияларды ынталандыру: жаңа мүмкіндіктер» атты халық­аралық конференция болып өтті. Халықаралық конференция жұмысын Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Содан кейін Премьер-Министр ҚДБ-ның 10 жылдық мерекесіне байланысты өткізіліп отырған ха­лықаралық конференцияға қаты­су­­шыларға жолдаған Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет бас­шысы Даму банкінің 2001 жылы мамыр айында тікелей өзінің тап­сырмасымен құрылғанын еске са­ла келіп, «Егер біз Даму бан­кінің осы өткен 10 жыл ішінде атқарған жұмысына баға беретін болсақ, үлкен жұмыстар атқа­рыл­ды, оның нәтижесі қазірдің өзін­де айқын көрінуде. Қазір Қазақ­стан экономикасының негізін құ­рап отырған ірі жобаларды нақ осы банк қаржыландырды. Бұл Ақтау теңіз айлағы, Мойнақ ГЭС-і, Аты­рау мұнай өңдеу зауыты, газ-химия кешені, Тараз және Павлодар метал­лур­гиялық зауыттары, сонымен бірге басқа да көптеген ірі жобалар», – деп атап көрсетілген Елбасының құттықтауында. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз сөзінде бүгін таңертең «Standart&­Poor’s» халықаралық агенттігінің Қазақ­стан Даму банкінің несиелік рейтингін көтергендігін атап өтті. Ол сонымен бірге банктің еліміздің экономикасын дамытудағы өлшеусіз жұмысына тоқ­тала келіп, бұл қаржылық институттың алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай еңбек ете беретініне сенім білдірді. Жалпы, конференция жұмысына әлем­­нің 20 елінен 250-ден астам делегат қаты­суда. Сонымен бірге еліміздің бар­лық өңірінен өкілдер келген. Отырыста Эко­но­микалық даму және сауда министрі Қай­рат Келімбетов баяндама жаса­ды. Ба­я­н­дамашы ҚДБ-ның жұмыс істей бас­таған 10 жыл ішінде ел эконо­ми­ка­сына 10 миллиард АҚШ доллары көле­мін­де инвестиция тартқанын мәлімдеді. Яғни, ҚДБ бөлген әрбір 1 доллар 3 дол­ларға дейін қосымша инвестиция әкел­ген. Бұл еліміздің қаржылық әлеуетінің артуына елеулі үлес болып қосылды. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде ҚДБ ел экономикасын қаржы­мен нәрлендіруде үлкен жұмыс атқар­ды. Алдағы уақытта мүмкін болатын эко­номикалық дағдарыстар кезінде де Даму банкі экономикамыз үшін шешуші рөл атқаратыны даусыз. Сонымен бірге, баяндамашының айтуынша, ҚДБ ШЫҰ елдерінің даму банктері бірлестігінде беделді де шешуші рөл атқарады. Бұл бірлестікке Ресей Даму банкі, Қы­тай Мемлекеттік даму банкі сияқты әлем­дік ірі қаржылық институттар кіреді. Еліміздің қаржы саласында өз қыз­ме­тін бастаған 10 жыл ішінде ҚДБ шетелдік капитал рыногында да, ірі жо­баларды қаржыландыру мәселесінде де «мұзжарғыш» кемедей өзінің ерекше қабілетін таныта білді, деді өз сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Оның айту­ын­ша, ҚДБ жүзеге асырған барлық жо­ба­лардың 70 пайыздан астамы Қазақ­стан үшін мүлдем жаңа жобалар болып табылады. Халықаралық конференцияның бас­ты отырысы мемлекеттің бизнесті қол­дау мәселелеріне арналды. Оның ішінде даму институттарының макроэкономи­калық және мемлекеттің инвестиция­лық ахуалы талқыланды. Конференция­ға қатысушылар адам ресурстарының экономиканы дамытудағы атқаратын рө­лі және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын қиындықтар туралы пікір алысты. Отырыста Италия Даму банкінің төрағасы Франко Бассанини, INSEAD-тың сыртқы байла­ныс­тар бойынша деканы, бизнес және технологиялар профессоры Сумитра Дутта, Ресей «Внешэкономбанк» төрағасының орынбасары Анатолий Балло және бас­қа­лар баяндама жасап, экономиканы жаң­ғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру мүмкіндіктері туралы ой­ларымен бөлісті. Сонымен бірге, бас­қосуда сөйлеушілер ҚДБ-ның халық­ара­лық қаржы саласындағы жоғары беделі мен тиімді жұмысына тоқталды. Халықаралық конференцияның екінші бөлігі іскерлік ойын форматында өтті. Компания басшылары, инвести­ция­лық банктер мен мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері ойын барысында ин­вес­тициялық жобалар салынған кейстер үшін ең тиімді бизнес-шешімдерді бірлесе іздеп, қаржы саласындағы толғақ­ты мәселелерге тоқталды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.