• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Қадамы нық, болашағы жарқын компания

359 рет
көрсетілді

Қазақстанда мұнай өндірудің жүз жылдан аса, ал газ өндірудің алпыс жылдай тарихы бар дегенмен, оларды сапалы түрде өндіру, әлемдік рынокқа жеткізу, табыс­ты ұлғайту арқылы инвесторлар тарту бертінде қалыптасты. Тәу­ел­сіздік алғанымызға жиырма жыл толайын деп тұр. Жиырма жылда осы сала ауыз толтырып айтарлықтай қандай табысқа қол жеткізді, қандай ілгерілеушілік байқалады деген заңды сауал туындайтыны түсінікті. Бір мақа­ла­да айдыны кең бұл саланы түгел қамту мүмкін емес. Сон­дық­тан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ты ғана ныса­на­ға ала отырып, ақпарат беруді жөн көріп отырмыз. Бұл компания «Өзен­мұ­най­газ» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-тың бірігуімен 2004 жылдың науры­зын­да құрылып, содан бері нә­ти­желі жұмыс істеп келеді. Ол Қа­зақ­станда мұнай өндіретін көш­бас­шы­лардың үштігіне кіреді. Ком­пания мұнайды, табиғи және ілеспе газды өндіруші болып табы­ла­ды, сондай-ақ, мұнай-газ қорларын үнемі ұлғайтып отыру үшін барлау жұмыстарын іске асырады. Биыл бұл компания Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі 79 компанияның арасы­нан «Барлау және Өндіру» са­на­ты бойынша 41-ші орынға көте­рілді. Айта кетсек, былтыр отан­дық алпауыт компания осы рейтингте 47-ші орында еді. Мұның өзі «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­діру» АҚ-тың бір жыл ішінде аса жоғары табыстарға қол жеткізгенін байқатады. Сондай-ақ, қазақ­стандық мұнай компаниясы «Platts» халықаралық ақпараттық агенттігінің «әлемдегі ең ірі 250 энергетикалық компаниялары» ат­ты рейтингінде де сол тізімнің жоғарғы бөлігінен – 99-шы орыннан табылды. Өткен 2010 жылы «ҚМГ БӨ» осы рейтингтің 101-ші орнында болатын. 2006 жылдың қыркүйегінде отандық компаниялар арасынан бірінші болып IPO-ға шығып, өз ак­цияларын Лондон қор бир­жа­сын­да орналастырғанына, міне, бес жыл. Бүгінде компания активінде соңғы жылдарғы сатып алу­ларды қос­пағанда, 41 кен орны бар. Компания стратегиясындағы негізгі элементтердің бірі жаңа активтерді сатып алу. 2007 жылы «Қазгермұнай» БК ЖШС-дегі үлестердің 50 %-ын, сол жылдың желтоқсанында мұнай қорының өсуін қамтамасыз еткен CCEL-дағы («Қаражанбасмұнай» АҚ) үлестердің 50 %-ын сатып алды. Жуырда ғана IPO-ға шыққан­дығының бес жылдығын атап өту іс-шаралары кезінде акционерлік қоғамның бас директоры Асқар Балжанов отандық және шетелдік ин­весторлармен, сарапшылар­мен, журналистермен кездесіп, сұ­рақ­тарға жауап беріп, соңғы жыл­дары қол жеткен табыстар мен алдағы жоспарлар жайында сыр шертті. Біздің артық­шы­лы­ғымыз, «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясымен тығыз байланыс­ты­лығымызда. Бұл мұнай-газ активтері мен инфрақұрылымына қол жеткізуге жол ашып береді», – деген басшы компанияның осы жылдарда айтарлықтай алға бас­қанына тоқталды. Бұның бір ай­ғағы – миноритарлы акцио­нер­лер­дің мүддесін қорғауға бағыт­талған корпоративті басқару жүйе­сі. Басқару қалай болса, нәтиже де соған байланысты болмақ. Сонымен, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру неден бастады, IPО-ға шыққанда қолында не болды, ол қаншалықты өсті дегенге келейік. Компания IPО-ға шыққанда қолында Өзен және Ембі секілді екі ірі өндіру активтері мен небәрі үш барлау блогы және акцияны сатқаннан түскен 2 млрд. доллары болған. Сол кездегі басты стратегиялық бағыты – жаңа активтерді тарту және Өзен мен Ембіде түрлі шығындарды қысқартып, өндіруді тұрақты деңгейде жалғастыра беру еді. Қазір де бұл мәселе өз маңызын жоғалтқан жоқ. Компания бизнесінің үлкен бір компоненті ретінде төмендегі үш нәрсені атауға болады. Осы­дан бес жыл бұрын барлау активтерінен үш блок бар болса, бүгінгі күні олардың саны онға жетті. Биылғы жылдың өзінде 24 ұңғыма бұрғылануда. 2Д және 3Д өлшеміндегі үлкен көлемді сейс­мика жасалды. Ең бастысы, жаңадан мұнай орны ашылды. Қазір Компания «ҚазМұнайГаз» компаниясымен жасалған меморандум аясында бірқатар блок­тар­ды зерттеп жатыр. BG Group компаниясымен бірлесіп, Сол­түс­тік теңізде алғашқы сынақтарын жүргізуге әзірленуде. Ақшалай қаржысы осыдан бес жыл бұрын 2 млрд. доллар еді, қазір 4 млрд. доллар. Бес жыл ішінде кезінде IPO-ға шыққанда тартылған 2 млрд. доллар көлеміндегі қаржы акционерлерге дивиденд түрінде төленді. Ал енді бірлескен кәсіп­орындардағы үлестері компа­ния­ның мұнай өндіру көлемінің үш­тен бірін, таза табысының 40 пайызын құрайды. Өткен жылдың соңында Директорлар кеңесі онжылдық даму стратегиясын (2011-2020 жж) бекіткен болатын. Оның басты мақсаты – компанияның акционерлік құнын көтеру. Ал оған жету үшін тиімділік артып, бизнес көлемінің өсуі шарт. Компания өсу үшін Қазақстанда да, шетелде де қанатын кеңге жаюы, геологиялық барлау мен Каспий аймағындағы операцияларды жеделдете жүргізуі қажет. Страте­гия­да геологиялық барлау мен теңіз операцияларына негізгі басым­дық беріліп отыр. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өн­ді­ру» АҚ жақын перспектива тұр­ғы­сынан өз алдына төрт мақсат қойып отыр. Біріншіден, өндіру активтерінің экономикалық тиімділігін арттыру. Екіншіден, гео­ло­гиялық барлау ауқымын ке­ңей­ту. Үшіншіден, Каспий айма­ғы­нан активтер тарту және теңіз операцияларын бастау. Төртін­ші­ден, Қазақстандағы активтерді шоғырландыру ісін жалғастыру. Компанияның көне актив­тері­нің әлеуеті әлі де зор. Кен орын­дарының ескіргеніне қарамастан кемінде жиырма жылға жететін шикізат қорлары бар. Кен орын­дарының ескілігіне қарамастан олардың көбісінде, әсіресе, Өзен кенішінде тұрақты өндіріс дең­гейі әлі бес жыл сақталады. Дегенмен, жұмыскерлерге төлене­тін жалақының өскені, жұмыс процесін ұстап тұруға кететін қа­ражат, құрал жабдық пен хи­миялық реагенттердің қымбат­тауы, салықтың болжамға көнбей өсіп жатуы, монополистердің тариф белгілеудегі үстемдігі, т.б көп­теген факторлар өндірістік шығындардың артуына себеп болып отыр. Сондықтан, жалпы өндірісті модернизациялау арқы­лы ғана экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады. Келер жылы Өзен кен орнындағы өнім­ді 5,8 млн. тоннаға дейін, 2013 жылы 6 млн. тоннадан арттыру, ал, жалпы екі ескі кен орны – Өзен мен Ембіде өнімді 9 млн. тонна деңгейінде ұстап тұру компания жоспарында тұр. Осы жылы барлау блоктары­ның жалпы көлемі екі есеге ұл­ғайды. Бұрғылап жатқан ұңғы­ма­лар үш еселенді. Қойнауды қаз­балау төрт есеге ұлғайды. Сейс­ми­калық жұмыстарды жүргізу көлемі өсті. Теңіз операциялары аясындағы жұмысты компания бастап та үлгерді. Осы жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясымен меморандумға қол қойылып, бес теңіз блогы зерттеу объектісіне айналып отыр. Сонымен қатар стратегиялық серіктесі BG Group компаниясымен бірге Солтүстік теңіздегі Уайт Беар жобасы бойынша алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының ешқандай қарызы жоқ. Қолда бар 4 млрд. доллар қаржы алдағы уақытта барлау жұмыстарына, Қазақстандағы және шетелдердегі жаңа мұнай-газ активтерін сатып алуға, өзі жұмыс істеп жатқан өңірлердегі ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталмақ. Венера ТҮГЕЛБАЙ.