• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 15 Қаңтар, 2018

Жолдау өнеркәсіп өндірісіне серпін береді

1141 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында жаңа әлемге, яғни, Төртінші өнер­кә­сіптік революция әлеміне бейім­делу мен жетістікке жету жолын көрсетіп берді. Сонымен қатар он сала бойынша аса маңызды даму тетіктерін атап өтті.

Кезінде мұнай саласында дағдарыс болғанда, оның орнын өнеркәсіп өнімдері толтырған болатын. Яғни ендігі уақытта елімізде еңбек өнімділігін арттыру цифрлы экономикаға байланысты дамиды. Ал әлемде еңбек өнімділігін арттыру бү­гінде алдыңғы қатарға шықты. Себебі Жолдауда айтылғандай, мұнай-газға иек артып, көл-көсір табысқа кенелетін кезең артта қалды. Алдағы жылдарда жаһандық экономика­ның даму үдерісі өзгеретіні қазірдің өзінде байқалып отыр. Қазақстан да осы үдерістен тыс қалмауға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін атқарылуға тиіс 10 міндетте айтты. Соның бі­рін­шісіне тоқталар болсақ, Елбасы:

«Индустрияландыру жаңа технология­ларды енгізудің көш­басшысына айналуы тиіс. Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт тө­мен­деген 2014-2015 жыл­дардағы дағдарыста негіз­гі тұ­рақ­тандырушы факторлардың бірі болды.

Сол себепті, жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өз­герген жоқ. Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың бар­лық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инно­ва­циялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаң­ғыр­туға және цифрландыруға бағыт­талған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құрал­дарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет. Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ын­таландыруға тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі қанат­қақты жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек», деп атап өтті. Бүгінде бізге Елбасы белгілеп берген меже бұ­дан кейін де өнеркәсіптік даму­дың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Соңғы жылдары дү­ние­жүзі­лік экономика күрт өзгерді. Оған әрине, ақпараттық техно­ло­­гия­лардың тікелей әсері бар. Ел­басы өз Жолдауында жаңа тех­­но­логиялық қалып туралы айтты.

«ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқ­таждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйым­дастыру ісін, табиғи ресурс­тарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек. Кешенді ақпараттық технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет. Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыс­тарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойы­латын талаптарды арттыру керек», делінген Жолдауда.

Бұл орайда біз алдағы уақытта жұмыс бағытын қалай қалып­тас­ты­ра­мыз, азаматтық құқық­тары­мызды қалай іске асырамыз деген сауалдарға кеңінен жауап алдық. Өнеркәсіп саласы мем­лекетті өркендетудің негізгі ал­ғы­шарты екенін назарда ұстай отырып, ақпа­рат­тық технологияларды өндірісте кеңінен қол­дану, экологиялық талаптарға жіті мән беру, энергия үнемдеу, шы­ғындарды барынша азайту, еңбек өнімділігін ұлғайту сын­ды бағыттар болашақта кәсіп­орынның басты мақсаты болып қала береді. Экспортқа көңіл бөлу де осы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл орайда айта кетейік, эко­логиялық тұрғыдан қауіп­сіз өндіріс орындарын ашу «Қаз­фосфат» ЖШС-нің аса маңызды стра­те­гиялық мін­дет­терінің бірі саналады. Қазір­гі уақытта зиянды өнді­рістің қоршаған ортаға залал­ды қалдықтар шығаруын азайтатын бағдарлама жасалуда. Бағдарламада қоршаған ортаны ластау деңгейін төмен­дету, экологиялық қауіпсіздік деңгейін барынша жақсарту, өндірістік экологиялық мониторинг пен бақылау жүргізуді жетілдіру аясында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Бүгінде «Қазфосфат» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі өндірісінің нақты көлемі 149,5 пайызға артты. Сондай-ақ жаңа өндірістерді іске қосу арқылы өткен жылы 300 мың тоннаға жуық фосфор ты­ңайт­қыштары шығарылды. Биылғы жылы экспорт көлемін 7 миллиард теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Зауыт өнімінің 93 пайы­зын экспорт құрайтын болған­дықтан Америка Құрама Штат­тары, Қытай, Үндістан мемле­кет­терімен жан-жақты байла­ныс орнаған. Мұның бәрі де Елбасы Жолдауында айтыл­ған жаңа технологиялық қалып­тың игілігін көрсетеді. Жолдау, со­нымен қатар өнеркәсіп өнді­рісіне жаңа мүмкіндіктер береді.

Жалпы, Президенттің «Төр­тінші өнер­кә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтылған он бағыттың бәрінің де экономикалық негізі бар. Оны табысты жүзеге асыруға қа­жет­ті құндылықтардың бар­лығы біздің еліміз­де бар деп есептеймін. Мемлекет басшыс­ы атап көрсеткендей, «Еліміздің әлеумет­тік-экономикалық та­быс­тарының негізі – біздің бас­ты құндылықтарымыз ретін­де­ қала беретін азаматтық бей­біт­шілік, ұлтара­лық және конфес­сияаралық келісім». Осы құн­ды­лықтарды сақтау және одан әрі жетілдіру өнеркәсіптің өр­леуіне, экспорттың жандануына, экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Сондықтан экономикалық негіздің мық­ты тірегі арқылы Елбасы көрсеткен межені бағын­ды­руымыз керек

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры,

Қазақстанның Еңбек Ері