• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2011

Абзал ҚҰСАЙЫНОВ: «Болашақтың негізі – инновациялық бағытта»

363 рет
көрсетілді

Қазақ даласын қансыратып, қаншама жүрекке дақ түсірген қасі­ре­ті қалың Семей полигонының жабылғанына биыл – 20 жыл. Әлемдегі алып аж­да­һаның қатарында саналған аталмыш поли­гон­­­ның жа­былуы жалғыз Қазақ елі ғана емес, төрткүл дүние үшін бір зұлматтың жойылғаны еді. Курчатов қала­сын­да гүлзарлар жайнап, кө­шелердегі неон шамдар салтанатпен жарқы­рай­ды. Елінің атын ері шығарады. Алғашқы құрыл­ған күнінен табанды еңбек етуші «Ядро­­лық технологиялар паркі» АҚ президенті Абзал Құсай­ын­­­ов осы жетістіктерге толымды үлес қосқан жан. – Абзал Тұрсынбайұлы, әңгі­ме­мізді Ядролық технологиялар паркінен бастасақ. Сөз орайын­да ұжым­­ның жұмысы жайлы хабардар болсақ дейміз. – Бәрімізге белгілі, осыдан 20 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Осы­дан соң оның әлеуетін бейбіт мақ­сатта қолдану мәсе­лесі күн тәрбіне қойылды. Соның негізінде Курчатов қаласында Ұлттық яд­ролық ор­талық құрылды. Ос­ын­дай ор­та­­лық­ты құру жөнінде алдымен Елба­сы­ның 2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдау­ында айтылған болатын. Ал 2005 жыл­дан бастап парк нақты жұмыс­қа кірісті. Өт­кен жылы біз бес жыл­дығымызды атап өттік. Технопарк әуелде жоғары тех­но­ло­гиялық ғылым аумағын ке­ңей­те оты­рып, осы кешен негізінде эл­ектрон­дар­ды үдеткіштердің түрлі үлгісін пайдалану арқылы лайықты инфрақұрылым қалып­тастыруды мақ­сат тұтқан алаң ретінде жасақ­талды. Уақыт өте келе тех­но­парк­тің аясында жаңа кеңсе ғима­ратын салдық, радиациялық техноло­гиялар кешенінің құры­лы­сын жүр­гіз­дік. Міне, Тәуелсіз­діктің 20 жыл­ды­ғына орай жаңа радиациялық зарарсыз­данды­ру кор­пусын ашып отырмыз. Бүгінде біз медициналық бұйымдарды шығ­а­руды бастап кеттік. Олар зиянды сәуле өт­кізбейтін халаттар, маскалар, пластмасса кебістер және бас­қа­лар. Өнімдер өте жоға­ры сапалы. Бұйымдардағы зарар­сыз­дандыру ЭЛВ-4 электрондарды үдет­кіш­­тің көме­гі­м­ен жүзеге ас­­қан. Жаңа са­лынған ра­диациялық зарарсыз­дан­ды­ру кешенінің арқа­сын­да біздің өнімнің көлемі арта­тынына сенім мол. Сондай-ақ, радиациялық зарарсыз­­дан­­­дыру технологиясының кө­­ме­гі­­­­мен медициналық тамырлы «стент» жасау жоспарда бар. Бұл талпыныс жүзеге ас­қан жағдайда жүрек-қан тамырлары ауруынан көбейіп жат­­қан өлім саны аз­аяр еді деген ой­дамыз. Бүгінде 10 пайыз қазақ­стан­дық дәл осы аурудан көз жұ­ма­ты­нын ескерсек, оны уақыт оздырмай қолға алу өте маңызды міндет. Сон­дай-ақ, бұл өнім осы ауруға қатыс­ты елімізде жасалатын операция­ларды арзанда­ту­ға мүмкіндік берер еді. Себебі, қажетті жаб­дық өз ота­нымызда өндірілетін болады. Радиациалық өнеркәсіпті тек Курчатов орталығында ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде, он­ың ішінде шек­аралық аймақ­тар­да дамытуды жоспарлап отыр­мыз. Кеден одағы құрылғаннан бері біздің ел арқылы өтетін жүк тасы­малы артып отыр. Ал ра­диациялық за­рар­сыздандыру кор­пустарын орнату елімізге келіп жатқан өнімдерді, әсіресе та­ғам өнімдерін бақылауға көп көмегін ти­гізер еді. Бүгінгі күні шекара­мызға еніп жатқан аз­ық-түлік өн­імдерінің са­пасын тексеру мәсе­ле­сі өзектілігін жоймай ке­леді. Олар: шай, көкөністер, жеміс-жидектер, түрлі қоспалар. Әд­ет­те­гідей, оларда түрлі бактериялар болады. Егер біз шекараларда, ай­­талық Батыс пен Шығыста үдет­кіш­тер орнататын болсақ, сол ар­қылы елге келетін тауар­лардың бәрін зарарсыздандыра аламыз. – Иә, Курчатов қаласын­да­ғы тех­но­парк өнімдері бүгінде өз маркасын қа­лыптастырды. Ал енді темір жол та­­­­сы­малы, мұнай сала­ларында қан­дай жо­балармен жұ­мыс істеп жатыр­сыздар? – Технопаркте алты жылда ат­қа­рыл­ған жұмыс аз емес. Шын­дығын айтсақ, алғашында мұнда біз бес адаммен ғана жұмысты бас­таған едік. Қазір технопарк және бірлескен кәсіпорында 150 маман жұмыс істеуде. 2015 жылға қарай адамдар санын 1000-1200-ге жеткізу көзде­ліп отыр. Мұнай саласында үлкен жоба іске қосылды. Мысалы, үстіміз­дегі жылы мұ­най-газ тасымалы және тұрғын үй коммуналдық ша­руа­шы­лығы саласына арнал­ған жылу орнықтырғыш манжет өндірісін іске қостық. Бүгінде бұл өнімге «Бей­неу-Бозой-Шымкент» ма­гис­­траль­дық мұнай құбыр­ла­рын тө­сеу­мен айналысып жатқан отандық компаниялар қызығушы­лық таны­тып отыр. Біз олармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жа­са­судамыз. Елде мұндай өнді­ріс­пен айналы­са­тын бірде-бір мекеме жоқ. Оларды тек біздің қолы­мызда бар үдет­кіш­тер­дің күші­­­мен жасауға болады. Бұл жоба 2010-2011 жылдарға ар­нал­ған Ин­дустрияландыру карта­сына енгізілген. Мұнымен қоса біз, мұнай өн­діруші аймақтардың экологиялық проблемала­рын шешу мақ­са­тын­да радиациядан қа­терсіздендіру, улы заттардан тазарту қон­дыр­ғы­ларын, кешендерін жасаумен т­ұ­­рақты айналысудамыз. Біздің жобалар қазіргі күнгі заманауи талаптардан шы­ға алатынын, жо­ғары сапаға жауап бере ала­­тынын ерекше айтып өткім келеді. Компания жыл өткен сайын тәжірибе жинақ­тап, өндіріс саласы ұлғаю үстін­де. Мәсе­лен, өткен жылы 217 млн. со­масында өнім өндір­ген болсақ, осы 2011 жылдың өз­інде бұл көрсеткіш 2 есеге өсті. Бұл біздің өндірістің ұлғайғанын көрсетеді. Темір жол саласында украин­­дық әріптестерімізбен бірлесіп осы сала құ­рылымдарына арнал­ған тежегіш жаб­дық­тарын шыға­ру жоба­сын жүзеге асы­рудамыз. Бүгінде ҚТЖ АҚ-мен ұзақ ме­р­зімді келсімшарттар жасалуда. Со­ны­мен қатар, құрылыс, медицина, тағы басқа салаларда да атқарылған жұмыста­ры­мыз бар. – Ядролық технологиялар пар­кі Курчатовтағы ең ірі өн­діріс ала­ңы және бәріне үлгі болар кә­сіп­орын екеніне дауымыз жоқ. Бұл орталық тек өнді­ріс­тік жа­ғы­нан ғана емес, басқа үлгілі істерімен де көзге ерекше көрінеді екен. – Технопарк – бұл барлық жақ­­сы идеялардың ұйытқысы. Сон­дық­тан, бізде жасалғанның бәрі тек жоғары сапалы болуы тиіс. Бұл біздің ұстаным. Сол себепті қай істе де үлгі болуға ты­ры­са­мыз. Технология паркін жетілдіру бары­сын­да компания қызмет­кер­ле­ріне арнап бес қабатты 2 үйді жөндеу­ден өткіздік. Олар – бү­гінде Кур­ча­товтағы ең әсем үй­­лер. Технопарк аясына гүлдер от­ыр­ғызып, жаңа аллея жасадық. Бізге алыс-жақын шетелдерден келушілер көп. Ондай қонақтар барлық жағынан өзін қо­лайлы сезінуі тиіс деп ойлаймын. Мені қуантатын бір жайт, соң­­ғы кезде қаламыздағы басқа кә­сіп­орындар да бізге қарап бой тү­зейтін болды. Жергілікті мекемелер біз бастаған бастаманы жал­ғас­­тырып жатса, қуаныштан бас­қа айтарымыз жоқ. Біз әлемдік стан­дарт­тарға сай болуымыз керек. Барлық қыз­мет түрінен, технологиядан бастап тұр­мыстық дең­гейге дейін сапа үдесінен шы­ғуға тиіспіз. – Абзал Тұрсынбайұлы, өт­кен жы­лы Ядролық технологиялар базасын­да «Инновация­лық технологиялар: перспективалар мен нақтылық» деген тақы­рып­та халықаралық конференция өтке­нін білеміз. Оған көп­теген шетелдік ғалымдар мен кәсіп­керлер қатысты. Бүгінде сол форум­ның нәтижесі бар ма? – Өткен жылғы бесжылдыққа орай ұйымдастырылған конференция шетелдіктер алдында біздің имиджімізді кө­тер­ді. Оған әлемге аты танымал ғалым­дар қа­тысты. Мұ­ның бәрі жаңа идея­лардың ту­ын­дауына үлес қосты дей ала­мын. Бү­гінде бізге серіктестікке ұсыныс жасап хат жолдаушылар көбейді. Біз олар­дың бә­рін қарап, сара­лай­мыз, қаже­тімізге қа­рай, бір­неше келі­сімшарттар да жа­салды. Осын­дай ғылыми кон­фе­рен­цияны жыл­ы­на екі рет өт­кі­зуді жоспарлап отыр­мыз. Одан біз ұтпасақ ұтылмаймыз. Әңгімелескен Марат МАНАСПАЕВ. Курчатов қаласы.