• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2018

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі президентінің мәлімдемесі қабылданды - Қайрат Омаров

281 рет
көрсетілді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі президенттің осыған дейін айтылып келе жатқан мәлімдемесін қабылдады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі дебаттарын қорытындылаған ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің президенті - Қазақстан. Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың қаңтар айында өз сөзінде Қауіпсіздік Кеңесіне белгілеген 7 басымдық бұл мәлімдемеге аймақтық контекстте сақтандырушы дипломатия бойынша енгізілді. Құжатта ядролық қарусыздандыру, сенім шаралары, БҰҰ 100 жылдығына қарай соғыссыз әлем құру мәселелері қарастырылған.

Мемлекет басшысы белгілеген шарттар бүгінгі күні қабылданды. Мұндай мәлімдемелер келісіліп, ұжымдық тұрғыда қабылдануы үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше мемлекеттердің мақұлдауына ие болуы керек. Сондықтан, бұл мәлімдеме халықаралық бірлестіктер Н.Назарбаевтың идеясы мен ұсыныстарын қабылдайтынын көрсетіп отыр. Бүгінгі күні оның тәжірибелік тұрғыда жүзеге асуында бізді біршама жұмыс күтіп тұр», - деді ол қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында.

Дипломат өз сөзінде Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орны - бүкіл адамзатқа қатысты бейбітшілік пен соғыс мәселесі қозғалатын басты органдағы сөзінің тарихи сипаты барын атап өтті. «Бүгін мына алаңда қазақ тілінде үн шықты. Бұл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды оқиға болды деп айта кету керек. Себебі, біздің Мемлекет басшының бейбітшілікке ден қойған саясатының рөлі үлкен. Ол мойындала отырып, зор сенімге ие болған. Бұл халқымыз үшін мақтан тұтарлық оқиға», - дейді ол. Қайрат Омаровтың айтуына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев ең өзекті әрі өткір халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын нақты білдіре отырып, шиеленістердің шешімін ұсынған.

«Мемлекет басшысы халықаралық бірлестіктерге өте маңызды месседж таратып, қазіргі таңда сенім шаралары негізінде қарым-қатынас орнатуға үндеді. Дәл қазір сенім шараларының жетіспейтіні көрініп тұр. Ал Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында 1992 жылы сенім шаралары мен бірлесе әрекет ету бойынша отырыста осы идеяны білдірген болатын. Ал бүгінгі күні осы сенім шараларының қажеттілігі одан ары арта түсті. Мемлекет басшысы бұл тұрғыда саяси жігердің, мемлекет басшыларының арасында сенімнің жетпей тұрғанын ерекше айтып өтті», - дейді Қайрат Омаров. Ол өз сөзін Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері «Қазақстанның бейбітшілікке шақырған ұстанымын - халықаралық мәселелерді шешудегі шынайы үлесі» деп біліп отырғанын тілге тиек етті. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мінберінде Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар мен тапсырмалар СІМ-ге де, БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты үкіметіне де жоғары талап қояды. Біздің төрағалықтың тақырыптары (жаппай қырғынға ұшыратар қарулардың таратылмауы, Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық ынтымақтастық құру) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің тарапынан үлкен қолдауға ие болды десе болады. Бүгін залда отырған адамдар Мемлекет басшысын мұқият тыңдады. Екінші дебатта бұл сұрақтар өте қызу түрде талқыланатынына сенімдімін», - дейді Қайрат Омаров.

Дипломат өз сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның төрағалығының үш қыры барын жеткізді. «Біріншісі - біз тарихта бірінші болып БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде аталған кеңеске мүше жаңа елдердің туларын орнату бойынша ресми салтанатты шара өткіздік. Бұл дәстүрге айналуы мүмкін. Екіншісі - әлем елдеріне жағымды әсер қалдырған Иран бойынша төтенше сессияның сәтті өткізілуі. Үшіншісі - біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстанға миссия жолдадық. Кабулда 20 ауған қоғамдастықтарының өкілдерімен мен бастаған делегация 15 кездесу өткізді. Бұған дейін бірнеше мемлекет бұл жұмысты іске асыруға тырысқанымен, өкінішке қарай мүмкін болмап еді», - дейді дипломат. Қайрат Омаров өз сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағаның Ауғанстан мен Орталық Азия тарапынан көмек беру бойынша мәлімдемесін қабылдауы күтіліп отырғанын еске салды.