• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Алтын ғасырдың Алтынтауы

307 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Пре­­зи­денті Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысуымен Астанада өт­кен «Қуа­т­­ты Қазақстанды бірге құра­мыз!» атты форум-көрме елі­міз­дің экономикалық өрлеуін ай­шық­таған айрықша оқиға болды. «Қа­зақ­стан­дық қамту – 2011» көрме­сі­не таңдау түскен 139 тауар өн­діруші мен қызмет көр­сету­шілердің тауарлары ұсынылуы, Елбасыға 114 миллиард теңгенің 75 инвести­ция­лық нысаны та­ныс­тырылғаны отан­дастары­мыз­­ды мақ­таныш сезіміне бөледі. Бұл, Елбасы айтқанындай, страте­гия­­лық маңызы бар индустриялық сая­саттың алғашқы кезеңінің қо­ры­тындысы әрі әлемнің озық 50 елінің қатарына біртабан жақын­дай түс­кенімізді білдіретін биік бағам. 2010-2014 жылдарға арналған үде­мелі индустриялық-инновация­лық да­му Мемлекеттік бағдарла­ма­сы шеңберінде Ақмола облысы­ның үлесі жалпы құны 649 миллиард теңгенің 31 жобасын қамти­тын инвести­ция­лық әлеуетті құ­рап отыр. Бұлардың әрқайсысының өңір тір­шілігін жандандырудағы орны ерекше. Солай десек те, «Алтын­таудың» аты бөлек шығып тұ­ра­тындығы белгілі. Мемлекет бас­шы­сының республикалық форум-көрме­де әлемдік деңгейдегі жаңа кәсіп­орын­ның аяқ алысын үлгі етіп сөй­леуі, осымен сабақтас­ты­рып, елімізде алдағы кезде жылына 70 тонна алтын өндіру міндетін қоюы кез­дейсоқ емес. Қазақстанда 120 ал­тын кен орны болса, Үкі­метке осы­нау өндіріске қатысты бірыңғай зауыт құрып, сапалық көрсет­кіш­тер­ді жақсартуға тап­сыр­ма берілді. Қ­азақстандағы «Altуntau Resou­r­ces» компаниялар тобы 2011 жы­лы осы мақсатта құрылған бола­тын. Бұл ірі бірлестік өндірістік қуаттарды мейлінше тиімді пай­даланып, руда өндіруден бастап 9999 пробалы аффинажды алтын алуға дейінгі толық циклді қамта­ма­сыз етеді. «Altуntau Resources» Васильков кен орнындағы «Altуntau Kokshetau» және Шығыс Қазақ­стан­дағы «Altуntau Vostok» еншілес кәсіпорындарын біріктіреді

ПРЕЗИДЕНТТІК БАҒДАРЛАМА ШАРАПАТЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айрықша бақылауындағы Қазақстан Республикасының үде­ме­лі индустриялық-инновациялық даму Бағ­дар­ламасы компаниямыздың жаңа белестерге құлаш сермеуіне мүмкіндік берді. Өзге әріптестерімізбен бірге біздің алдымызға шикізаттық бағытты жетілдіріп, дайын өнім өндіру міндеті қойылды. Қырық жылдан астам тарихы бар өндіріс орны күрделі бұралаң белесті бастан өткерді. Алып кешеннің жұмысы тоқтап қалған кездер де болған. Соған қарамастан, 1991 жылы кен орнында ТМД-да алғаш рет кенді үймелеп ұсақтау тәсілі қолда-нылды. Ол алтын айыру деңгейін көтеріп, кәсіп­орын тиімділігін арттырады деп күтілді. Әйт­кен­мен, аталған әдіс табиғи қоры біртіндеп азайып келе жатқан қышқыл құрамды кеннің тиімді өңде-луін қамтамасыз еткенімен, қорлануы жөнінде мейлінше сенімді сульфид кенін қайта өңдеу үшін жаңа технологияларды және қомақты инвестиция жұмылдыруды алға тартты. Президенттік бағдарлама шарапатымен кеніште түбегейлі қайта құру жұмыстары басталды. Бұл іске 60 миллиард теңге немесе 700 миллион доллардан астам инвестиция жұмылдырылды. Көптен күткен алтын айыру фабрикасының құрылысы 2008 жылдың сәуірінде басталып, 2009 жылдың төртінші тоқсанында аяқталды. Мұндай серпіліс әлемдік тәжірибеде болмаған. Әдетте мұндай нысандарды пайдалануға беруге орта есеппен бес жыл уақыт жұмсалады. Ұмтылыстарымыз өзіндік қайтарымын беруде. Сараптауымызша, фабриканың толық қуатына енуімен жылына 8 миллион тонна шикізат өңдеуге мүмкіндік туады, ал алынған жалпы кеннің көле­мін 122,3 миллион тоннаға жеткізу жоспарлануда. Мұнда қазірдің өзінде жылына 13-14,5 тонна алтын өндіру белгіленген немесе кенішті пайдаланудың барлық кезеңінде 215 тонна алтын алу жөнінде тұжырым жасалуда. Бұл өткен кезеңдердегі көрсет­кіш­терден 10 есе артық деген сөз. Өндірістік үдерістегі негізгі өзгеріс – құра­мын­да алтыны бар кенді қайта өңдеу кезінде оны үй­мелеп үгітуден бас тарту және алтын айыру бары­сын­дағы дәстүрлі тәсілдермен бірге күрделі әрі кешенді технологияны енгізу болып табылады. Ол флотация, гравитация және циандау тәсілінен көрі­ніс беруде. Жаңа фабрика 600 атаудан тұра­тын, көп­теген көрсеткіштері бойынша заманалық озық құралдармен жабдықталған. Бұлар негізінен Канада, Австралия, АҚШ, Болгария, Швеция, Финляндия, Германия, Италия және Ресей мемлекеттерінен жеткізілді. Кен өндірісі паркінің жаб­дықтары то­лық алмастырылды. Қазір мұнда Америка, Жапония, Швецияның сыннан өткен замана­лық 67 дана тау-кен техникасы жұмыс істеуде. Бұл техника­лар­дың жалпы құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрине, мұндай озық технология мен жабдық­тарды басқару жоғары біліктілікті талап етеді. Комбинат құрамында 2300 адам болса, олардың бар­лығы дерлік кәсіби қайта даярлықтан өткен. Жал­пы, компания соңғы екі жылда кадрларды оқыту мен қайта даярлауға 2 миллион доллардан астам қаржы жұмсады. Сондай-ақ, ұжым мүше­леріне еңбек және әлеуметтік қолайлы жағдайлар туғызуға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде. Осы мақсаттарға 4 миллион доллар инвестиция тартылып отыр. Былтыр 95 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілсе, орташа еңбекақы 700 долларды құрайды. Ал, биыл жоғары және орта арнаулы оқу орын­дарының студенттеріне «Алтын ұрпақ» аталатын шәкіртақы тағайындадық. Олар дипломды маман ретінде «Алтынтау-Көкшетауға» жұмысқа орна­ластырыла­ды. Марлен МЫРЗАБЕКОВ, «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС бас директоры.

* * *

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздегі көш­бас­­шы және жоғары технологиялық алтын өндіруші «Altуntau Re­sour­ces» АҚ компаниялар тобы құрылды. Ол құрамына Өскемендегі аф­финажды өндірісті, Васильков, Риддер-Сокольный, Долинное, Обручевское кен орындарын, Старое және Чашенское қалдық қоймаларынан тұ­­ра­тын алты актвті біріктіреді. Мұнда 4500 адам жұмысқа тартылған.

* * *

Активтерінің бәрін Қазақстанда орналастырған АҚ кен өндіруде London Bullion MarketAssociation талаптарымен серти­фи­катталған алтын және күміс құймаларын шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды.

* * *

Қазақстанда 2010 жылы 547665 кг. аффинаждалған күміс және 13313 кг. аффинаждалған алтын өндірілді. Компанияның жал­пы қорлары 2011 жылдың наурызында JORC-қа сәйкес P&P – 329 тонна алтынды, M&I+Inferred – 766 тонна алтынды құрады.

* * *

Елбасы «Алтынтау Көкшетау» деп атаған Васильков кеніші Қазақстандағы жетекші әрі барлық параметрлері бойынша әлемдегі ірі кеніш саналады. Оның қоры 22 жылды және бүкіл кезеңінде 8,16 Moz алтын өндірісін құрайды.

* * *

Былтыр Елбасының қатысуымен «Алтынтау Көкшетауда» әлемдік үздік стандарттарға сай алтын айыру фабрикасы іске қосылды. Жаңа кәсіпорын жылына 8 миллион тонна кен және 550-650 koz алтын өн­діруге қабілетті. Кен орнының толықтай жаңа инфрақұрылымы ре­корд­ты мерзімде, екі жылға жетпейтін уақытта салынды, бұл Қазақ­стан аумағында да, әлемдік тәжірибеде де болмаған жағдай.

* * *

«Көкшетау Алтынтауды» биылғы жыл басынан есептегенде 27 миллиард теңгенің 7,7 тонна алтыны өндірілді. Еңбек өнімділігін 10 пайызға арттырған кәсіпорын күн сайын 30 мың тонна руда өн­ді­ріп, оны әріптестеріне тоқтаусыз жөнелтуде.

* * *

Алтын айыру фабрикасында биылғы қыркүйектен бастап еңбекақы көлемі 20 пайызға өсіп, бүгінгі күні 700 долларға дейін жетіп отыр.

* * *

Васильков кен орнының қоры елімізде алдыңғы қатарда тұрса, барлық көрсеткіштері бойынша әлемнің озық 20 алтын өндіру­шілерімен иық тірестіреді. Оны баршаға белгілі Soutһ Deep (Сауд Арабиясы), Pascua-Lama (Чили), Telfer (Австралия) кен орындарымен салыстыруға болады. Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылы ТМД-да тұңғыш рет бағалы руданы үймелеп өңдеу әдісі қолданылып, 6 дана катод алтынының құймасы алынды. Ол алтын өндірушілердің І Бүкілодақтық көрмесінде мамандар назарына ұсынылды.

* * *

Бүгінгі таңда «Altуntau Resources» тау-кен өндірісінде бас­қарудың автоматтандырылған Wenco жүйесін енгізген республика­мыз­дағы алғашқы және бірден-бір компания болып саналады. Ол жоғары сапа мен заманалық технологиялық талаптарды қамтамасыз етуде. Швецияның «Sandvik» ұсақтағыштарының екі тізбекті жылдық қуаты 4-8 миллион тоннаға жетеді.

* * *

Комбинаттағы Финляндияның айналмалы диірмендері мен Канаданың елеуіштері әлемдік сұраныстағы үздік қондырғылар саналады. Мәселен, «Deswik» фирмасының (ОАР) бисерлік ультрадиірмендері алтын рудасын 4 микрондық класта 95 пайыздық көрсет­кішпен ұнтақтайды. Бұл адам шашынан да жіңішке деген сөз.

* * *

Алтын өндірісі процесінде 18 атаулы реагенттер қолданыла­тындықтан (оның көпшілігі улы заттар), табиғат қорғау және қауіпсіздік мәселелері қатаң бақылауда ұсталады. Комбинат аумағында 2 қалдық қоймасы салынған. Бұған қосымша жалпы аумағы 111 мың шаршы метрлік әсер қуаты қатты улы заттар сақталатын қойма жабдықталған (салыстырмалы түрде айтсақ – 27 футбол алаңына тең). Комбинат құрылысының жобасында қауіпсіздіктің басқа да кешенді мәселелері қарастырылған.

* * *

«Altуntau Kokhsetau» биылғы жыл басталғалы жалпы құны 27 миллиард теңгенің 7,7 тонна алтынын өндірді. Осынау жоғары көрсет­кіш Ақмола облысын республикада бірінші орынға шығуына мүмкіндік берсе, елімізді әлемдегі алтын өндіруші жетекші 15 мемлекеттің қа­тарына қосып отыр. Еңбек өнімділігін 10 пайызға арттырып, күн сайын 30 мың текше метр руда өндіретін кәсіпорын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесін еселі табыстармен қарсы алатыны сөзсіз.

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЯСЫ

Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Информа­ция­лық технология» мамандығы бойынша бітірген бойда «Васильков кен орнына» жұмысқа орналастым. Бұл алға қойған мақсатымның орындалған қуанышты шағы еді. Өйткені, мұнда Вишневский әулетінің үш ұрпағы ұзақ уақыт әрі үздіксіз еңбек етіп келеді. Атам 2006 жылы құрметті демалысқа шықса, әкем мен ағам үлкен ұжымның абыройлы мүшелері. Осы жуырда ғана менің келіншегім де «Алтынтау-Көкшетаудың» қатарына қабылданды. Алдағы жарқын күндерде біздің балаларымыз да осы атақты кеніште жұмыс істейді деп үміттенемін. Алғашында адымдаушы экскаватор операторы болып орналастым. Ал, бір жылдан кейін кәсіпорын басшылары ауыр техникаларды пайдалану мастері мамандығын сеніп тапсырды. Қазір тау-кен жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаушымын. Біздің кені­шіміздің 40 жылдық тарихында ұжым мүшелеріне қамқорлықтың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Кешегі дағдарыс қыспағына бой бермеген кеніш 2 мыңнан астам адамға жұмыс беріп, тұрақты да жоғары жалақымен қамтамасыз етіп отыр. Көкшетауда әдемі тұрғын үй салынды. Өндіріс орнының қаржысымен сырттай оқып жатқан мен келесі жылы «Кен ісі» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алмақпын. Тәуелсіздігі­міз­дің абыройлы тарихын жазып жатқан, ұлан-ғайыр өзгерістер туын берік көтерген, еліміздің әл-ауқатын қуаттандырып жатқан «Алтынтауды» біз де мақтан етеміз, жүктелген жауапкершілікті адал атқаруды парыз санаймыз. Ал, жас маман ретінде кәсіби мүмкіндіктерімді іске асыруға мүмкіндік берген алтын ұямның абыройын асқақтатуға күш саламын. Дмитрий ВИШНЕВСКИЙ, тау-кен жабдықтарын пайдалану  жөніндегі нұсқаушы.

* * *

БОЛАШАҒЫМЫЗҒА СЕНІМДІМІЗ

Мен 31 жыл бойы ауыр машина жүргізіп келемін. Алғашында «БелАЗ» өздігінен жүк түсіретін автокөлігіне отырғанмын. Содан бері әрқилы кезеңдерді бастан өткердік. Оның бәрін тізбелеудің қажеті шамалы. Ел тәуелсіздігі кәсіпорынның тынысын кеңітіп, құлаш сермей жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Әсіресе, соңғы жылдары басшылыққа жас та болса биік мақсаттағы азаматтардың келуі үлкен серпіліс туғызып отыр. Басқасын айтпағанда, міне, үшінші жыл болды заманалық әрі қуатты «Caterpillar» көлігін тізгіндеп жүрмін. Бізге тегін түскі тамақ, монша, тағы басқа игіліктер қарастырылған. Кәсіподақ тарапынан көмек көрсетіледі. Мұндайға кез келген жұмыс беруші бара бермейтінін ескерсек, «Алтынтаудың» болашағы зор екендігі байқалады. Өткен жылдардағы жақсы дәстүрлер мен бүгінгі уақыттың озық үрдісін жалғастырған кәсіпорында жұмыс істеу ардагерлерге күш-қайрат беретінін, ұжымға қажет екендігін сезінетінін де айтқым келеді. Өткен жылдың мамырында кәсіпорнымызға Елбасының келуі ұмытылмас оқиға саналады. Нұрсұлтан Әбішұлы менімен қол алысып, жағдай сұрады. Жағдайымның жақсы екендігін, өзі атын қойған «Алтынтауда» әйелім, ұлым, інім, екі жиенім істейтінін айттым. Немерелерім де келетін шығар дедім. Павел ТРИЩ, еңбек ардагері. ___________________________ Дайындаған «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Бақберген АМАЛБЕК.