• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2018

Айзада Құрманова, депутат: Кей қалалардың инфра­құ­ры­лымдары жаңару кезегін күтіп тұр

238 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік револ­юция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің дамуында зор рөл атқаратын өте маңызды он саланы зерделеп бергені белгілі. Бұл мем­ле­­­­ке­­ті­міздің жаңа өркендеу кезеңіне қадам басқанын көрсе­теді. Әсі­ресе Жолдаудағы бесінші міндет –  экнономика мен әлеу­мет­тік салаға тың серпін беретін аса құнды бағыттар екені даусыз.

Президент Жолдауындағы бесінші бағытта біздің алды­мызға нақты міндет қойылды. Онда айтылған, «Құрылысқа және коммуналдық секторға за­ма­науи технологияларды ен­гізу» – қазіргі әлемдік даму үде­­рі­сіндегі кезек күттірмейтін мәселе.

Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс қарқынды жүріп жатқаны мәлім. Атап айтар болсақ, ел аза­мат­тарын баспанамен қамту­ға бағытталған тұрғын үй құры­лысы жедел жүзеге асырылуда, тұрғын үй жинақтау жүйесі де тиімді жұмыс істеп жатыр. Әрине бұл саланың ұтымды жолға қойылуын Елбасы тапсырмасымен жүргізіліп жатқан «Нұрлы жер» тұрғын үй құры­лысы бағдарламасынан бөліп қарауға болмайды. 

Жалпы, баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 па­йызға өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құраған. Бірақ, мұ­ны­мен жұмыс тоқтамайды. Ел­басы аталған көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керектігін айтты. Бұл міндетке жету үшін Президент құрылыс салудың жаңа әдістерін енгізуді, заманауи материалдарды, ғимараттардың жобасы мен қала құрылысы­ның жоспарын жасағанда тың тәсілдерді қолдану қажеттігін тапсырды. Себебі жаңа тәсіл­дерді, озық те­хнологияны қол­дану ғимараттарды салуда оның сапасына кепілдік береді. Елбасы осыған баса назар аударуды ескертті. Дамыған елдердегі мегаполистердің бір ерекшелігі – интеллектуалды басқару жүйесі. Яғни «ақылды қала». Бұл әрбір ғимараттан басталады. Жаңа сапада салынған тұрғын үйлер халыққа жайлы болуы шарт. Тұрғын үй саласындағы өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым жүйесі. Бұл әсіресе, аудан мен ауылды жерлерде жіті қадаға­лауды қажет етеді. Елбасы Жол­дауын­да бұл мәселе де ескері­ліп, өңірлердегі әкімдерге тұрғын үй-коммуналдық инфрақұры­лы­мын жетілдіру қажеттігі айтыл­ды. Соған орай, аталған мәселені мемлекет және жекеменшік әріптестігі негізінде белсенді шешуді тапсырды.

Өңірлердегі инфрақұры­лым­ды дамытудағы маңызды қадамның бірі ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екені белгілі. Үкімет бұл салада ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Алайда толық қамтылды деп айту қиын. Бүгінде су тапшылығын сезі­ніп отырған елді мекен­дер бар. Ал кейбір үлкен қала­лар мен мо­ноқалалардың инфра­құ­ры­лымдары жаңару кезегін күтіп тұр. Елбасы атал­ған мәсе­лені түбегейлі реттеудің жолын да нұс­қады. Яғни Үкімет бұл іске бар­лық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 мил­­лиард теңге қарастыруы қажет деп атап көрсетті. Қорыта айтқанда, осы аталған мәселелердің қай-қай­сысы да еліміздің игілігін арт­тырудың нақты тетігі екені анық. Сондықтан да оның жү­зеге асуына жұмыла атсалысу баршамызға парыз.

Айзада ҚҰРМАНОВА,  Парламент Мәжілісінің депутаты