• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2018

Озар елдің он міндеті

395 рет
көрсетілді

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағда­йын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы елімізде жүзеге асырылып жатқан Үшінші жаңғырту үдерістеріне соны серпін беретін, аса маңызды бағдарламалық құжат деп білеміз. Онда алға қойыл­ған он міндетті табысты орындау Қазақстанның төртінші өнер­кәсіптік революция әлемі көшбас­шыларының һәм озық отыздықтың ортасынан орын алып, Мәңгілік ел атануына кепілдік бермек.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Бірінші міндет – индустрияландыруды жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру бағытында қазірдің өзінде бірталай істер тындырылды. Өткен жылы Елбасының Жолдауында белгілеген межеге қол жеткізіліп, ішкі жалпы өнім өсімі 4 процентті құрады, ал өнеркәсіп өндірісі бойынша 7 проценттен асты. Бұл еліміздің әлемдік дағдарыстың теріс салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына түскендігін айғақтайды.

Мемлекет басшысы цифрлан­дыру арқылы еліміздің экономикасын 30 процентке өсіру, яғни ақшаға шаққанда 2 триллион теңгеден асыру міндетін қойып отыр. Оны орындау экономикада ғана емес, әлеуметтік-мәдени салада да соны да зор өрлеуге жол ашары күмәнсіз.

Екінші міндет – ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Осы мақ­сат­та кешенді кәсіпорындардың энер­гия тиімділігі мен энергияны үнемдеуіне, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиім­ділігіне қойылатын талаптарды күшейту көзделіп отыр.

 ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың әлемде қаншалықты қарқын алғанын айқын көрсетіп берді. Қазір дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 25 проценті – жаңартылатын энергия көздерінің еншісінде. Біздің елімізде 2030 жылға дейін баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндеті қойылып отыр.

 Үшінші міндет агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкін­дігі ретінде «ақылды технологияларды» енгізу арқылы еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өңделген өнімнің экспортын ұлғайту болып табылады. Қазір елімізде жаңа техно­логия­ларды қолданатын ауыл шаруа­шылығы кәсіпорындарының үлесі болмашы ғана. Соның салдарынан осы саладағы еңбек өнімділігі 2016 жылы бір еңбеккерге шаққанда небары 4,5 мың долларды құрады. Бұл көрсеткіш көршілес Ресейде 23 мың долларға жеткендігін, ал Америка Құрама Штаттарында – 79,1 мың доллар, Францияда – 62,7 мың доллар, Польшада – 51,2 мың дол­лар, Германияда 38,8 мың доллар бол­ғандығын ескерсек, Елбасының ал­дағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кеше­­ніндегі еңбек өнімділігін және соған сәйкес өңделген ауыл шаруа­шы­­­лығы өнімінің экспортын кем де­ген­­де 2,5 есеге арттыру жөнін­дегі тап­­сыр­­масы өте негізді екендігі сөзсіз.

Бұл тапсырманы ойдағыдай орындау мақсатында ауыл шаруа­шылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қол­дау көрсетілмекші. Өйткені Америка Құрама Штат­тары мен Еуропалық одаққа мүше елдердің тәжірибесі ауылшаруа­шылық кооперативтерін құрудың тиімділігін көрсетті. Өт­кен жылдың он айында біздің елі­міз­­де ет, сүт өнімдерін шығарып, көк­өніс­­тер мен жеміс өсіретін, ара ұс­тай­тын 56 мың жеке қосал­қы шаруашы­лықтарды біріктірген 1048 коо­пера­тив құрылып, оларды қаржы­лан­дыруға 41 миллиард теңге бөлінді.

Осы орайда еліміздің ауыл шаруа­­­шылығы еңбеккерлерінің мар­дым­­сыз жалақысын көтеру де көкей­­кесті мәселелердің бірі екен­ді­­гін айтқан жөн. Кейбір ауыл ша­руа­­­шылығы кәсіпорындарындағы жалақы қорының көлемі олардың мемлекеттен алып отырған субси­дия­ларының көлеміне тең немесе одан да кем екендігі жасырын емес. Об­лыстардың әкімдерінің осы жөнін­де айтқан ескертпелерін құ­лақ­­тарына ілген шаруашылық бас­шы­­лары некен-саяқ. Ал көптеген шаруа­шылықтарда өз құлқынын ғана ойлайтын басшыларға заңды талап қоятын кәсіподақ ұйымдары мүлдем жоқ және ұжымдық шарттар да жасалмаған. Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің құқық­тарын қорғаудың және олар­дың жалақысын көтерудің заңды тетіктерін қарастыру қажеттігі пісіп-жетілгені анық.

Төртінші міндет – көлік-логис­ти­ка инфрақұрылымының тиім­ді­лігін арттыру бағытында бұған дейін атқарылған істер де ауқым­ды. «Нұрлы жол» мемлекет­тік бағ­дар­ламасы аясында 9 жоба іске асырылып, жалпы ұзындығы 2000 километрдей республикалық маңыз­дағы тақтайдай тегіс жолдар салынды және қалпына келтірілді. Соның нәти­жесінде өткен жылы Қазақстан аума­ғы арқылы өтетін жүк тасу көле­мі 17 процентке ұлға­йып, 17 миллион тоннаға жуық­тады. Мемлекет бас­шы­сы осыдан түсетін табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жет­кізу міндетін қойып отыр. Сарап­шы­­лардың баға­лауынша, бұл жол салуға жұм­сал­ған мемлекет қара­жатын тезірек қайтаруға мүмкіндік береді.

Жолдауға сәйкес енді өңірлер­дегі тозығы жеткен жергілікті ма­ңыз­­­дағы жолдарды жөндеу мен қайта салу қарқыны да күшейтілмекші.

Бесінші міндет – құрылысқа және коммуналдық секторға зама­науи технологияларды енгізу қазақ­стандықтарды тұрғын үймен қам­тамасыз ету деңгейін арттыруға мүм­кіндік береді. Елімізде халықты бас­панамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрге жетті. Осы жөніндегі көрсеткіш көршілес Ресейде – 3,4 шаршы метр болса, Польшада – 25 шаршы метрге, Қытайда – 32 шар­шы метрге, Германияда – 39 шар­шы метр­ге, Америка Құрама Штат­тарында – 69,7 шаршы метрге, Ұлы­бри­танияда 70 шаршы метрге жет­кен. Елбасы өз Жолдауында 2030 жылы тұр­ғын үймен қамтамасыз ету деңгейін бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге жеткізу міндетін қойған­ды­ғы Қазақстанның озық елдер деңгейі­не ұмтылысын аңғар­тады. Көздеген мақсатымызға жетуге өткен жылдан бастап іске асырылып жатқан «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолайлы мүмкіндік туғызып отыр.

Мемлекет басшысы салынатын ғимараттардың сапасына, эко­логиялық тазалығына және энер­гия­лық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап көрсетті. Бұл ретте беделді құрылыс ұйым­дарының басшылары көтеріп жүрген көкейкесті мәселелер аз емес. Солардың бірі – құрылыс сала­сында мемлекеттік сатып алуда демпингтік бағаға жол беріліп отырғандығы. Мұның бір мысалы ретінде Семей мемлекеттік медицина университетінің республикалық бюджеттен 2 миллиард 246 миллион 900 мың теңге бөлінген 1000 орындық студенттер жатақ­ханасының құрылысын Алматы қаласында тіркелген, мұндай үлкен нысан салу тәжірибесі де, өзіндік өндірістік базасы да, еңбек ресурсы да жоқ жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2014 жылдан бері салып бітіре алмай жатқандығын айтуға болады. Осындай келеңсіздіктерді бол­дырмау үшін демпингтік баға ұсы­­ну­­ға тыйым салу, сондай-ақ әлеуе­т­ті өнім жеткізушілер үшін са­­т­ып алынатын жұмыстар нары­ғын­­­­да жеткілікті тәжірибесі, өзін­дік өн­­ді­­рістік базасы, білікті қызмет­кер­­­лер ұжымы болуы қажеттігі жө­нін­д­е қатаң талаптар қоятын кез жет­­­кен сияқты. Біз осы жөнінде жуыр­­да Үкіметке депутаттық сауал жолдадық.

Жолдауда ауылдық елді мекен­дерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне де айрықша назар аударылып, Мемлекет басшысы Үкіметке бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге бөлуді тапсырды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы мақсатқа 78,1 миллиард теңге бөлініп, ауылдық елді мекендер бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қол­­жетім­ділік 55,6 процентке жеткі­зілген болатын. Яғни, қазір 6601 ауыл­­дың 3671-інің тұрғындары таза ауы­зсу ішіп отыр. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 65 процентке дейін өсуге тиісті.

Алтыншы міндет – қаржы секторын «қайта жаңғырту» екінші деңгейлі банктер иелерінің эконо­микалық жауапкершілігін арттыруды көздейді. Елбасы олардың акционерлерінің өздерімен аффилирленген, яғни үлестес компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиісті деп атап көрсетті. Сондай-ақ Ұлттық банкті де өткір сынап, оған қаржы институттарының қызметін қатаң қадағалауды міндеттеді. Бұған қоса, Президент мемлекет қарапайым аза­м­ат­тардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік беретіндігін тағы бір мәлімдей келіп, Ұлттық банкке 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюта­лық ипотекалық займдар мәселесін толығымен шешуді тапсырды.

«Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталған жетінші міндет­тің мән-маңызы айрықша, ауқымы да өте кең. Бұл ретте ел ертеңі – жас ұр­паққа заманауи білім берудің ма­ңызы ерекше. Алайда, өткен жылы Бәсекеге қабілеттіліктің жаһан­­­дық индексінде Қазақстан білім беру сапасы бойынша 77-орын ал­ғандығы ойландырмай қой­майды. Қоғамда Білім және ғылым ми­нистрі ауысқан сайын білім беру саласында жаңа реформалар бас­талатындығы, сабақтастық, жүйе­лілік жетіспейтіндігі жөнінде сыни пікірлер жиі айтылып жүр. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей, еліміздің білім саласындағы уәкілетті орган өз жұмысын жетіл­діріп, Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді табысты іске асырады деп үміттенеміз.

Жолдауда мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында Елбасы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын биылғы 1 қаңтардан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырды. Соны­мен қатар үстіміздегі жылы мұға­лімдердің біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіліп, өз біліктілігін рас­таған ұстаздардың жалақысы, тұтас­тай алғанда, 30 проценттен 50 процентке дейін өсірілмекші.

Жолдаудағы «Қазақстандық­тардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деген темірқазықтай айқын тұжырым еліміздің қазіргі саяси-демографиялық жағдайын және жаһандық даму барысын терең талдап, жан-жақты пайымдауға сүйеніп жасалғандығы күмәнсіз. Елбасының: «Егер біз қазақ тілі ғұ­мырлы болсын десек, оны жөнсіз тер­м­инологиямен қиындатпай, қа­зір­гі заманға лайықтауымыз қажет» деген аталы сөзіне де тоқ­тауымыз қажет. Мысал үшін, дүние­жүзі ел­дері қолданатын «репатриант» деген сөзді ойдан шығарып, «оралман» деп аударып алғанымыз қазір алыстан келген ағайындарға жағымсыз айдар болып тағылып, олардың өкпе-ренішін туғызып жүргендігі жасырын емес.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бойынша Қазақстан әлем елдерінің рейтингісінде 45-орында тұр. Жолдауда бұл сала қымбатқа түсе­тін стационарлық емге емес, негі­зі­нен, аурудың алдын алуға ба­ғыт­талуға тиістігі атап көрсетілді. Бұл ба­ғытта елімізде 2019 жылы дене шы­нықтырумен және спортпен айна­лысатын тұрғындардың санын ел халқының 30 процентіне жеткізу көзделіп отыр.

Елбасы өз Жолдауында Тегін медициналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемінің жаңа моделін әзір­­леу жөнінде тапсырма бер­ді. Бұл ретте де ескерерлік жай­лар бар. Мәселен, жуырда Ақмола облысы­ның Зеренді ауданында болып, сайлаушылармен кездескенімізде глаукомамен ауыратын қариялар өздері амалсыз сатып алып жүрген, бағасы қымбат дәрілер тегін берілетін дәрі­лер тізіліміне енгізілбегендігіне ша­ғым білдірді. Сұрап білсек, тек осы ауданда ғана аталған дертке шал­дыққан 800-ге жуық адам бар екен.

Жолдауда сапалы жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қамсыз­дан­дырудың әділетті жүйесін қалып­тастыру қарастырылып отыр. Елі­мізде Бірыңғай электрондық еңбек биржасы кең ауқымда енгізіліп, онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталмақшы.

Осы орайда мұнайлы өңірлер­де шетелдік мамандар мен жұмысшы­лардың санын барынша азайтып, жергілікті кадрларды жұмысқа көбірек орналастыру ісіне баса назар аудару қажет деп санаймыз. Мәселен, былтыр «Теңізшевройл» компаниясы жариялаған конкурс бойынша әрбір жұмысшының орнына 10 шақты қазақстандық жоғары білімді жас маман таласқан екен. Жұмыс іздеп жүрген соншама дипломды жастарымыз барда мұнайлы облыстардың әкімдіктерінің шет елдерден жыл сайын ондаған мың кадр шақыруға келісім беретіндігі ойландырмай қоймайды. Әрине, бұл жан-жақты зерттеп, зерделеуді қажет ететін мәселе.

Елбасы өз Жолдауында кәме­летке толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін биылғы 1 шілдеден бастап қосымша мемлекеттік жәрдем­ақы енгізуді тапсырғанын қуана қабыл алдық. Өйткені бұл біз қай өңірге барсақ та алдымыздан шыға­тын, әлеу­меттік тұрғыдан әділ де өткір сауал, осыған дейін елдегі эконо­ми­к­а­­лық қиындықтарға байланысты ше­­шіл­м­ей келген өзекті мәселе еді.

Тиімді мемлекеттік басқару – Елбасы алға қойған сегізінші міндет. Осы бағытта атқарылған дәйекті жұмыстардың нәтижесінде «Doing Business – 2018» рейтингісінде Қазақстан үстіміздегі жылы әлем­нің 190 елі арасында бизнесті жүр­гізу жеңілдігі бойынша 36-орынды ен­шіледі. Соңғы сегіз жылда мем­лекет­тік тексерулер саны 5 есе, атап айт­қанда 500 мыңнан 100 мыңға дейін азайтылған. Ал қол­даныстағы заңна­маға тиісті түзету­лер енгізу арқылы жалпы тексерулер санын биыл 30 процентке, ал 2020 жылға қарай тағы 10 процентке қысқарту көзделіп отыр.

Тоғызыншы міндет – жемқор­лық­пен күресті жалғастыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Transparency International Ха­лық­аралық ұйымының үш жылда бір рет жүргізілетін «Әлемдік жем­қорлық барометрі – 2016» зерт­теуінің қорытындысы бойынша Қазақ­станда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ілгерілеушілікті байқаған азаматтар саны 2 есеге көбейген және пара берушілер саны 25 процентке кеміген. Кейінгі үш жылдың ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлықтары үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталып, олар 17 миллиард теңгенің зиянын өтеген. Елбасы өз Жолдауында жемқор­лық­тың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін мәлімдеді.

«Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін деп аталған оныншы мін­дет аясында Елбасы елордамыз – Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» («Ақылды қала») «эталонды» стандартын қалып­тастырып, Қазақстан қала­лары арасында озық практиканы тарату және тәжірибе алмасу ісін бастауды тапсырды. «Смарт Сити» жобасы аясында қазір Астанада «Смарт Астана» бағдар­ламасы жүзеге асырылып жатыр.

Жолдауда атап айтылғанындай, «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және елі­міздің барлық аумақтарында өмір сапасын арттырудың локомо­тивтеріне айналмақшы.

Озар елдің он міндеті осындай. Елбасының оларды заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын дер кезінде әрі сапалы орындауға біз, Парламент депутаттары, барлық күш-жігерімізді салу үстіндеміз.

 

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі