• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Нақты іске нық қадам

392 рет
көрсетілді

Еуропа мен Азия медиасының алтыншы форумында БАҚ-тарға қатысты маңызды мәселелермен қатар, Еуразия идеясының нақты жүзеге аса бастағаны туралы жан-жақты әңгіме қозғалды Астананың «Редиссон» қонақүйінде Еуропа мен Азия ме­диа­сының алтын­шы форумы (ЕАМФ) бас­тал­ды. Екі күнге со­зылатын форум «20 жылдық Тәуелсіздік: БАҚ және қоғам» деген ұрансөзбен өтуде. Форумның жұмысына ТМД мен Балтық бойы елдерінен және Грузиядан 250-ге жуық масс-медиа өкіл­дері, оның ішінде посткеңестік кеңістіктегі медиа-индус­трия­ның жетекші топ-менеджерлері, блогерлері мен сарапшылары қатысуда. Бұл форум алғаш рет осыдан бес жыл бұрын, 2006 жылы Мәс­кеуде өткен еді. Содан кейін тағы да үш рет өзі өмірге келген осы қалада болып өтті. Ал былтыр ол Украинаның астанасы Киев қа­ла­сын­да болды. Биыл эстафета Астанада жалғасып отыр. Форум­ның бірнеше жылдан бергі негізгі ұйымдастырушысы Ресейдің «РИА Новости» ақпарат агенттігі болып келеді. Форумда көте­рі­летін негізгі тақырыптар – осы за­манғы ақпа­рат­тық техноло­гия­лар­дың шұғыл дамып жатқан жағ­дайындағы сы­нақтарға ме­диа­ның төтеп беру жолдары. Со­ны­мен бірге, мем­ле­ке­таралық эко­номикалық бірлес­тік­тердің даму перспективалары туралы пікірлер де ортаға са­лы­на­ды. Кеден одағы және оның Бір­тұтас эко­но­микалық кеңістік­ке ұласуы еур­азиялық БАҚ-тар басшыларының бүгінгі күндері талмай көтеретін тақырыптарына айналғаны белгілі. Өйткені, қо­ғам­ның негізгі тірегі болып табы­латын экономи­ка­ның дамуы ешкімді де бей-жай қалдырмасы белгілі. Форумды ұйымдастыру­шы­лар­дың пікірлеріне қарағанда, ол – ТМД, Балтық бойы елдері және Грузияның БАҚ өкілдері үшін посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ айрықша үнқатысу алаңы. Ол бұрынғы КСРО респуб­ли­ка­ла­ры журналистік қауымдас­ты­ғы­ның басын қоспақ болған негізгі мақсатын мүлтіксіз орындап келеді. Халықаралық жиындарда міндетті түрде қолданылатын ағыл­шын тілі де мұнда жоқ, мұн­да бәріміз де еркін меңгерген орыс тілі жұмыс тілі болып табылады, дейді ұйымдастыру­шы­лар оның ерекшелігі қатарында. ЕАМФ-2011-дің ақпараттық әріптестері қатарына «Мир» мем­лекетаралық телерадиоком­пания­сы, Ресей мемлекеттік «Голос России» радиотарату компаниясы және қазақстандық «Нұр-Медиа» холдингі, «Казахстанская правда» газеті, «Хабар» республикалық телеарнасы, «Қазақпарат» ақ­па­рат агенттігі еніпті. Кеше «Редиссон» қонақүйінде фо­рум­ның салтанатты ашылу рәсімі бол­ды. Онда Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың құттықтауын оқу үшін алғаш­қы сөз Президент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орынбасары Бағлан Майлыбаевқа берілді. Біз сіздерді Қазақстан астана­сын­да қарсы алып отырғанымызға қуа­ныштымыз. Осындай алқалы жиын­ның Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр­ғаны да қуантады. Форумда көтерілетін та­қы­рыптар бұрын КСРО құрамында бо­лып, қазір тәуелсіз елдер атанып отыр­ған мемлекеттердің арасындағы қа­рым-қатынастарды жақсартуды көз­деген екен. Мен Астана форумы өзінің осы мақсатына жетіп, жылы қаты­нас­тағы пікір алысу алаңына айналар деген үміт­темін, деді өзінің кіріспе сө­зін­де Бағлан Асаубайұлы. Сонымен қатар, ол осы жиынды ұйымдастырған «РИА «Новости» ақпарат агенттігінің бас директоры Светлана Миронюкке белсенділігі үшін ризашылығын білдірді. Сөзінің соңында қатысушылардың бә­рі­не жемісті еңбек тілеген Б.Май­лы­баев одан әрі Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың құттық­тауын оқып берді. ТМД және Балтық бойы елдерінен ф­о­румға келген БАҚ-тың көрнекті өкіл­дері­не ыстық сәлем жолдаймын. Қазақ­станның жас елор­да­сының тәуел­сіз елдердің ақпараттық әріптестігі жайын­да «Тәуелсіздікке – 20 жыл: БАҚ және қоғам» деген ұрансөзбен өткізіліп отыр­ған форумды ұйымдас­тыруға таң­дал­ғандығының символдық мәні бар. 16 желтоқсанда Қазақ­стан өз Тәуел­сіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы жылдардың бәрінде Қа­зақстан ТМД елдерінің өзара жақын­дасуында жетекші рөл атқарып келді. Біздің бастама­мызбен және белсенді қатысуымызбен ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кеден одағы құрыл­ды. Бауырлас елдердің бірауыздан қол­дауының арқасында Қа­зақстан ЕҚЫҰ төрағасы болып сай­лан­ды. Осының бәрі біздің елдеріміздің ара­сындағы өзара се­німнің жоғары­лы­ғын және ынты­мақ­тас­тық болашағы­ның жарқын екендігін көрсетеді. Биыл алтыншы рет өткізіліп отыр­ған Еуропа және Азия елдері БАҚ өкіл­дерінің медиа форумы ТМД мен Бал­тық бойы елдерінің өзара ынты­мақ­тас­тығы мен дамуының өзекті мәселелерін талдайтын беделді пікір алмасу алаңы­на айналып үлгерді. Осындай кездесулер біздің интеграциялық үдеріс­тері­міздің дамуына өзінің елеулі әсерін тигізеді, дей келіп құттықтаудың соңында Президент форумға қатысушыларға та­бысты жұмыс тілейді. Құттықтауды оқып болған соң Бағ­лан Майлыбаев өзі тарапынан жуырда Мәскеу қаласында Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшы­лары­ның «Еуразиялық экономикалық интеграция туралы» декларация мен «Еу­ра­зиялық экономикалық комиссия» жө­нін­дегі келісім-шартқа қол қойғанын еске салып, біз Еуразиялық одақтың туып келе жатқандығының куәгерлері бо­лып отырмыз, деді. Бірақ осынау одақ тура­лы алғашқы идеяны Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Наза­р­баев­тың 1994 жылы-ақ көтергенін кейбір ТМД елдері ұмытып қалған секілді. Осы орайда, бастаманың кімнен шық­қа­нын үнемі, әсіресе, соңғы күндері жиі айтып отыр­ған ресейлік әріптес­тері­мізге ризашы­лы­ғы­мызды білдіреміз, деді ол. Осыдан кейін сөз форумға қатысу­шыларға арналған Ресей Федера­ция­сының Президенті Дмитрий Медве­дев­тің құттықтауын оқып беру үшін Ресейдің Байланыс және көпшілік коммуникация министрінің орынбасары Алексей Малининге берілді. Дмитрий Анатольевич өзінің форумға қатысу­шы­ларға құттықтау сәлемін жолдап отыр­ғанына және оның Ресейдің дос елі – Қазақстанның елордасында өткізіліп отырғанына қуанышты екенін айтыпты. Одан әрі Д.Медведев бүгінгі күні, коммуникация мен жаңа технологиялардың шұғыл көбейіп келе жатқан уақытында БАҚ аудиториясының айтарлықтай арт­қанын еске салыпты. Әсіресе, қоғам­ның жас өкілдері медиакеңістіктің белсенді қатысушысына айналып келеді. Интернет басылымдар саны күн өткен сайын өсуде. Блогсферасының ықпалы да кү­шейе түсуде. Осындай жағдайда журналист мамандардың жедел жұмыс іс­теуі­нің маңызы арта түседі. Бірақ бар­лық уақытта да ақпараттардың нақты әрі шыншыл екендігі жұмыс сапа­сы­ның ең маңызды критерийі болып қала береді. Әрине, журналист көзқарасы кең бо­луы­мен қатар, өзінің жұмысында төзім­ділік пен басқалардың құқын сый­лау қағидаттарын ұмытпауы керек. Сіз­дер­дің форумдарыңызда көтерілген бас­тамалар іс жүзіне асып, халық­ара­лық қатынастардың жандануы мен жақ­саруы­на өз үлесін қосады деген сенімдемін, делінген құттықтауда. Сөз кезегі өзіне берілгенде Бай­ла­ныс және ақпарат министрі Асқар Жұ­ма­ғалиев форумның өзара пікір алмасуда, тәжірибе жинақтауда және қажетті ақпа­ратпен алмасуда өте пайдалы са­най­ты­нын айта келіп, форумға қатысу­шы­ларға және оны ұйымд­астыру­шы­ларға үлкен алғысымды білдіремін, деп бастады өзі­нің сөзін. Мұндай форум осыдан 20 жыл бұрын ұйымдас­тырылған болса, әрине, бүгінгі көптеген мәсе­ле­лер айтылмас еді. Соның ішінде әлеу­мет­тік тапсырыс, БАҚ-қа қойылатын талаптар, Интернет мәселесі дегендерді ол уақытта әлі ешкім біле де қой­май­тын. Ал қазіргі жағдай мүлде басқаша, дей келіп, Қазақстандағы интернет ре­сурстардың, сандық телеви­зия­ның бү­гін­г­і ахуалы туралы ақпарат беріп өтті. 2015 жылға дейін Қазақстан аумағы толығымен сандық теледидарға көші­рі­леді. Оның алғашқы қадамы – жер­серігіндік сандық теледидарды біз бү­гінгі күні іске қосып үлгердік. Ол Қа­зақ­стан­ның барлық аумағын қамтыған. Ал эфирлік сандық теледидарға келетін бол­сақ, алдымыздағы екі айда біз оны­мен Астана, Алматы, Қарағанды және Жезқазған қалаларын қамтымақпыз. Ал 2014 жылдың аяғына дейін елдің бар­лық аумағын қамтитын боламыз. Сөй­тіп, біз­дің халқымыз сапалы сиг­налға ғана емес, өздеріне қажетті бар­лық арна­лар­ға қол жеткізетін болады. Одан әрі министр Астанадағы Есіл­дің сол жағалауында телеарналарға ар­на­лып салынып жатқан 75 мың шаршы метрлік ғимарат туралы айтты. Ол әлем­дегі ең сапалы жабдықтармен қам­та­ма­сыз етіліп, арналардың біздің хал­қы­мыз­ға барынша анық сигналдар жеткізуіне мүм­кіндік беретін болады, деді А.Жұ­мағалиев. Интернет туралы айт­қан­да ол Қазақстан халқының 41 па­йы­зы оны қол­данатынын жеткізді. Бүгінгі күні дәс­түрлі БАҚ-тар өздерінің жұ­мыс­тарын қалай жандандыруды, қалай табыс табуды ой­лап жүр. Осыған орай біздің министрлік тарапынан тиісті көмектер жасалады. Соның ішінде сайт­тарын ашуға көмек береміз. Мұнда алғашқы жетістіктерге қол жеткізіп, қаражат таба бастағандары да бар. Әрине, Қазақ­стан­д­ағы БАҚ-тың бар­лық техникалық мүмкіндіктері мен про­б­ле­маларын бұл жерде айтудың қажеттігі жоқ шығар, дегенмен, мен осы мәсе­ле­лерде де өздері­ңіздің тәжіри­бе­лері­ңіз­бен бөліскендері­ңізді қалар едім, деді сөзінің соңында Асқар Жұмағалиев. Келесі сөз Халықаралық журналистер федерациясының президенті Джим Бумеллаға берілді. Ол да өзі тарапы­нан форумды ұйымдастырушыларға ал­ғы­сын жеткізді. Мен, деді ол, 130 мемлекеттен 6 мың журналист мүшесі бо­лып табылатын халықаралық ұйымды бас­қа­рамын. Осыдан екі жыл бұрын Мәс­кеуде болған форумда да сөйлеген едім. Сол кезде әлемдік экономикалық дағ­да­рыстың БАҚ-қа тигізетін зардабы ту­ра­лы айтқан болатынбыз. Сол сөз шын­дық­қа айналып, Американың тұ­рақ­ты жұмыс істеп келе жатқан бір­қа­тар БАҚ-тары дағдарыстың кеселіне ұшырады. Олардың бұл кеселге ұшы­рауының бір себебі – БАҚ-ты барынша ірілендіріп, инвестициялық капитал­дар­ды құю арқылы бір орталыққа шо­ғырлан­дыр­ған­дықта жатыр деп ойлай­мыз. Бұл, әрине, акционерлердің мүд­де­сін ғана ой­лаған шара болатын. Біз­дің ойы­мыз­ша үлкен масс-медиалар­дың тығы­рық­тан шығатын амалдары­ның журналис­ти­каның дамуына кері әсерін тигізетін жақтары көп. Атап айтқанда, олардың репортерлерді қыс­қар­тып, корреспонденттік тіректерді жабулары БАҚ-тар­дың сапасына кері әсерін тигізеді. Аме­ри­каның зерттеу орталықтарының ха­барына қарағанда, мұндай шаралар үл­кен БАҚ корпора­ция­лары акциялары­ның арзандап, өз­дері­нің экономикалық тығырыққа тірелуіне әкеліп соққан. Әрине, дамыған Батыс елдерінде орын алған мұндай оқиғалар дамушы елдерде болған жоқ. Тіпті, олардың БАҚ-тары жанданып, күшті құралға айнала бастады. Соның ішінде Үндістан, Қытай, Бразилия елдерінде газет шы­ға­ру индустриясы бұрын болып көрмеген жетістіктерге жетіп жатыр. Сөзінің со­ңында шешен БАҚ-тың жарқын бола­шағы – дәстүрлі журналистиканы сан­дық сигналдармен ұштастырған жоға­ры технологияда екенін айтты. Одан әрі Интернетті қолдану тетіктерінің ар­тық­шылықтарын жеткізе келіп, болашақта журналистиканың дәстүрлі әдістерінің өз­геруі мүмкін екеніне назар аударды. Соны­мен бірге, ол қаржыландыру қағи­датын ғана ескеру сенім қағидатының жоғалуы­на әкелуі мүмкін екендігін жеткізді. Осыдан кейін сөз ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевтің құттықтау сөзін оқу үшін Атқару комитетінің ақ­параттық-сараптамалық департаменті­нің директоры Александр Заварзинге берілді. Құрамына 11 мемлекет енетін біздің ұйымымыз ТМД шеңберіндегі БАҚ-тардың өзара іс-қимыл жасағанын қалап, оның жандануына үлкен көңіл бөлеміз, делінген құттықтауда. Мемлекет басшылары кеңесінің жанындағы ақ­параттық және гуманитарлық-ынты­мақтастық жөніндегі кеңес секілді құ­рылымдар бұл іске нақтылы көмек беріп, өзара әрекеттердің үнемі болып тұ­руына жағдай жасауда. Соның ішінде теледидар арқылы ақпарат таратуда мем­лекетаралық «Мир» телерадио­ком­паниясы бүгінгі күні табысты жұмыс істеп отыр. Біз БАҚ жұмысының ма­ңы­зын ескере отырып, бүгінгі күні Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үде­ріс­тердің кеңінен айтылғанын қалар едік. Соның ішінде ТМД-дан басқа ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, Кеден одағы секілді ұйымдар жұмысының жан­да­нуын­да, олардың жұмысындағы оң нә­ти­желердің Еуразия кеңістігіндегі ха­лықтарға жетуінде БАҚ-тың қызметі зор. Бүгінгі күні жалпыға ортақ ақ­па­раттық кеңістік құру және оны дамыту Беларусь, Қазақстан және Ресей сияқты үш достас ел іргетасын қалаған Еура­зия­лық одақтың дамуына игі әсерін тигізеріне сенімдімін, дей келіп, құттық­тауы­­ның соңында Сергей Лебедев фо­рум­­ға қаты­су­шыларға жемісті еңбек тілепті. Сөз кезегі өзіне берілгенде Ресейдің «Голос России» радиокомпаниясының төрағасы Андрей Быстрицкий тың­дау­­шы­лар аудиторияларының айырма­шы­­лық­тары туралы айтты. Бүгін біз ұлт­тық мүдде шеңберінен шығып, бәрі­міз­ге ортақ проблемаларды айтуға тиіспіз. Сөйтіп, ұлттық шектелуден аттауы­мыз керек. Әрине, осы күні Интернет арқы­лы да ұлттық шеңберге кептелуден босадық. Бірақ біз Интернет арқылы бір-бірімізді көзбе-көз көрмейміз, ал мына жерде бір-бірімізге тікелей ойда жүрген мәселелерімізді айтуға болады, деді ол. Одан әрі шешен БАҚ-тың қа­ражат табу мүмкіндігіне тоқталды. Оған мысал ретінде америкалық Би-Би-Си-ді ауызға алды. Жылына 20 млрд. доллар табыс табатын осындай БАҚ ұлттық мүддені ғана күйттеген шең­бер­ге тіреліп қалса, оның ақпараты осын­шалықты қаржы әкелмес еді, деді ол. Осыдан кейін сөз Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (БҚЗО) бас директоры Валерий Фе­доровқа берілді. Ол аудиторияны пост­кеңестік кеңістіктегі 12 ел мүшесі болып табылатын «Еуразия мониторингі» атты зерттеулердің соңғы кездердегі нәтижелерімен таныстырды. Соның ішін­де шетелдік БАҚ-тарды қан­ша­лық­ты көп көресіз, оқисыз, естисіз деген сұрақтан ең алдыңғы орынды Қазақ­стан өкілдері алыпты. Қазақстандық респонденттердің 34 пайызы шетелдік БАҚ-ты көретін, еститін және оқитын болып шыққан. Ал Украинада бұл үлес – 16, Арменияда – 11 және Ресейде 6 пайыз ғана болған. Шетелдік БАҚ-тың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін қойылған сұрақтарда да Қазақстан өкілдері алда болған. Олар шетелдік БАҚ-тың шыншыл екеніне көбірек иланады. Сұралғандардың 17 па­йызы осыны атаған. Бұл сұрақ бо­йын­ша бізден Молдова ғана алда. Міне, осындай неше түрлі сұрақтар бойынша жүргізілген зерттеулер форумға қатысу­шылардың назарына ұсынылды. Еуразия одағы деген сөзді айтқанда ТД-лар арасынан біздің мемлекетара­лық «Мир» телерадиокомпаниясы ауыз­­ға алдымен ілігеді, деп бастады өзінің сөзін оның қазіргі төрағасы Радик Ба­тыр­шин. Одан әрі шешен тарих­қа шолу жасап, ТМД-ның құрылу себебі КСРО-ның бейбіт жолмен бөлініп, орнына тәуелсіз мемлекеттердің құры­луына қызмет еткенін еске салды. Осы кезде Президент Н.Назарбаевтың интегра­ция­лық үдерістер туралы идеялар қоз­ғағанын, оның бәріне де тиімді бола­ты­нын дәлелдегенін және оның іс жүзінде Кеден одағы және Біртұтас эконо­ми­калық кеңістік құруға ұласқанын атап өтті. Соңғы құрылым Еуразиялық эко­номикалық одаққа да жол ашып отыр. Осы істердің бәрінде Президент Н.На­зар­баевтың үлкен еңбегі бар. Құрыл­ға­ны­ның 20 жылдығын алды­мыздағы жы­лы атап өтетін біздің еларалық «Мир» телерадиокомпаниясы да Президент Н.Назарбаевтың ұсынысымен құ­рылған еді. Ол қазір посткеңестік кеңіс­тіктегі алдыңғы қатарлы БАҚ-тың біріне айналды. Біздің техникалық мүм­кіндігі­міз 136 млн.-дық аудито­рия­ны қамтыған. Компания шеңберінде ұлт­тық ТВ-лар­дың басын қосқан клубы­мыз да бар. Қазақстаннан оған «Қазақ­стан» ТРК мен «Эра ТВ» енген. Олар өздерінің жарнасын төлеп, клубқа енген соң біздің арна арқылы сюжеттерін бере алады. Бүгінге дейін 8 мыңнан артық осындай сюжеттер өтті, деді Радик Батыршин. Сөзінің соңында ол «ЕАМФ-2012-нің ең жақсы медиажобасы» атты кон­курстың қорытындысын жариялады. Оны қазақстандық «Хабар» телеком­па­ниясының «Прорыв-Серпін» атты жоб­а­­сы жеңіп алған екен. Форум ба­ры­сында Радик Батыршин мен «РИА «Новости» бас директоры Светлана Миронюк екеуі жеңімпазға арналған жүлдені «Хабар» агенттігі» АҚ бас­қарма төрағасы Айдос Үкібаевқа табыс етті. Осыдан кейін форум жұмысына үзіліс жарияланды. Ал үзілістен кейін «ЕАМФ-2011» арнаулы қонағы, белгілі кинорежиссер Никита Михалков сахна­ға шықты. Ол Еуразияшылдық идеясы туралы өз түсінігін айтып, одан әрі осы форумға көрсету үшін арнайы әкелген «Орыс философы Иван Ильин» атты деректі фильмін көрсетті. Фильмде 1883 жылы туған орыс философы Иван Ильиннің тағдыры мен шығарма­шы­лығы сөз болады. Фильм авторының па­йымдауы бойынша, ол КСРО-ның та­рай­тынын 40 жыл бұрын айтып кеткен. Германия мен Швейцарияда эмигра­ция­да болып, университеттерде сабақ берген және 140-қа жуық еңбек жазған. КСРО кезінде оның есімі аталмаған, өйткені, ол «ақ гвардия» қозғалысының қатысушысы және белсенді мүшесі болған. Фильмнен кейін режиссер Н.Михалков журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Түстен кейін форум жұмысы «Қа­зақ­стан экономикасы – 20 жылдық та­быс­тар, болашақтың көрінісі» деген та­қырыптағы жалпы отырыспен жал­ғас­ты. Оны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пен «РИА «Новости» бірлесе отырып да­йын­даған екен. Мұнда форум қонақ­тары­на Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік табыстары кеңінен көрсетілді. Баяндама жасағандар қа­тар­ында Премьер-Министрдің орын­басары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Са­м­ұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас­қар­ма төр­а­ғасы Тимур Құлыбаев, «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК АҚ басқарма төр­аға­сы Болат Ақ­шолақов және т.б. болды. Форумның кешкі жұмысы пікірталас сессияларында жалғасты. Соның ішінде «Жаңа және дәстүрлі БАҚ пен олардың өзара бірігуі, ажырауы, транс­форма­ция­сы» деген тақырыптағы бірінші сес­сия­ның модераторы Украина Ж­о­ғарғы Рада­сының депутаты, белгілі жур­налист Ирина Геращенко, «Медиа­тұғырнаманы да­мы­ту және қоғамдық үдерістер» атты екінші сессияның мо­дераторы Қазақ­стан­ның КТК телеар­на­сының бас директоры Арман Шораев болды. Бүгін форум өз жұмысын сек­циялық отырыстарда жалғастырады. Жақсыбай САМРАТ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. ________________________________________________

ПРОБЛЕМА КӨП, БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ ЖАУАП ЖОҚ

Еуропа және Азия медиа форумы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Оның Астанада ұйымдастырылуы еліміздің Еуразиялық интеграцияға қатысуымен де түсіндіріледі. Біз аталған форумның маңызы мен мақсатын ашып көрсету мақсатында ММУ-дің Посткеңестік кеңістікті зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры Алексей ВЛАСОВПЕН жолығып, әңгімелескен едік. – Сіз қазіргі өт­кі­зіліп отыр­ған медиа форумнан не күтесіз? – Үстіміздегі жылдың 18 қа­ра­шасында Мәс­кеу­де қабыл­дан­ған шешімнен кейін Еуразиялық интеграция жобасының жа­ңа ке­зеңін жедел түрде ақпараттық қол­дау қа­жет­тігі міндеті қо­йыл­ды. Онда Еуразиялық эко­номи­ка­лық одаққа мүше елдер­дің ғана емес, сонымен қатар, осы ұйымға кіруі мүмкін елдердің медиа күш­терін жұмылдыру қарас­тырылды. Менің айтып отыр­ға­ным, Орта­лық Азия елдері мен Украина, тіпті Оңтүстік Кавказ елдері. Форумда бұл жөнін­де ашық айтуы­мыз керек, секцияларда осы сияқ­ты маңызды деген мәселелер талқыланатын болады. Форум­ның мақсаты мен маңызы да осында болса керек. – Осы орайда интегра­ция­лық жобаларды насихат­тауда­ғы бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның рөлі қайсы дей ала­сыз? – Бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның басты мәселесі осы жо­баны қоғамдық қол­­дауға ие ету­дің жолдары қай­сы деген тұрғы­да­ғы сұраққа жауап іздеу. Өйт­ке­ні, қа­зір­гі таңда мемлекет бас­шы­лары та­рапынан бар­лы­ғы да жақ­сы дегенге сая­ды, ал оның қан­­ша­лық­ты сәтті жоба екен­ді­гін қа­ра­­пайым тілмен жеткізу кемшін соғып жатыр. Ресейде де, Қа­зақ­станда да қарапайым халық бізге еуразиялық интеграция не береді дегенді онша түсіне бермейді. Бұл – бұқаралық ақ­па­рат құ­рал­дары­ның басты міндеті. Адам­­дар­ға еуразиялық кеңістікте бизнес жасаудың тиімді екенін түсі­нікті де қарапайым мысалмен жет­к­ізе білу керек. – Посткеңестік кеңістікте ме­диа рынок қаншалықты да­мыған? – Көріп отырғанымыздай, кей­­бір елдерде орыс тілді кеңістік тіптен тарылып барады. Орталық Азия елдері мен Қазақстанның бұ­ған қатысы жоқ. Мәселен, Оң­түстік Кавказ өңірінде бұл үдеріс орын алуда. Рынок барынша бә­се­келі бола бастады. Қазіргі таң­да бұл өңірлерге ағылшын тілді, түркі тілді бұқаралық ақпарат құ­ралдары келе бастады. Сон­дық­тан да қоғамды жұмыл­дыру­шы тетік кім болады деген заңды сұрақ туындайды. Қандай тақы­рып, қандай тіл, қандай тетіктер мен құралдар қолданылуы керек? Мұның барлығының медиа форум аясында талқыдан өткізілуі маңызды. Панельдік отырыс­тар­дың бірінде әлемдік экономи­ка­лық дағдарыс жағдайындағы ме­диа­ның өмір сүруі жағдайы тал­қы­ланады. Бұл да медиа рынок­тың дамуына өзіндік әсерін тигізетін болады. Проблемалар өте көп, алайда оның барлығына жауап беріле қойған жоқ. – Ақпараттық қауіпсіздікті айтқан кезімізде қаперге ұлт­тық қауіпсіздік мәселесі ора­лары белгілі. Сіз осы мәселе туралы не дер едіңіз? – Егер ұлттық қауіпсіздік мә­се­­лесін алар болсақ, онда лаң­кес­тікті, экстремизмді ашып көрсету журналистік этикаға барып тіреледі. Әри­не, бұл жерде мемлекеттік саясат­қа да қатысы бар. Өйт­кені, мемлекет қауіпсіздікті қам­та­масыз ету мақ­сатында террор­лық оқиға қа­лай жа­рия­ланып жат­қанын қада­ғалауы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде бұрын Ре­­сей аумағында орын алып жата­ты­н оқиғалардың Аты­рау мен Тараз­да қайталануына бай­­л­анысты осы өңірлер тұрғын­дарына өзімнің қол­дауымды білдіргім келеді. Еш­бір жағдайда бұл тақырыпты өз мүд­десіне пайда­лануға тырыс­пау керек, бұл абы­рой әпермейді. Әри­не, бұл журна­листердің кәсіп­қой­лы­ғы мен эти­ка­сына да байланысты.

* * *

АУДИТОРИЯҒА БАҒДАР ЖАСАУ КЕРЕК

Медиа форум барысында «РИА «Новости» ақпарат агент­тігінің бас директоры Светлана МИРОНЮКТІ әңгі­ме­ге тартқан едік. – Осы форумның ерекшелігі неде? – Біз форумды жаңа үлгіде жасауға тырыстық. Бізге мұндай шаралар өзіміздің «РИА Новости­дің» даму жолдарын көрсету үшін керек шара. Әріп­тес­тердің пікірлері барысында біз алда жасайтын «жол картасының» нобайын түзе­міз. Шынында, өз сала­сының білгір мамандары айтқан пікірлер әр­қашанда құнды болары сөзсіз ғой. Биылғы форумның ерекшелігі қатарында мен үш түрлі жаңа пішінді қолданып отырғанымызды айтар едім. Біз соның бірі ретінде белгілі кинорежиссер Никита Ми­халковты шақырып отырмыз. Ол – кез келген аудиторияны баурап алатын айрықша дарынды адам. Оның үстіне қазіргі кезде ол ресейлік көптеген БАҚ-пен кикіл­жің халде. Сондық­тан Н.Михалков олар туралы шыншыл да тура әрі қызықты пікірлер айтар деген үміттеміз. Мәскеу мен Астана ара­сындағы телекөпір арқылы оны­мен кездесуді ресейлік көрер­мендер де тамашалайтын болады. Біздің биылға әзірлеген тағы бір жаңа пішініміз интерактивті пікірсайыс болмақшы. Оны белгілі тележүргізуші Светлана Сорокина жүргізеді. Таң­да­ған тақырыбымыз БАҚ-тың әлеумет­тік жауапкершілігі деп аталды. С.Сорокина бұрын теледидар ар­қы­лы осындай ток-шоулар өткізіп жүрген болса, енді жанды аудиториямен пікірсайыс өткізіп, БАҚ-тың әлеуметтік жауапкершілігі ту­ра­лы әңгіме қозғайтын болады. Биыл­ғы форумға дайындаған үшін­ші ерекшелік: барлық аудиторияны пікірсайысқа қатыстыру. Ол қан­дай жолмен іске асырылады дейтін болсаңыз, былай: залға біз тегін мобильді телефон орнатып қой­дық. Сол арқылы шығып сөй­ле­ген адам туралы пікірлеріңізді білдіріп, дауыс бересіз. Сөйтіп, біз бір тақырыпқа сөйлеген ше­шен­нің сөзі қаншалықты сәтті шыққанын анықтайтын боламыз. – Келесі форумда да өзіндік ерекшеліктер болатын шығар? – Біз қазір «ЕАМФ-2012» өт­кізудің алдын ала жоспарын жасау үстіндеміз. Оның ең үлкен ерек­шелігі сол – ол Шығыс ел­дерінің бірінде болмақ. Біз солай ұйғарып отырмыз. Әзірге қай ел екені белгісіз. Әріптес боламын де­гендер бол­са, кез келген ұсы­ныс­ты қа­рас­­тырамыз. Өйткені, Ба­тыстан гөрі шығыстық ой-пи­ғыл­дар қазір қы­зық­ты көрінеді. Шығыстық ел дегенге ТМД аума­ғымен ғана шектелмейміз, ол кез келген азиялық ел болуы мүм­кін. Ал жұмыс тілі ту­ралы айтатын болсақ, оған ағыл­шын тілін атауға әзірміз. Ал екінші жұмыс тілі – орыс тілі болады. Соны­мен бірге, келесі форумға Шығыс Еуропада­ғы әріптестері­міз­ді де шақыр­мақ­шымыз. – «РИА Новостидің» бола­шақ­тағы даму жолдары туралы айта кетсеңіз. – Даму үрдісі қандай болуы керектігін біздің әріп­тестеріміз айтып келеді. Менің оларға алып-қо­са­рым жоқ. Өйткені, бәрі де сол бағдарда болары сөз­сіз. Ақпа­рат­ты жеткізу әдістерін жетілдіре түсуі­міз қажет. Мұның өзі өндіріс технологияларын өзгер­туді талап етеді. Өзгеріс деген біздің еркімізден тыс болатын дүниелер ғой. Біз тек соларға төселе білуіміз керек. – Ұлттық медиалардың про­бле­малары неде деп ойлайсыз? – Әрине, тілде ғой. Тіл үй­рену­ді еңсере алмасақ, жаңа биіктерге жетеміз деп ойлау қиын. Сон­дық­тан ұлттық медиалар проблема біздің айналамызда емес, проблема біздің ішімізде деп ұқ­қан­дары дұрыс. Медиа дегеніміз­дің өзі де орта ғой. Осыдан 3-5 жыл бұ­рын ғана медиа-ландшафт басқаша еді, қазір мүлде өзгеріп кетті. Қа­зір кез келген блогер өзін­ше бір БАҚ. Оның да сұ­ра­ныс­тары, та­быс­тары бар. Бірақ әрқашан орта­ның қалаған нәрсе­сін істеуің керек, сонда жетістіктерге жетесің. Ал ортаны өз қа­лауы­ңа ба­ғын­ды­ра­мын десең, одан түк те шық­пай­тын секілді. Қазір бәрі де өзгеріп жатыр. Рөл­деріміз де, доми­нант­тары­мыз да... Меніңше, дәстүрлі журналистика қазір өлер шағында сияқты. Өйткені, олар ең басты қағи­датты, яғни аудиторияның сұ­ра­нысына төселе алмай­ды. Міне, осындай пікірлерді ескеретін болса, ұлттық медиа да табыстарға жетеді деп ойлаймын.

* * *

ФОРУМНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Алексей ЦЫБУЛЬКО, Беларусь Рес­публикасы Ұлттық баспасөз орталығы ди­ректорының орынбасары. Астанада өтіп жатқан Еуропа және Азия медиа форумының жаңадан ша­ңы­рақ көтерген әсем де айшықты қала – Астанада өткізілуі баршамызға қуа­ныш сыйлады. Қонақ­жай қазақ жерінде бас қосуымыздың әсері ұзақ жылдарға сақталады. Ал енді аталған шараның маңыз­дылығына тоқталып өтсем деймін. Медиа форум посткеңестік кеңістіктегі журналистік бірлестіктер: журналистер одағы, басы­лым­дар және өзгелері арасын­да­ғы бай­ла­ныстарды нығайтуға игі ық­па­лын тигізетін болады. Осы орайда аталған шараға электрон­ды бұ­қа­ралық ақпарат құрал­дары­ның, ба­сылымдар мен агент­тіктердің, интернет басылым­дар­дың өкілдері шақырылып отыр­ған­дығы қуан­та­ды. Соңғы кезде халықаралық ма­ңыз­ды шараларға Интернетпен жұ­мыс істейтін электронды бұқа­ра­лық ақпарат құралдарының бас­шылары, Интернетпен тікелей жұ­мыс істейтін блогерлер шақырыла баста­ды. Осы орайда Беларусьте, Ук­раина мен Қазақстанда медиа рынок баяу дамып отырғандығын айта кету керек. Ал Ресейдің кейбір медиа алпауыттары еуропа­лық, тіпті америкалық БАҚ-тар­мен бә­се­к­елесе алады. Бұрын Ба­тыс­қа қа­рап, солардан үйренуге талпынсақ, енді көршілес ресейлік медиа ал­пауыт­тар­дан да үй­ренуге боларына көзі­міз жетіп отыр. Сондықтан біз уа­қытпен са­насып, озық тәжіри­бе­лер­ді өзі­мізде қолдануға тырысу­дамыз. Ақпарат саласындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесін көтергенде әрбір елдің ортақ бір ұқсас­тық­тары болады. Алайда ақпараттық қауіпсіздікті қам­та­масыз етуде сәл де болса өзг­е­ше­ліктер бар. Ақ­па­рат саласында соқ­­қы­ның қай тұс­тан бо­ларын болжап білу қиын. Қазіргі таңда негізгі соққы Интернет саласы та­рапынан жүр­гіз­лу­де. Әсіресе, жа­ңа тех­нология­лар­ға негізделген немесе қазіргі жағ­дай­­ға бе­­йімделген әлеу­мет­тік желілер соң­ғы ай­ларда әлем­­ді дүр­ліктіруде. Бар­­лық әлеуметтік қар­сы­лы­қтар сол желілерде жастар тара­пынан қалып­тастырылып, қоғамға жолдама алып жатады. Қауіптер сол жақ­тан шыққанымен, оны бол­дыр­мау және кейбір шаралар ар­қы­лы орын алуы мүмкін зардап­тар­дың алдын алу керек. Белоруссияда медиа рынок ай­тар­лықтай өз деңгейінде да­мып отыр. Интернет технология мен Ин­тер­нет индустриясы ай­тар­лық­тай жолға қойылған. Бізде мемлекет тарапынан бірқатар заң­дар қабылданып, соның нәти­же­сінде кез келген басылымның Интернетте электрондық нұсқасы болуы керектігі қатаң талап етіледі. Бұл талап барлық бұқара­лық ақпарат құ­ралдарына қатыс­ты болған­дық­тан, барлық телеарна немесе өзгесі бол­сын өз сайт­тары мен блок­та­рын ашып алған. Оның қанша­лық­ты оқырмандар мен тыңдар­ман­дар­ға қажеттігін айтудың өзі ар­тық. Соңғы бірнеше жыл қатары­нан Белоруссияда Интернет дамуы қарқын алып отыр. 3G Интернеті үш жыл ішінде қоғамымызға дендей енсе, ендігі мәселе оны тағы бір сатыға көтеріп тұр. Егер мәлі­мет­терге жүгінер болсақ, 9,5 миллион тұрғынның 3 миллионы Интернетті белсенді тұтынушы есебінде тұр. Әрине, біз Батыс Еуропа елдерінен, тіпті Ресейден қалып қойдық. Бірақ соның өзінде қазір ширақ қимылдап, индустриялы державаға ілесуге тырысудамыз. Міне, осындай кезде тәжірибе ал­масуға мүмкіндік туғызатын Ас­танадағыдай форумдардың қа­жет­тігін сезінесің. Олай болса, аталған шара бізге керек және оның берері мол.

* * *

ИНТЕГРАЦИЯ ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕНУІ ТИІС

Қарапайым тұрғындарға Еуразиялық интеграция жобасының өміршеңдігін дәлелді мысалдармен жеткізу – бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Осы орайда, біз Бүкілресейлік қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығының бас директоры Валерий ФЕДОРОВПЕН жолығып, бірқатар сұрақтарға жауап алған болатынбыз. – Валерий Валерьевич, Еуропа жә­не Азия медиа фо­румының Қазақ­стан­да, соның ішінде Астанада өтуіне көңіліңіз тола ма? – Қазақстан – бұ­рынғы Кеңес Одағы құрамындағы жерінің көлемі және тұрғын­дарының саны бо­йын­ша жетекші мемлекет. Егер экономи­ка­сының дамуы жағынан келер болсақ, онда да алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар, Қазақстан Бір­тұтас экономикалық кеңістік құрған елдердің бірі. Осы тұрғы­дан келгенде, Астананың Еуропа және Азия медиа форумын өткізу үшін таңдалуын дұрыс санай­мын, негізделген және орынды деп білемін. Келесі форумның өтетін орны әлі белгілене қойған жоқ. Оның жұмысына да қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары белсене атсалысады деп сенемін. – Еуразиялық интеграция мәселесін белсенді түрде насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қандай? – Ұмытпасам, Президент Нұр­­сұлтан Назарбаев Еуразиялық одақ туралы 90-шы жылдардың ба­сында айтқан болатын. Содан бері қаншама жыл өтті, оның ара­сында көптеген шулы жобалар ұсынылып жатты. Бірақ барлығы нәтижесіз аяқталды. Соның сал­дары болуы керек, қазір адамдар еуразиялық интеграция мәсе­лесі­не қызығушылық танытуға онша құлықты емес. Өйткені, оның жұмыс істеп кететініне онша сене қой­май­ды. Әлі де еура­зи­я­лық интеграцияның олардың өміріне қа­лай­ша әсер ететіні ту­ралы толық түсінік қа­лыптаса қоймаған. Атал­ған құрылым олар­­дың өмір сапа­сына оң ықпал ете ме, жоқ па деген м­ә­селе түсініксіз қал­пын­­да қалып тұр. Олай болса, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының халыққа барынша тү­сі­нік­ті әрі нақты мысалдармен жет­кізе білудегі рөлі орасан дер едім. – Оны халыққа барынша түсінікті тілмен жеткізудің тетігі ретінде сіз нені айтар едіңіз? – Еуразиялық интеграция жо­басы тек билік элитасының, пре­зиденттердің ғана емес, бүкіл ел­дің, ұлттың, тіпті халық­тар­дың жобасы болуы шарт. Олай болса, осы жағын барынша жеткізу, сөй­лесу қажет. Сондықтан да мұ­ның жәй сөз еместігін нақ­ты істермен көрсету арқылы дәлелдеген орын­ды. Екіншіден, бұл өзгеріс­тер­дің барлығы да тұр­ғындардың тұрмысын жақ­сар­ту­ға игі ықпал ететінін ба­рын­ша ашып көрсету қажет. Егер бұл мәселені Еура­зиялық одаққа мү­ше мемлекеттер бұқаралық ақ­па­рат құралдары алдына қояр бол­сақ, онда оның шешімі жақын уақытта болуы тиіс. Еуразиялық одақ жобасының оңды шешіміне оң ықпал ететін қолдау барлық елдер тарапынан жүзеге асарына сенгім келеді.

* * *

ЖАУАПКЕРШІЛІК СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

Владимир СКАЧКО, «Кіевскій телеграфъ» қоғамдық-саяси апталық газетінің бас редакторы. Еуропа және Азия медиа форумы – 2011 ат­ты халықаралық шара­ның берері мол екендігіне ешкімнің де таласы бола қоймас. Кеңес Ода­ғы ыдырағаннан кейін ара­мыз айтарлықтай ал­шақтап кет­ті, ендігі мәселе – соны ба­рынша жақындату. Медиа форум ең алдымен ара­ласуға мүмкіндік берсе, екіншіден, тәжірибе алмасуға өте қажет. Біз Интернетпен достық, тіпті жеке қарым-қатынастармен бай­ла­ныста болсақ та, ешқайсысы бетпе-бет әңгімелесуге жетпейді. Жүректен жүрекке жететін жылы рәуіштегі араласуды ешқандай да Интернет алмастыра алмайды. Бір кездері ұлы отанымыз санал­ған Кеңес Одағының ыдырауы­мен біздер әр түрлі даму жолына түстік. Біреулері алға кетсе, кейбірі тіпті артта қа­лып қойды. Со­ның бар­лығын да ашық ай­туымыз керек. Сонымен бірге, ешкім де адам­дар­дың қалып­та­суын­дағы бұ­қа­ра­лық ақ­парат құ­рал­дары­ның рөлін ысырып қойған емес. Неге бір-бірімізден ажы­рауы­мыз немесе қосылуымыз керектігін халыққа жан-жақты түсін­діру орынды десек, сол үдеден шығып отырмыз ба? Мұны журналистерден басқа ешкім де түсі­нікті тілмен жеткізе алмақ емес. Тіпті, оған блог пен электронды журнал оқырман­дары­ның да шамалары келмейді. Сондықтан осындай халықара­лық форумдар журналистердің ел­дер­дегі өтіп жатқан үдеріс­терден шет­кері емес екендігін сездіртеді. Мен өзім «Кіевскій теле­графъ» қоғамдық-саяси апталық газетінің бас редакторымын. Өкі­ніш­ке қарай, газет үстіміздегі жыл­­дан бастап, электрондық пішінде жарық көре бастады. Қа­ғаз­ға басылып шығудан бас тар­туы­мыз дағдарыстың әсерінен бол­ғандығын айта кетсем деймін. Қалай болған күнде бұл жағдай газетіміздің дамуына еш кедергі келтіре алған жоқ. Электронды нұсқаға өтісімен газетте жаңа­лық­тар ғана емес, сонымен қатар, көптеген тарихи, танымдық және өзге де дүниелер көптеп басыла бас­тады. Саяси, экономикалық жә­не өзге де салалардағы сарап­тама­ларымызды салып, көптеген бейне және өзге де көркемдік құрал­дар­мен безендіруді кеңінен қолдану­да­мыз. Ал енді медиа рыноктың да­муына келсек, оны әлі де қарқын­ды деуден аулақ­пын. Әр елдің бұқаралық ақпарат құралдары жеке-дара өздерінше күй кешуде. Бұқаралық ақпарат құралдары өз халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне жауапкершілігін сезінуі керек. Бір жағынан бұл – өте маңызды. Екіншіден, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүдде тұрғысынан оның қорғалуына, ұлтшылдыққа, нә­сіл­дік төзбеушілікке жауаптылы­ғын сезінуі тиіс. Әрине, мұндай келеңсіздіктер көрінісі Украина мен өзге де елдерде кездесіп қа­лып жатады. Интернацио­нал­дық әлемде кейбіреулер неге осылай­ша жаман тұрып жатырмыз дег