• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2011

Тың бастамалар, қарышты қадамдар

376 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығы қарсаңында мем­ле­кетіміздің білім беру саласында  «Қа­зақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Интеллектуалды ұлт – 2020», «Ғы­лым туралы» мемлекеттік бағдар­ла­малары аясында Білім және ғылым министрлігі тарапынан іргелі іс-ша­ра­лар атқарылуда. Елбасымыз өзінің биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауында атап көрсеткеніндей, бүгінгі күннің басты талабы да елімізді дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосатын, қазіргі әлемдік өркениет бәсекесіне лайық интеллектуалды тұлға, интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Еліміздің ғылыми әлеуеті мен инновациялар жүйесін әлем­дік озық деңгейдегі биік белестерге көтеру негізі білім беру са­ласындағы іргелі реформалар ар­қ­ы­лы жүзеге асуда десек, ЮНЕСКО-ның 2011 жылғы Бү­кіл­әлемдік «Білім – барлығы үшін» есепті баяндамасында Қа­зақстан білім беруді дамыту индексі бойынша 129 мемлекеттің ішінде алғашқы төрт көшбасшы мемлекеттер қатарына еніп отыр. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бұл рейтингте біз ТМД мемлекеттері ішінде де көш бастап отыруымыз (Белоруссия – 26, Өзбекстан – 48, Украина – 53-ші орындарда) қуанарлық жәйт. Халықаралық ІMD бәсекеге қабілеттілік рейтингісі бойынша да  соңғы екі жылда  қатарынан Қазақстан халқының ересек азаматтар арасындағы сауаттылық деңгейі бойынша әлемде көш бастап, бірінші орынды иеленіп келеміз. Кез келген мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық дамуы­ның негізгі нәтижелі индикаторы болып табылатын адам дамуы ин­дексінің бұл көрсеткіштері – Қа­зақстандағы білім беру саяса­ты­ның дұрыстығын күн санап дә­лел­деп отыр. Ең бастысы, мем­ле­ке­тіміздің әлемдік деңгейде бә­секеге қабілетті, білімді, білікті, креативті идеяларға бай адами капиталға ие ұлт ретінде та­нылуы. Бұл – Президентіміз Нұр­сұл­тан Әбішұлының дана көшбас­шы­лығымен атқарылып жатқан игі істердің жемісі, бүгінде әлем мойындап, «әлемдік деңгейдегі көшбасшы мемлекет қайраткері»  ретінде танылып отырған Елба­сымыздың және Елбасымен бірге келе жатқан барша Қазақстан халқының жеңісі. Президент Н.Ә.Назарбаев еліміз егемендік алған алғашқы күн­дерде-ақ: «Бостандық пен тәуел­сіз­дікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, ны­ғайтып, ұрпақтарға қалдыру қа­жет», деп көрсеткен еді. Бүгінде мемлекет болашағын тәрбие­леу­мен айналысатын білім ошақ­та­ры­ның,  барша ұстаздар мен ға­лымдар алдында келелі міндеттер тұр және бұл салада  Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен бірқатар игі  істер атқарылуда. Орта білім беру саласына орталықтандырылған вертикальді мемлекеттік бақылау орнату, мектептегі білім сапасын көтеру, модернизациялау бағытында арнайы пән мұғалімдерінің форумдарын өткізу (үстіміздегі жылы мамыр айында өткен математика пәні мұғалімдерінің алғашқы съезі), ұстаздар біліктілігін көтеруге ваучерлік-модульдік қаржылан­ды­ру­ды енгізу, халықаралық «Бола­шақ» бағдарламасы аясында жаңа формациядағы кәсіби біліктілігі жоғары  педагогтар дайындау үшін 2011 жылдан  бастап кво­та­лы орындар бөлінуі, оқулықтар сапасына  үш сатылы талқылау өткізу – тек орта білім беру сала­сындағы білім сапасы мен қоғам­дағы ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан қыруар іс-шаралардың бірегейі ғана ел тарихындағы реформа­торлық жаңа қадамдар. Ал жоғары білімді кәсіби мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына келсек, барша про­фес­сор-оқытушы ғалымдар құ­рамы үстіміздегі жылдың 1 қаң­та­рынан іске қосылған «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарл­а­ма­сын» – «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясында көрсетілген білім беру саласындағы мемлекеттік саясат пен Қазақстан  Президентінің «Қазақстан Республикасы дамуы­ның 2020 жылға дейінгі стра­те­гия­лық жоспары туралы» Үкімін іске асыруға арналған негізгі құ­жа­тын  басшылыққа ала отырып, Білім және ғылым министрлігімен бірлесе келелі істерді жүзеге асыруда. Қазақ мемлекеттік қыздар пе­да­гогикалық университеті – Қа­зақстандағы 67 жылдық даму та­рихы бар іргелі оқу орындарының бірі. Негізгі бағыты – мектеп ошақтарына кәсіби мамандар дай­ындайтын әрі тек қыз ба­ла­ла­р ғана оқитын оқу орны бол­ғандықтан, отандық университеттер плеядасында өзіндік орны мен ерекшелігі бар оқу ордасы. Жетпіс мыңнан аса түлегі Қа­зақ­станның бар аймағы мен шет мемлекеттерде еңбек етіп жүрген университетте күні бүгін 43 мамандық бойынша 9248 студент, 21 мамандық бойынша 139 магистрант білім алып жатқан болса оларға 718 профессор-оқыту­шы­лар дәріс оқуда. Қазақстан білім беру жүйесі­нің Болон декларациясына, Лиссабон конвенциясына кіруіне байланысты үш деңгейлі мамандар дайындау жүйесі толығынан енгізіліп, оларды дайындауда ака­демиялық ұтқырлық мәселелерін шешу шұғыл қолға алынды. Жедел түрде биылғы оқу жылының бірінші семестрінде  еліміздің беделді жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар жасалынып, іске асырылды. Қазіргі кезеңде Жетісу мемлекеттік университетімен,  Абай атындағы ҚазҰПУ-мен,  Пав­лодар мемлекеттік университетімен, Бө­ке­тов атындағы ҚарМУ-мен, Аты­рау университетімен студенттер алмасу қолға алынса, соны­мен  қатар, Ресей, Түркия, Малайзия мемлекеттерінің белді университеттерімен екі дипломдық білім беру туралы келісімдер жүргізілуде. Университеттің білім беру кеңістігі күн санап кеңеюде. Аз ғана уақыт ішінде Синьцзян педа­гогикалық университетімен (Қы­тай), Миссиссипи мемлекеттік университетімен (АҚШ), Нигде университетімен (Түркия), Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетімен (Ресей) келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақ мем­лекеттік қыздар педагоги­ка­лық университеті мен Шыңжаң педагогикалық университеті ара­сындағы байланысты нығайту үшін Қытай елінің мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу және қы­тай тілін үйрету мақсатында «Қы­тай тілі орталығы» жұмыс жасай бастады. 2011-2013 жылдар ара­лы­ғында университетте халық­ара­лық ынтымақтастықты ны­ғай­ту барысында Шыңжаң педаго­ги­калық университетінің оқыту­шы­сы жұмыс істеуге келді. 2011-2012  оқу жылында Қа­зақ­стан Республикасы Прези­дентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша бір жыл­дық ғылыми тәлімнамаға Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларына психология, физика, жалпы педагогика, музыкалық білім кафедра­ла­рынан  4 оқытушы, Австралия мемлекетінің Grіffіth университетіне шет тілдер факультетінен 2 оқытушы жіберілді. Университетте Білім және ғылым министрлігінің қаржылай қолдауымен бірнеше іргелі және қолданбалы жобалар бойынша ғы­лыми-зерттеу жұмыстары жүр­гізіледі. Олар: «Педагогикадағы әдістемелік ілім құрылымының ғылыми негіздерін ұлттың интел­лектуалды потенциалын дамы­ту­дың  факторы ретінде қарас­ты­ру», «Қазақстан Республикасын­дағы білім беру жүйесіне гендерлік тұрғыдан қарау»,  «Орыс тілін қазақ әдеби тілі туралы ғылымда арнайы терминология трансля­то­ры ретінде қарастыру мәсе­ле­лері» тақырыбындағы және «12 жыл­дық оқуға өту ке­зе­ңіндегі мектепке дейінгі білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік не­гіздерін құру» тақырыбындағы жобалар. 2011 жылдың тамыз-қыркүйек айларында университет салалық министрліктің  қаржыланды­руы­мен өтетін іргелі және қолдан­балы жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкур­сы­на 11 ғылыми жоба, Алматы қа­ласы Кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасының «Иннова­ция­лық ғылыми-зерттеу жұмыс­та­рының конкурсына» 3 ғылыми жоба, Жастар саясаты басқарма­сы­ның І инновациялық конвентін өткізуіне орай ұйымдастырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына 2 ғылыми жоба жіберді. Университет қабырғасында «Әлеуметтік гендерлік ғылыми-зерттеу» институты,  «Қазақ мек­те­бінің даму мәселелері» зерт­ханасы жұмыс жасайды. Алдағы уақытта университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін саралай отырып, мамандандырылған оқу зертха­на­ла­рын (Жаңарып тұратын энергия көздерін пайдалану зертханасы т.б.),  ғылыми-зерттеу орталық­та­рын (Педагогикалық және пси­хо­логиялық зерттеулер, Өзін-өзі тану ғылыми-зерттеу, «Хи­мия» Қа­зақ­стан-Ресей инно­вациялық ғы­лыми білім беру орталықтары) ашу қарас­ты­ры­луда. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» респуб­ликалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітап­ха­наға 2010 жылы 26% оқу орын­дарының мүше екендігін көрсете отырып, бұл көрсеткіштің 2015 жылы 55%, ал 2020 жылы 100% болу қажеттілігі баса айтылған. Қазіргі таңда университет ғы­лыми кітапханасын электронды кітапхана ретінде жабдықтау жұ­мысы шұғыл түрде қолға алынып, ҚР Ұлттық кітапханасының тәжі­ри­бесіне сүйене отырып, страте­гиялық жоспары жасалуда. Сонымен қатар, білім берудегі жаңа технологияны меңгерудің негізгі тетіктерінің бірі – жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін көтеру мәсе­ле­сі десек,  мемлекеттік бағдарла­ма­да  бұл көрсеткіш 2010 жылы  6% болғандығы, ал 2015 жылы  20%  болу қажеттігі көрсетілген. Бұл бағытта  университет жа­нын­дағы ғылыми-педагогикалық ка­др­лар біліктілігін арттыру орта­лы­­ғының 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған арнайы бағдарламасы бекітілді. Электронды оқыту жүйе­сін оқыту, оны оқу процесінде қол­дану мәселесі бойынша үсті­міздегі жылдың қыркүйек айында университеттің 60 оқытушысы «E-Learnіng – электрондық оқыту және оның Қазақстан Респуб­ли­касындағы білім беруді да­мы­тудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы рөлі мен орны» та­қырыбында 36 сағаттық, қазан айында 30 оқытушы «Кейстерді дайындау технологиясы» тақыры­бында 36 сағаттық университет тарапынан қаржыландырылған әдіс­темелік семинар-тренингтен өтті. Әлбетте, бір мақала көлеміне бүкіл ұжым атқарып жатқан келелі іс-шараларды сыйғызу мүмкін емес. Әйтсе де, бір ұжымның жетістіктері арқылы егемен елі­міздің елеулі табыстарына көз жеткізуге болатындай. 2011 жыл – Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырғаны өзімізге белгілі. Міне, биылғы жыл осы жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді бағамдап, болашағымызға бағыт сілтеп, әлемдік кеңістіктегі биік белестерге жетелеген тарихи жыл болып отыр. Дүние жүзінде көрініс тапқан соңғы оқиғалар Тәуелсіз жас мемлекетіміз ұстан­ған бағыттың дұрыстығын, Елба­сы саясатының көрегендігін күн санап дәлелдей түсуде. Соның бірі – білім беру жүйесін жетілдіру, бұл салаға бағытталған мемлекеттік инвестиция көлемінің өрке­ниетті елдер деңгейіне жеткізілуі. Біздің басты байлығымыз – бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті әрі жоғары білімді, рухани жан-дүниесі таза, Отанын шексіз сүйетін әрі мақтан тұтатын,  интеллектуал тұлғалардан тұратын адам капиталы. Қазіргі уақыт, Елбасымыз көрсеткендей, «адамзат биігін білекпен емес, біліммен  бағындыру заманы». Жо­ғары білімді  қоғам ғана бүгінгі халық­аралық аренада ірі жеңіс­терге жетпек. Динар НӨКЕТАЕВА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің ректоры.