• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2011

Өз қалпын сақтаған ел жайлы кітап

287 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан «Қазақстан. Тәуелсіздікке – 20 жыл: тосынсыйлар және стереотиптер» атты лорд Джонатан Айткеннің кітабы жарық көрді. Оның тұсаукесері ИТАР-ТАСС агенттігінде өтіп, рәсімге қатысушылар елімізге айтарлықтай жоғары баға берді. Тұсаукесерге модераторлық етуші ИТАР-ТАСС-тың бас дирек­торы Виталий Игнатенко алғашқы сөзді еліміздің Сыртқы істер ми­нис­трі Ержан Қазыхановқа берді. – Біздің бүгінгі кездесуіміз Қа­зақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы қарсаңында өтіп отыр. Тарихи тұрғыдан осы қас-қағым сәтте еліміз Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен саяси және экономикалық реформа­лар­ды, сыртқы көпвекторлы саясатты жүргізуде мол табыстарға қол жеткізді. Еліміздің жоғары беделін бірқатар беделді халықаралық ұй­ым­дар – ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ-ға төраға­лық ету­лері айшықтай түсті. Қазақ­стан­ның халықаралық бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау табуда, – деп сөзін бас­таған қазақ­стандық министр әрі қарай бүгінгі күні еліміздің Орта­лық Азиядағы тұрақтылық пен дамудың генера­торы ретінде қарас­тырылатынын, ал тәуелсіз Қазақ­стан­ның ішкі және сыртқы саяса­тындағы басты басым­дығы бейбітшілік, толеранттылық және тиімді ынтымақтастық болып қала беретінін айтты. Ал Қазақстанның әлемдік рухани әлеуетті бір-біріне жақын­дас­ты­рудағы, халықаралық кикілжіңдер мен дүрдіараздықтарды шешуге ба­рар жолдағы бастамасы – Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съездерін шақыруы оған қосылған нақты үлес болып табы­ла­ды. Алдағы жылдың мамыр айында Астанада ІV-ші съезд өткізіледі. Осы жылдар ішінде еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтары еш ауытқыған жоқ, деген шешен Ресеймен екі арадағы ықпалдастық пен ынтымақтастыққа да тоқталды. Біздердің арамыздағы сындарлы үнқатысу негізінде екі елдің де мүд­десі есепке алынатындықтан, ше­шілмеген қиын түйіндер жоқ. Халықаралық көптеген мәселел­ер­де Қазақстан мен Ресейдің көз­қа­растары ұқсас болып келеді. Қай салада да – сауда-экономикалық, гуманитарлық салалар болсын – қатынастардың тереңдеуі мен экономикалық интеграция өз жемісін беруде. Естеріңізде болса, 1994 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық инте­гра­циялық бірлестік құру идеясын көтер­ген болатын. Кешегі күні мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграция жөнін­де­гі декларацияға және Еуразия­лық экономикалық комиссия жө­нін­дегі келісімшарттың регламентіне қол қойды, деді Е.Қазыханов. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап, интеграцияның келесі са­ты­сы – Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жолындағы іс-шараларды орындауға күшімізді жұмылдырамыз, деген Ержан Хозе­ұлы, осы орайда, Қазақстан мен Ресейдің табысты тандеміне тоқта­лып өтіп, тұсауы кесіліп жатқан кі­тап­қа қатысты былай деді: «Мәс­кеу сапары алдында мен атының өзі адамның қызығушылығын ту­ды­ратын жаңа кітапты оқып шық­тым. Автор өзіне тән мәнермен жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы­ның маңызды оқиғалары – саясат, дипломатия, бизнес, білім беру, мәдениет, ядролық қарусыздану жай­ын баяндайды. Айткен мырза сыртқы саясатты да назарынан сырт қалдырмаған. Оның ішінде, әрине, жақын көршілермен қаты­нас­қа да мән берсе, Қазақстан-Ресей, қазақ-қытай қатынастары жайындағы автор пайымдары са­рап­шылар мен журналистерге біраз азық болардай. Кітаптың басты кейіпкері – ол, әрине, Нұрсұлтан Назарбаев. Автор Қазақстан Көшбас­шы­сы бойындағы харизманы әл­де­неше рет атап көрсетеді. Оның басты мәселені көре алуы, көбіне уақыттан озып алға кетіп, жаңыл­май­тын қадамдар жасауы айты­ла­ды. Сондықтан, кітаптың бір та­рауы «Президент Назарбаев: то­сын­сый­лар шебері және алға оз­ды­рар қа­дам­дар жасаушы» деп ата­ла­ды. Кітап­тың ендігі бір кейіпкерлері – жастар, «Болашақ» бағдар­ла­ма­сымен білім алған, автор атап көр­сеткендей, «елдің болашақ бас­шылары». Сөзімнің соңында ел Тәуелсіз­дігінің мерейлі мерекесі қарса­ңында осындай сый жасаған Айткен мырзаға алғысымды білдіремін, деген соң модератор ендігі кезекті авторға берген. – Алғашқы кітабым АҚШ-тың бұрынғы президенті Никсонға арналса, одан кейінгі еңбегімді «Темір ханым» Тетчэрге арнадым. Ал бұдан бұрын Президент Назарбаев туралы кітабым шыққан болатын. Бұл – Қазақстан жайындағы екінші дүнием, – деп сөзін бастаған Айткен елдегі жақсы өзгерістерге тоқ­та­лып, оның ішінде жастарға мән бере сөйлеп, олардың жігері мен шамшылдығын, мұраттарын көл­де­нең тартты. Автор назарынан Қа­зақстан-Ресей қатынастары да тыс қалған жоқ. «Художественная литература» баспасының директоры және бас редакторы Георгий Пряхин: «Бізді Қазақстанмен байланыстыратын көп нәрсе бар. Мәселен, менің өзім «Комсомольская правданың» тілшісі ретінде еңбек жолымды қазақ жерінен бастап едім. Бұл кітап арқылы бізге бұрыннан жақын Қа­зақстан танылып қана қоймайды, ол өзінің адамдық қалыптағы мемлекет екенін тағы да ұқтыра түседі. Кітаптан интеграция идеясын та­ра­ту­шы Назарбаевтың бейнесін тағы да тани түсеміз. Әйтеуір, шүкір­ші­лігі – біздің қазіргі басшылығымыз Назарбаев идеясын ұғынып, қадам­дар жасауда. Ал кітаптың жарық көруі тек Қазақстан үшін ғана емес, үлкен кеңістіктегі барлық орыс тілді оқырман үшін өте ма­ңыз­ды. Өйткені, кітап еура­зия­лықтар үшін қажет дүние», – деді. Мұнан кейін сөз алған шешендер де кітаптың мазмұны мен мәніне үңіліп, оны берер сабағы мол құнды дүние деп бағалады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ. Астана – Мәскеу – Астана.