Олимпия ойындары әдетте он жеті күнге созылады. Пхенчхандағы Ақ Олимпия ойындарының бір аптасы зу етіп өте шықты. Әзірше өскемендік өжет қыз Юлия Галышеваның жалғыз қола медалі жанкүйерлердің көңіліне медет болып тұр.
T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьҚазақтардың оң жамбасына келетін жеті деген сан бізді қуанышқа бөлей алған жоқ. Олимпиаданың жетінші күні жерлестеріміз ала-құла өнер көрсетті. Үкілеп қосқан медаль алады деген Алексей Полторанин классикалық тәсілмен спринтерлік қашықтықтың іріктеу сайысында он үшінші нәтиже көрсетіп, ширек финалға шыққанда бөркімізді аспанға атып қуанып едік, асыққан екенбіз, небәрі төртінші орынмен жартылай финалға қатыса алмады. Ал тағы бір жерлесіміз 51-орынды қанағат тұтқан Елена Коломина, Валерия Төленова көштің соңына жайғасты. Шорт-трекшілер де білгендерінен жаңылып қалғандай әсерге бөледі. Әлем кубогы кезеңдерінде тәп-тәуір нәтиже көрсетіп жүрген Мәдіғали Қарсыбеков шәкірттерінің жолы болмай-ақ тұр. Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев және Еркебұлан Шамұханов эстафеталық жарыста үшінші нәтижемен финалға өте алмады. Ал конькишілеріміз Денис Кузин мен Федор Мезенцевтің көрсеткіштері де нашар, жарысты ерте аяқтады.
Шынында да, енді кімнен медаль күтуге болады. Кім білсін, Алексей Полторанин елу шақырымдық классикалық марафонда бар күшін салып, намысты қолдан бермеуге тырысар. Алайда оның қарсыластары кілең мықтылар. Шорт-трекшілердің шамасы белгілі болып қалды. Корея мемлекетінен аттай қалап алдырған шорт-трекші Ким Ионг А бәлкім қуантып қалар. Биатлоншылардың ішінен жалғыз семейлік Галина Вишневская алғашқы алтылыққа ену үшін тырысып бағар.
Осы орайда мына бір ой мазаны алады. Кілең бір дарынсыз, тіпті алғашқы ондыққа немесе жиырмалыққа енбейтін шаңғышы, конькишілер немесе басқа спорт түрлері шеберлерін аса жауапты додаға алып барудың қажеті болар ма екен? Үкімет олардың шетелдерде дайындалуына, сапарға шығуларына зор қаржы бөледі. Бірақ та Олимпиадада нәтиже жоқ. Оның үстіне бізде резерв әзірлеуге жете көңіл бөлінбейді. Елена Коломина кезінде сөз жоқ, жақсы нәтиже көрсетіп келген. Азия ойындарында, басқа да халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келді. Бірақ та жасы отыз беске келген спортшыдан жоғары нәтиже күткен жөн емес.
Кадрлар әзірлейтін орын жоқ емес, бар. Шығыс Қазақстан облысының табиғаты тамылжыған, жеті ай бойы аппақ қар жататын Риддер қаласында осыдан он бес жыл бұрын спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық мектеп-интернат құрылған еді. Соңғы үш жылдан бері мектеп-интернат, колледж деген атақты иеленді. Мұнда білім алуға барлық жағдай жасалған, бес мезгіл тағам беріледі. Үздік оқығандар стипендия алады. Соңғы жылдары шығыстағы оқу орнына сонау Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан, Астанадан қызығы көп қысқы спорттан бағын іздеген талаптылар келіп түсе бастады. Олар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Колледжді бітіргендер әрі қарай оқуын жалғастырса, қалғандары мектептерде қысқы спорт түрлерінен сабақ бере алады. Міне, Риддердегі спорт мектеп-интернатына көмекке, қаржыға зәру, жаңа оқу корпусы, жазда роликпен жаттығатын алаң ауадай қажет. Сонымен бірге бұл жерде биатлонмен жаттығуға да қаржы көзі керек.
Журналистер осы жолы Пхенчхан Олимпиадасының бұрқ-сарқ еткен ойындарынан айтары жоқ, тамаша жедел репортаждар беріп, жанкүйерлерін қуантып жатыр. Олимпиада ойындарында олармен жиі кездесіп жүрдік. Алайда бізді 200 мыңнан астам оқырманы бар Отанымыздың бас газеті – «Егемен Қазақстанның» бірде-бір журналисі болмауы таңғалдырды. Тәуелсіздік алғалы «Егеменнің» тілшілері Олимпия ойындарынан репортаждарды үздіксіз беріп келген. Тіпті сонау айшылық алыстағы Сиднейден «Егеменнің» төрт бірдей журналисі Бекзат, Ольга, Ермахандар алтын алқа алған кезде жүректері жарылардай қуанып, ең бірінші болып газет оқырмандарынан сүйінші сұраған. Газеттің тиражы 200 мыңнан асатынын, оның бір миллионнан астам оқырманы бар екенін ескерсек, Ұлттық Олимпиада комитеті басшыларының қазақ тілді оқырмандарды менсінбегені ме деген ой келеді. Әлде олар ана тілінен мақұрым ба?
Осы жолдардың авторы өткен жылдың қазан айында ҰОК басшыларының бірінің қабылдауында болып, «Егемен Қазақстанның» тілшісіне аккредитация бермегендеріңіз қалай деп сауал тастағанда, олар бізге өтініш жасаған жоқ, енді кешігіп қалды деп жауап қайтарды. Ал шынында газет тілшісіне тіркеу болады деп хабарланған. Ал өзім жайлы айтатын болсам, республикалық «Қазақ спорты» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарғаныма төртінші жыл. Ал мені тіркей аласыздар ма деген сауалға ол баяғыда, қыркүйекте аяқталған деген жауап алдық. Демек, республикалық газет тілшілері қол жеткізе алмай арманға айналған аккредитация өңірлердегі спорт журналистерінің түсіне де кірмес.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін Пхенчханнан (Оңтүстік Корея)