• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2018

Қайрат Әбдірахманов: Тұрақты дамуға негіз болатын бес бастама

568 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Парламент төрінен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жариялағаннан бері бір апта өтті және сол мерзім ішінде олар xалық­аралық қауымдастық тарапынан кеңінен мойындалуда. 

Түрлі кон­ти­ненттердегі саясаткерлер мен сарап­шылар жоспарланған батыл экономикалық қадамдардың айқын түрде миллиондаған қазақстандықтар өмірінің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталғанын атап өтуде.

Елбасы бастамаларының 2015 жылғы қыркүйектегі БҰҰ-ның тарихи мерейтойлы саммитінде әлемдік лидерлер қабылдаған 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне толықтай сәйкес келетіні де маңызды болып табылады. Ол құжатқа сәйкес, әлемдік ұйымға мүше елдер белсенді түрде орындауға тырысып жатқан Тұрақты даму мақсаттары әлеуметтік қажеттіліктерді, соның ішінде білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қам­тамасыз ету, климат пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге бағытталған.

Әлеуметтік шаралар экономикалық даму үшін жаңа ынталандырулар тудырумен қатар, орта тапты күшейтіп, еліміздің адами әлеуетін арттыра­ды. Ал газ құбырын өткізу жөніндегі ауқым­ды инфрақұрылымдық бастама Орта­лық Қазақстанда тұрақты энергетика мен экологияны дамытуға септігін тигізетін болады. Бұл – еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлану барысында ілгерілеткен бастамаларының бірі әрі энергетикалық қауіпсіздік бас­тамасына сай келеді. Жаңа жобалар xалықаралық тәжірибе, инвестиция­лар, сараптама мен теxнологиялар тар­ту­­ды талап етеді. Сондықтан сырт­­қы сая­сат ведомствосы Мемлекет бас­шы­­­­сы­­ның тапсырмаларын жүзеге асы­­­руға белсенді түрде араласатын болады.

Президент экономика мен қоғам­ның әлеуметтік жағдайын едәуір көтеруді көздейтін Қазақстанды әлем­нің дамыған мемлекеттері қатарына шығару жөніндегі бағдарламасын жүйелі түрде іске асыруда. Бұл жұ­мыс ең қиын геосаяси және геоэко­номи­калық жағдай мен әлемде өсіп жатқан әлеуметтік теңсіздік тұсында жасалып жатқанына мән беру керек.

Осы себептен Президенттің бес бастамасы: ипотекалық несиені жеңіл­дету, жалақысы төмен азаматтар үшін салықты азайту, жоғары білімнің қолжетімділігін және сапасын арттыру, микронесиелеу аясын кеңейту мен елдегі газдандыруды одан әрі жалғастыру – әлемдік қоғамдастықта жоғары бағаға ие болуда.

Демократиялық қоғамдарда сай­­­­лау қарсаңында жиі кездесетін патер­нализмдік шаралар мен попу­листік жобаларға ұқсамайтын Қазақ­стан Президентінің бастамалары қар­жылай түрде анық есептеліп, әлеу­меттік қолдауды қамтамасыз етумен бірге экономиканы ұзақ мерзімді ынта­лан­дыруға бағытталған. Барлық жоба­лар­дың өзегі де, оларға тікелей атсалы­сатын да мемлекеттің ең басты құн­дылығы саналатын – азаматтарымыз.

Дүниежүзілік банкі (ДБ), Еуропа Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия даму банкі (АДБ), Ислам даму банкі (ИДБ), Эконо­­микалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Дүние­жүзілік эконо­микалық форум (ДЭФ) секілді халықаралық қаржы инс­ти­туттары мен экономикалық ұйым­дар Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық жаң­ғыру­дағы маңыз­ды серіктестері болып қала береді. Еліміздің аталған институттармен ын­тымақтастығының негізгі бағыт­тары Мемлекет басшысының жаңа бастамаларымен үндесіп, оларға сәйкес келеді.

Мәселен Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған ЭЫДҰ-мен Елдік ынтымақтастық бағдар­ламасының маңызды бөлігі әлеу­мет­­тік мәселелерді қамтиды. Ба­ғ­дар­­лама инклюзивті және тұрақ­ты дамуға, халықтың осал топ­тары­ның мәселелерін шешуге және ген­дерлік саясатқа ерекше назар ауда­рады. Оның аясында жас­тарға айрықша бағытталған өнім­ді жұмыспен қамтуды және бұқара­лық кәсіпкерлікті дамыту жоспары жүзеге асырылатын болады. АДБ-мен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару; білім беру; әлеуметтік сала; көлік; ауыл шаруашылығы және сумен жабдықтау; жеке секторды дамыту; шағын және орта бизнесті дамыту.

Халықаралық еңбек ұйымы жүргізген зерттеулер еңбек табыстары үлесінің азаюы, табыс теңсіздігінің өсуі мен жалпы өсу қарқынының баяу­лауы арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат саласындағы кешенді шаралар арқылы жан-жақты және тұрақты экономикалық өрлеу мен дамуды қамтамасыз етуі мүмкін.

Сонымен бірге Президентіміз әлем­дік тәжірибеге сүйенетіні белгілі.

Мысалы ипотекалық несиелеуді дамыту азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеу­меттік механизмі болып табылады. Ипотекалық несиелеу дамыған ел­дер­дің экономикаларында маңызды орын алады. Германия, Дания, АҚШ, Канада және Жапонияның ипоте­калық несие нарықтарын тұр­ғын үй құрылы­сын қаржылау меха­низмінің негізі деп атауға болады.

Дүниежүзілік банк бір баяндамасында әртараптандырылған өсуді ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында Қазақстан Үкіметіне салық саясатын қайта бағдарлауды ұсын­ды. Миллиондаған жалақысы төмен жұмыс­шылар үшін жеке табыс салығының төмен­деуі бұл бағытта маңызды қадам болып табылады. Әлемдік қауымдастықта мұндай батыл қадам жасауға ерік беретіндердің саны көп емес.

Микроқаржыландыру әртүрлі даму дең­гейіндегі елдер мен өңірлерде эконо­микалық және әлеуметтік өсудің бірегей құра­лы ретінде танылып, дамыған эко­номи­каларда әлеуметтік топтардың түр­лі­лігі деңгейін төмен­дету мен дамуға елеу­­лі үлес қосу сияқ­ты түрлі қызметтер атқа­рады.

Несиелендірудің бұл түрі қара­жаты аз тұрғындарға өз табысын арттыруға, өміршең бизнес құруға, сыртқы қауіп-қатерге төтеп беруге көмектеседі. Бұл ретте жеке­мен­шік сектордың мүм­кіндік­терін мем­лекеттік ынталан­дыру шара­ларымен үйлестіретін бағ­дар­ламалар ең үздік жетістіктерге бас­тайды. Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы келі­­сімшарт ая­сын­да жүзеге асыры­лып жатқан «Биз­­нестегі әйел» бағдарламасы оң нә­ти­же көрсетті. Осы күнге дейін 7 мың­нан астам Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектісіне 5,8 млрд теңге несие берілді. Қаржыландырумен қоса, ЕҚДБ ноу-хаумен танысуға жол ашып, әйелдер басқаратын ШОБ кәсіп­­орындарына басқару практикаларын және технологияларды ен­гізуге көмектеседі.

Білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру кедейлікті, теңсіздікті жою­дың және жалпы алғанда елдің эко­но­­микалық өсіміне ықпал ететін бірегей тиімді шаралардың бірі болып табылады. Бұған Жапонияның тәжірибесі айқын дәлел. Қазақстанның шетелдегі елшіліктері міндеттерінің бірі қазақ­стандық студенттердің әлемнің үз­дік оқу орындарында, ең алдымен, тех­никалық мамандықтар бойынша білім алуы үшін гранттар тарту болып табылады. СІМ, сондай-ақ Қазақстан университеттеріне халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда, шетелдік оқытушыларды тартуда, тәжірибе алмасуда қолдау көрсетуге әзір. Бұл ретте, тек дамыған елдерде ғана емес, табысты және қарышты дамып келе жатқан мемлекеттерде де білім алу керек. Мысалы жақында Мажарстан Қазақстан азаматтарына стипендия санын 250-ге жеткізді.

Сыртқы істер министрлігі бір­қатар индустриялық орталықтар мен елорданы газбен қамтамасыз ететін жаңа газ құбыры жобасына инвесторларды тартуға ықпал ететін болады. Бізде британдық инвесторлардан түскен нақты ұсыныстар бар. Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысты негізгі күрделі мәселе елді мекендер аралығының ұзақтығымен байланысты. Олар нақты техникалық есептер мен халықаралық қоса қаржыландыруды қажет етеді. Дегенмен муниципалдық, өндіріс­тік және жекеменшік сектордың га­зға көшуі энерготиімділікті арттыруға және климаттың өзгеруіне төтеп беруге септігін тигізетін болады. Атал­­­ған мәселелер біздің бірқатар халық­­­аралық қаржы институттарымен қарым-қатынасымыздың басым бағыты болып табылатынын атап өту қажет. Қазақстан климаттың өз­геруімен күрес туралы Париж келі­сіміне қол қойды, ал газды осындай үлкен көлемде қолдану елдің осынау маңызы жоғары халықаралық келісімшарттың талаптарын сақтау­ға үлкен үлес қосуына негіз салады. Астана, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған тұрғындары Елбасының бастамасын қуана қабылдағанына күмән жоқ.

Н.Назарбаевтың әлеуметтік бас­тамалары былтыр табысты өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің негізінде құрылып жатқан Астана халықаралық қаржы орталығының, жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының өз қызметтерін бастауымен тұс­тас келіп отыр. Осы маңызды құры­лым­дар қызметінің күн тәртібінде алға қойылған әлеуметтік міндеттерді орындау бойынша шаралар нақты орын алатын болады.

Президенттің Үндеуі елдің бар азаматтарының арманына сай келе­ді, ол ұлт бірлігін нығайтып, оның бәсе­кеге қабілетін күшейтеді және тұрақты даму мақсаттары мен қағида­ларына деген пейілділігін құптап, жаһандық деңгейде Қазақстан­ның абыройын арттыратыны сөзсіз. Енді алдымызда Елбасының бес әлеуметтік бастамасын сапалы іске асыру бойынша ауқымды жұмыс тұр.

Қайрат ӘБДІРАXМАНОВ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі