• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2011

Аграрлық сала мемлекет қамқорлығында

738 рет
көрсетілді

Еліміздің тәуелсіздігі жыл­да­­­­рында қабылданған Ата Заңы­­мыз Қазақстан Республикасының Конс­ти­­­туциясы кәсіпкерлік са­­­­ласындағы еркіндікті қам­тама­­сыз еткен басты құ­жат болып табылады. Со­ның нәтижесінде еліміздегі аса ірі салалардың бірі – агроөнеркәсіп кешені бой­­ынша да көптеген жаңа заңдар қабыл­­­­данды. Бұл заңдар ауыл ша­руа­­­­шы­­­­лығындағы кәсіпкерліктің қа­нат жаюына көмектесетін мемлекеттік қолдау шараларының тұтас бір жүйесін қамтамасыз етті. Осы­­­­­ның нәтижесінде өт­­кен 20 жыл ішінде ауыл шаруа­­­шы­лығының дамуы мүлдем жа­ңа бағыт бой­ын­ша алға басып, елімізде көп­теген жа­­­ңа тұрпатты ш­а­руа­­шы­­­­лық жүйелері мен өң­деу кәсіп­ор­ындары пайда болды. Осы табыстарымыз­дың бар­­лығы жаңадан қа­был­данған Декларацияда нақ­ты көрініс тауып, он­да­ғы Елбасы Н.Ә. Назар­баев­­­тың­ рөлі нақпа-нақ атап ай­тыл­ған. Біздің Парламент Сена­ты­­­ның депутаты, Таби­ғат пайдалану және ауылдық аумақ­тар­ды дамы­ту ко­ми­тетінің төрағасы Болат ЖЫЛҚЫ­ШИ­ЕВПЕН арада­ғы әңгімеміз жоға­рыда аталған та­қырыптар ая­сында өрбіген еді. – Болат Әбжапарұлы, сіз елімізде Ауыл жылдары деп жарияланып, ауыл ша­­руашылығы саласына мемлекеттік қолдау шара­ларының тұтас бір жүйе­сі­нің өмірге келуіне жол аш­қан 2002-2006 жылдар ара­лығында ірі аграрлық об­лыстардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысын бас­қардыңыз. Яғни, мемлекеттік қолдаудың сала бой­­ынша қалайша қалып­тасқандығын көзіңізбен кө­­ріп қана қоймай, оны жүзеге асыруға өз үле­сі­ңіз­ді қостыңыз. Осы бағыт­тағы жұмыстар қалай жү­ріп еді? Одан белгілі бір нәтиже шықты ма? – Шыққанда қандай! Оны мен облыстағы негізгі сала – мақта шаруашылықтарының өркендеу барысына қарап-ақ айтып бере аламын. Өзіңіз білесіз, ел тәуелсіздігіне ие болып, алғаш рет нарық қа­тынастарын орната баста­ған­да халі мүшкіл салалар­дың бірі – осы мақта ша­руа­шылығы болатын. Об­лыс­та өндірілетін мақтаның тек 2 пайызы ғана бастапқы өң­деу­ден өткізіліп, қалғаны­ның бар­лығы шикізат күй­інде орталыққа жөнелтілетін. Сондықтан ел тәуелсіз­ді­гінде ие болған алғашқы кез­де: «Енді Қазақстанның мақта шаруашылығы құри­ды. Ол осы саласы бізге қа­рағанда әлдеқайда дамыған көршіміз Өзбекстанның шы-лауында қалады. Осы мәселе жөнінен біз көрші елдің жүр­гізетін саясатына әбден тәу­­­елді боламыз», деген тұр­ғы­­­да әңгімелер өрбіген еді. Сол кездегі жағдай бойынша ал­­­ғанда бұл әбден мүмкін мә­­селе еді. Өйткені, бізде бас­­­қаны былай қойғанда, осы саланың дамуына зерттеулер жүргізіп, оның жол­дарын айқындайтын арнайы бір ғы­­­лыми-зерттеу инсти­ту­ты да болмаған-тын. Оның үстіне мақта өндірісіне қа­тысты құ­­­рал-жабдықтардың, техно­­ло­­­гиялардың барлығы бізге Өзбекстан арқылы келетін. Дегенмен, Елбасының ха­­­лық қамын ойлаған, жағдай­­­дың барысын алдын ала болжап, әрекет еткен дана саяса­тының нәтижесінде еліміздің мақта шаруашылығы қиын шақтан сүрінбей өтті деп айта аламын. Бұған Елбасының тап­сырмасымен облыста арна­­­йы экономикалық аймақтың құрылып, мақта шаруашылы­­ғының мұнан кейінгі дамуы кластерлік жүйеге көшіріле бастағандығы үлкен әсер етті. Мақта шаруашылығын дамы­­­ту бағытында кәсіпкерлікке ер­кіндік беріліп, соның нәти­жесінде Ютекс, Меланж, Русский-казахский альянс секілді бірнеше жеке меншік мақта өңдеу зауыттары салынды. Жіп иіру, тоқыма фабрика­­лары өмірге келді. Сөйтіп, аз жылдың ішінде, яғни облысты мен басқарып отырған кезең­­­нің өзінде отандық мақта өн­­­імдерінің 12-16 пайызын өзі­­­­­­­мізде өңдей алатындай дең­­­гей­ге жеткен едік. Мұнан кейін «Мақта ту­ра­лы» Заң өмірге келіп, осының нәтижесінде мақта өндірісін­дегі қарым-қатынас мәселеле­рі ретке келтірілді. Бұл мақта шаруашылықтарының да­муы­на жаңа жол ашқан еді. Өйт­­­кені, сол кезде жаңадан пайда болған мақта зауыттарының иелері сала бойынша монополистік үстемдікке ұмтылыс танытып, шаруа­шылықтар­­дың тапсыратын мақталары­ның ба­­­ғаларын төмен белгілеу ар­­қылы барлық пайданы өз­­де­ріне алып, мақта өсіру ісін құлдырату жағдайын ту­ын­дат­­­қан еді. Көп дау-дамаймен қабылданған «Мақта туралы» Заң осының алдын алды. Ол мақта өндірісіндегі әділетті­лік­ті орнықтырып, осының нә­­тижесінде шаруалардың жағ­­­­дайы біршама түзелді. Облыс­та «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың күші­­­мен мемлекеттік мақта зауыты салынып, бұл бағаны реттеп отыру мәселесіне, ша­руа­шы­лық­­тардан алынатын мақ­­­та ба­­­ғасының орынсыз құл­­­­­­ды­­ра­тыл­мауына үлкен әсер етті. – Оңтүстік Қазақстан об­­­лысы халық ең тығыз шо­­­ғырланған өңір екендігі белгілі. Мұнда қазіргі күні ең аз мөлшермен алғанның өзінде ұлтымыздың бестен бір бө­­­­лігі өмір сүріп жатыр. Осы­­­лардың әлеуметтік жағдай­­­ларын түзеуде жүзеге асқан шаралар аз емес болар. – Әрине, еліміз тәуелсіз­­­­дігіне ие болған тұста бәрін на­рық еркіндігіне сілтеп, жағ­­­дайды өз бетімен жіберер болса, онда халықтың қазіргі халы өте ауыр болар еді. Бірақ мемлекет басшылығы бұған жол берген жоқ. Екіншіден, мақта өндірісі мол суды қажет ететіндігін өзіңіз білесіз. Осы мәселеде Қазақстан көршілес мемлекеттермен тіл табыса оты­рып, мақта шаруашылы­­­ғына келетін суларды неғұр­лым тиімді пайдалануға көш­­ті. Соның бірі облыс аумағын­­­­да салынған Көксарай қарсы реттегіші болды. Мұның сыр­­­тында су жүйелері, дренаж­­­дық жүйелер ретке келтірілді. Азия банкінен қолайлы жағ­­­­­­­дайда алынған несиелерді іске қоса отырып, сол бір қиын кездің өзінде 40 мың гектарға жуық жерді өңдеуден өткізу арқылы оны қайта іске жа­­­рат­­­тық. Қа­зір қайта іске жара­тылған жер көлемі 80 мың гектардай болады. Міне, осының барлығы ха­лықтың бірінші кезекте тұр­­­мыс-тіршілігіне және осының нәтижесінде әлеуметтік жағ­­­дайының түзелуіне үл­­­­кен ықпал етті. Мұның сыр­­­­тында Ауыз су бағдар­­­ламасы іске қосылып, об­­лыс­тағы таза су пайда­­лана­­­­тын халықтың үлесі едәуір дәрежеде артты. Оның үс­­­тіне бюджет қыз­мет­­кер­­­ле­­­рі­­­­нің жа­­­ла­­­қысы, зейнет­­­­­кер­­­­лер­­­дің зейнетақысы ретке келтірілді. Тұрғын үй бағ­­­­дар­ла­ма­сы іске қосылып, осының нә­тижесінде об­­­лыс­­та көптеген тұрғын үй­­лер салынды. «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­дар­­лама­­­сы­­ның аясында об­­­­лыста көптеген мектептер мен емханалар, ауру­ха­на­лар, фельд­­шерлік-аку­шерлік пункт­­­­­тер са­лынып, апат­т­­ы ны­сан­­­­дар жой­­ылды. Ең бас­тысы – балалар төрт ауы­сымда, үш ауысымда оқу про­бле­­масынан құтыл­ды. Қыс­­­­қасын айтқанда, об­лыс хал­­­­қына көп әлеуметтік жағ­дай жасалды. Оның қы­зы­­­ғын қазір халық көріп отыр. – Болат Әбжапарұлы, сіз бұл мәселелердің бар­­лығын кезінде іс басында болған облыс әкімі, яғни практик ретінде қозғады­ңыз. Сіз – соңғы жылдары Сенат депутатысыз. Со­ның ішінде енді Табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту деп аталатын комитеттің төр­ағасысыз. Мұндағы заң шығарушылық қыз­ме­ті­ңіз де еліміздің аграрлық саласымен, оның ішінде ауылдық аумақтарды да­мытумен тығыз байла­ныс­ты екен. Осы ретте саланы мемлекеттік қол­дау шараларының ұйым­дастырылуы туралы не айтқан болар едіңіз? – Қазақстан Тәуелсіз­ді­гінің 20 жылы ішінде елі­міздің агроөнеркәсіп сала­сының заңнамалық базасы түбірінен қайта қалыптас­тырыла отырып, заңдарды одан әрі жетілдіру, оларды халықаралық нормалармен сәйкестендіру бойынша аса ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Көптеген заңдар қабылданды. Заң аясындағы актілер ретке келтірілді. Соның бәрін айтпағанның өзінде қазіргі күні агро­өнер­кәсіп кешені саласында қолданыста жүрген жиыр­мадан астам заң бар екендігін ескерте кетсек, артық болмас. Міне, осының бар­лы­ғы біздің комитеттің қа­ра­уынан өткен еді. Бұл заңдардың қай-қай­­сының болмасын аграрлық саланың алға басуына, оған мемлекеттік қолдау шара­ларын ұйымдастыруға ти­гіз­ген ықпалы аса үлкен. Мәселен, «Агроөнеркәсіп ке­шенді және ауылды ау­мақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңды алайық. Бұл құжат елімізде бірінші рет ауыл мен ауыл шаруашылығын, агро­өнер­кәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларын заңды негізге көшірді. Осының алдындағы уақыттары мем­лекеттің салаға жасайтын қаржылай қолдауы бір реттік құжаттар немесе жекелеген бағдарлама аясында қамтамасыз етіліп келсе, осы заң жарыққа шық­қан­нан бері ол жүйелі сипатқа ие болды. Осы заңның нәтиже­сін­де қазіргі күні аграрлық са­ланы субсидиялау 12 бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Алғашқы жылдары субсидия тек астық ша­руа­шылықтарына берілсе, енді оны мақта, күріш, көкөніс шаруа­шылықтары және мал шаруашылығының бірнеше бағыттары алып отыр. Елімізде Жер кодек­сі­нің, Орман және Су ко­декс­терінің қабылдануы үлкен бір белес болғандығы белгілі. Осы кодекстер арқылы еліміздің жер, орман және су байлықтарын пайдалану мәселесі толықтай реттелді десе де болады. Әрине, заңдар қабыл­дан­ғаннан кейін елімізде жүріп жатқан өзгерістерге, қа­рыш­тап алға басуға сәйкес оларға ауық-ауық түзетулер мен өзгерістер енгізіліп оты­рады. Мәселен, 23 заң­на­малық актіге өзгерістер енгізілгендігін айтуға бола­ды. Міне, осылардың бар­лығы көбінесе халықтың пайдасына қарай шешіліп келеді. Егер жалпы деректерге назар аударатын болсақ, тек 2004-2013 жылдар аралы­ғында ғана еліміздегі ауыл­ды аумақтарды дамытуға 976 миллиард теңгенің қар­жысы бөлінген екен. Міне, осындай мемлекеттік қол­дау шараларының барлығы қабылданған заңдардың н­ә­тижесінде мүмкін болып отыр. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сұңғат ӘЛІПБАЙ.