• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2011

Қомақты тұрақтылық қоры

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың би­ылғы «Болашақтың іргесін бірге қалай­мыз!» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында таяу жылдарда атқарылатын ауқымды істер атап көрсетілген. 2020 жылға қарай біздің елімізде ішкі жалпы өнім едәуір ұлғаяды. Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейіне жетеді. Ұлттық қордың активтері ішкі жалпы өнімнің үштен біріне жетіп, экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отан­дық және шетелдік инвестиция арта түседі. Экономиканың бар­лық саласында шағын және орта бизнестің үлесі де көбейеді. Ауыл шаруашылығындағы ең­­бек өнімділігі 2014 жылға қарай – 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі. Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі. Мемлекет басшысы біздің еліміздің экономикасы бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керектігін атап өтті. Алға қойған міндеттердің ішінде еліміздің Ұлттық қорының жағдайы ерекше назар аударуға тұрарлық екені даусыз. Отанымыздың экономи­калық ахуалы елеулi дәрежеде та­биғи ресурстар секторындағы жағ­дайға байланысты болып келді. Республикалық бюджет түсiм­дерiнiң табиғи ресурстарға тәу­елдiлiгі Қазақ­стан­ның бола­ша­ғына бай­ла­нысты бірқатар мәсе­лелердi мем­лекет алдына қойды. Бiрiн­шiден, бұл – табиғи бай­лық­тар­дың орны қайта тол­майтынына байланысты олар­ды пайда­ла­нуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл – мем­лекеттік кiрiстер мен шы­ғыс­тар көле­мiнiң табиғи ре­сурстарға деген әлемдiк баға­ның күрт әрi алдын ала бол­жан­баған ауытқу­ларына тәуел­дiлiгін төмендету. Осы мәселелердi шешу үшiн Елбасы – Қазақстан Республика­сы­ның Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев еліміздің кемел келешегін, баянды болашақты және жас ұрпақтың алаңсыз өмі­рін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қор құру туралы маңыз­ды шешім қабылдады. 2000 жыл­ғы 23 тамызда «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық қоры ту­ралы» Жарлыққа қол қойылуы Мемлекет басшысының барша қа­зақстандықтардың ертеңгі күн­ге деген сенімін арттыруға бағыт­талған көреген әрі дана шешімі болғаны даусыз. Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгі табиғи ресурстардың экс­пор­тынан түскен түсiмдер есе­бi­нен қалыптасатын және қо­лайсыз құбылыстар жылдарын­дағы шы­ғыс­тарды қаржылан­дыруға ар­нал­ған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары бас­қа елдерде де жұ­мыс iстейдi. Қазақстанда Ұлт­тық қор құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды. Ұлттық қор қаражатын қа­лып­тастырудың және пайда­ла­ну­дың жаңа тәсiлдерiн айқындау мiндетi осы тұрғыдан қойылды. Олар әлемдiк қаржы-экономи­ка­лық дағдарыс кезеңiнде өзiнiң пәр­мендiлiгiн көрсеткен, жүргi­зi­лiп жатқан жинақтау саясатының қисынды жалғасы болады. Қордың негiзгi мақ­са­ты – болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды ұлғайту және оған қар­жы жинақтауды үкi­мет­тiк қарыз алумен ал­мастыруды болдырмау болып табылады. 2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптас­ты­рудың және пай­да­ланудың орта мерзiмдi перспективаға арнал­ған алғашқы тұжырымдамасы қа­былданып, онда оның активтерiн басқарудың негiзгi қағидаттары мен тәсiлдерi айқындалды. 2006 жылдың ортасынан берi Ұлттық қор қаражатын ел эко­но­микасына бағыттау үшін респуб­ли­калық бюджетке кепiл­дендi­рiл­ген және нысаналы трансферттер бөлу, сондай-ақ отандық бағалы қағаздарды ұзақ мерзiмдi инвестициялау шара­лары іске асы­рылды. Бұл ретте кепiлден­дi­рiл­ген трансферттi айқындау кезіндегі шектеу рес­публикалық бюджетте жыл со­ңындағы Ұлттық қор актив­терi­нiң үштен бiр бө­лiгiнен аспауы тиіс болды. Қабылданған саясаттың нәти­жесiнде экономикалық өсу ке­зеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және ин­фляцияға қысымды азайту қам­тамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 миллиард АҚШ доллары мөл­ше­рiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 триллион теңгенi құрады, оның 750,0 миллиард теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлік қоғамының облига­цияларына), 24,4 миллиард АҚШ доллары – шетелдiк активтерге орналастырылды. Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiсi Қордың базалық валютасында (АҚШ дол­ларымен) 55 пайызды құрады, бұл жылдық сомада 5,2 пайызды құрайды. Осы кезеңде Қордың тұ­рақтандыру функцияларын жүр­гiзу үшiн қажеттi көлем қа­лыптастырылды. Сонымен қатар, қалпына келтiрiлмейтiн табиғи ресурстардан алынған қаражатты болашақ ұрпақ үшiн барынша сақтап қалу, республикалық бюд­жет пен Ұлттық қордың тең­ге­рiмдiлiгi және мұнайға қатысы жоқ тапшылықты жою мәселесі өзектi болып қалып отыр. Осы тұрғыдан Ұлттық қор қаражаты өсуiнiң бәсеңдеуiн ескере отырып, республикалық бюд­жетке берiлетiн кепiлдендi­рiл­ген трансферт көлемiн тiркеу ар­қы­лы оның құбылуларын бол­дыр­мау қажет екені айқындалды және бұл ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қордың қара­жа­тын қарқынды түрде жинақтауды қамтамасыз етедi. Ұлттық қор­дың негiзгi мақсаты – болашақ ұр­паққа арналған жинақтарды қалыптастыру және респуб­ли­ка­лық бюджеттiң әлемдiк шикiзат рыноктарындағы жағдайға тәу­ел­дi­лiгiн төмендету арқылы қар­жы ресурстарын жинау болып табы­лады. Осылайша, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып та­былады. Жинақтау функциясын орын­­дау үшiн Ұлттық қорда азай­тылмайтын қалдық белгi­ленедi, сондай-ақ Ұлттық қор­­­дың ең жоғары мөлшерiне шек қойыл­майды. Тұрақтандыру функ­­­­­­­­циясын iске асыру рес­публи­калық бюджетке кепiл­­ден­­дiрiлген трансферттi қам­­­тамасыз етудi көздейдi. Тұ­тас­­тай алғанда, Ұлт­тық қор қа­­­ражатын бөлудiң ашық­­­­ты­­­ғына қол жеткiзу үшiн олар ел эко­номикасына респуб­­ликалық бюд­­­жет арқылы ғана жiбе­­­рi­летiн болады. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негiз­делетiн болады: - транспаренттiлiк – Ұлт­тық қор­дың бекітілген (нақты­лан­ған, түзетiлген) көрсеткiш­те­рiн, Ұлттық қордың қара­жатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есеп­тердi, Ұлт­­тық қордың қара­жатын инвес­тициялық басқару туралы есеп­­­тердi мiндеттi түрде жариялау; - толықтық – Ұлттық қор туралы есептiлiкте Қазақстан Республикасының заңнама­­сын­­­да көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды көрсету; - уақыттылық – Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны ба­­­қылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республи­­­касы Ұлттық Банкіндегі Үкi­­­меттiң шоттарына тиiстi нор­мативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып мерзiмiнде аудару; - тиiмдiлiк – Ұлттық қорды тәуекел деңгейi орташа болған жағ­дайда ұзақ мерзiмдi перспективада активтердi сақтау мен кiрiстiлiктi қамтамасыз ету қа­жет­тiлiгiне сүйене отырып басқару. Ұлттық қордың қаражатын жинақтау бірқатар түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), олар­­ға корпоративтiк табыс салы­ғы, пайдалы қазбаларды өндi­руге салынатын салық, бонустар, экс­­­портқа салынатын рента са­лығы, үстеме пайдаға са­­­лы­­­натын салық, өнiмдi бөлу бо­­­йынша үлес және қызметiн өнiм­­дi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асы­ра­тын жер қойнауын пайдалану­шы­лар­дың қосымша төлемi жатады. Мұнай секторының ұйымда­ры жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспаған­да), оның iшiнде мұнай келісім-шарттарының талаптарын бұз­ғаны үшiн түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда). Республикалық меншiктегi жә­не кен өндiру және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсе­тiн түсiмдер. Ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер. Ұлттық қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер. Қазақстан Республикасының заң­­­­­­намасында тыйым салын­ба­­­ған өзге де түсiмдер мен кi­рiстер. Iшкi рыноктағы ақша ұсы­­­нысы шамадан тыс болған жағ­­дайда инфляцияның өсуiне жол бермеу үшiн, сондай-ақ табиғи ресурс­тар­ды экспорттаудан тү­се­­тiн кiрiс­тердiң Қазақстан эко­­номикасының басқа секторлары­­ның дамуына керi әсерiн жою мақсатында Ұлттық қорда өзге де түсiмдер шоғыр­лан­дырылуы мүм­кiн. Ұлттық қордың ең жоғары мөлшерi шектелмейтiн болады. Қаражатты пайдаланудың ке­лесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес, 2010 жылдан бас­тап 8 миллиард АҚШ дол­­лары мөлшеріндегі кепiлден­­­дi­рiлген трансферт республикалық бюджетке тiркелетін болды. Шы­­ғыстардың басқа түрлерiн қар­жыландыруға, соның iшiнде рес­публикалық бюджетке ныса­налы трансферттер бөлуге, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақ­стандық бағалы қағаздарды са­тып алуға, заңды және жеке тұл­ғаларға кредит беруге, мiн­­­дет­темелердi орындауды қамта­­ма­сыз ету ретiнде активтердi пай­далануға тыйым салынады. Ұлттық қордан республика­лық бюджетке берiлетiн жыл сайынғы тiркелген кепiлдендi­­рiлген трансферттiң мөлшерi бюджет шығыстарының қалып­­­тас­қан құрылымы ескерiле оты­­­рып айқындалады. Бұл ретте ке­пiл­дендiрiлген трансферт жоба­лар­­ды инвестициялауды көз­дей­тiн ағымдағы бюджеттік бағ­дарла­ма­лар мен бюджеттік даму бағ­дарламаларының шығыста­рын қар­жыландыруға бағытта­­лады, олардың нәтижелерiн бо­­­лашақ ұрпақ пайдаланатын болады. Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшiн тиiстi қаржы жылының соңына IЖӨ-нiң болжамды мәнiнiң 20 па­йызы мөлшерiнде азайтыл­май­­тын қалдық белгiленедi. Бұл ретте кепiлдендiрiлген транс­ферт­тi жүзеге асыру үшiн Ұлт­тық қор­дың қаражаты жет­кi­лiк­сiз болған жағдайда азай­тылмайтын қал­дық лими­тiн сақтау қажеттiлiгiне байланысты кепiл­дендiрiл­ген трансферттiң мөлшерi тиiстi шамаға азай­тылатын болады. Тұтастай алғанда, Ұлт­тық қордың қаражаты тiр­келген ке­пiл­­дендiрiлген трансферттi қам­тамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыс­­­тар­ды қаржыландыруға ба­ғытталуы тиiс. Оның ак­тивтерiн басқару саясаты консервативтiк болып қала­ды. Сонымен қатар, Ұлт­тық қордың қаражатын бас­қару ке­зiнде инвести­ция­лық операция­­лардың не­гiзгi мақсаттары сақ­тау, өтiмдiлiктiң жеткiлiктi дең­гейiн ұстау, тәуекел деңгейi орташа болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кi­рiстiлiктi қам­­­­та­­масыз ету болып табылады. Ұлттық қор активте­рiнiң ұйымдық құрылымы оның мақ­сат­­тарына сәйкес айқындалады. Ұзақ мерзiм­дi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiс­­тiлiгiн қам­тамасыз ету кiрiс­тiлiктiң қысқа мерзiмдi ауыт­­қуын көздейдi. Ұлттық қордың активтерiн се­нiм­герлiк басқару­­ды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, қызметiн жалпы үйлестiрудi Ұлттық қорды бас­қару жөніндегі кеңес жүзеге асырады. Ұлттық қордың активтерiн орналастыру шетелдiк қаржы ры­ноктарында айналымдағы жә­не Ұлттық қорды басқару жө­ніндегі кеңестiң ұсынысы бо­йын­ша Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі бекiткен мате­­риал­дық емес активтердi қоспа­­ғанда, рұқсат етiлген қаржы құралда­­рының тiзбесiне қосыл­ған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте шектеулер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған, Ұлттық қор актив­терiнiң құрылымында ескерi­ле­тiн қазақстандық қаржы құрал­дарына қолданылмайды. Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерiн тиiмдi басқару Қазақстан Республикасының ор­нықты дамуында маңызды рөл атқарады және мемлекеттік сек­тордың да, сол сияқты квазимемлекеттік сектордың да қарыз алуды дұрыс жоспарлауын және республиканың экономикалық қа­­уiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi. Осылайша, ұлттық холдинг­тердiң, ұлттық басқа­рушы хол­дингтердiң және олардың ен­шiлес компанияларының қарыз алуы мен мiндеттемелерiнiң барабар деңгейiн айқындау Ұлт­тық қордың жинақталған актив­терi ескерiлетiн сындарлы тәсiлдi талап етедi. Үкiмет осы мақ­сатта ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншiлес компания­ларының борышын мониторинглеу мен бағалаудың тиiстi көр­сет­кiштерiн және осы ұйымдар сақ­тауға мiн­деттi қа­рыз алу жөніндегі шектеулердi айқын­дайды. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөніндегі жаңа тә­­­сiл квазимемлекеттік сектор­дың Ұлттық қордан обли­га­циялық қарыздарды тарту мүм­­кiндiгiн жояды. Бұдан басқа, Үкiмет бюджет заңна­масында белгiленген шектеулер шеңбе­­рiнде Астана және Алматы қа­лаларының муници­палдық қа­рыз алуы арқылы жергiлiктi атқарушы органдар борышы­­ның өсуiн реттейтiн болады. Ұлттық қор қаражатын үкi­меттiк қарыз алумен алмасты­руды болдырмау мақсатында мынадай шектеулер енгiзiлетiн болады: - үкiметтiк борышқа қыз­мет көрсетуге арналған жыл са­йынғы шығыстар Ұлттық қор­дың жыл сайынғы тiр­келген шартты инвестициялық кiрiсi­нiң 4,5 пайызынан ас­пауы тиiс; - үкiметтiк борышқа қыз­мет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар онжылдық кезеңде орташа алғанда Ұлт­тық қордан берiлетiн транс­ферттi қамтитын бюджетке түсетiн түсiмдердiң 15 пайы­зынан аспауы тиiс. Осы шараларды iске асы­ру Қазақстан Республи­касы Ұлт­тық қорының жұ­мыс iс­теуiнiң және оның жинақта­рын қа­лып­­тастыру­дың оңтай­лы моде­лiн таңдау­дың негiз­дерiн, ин­вести­ция­лық страте­гияны өз­гертудi көздейдi жә­не Қа­зақ­стан Рес­публика­сы­ның заңна­масына өз­геріс­тер енгізудi талап ете­дi. Осы мақ­сатта Ұлт­тық қор­дың қызме­тiн рет­тейтiн Қа­зақстан Рес­публика­сының тиiстi нор­ма­тивтiк құ­қықтық актілеріне тиiс­тi өзгерістер енгiзi­летiн болады. Бюджеттiң және Ұлттық қордың теңгерiмдiлiгi жөнін­­дегі саясат осы онжылдықтың соңына ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан артық болмауға тиiс әрі мұнай өнімдеріне қа­тыссыз тапшылықты азайтуға, сондай-ақ кейiннен тек даму бюджетiн қаржыландыруға кө­ше отырып, Ұлттық қордың қаражатын ағымдағы шығыс­тарға жұмсауды қысқартуға бағытталатын болады. Осы айда егемен еліміздің тәуелсіз даму жолына түс­ке­ніне 20 жыл толады. Бұл жыл­­дар – жасампаз істерге толы ғасырға бергісіз жарқын жыл­дар. Еліміз өркендеп, эконо­мика дамыды, сәулетті елорда – Астана қаласы пайда болды. Қазақстан халық­ара­лық қоғам­дас­тықта беделді және қар­қынды дамып келе жатқан мемлекеттер қата­рына қосыл­ды. Барша қазақ­стан­дықтар ел ертеңіне сеніммен қарайды. Оған нақты дәлел­дің бірі – Елбасының Жарлы­ғымен құ­рылған Ұлт­тық қор және оның мерейлі қызметі екені айқын. Қазіргі уақытта, 2011 жыл­дың 1 қарашасына Ұлттық қор­дың қаражаты 7,5 триллион теңгенi немесе шамамен 50 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2020 жылға Ұлттық қор­дың қаражаты 90 миллиард АҚШ долларына дейiн өсуi тиiс, бұл ішкі жалпы өнімнiң кемiнде 30 пайызын құрайды. Көзделген шара­ларды iске асыру рес­публикалық бюд­жет­­тiң тұрақ­тылығын одан әрi қолдауға, экономиканы әрта­рап­­танды­ру­ға және мұ­най кiрiстерiн ұр­пақтар ара­сында қайта бөлуге ықпал ететiн болады. Осының бәрі ертеңгі күнге деген сенімді нығай­тады, татулығы жа­рас­қан қа­зақстандықтарды жігерлендіре түседі. Қайрат ИЩАНОВ, Парламент Сенаты  Төрағасының орынбасары.