• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Орталық басқару жүйесі іске қосылды

344 рет
көрсетілді

Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық бағ­дарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның инновациялық-технологиялық жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында компанияның Шығыс филиалында «Павлодар» орталық диспетчерлік пункті іске қосылды. «Қаз­Транс­Ойл» АҚ - еліміздің мұнай құбырлары жүйесінің елеулі бөлігін пайдаланатын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ком­паниясы болып табылады. Жаңа жоба магистралды мұнай құбырларын алыс қашықтықтан сенімді түрде басқаруға және бақылауға мүмкіндік беретін үздік әлемдік тә­жі­рибелер негізінде жүзеге асырылған алғашқы орталық басқару жүйелерінің бірі болып отыр. Орталық басқару жүйесінің іске қосылу рәсіміне «ҚазТрансОйл» АҚ бас ди­ректоры Қайыргелді Қабылдин, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс бөлімшесінің директоры Жеңісбек Лұқпанов, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Компания ұзындығы 5 495,27 шақырым мұнай құбырлары және ұзындығы 2 148,1 шақырым су ағар желілерін басқарады. Компания қазіргі кезде елімізде өндірілетін мұнай­дың 58 пайызына дейін тасымалдауды жүзеге асырады. Өткен жылы «ҚазТранс­Ойл» АҚ тасымалдаған мұнай көлемі 52,5 миллион тонна болса, биылғы жылдың 11 айында 49,3 миллион тоннаны құраған. Ал, компанияның Шығыс филиалының негізгі құрылымдық бө­лімшелерінде 2006-2010 жыл­­дар аралығында 13-ке жуық осындай жер­гілікті басқару жүйе­лері кезең-кезеңмен пайдалануға берілді. Ин­дустриялды-инно­ва­ция­лық жобалар қата­рын­да жаңарып қайта­дан іске қосылған бұл орта­лық басқару жү­йе­сі тек бақылаушының ғана міндетін атқар­май­ды. Ол жалпы ұзындығы 4298,6 шақы­рым болатын Омбы-Павлодар, Павлодар-Шым­кент, Құмкөл-Қарақойын, Кең­қияқ-Құм­көл, Атасу-Алашаңқай магистраль­ды мұнай құбырларын қашықтықтан бас­қа­­ру ор­та­лы­ғы­на айналып отыр. Енді осы орталық бас­қару жүйесі арқылы мұнай құбырларының бағыттарын 3 ауысымда басқару тетігінде отыр­ған диспетчерлер бақылап отыратын бо­лады. Бұрынғыдай аудандық басқару бө­лім­шелері деңгейінде басқару енді болмайды. Өйткені, жаңадан қолға алынған модернизациялау, қайта жаңғырту жұмыстары бары­сында автоматты өрт сөндіру жүйесі, газ дабылы, апатқа қарсы қорғаныш, мұнай құ­бырларын күзету жүйелері, құбырларды электр-химиялық қорғау стансалары механи­каландырылып қауіпсіздік қызметінің арнайы SCADA жүйесіне қосылды. Жалпы, «Қаз­ТрансОйлдың» Шығыс филиалында орталық басқару жүйесін жаңартудың негізгі міндеті -бақылау қызметтерін қоса алғанда мұнай тасымалы құбырларында еңбек ететіндердің де қатарын қайтадан жаңалау болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз, заманауи автоматты технологияны енгізу арқылы жасалады. Бұл өткен жылы бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жедел автоматты басқару жүйесін да­мыту тұжырымдамасына да сәйкес келеді. Жоға­ры­да аталған SCADA жүйесі аппа­раттық және бағдарламалық қамтамасыз ету кешені болып табылады. Сонымен қатар, магистральды мұ­най құбырларының мұнай айдаушы станса­лары, мұнай құбырларының желілік бөліктері сияқты технологиялық ны­сандарды қашық­тық­тан бақылауға және бас­қаруға арналған. Екіншіден, бұл жүйе магис­тральдық және тірек сорап агрегаттарын, мұнай құбырлары желілік бөліктерінің телемеханика жүйелерін бақылау және басқару, сұйық қоймалар деңгейін өлшеу, мұнай есебін жүргізу коммерциялық тораптарын, қо­салқы жүйелерді бақылау мен басқаруды қамтиды. Магистральды мұнай құбырлары­ның технологиялық нысандарын қашықтан бақылау мен басқаруды заманға сай жүзеге асыру мұнай тасымалдау бойынша уақы­тылы, сапалы әрі бәсекеге қабілетті қыз­мет­тер­ді қамтамасыз етудің қажетті шарт­тары­ның бірі. Жабдықтар жұмысының сенімділігін арттыруға, технологиялық үдерістің ақпа­раттылығын және тұтас алғанда жүйенің істен шықпауына әсер етеді. «Павлодар» диспетчерлік орталығының ашылу рәсімінде сөз алған «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Қайыргелді Қабылдин аталмыш диспетчерлік орталық бұрынғы Ке­ңес елдерінде және Қазақстанда бұрын-соңды болмағанын, сол секілді ол компа­нияның инновациялық дамуға бағытталған бағдарламасының жемісі екенін атап өтті. Бұл инновациялық жаңашылдық жалғасын табатын болады. Болашақта компания еліміздегі барлық мұнай құбырлары жүйесін авто­маттандырып, ел жүрегі Астанадан басқары­латын бас диспетчерлік орталық құру жоспары барын да жеткізді. Жалпы, осы жаңадан пайдалануға берілген орталық басқару жүйесі заманауи жаб­дықтармен және бақылау-өлшеу құралдары мен әлемнің Siemens, Endress+Hauser, Emer­son, Auma, Biffi секілді озық өндірушілерінің арнайы бағдарламалық жүйлерімен қамта­масыз етіліп, AC800F, ABB автоматтандыру жүйесінің бағдарланатын логистикалық ба­қы­лаушы және технологиялық үрдістерді автоматтандыру саласындағы көшбасшы ком­­­­паниялар Simatic S-7, Siemens-тің өнер­кәсіптік қауіпсіздік жүйесімен; SCADA WinCC 7.0, Siemens жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен; өткізу қабілеті 100 мБ/секундтан төмен емес байланыстың талшық­ты-оптикалық кабелі негізіндегі телекоммуникация жүйесімен жасақталған қашықтық­тан басқару орталығы болады. Орталық бас­қару жүйесін іске қосу мұнай құбырлары қызметінің бекітілген тәртібі негізінде мұнай құбырларын бақылау және басқару; жеке қызметкерлер құрамын оңтайландыру және саны аз адам құрайтын технологияларға кө­шу, энергия сыйымдылықты төмендету және сәйкесінше мұнай тасымалы кезінде электр энергиясын тұтынуды оңтайландыру есебіне шығынды азайту, диспетчерлік және өндіріс­тік есептілікті автоматты құру; шынайы уа­қыт тәртібінде технологиялық құрал-жабдық­тар және жеке құрамның жұмысын бақылау; мұнай құбырлары қызметінің сенімділігін арттыру, жеке қызметкерлер құрамының жа­ра­қат алу тәуекелін азайту, мұнай тасымалы үдерісін болжау мүмкіндігі; еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарын жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Жаңа жоба энергия тиімділігі және мұнай тасымалы жолдарын оңтай­лан­дыру бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі болып табылады. SCADA жүйесі негізінде құрал дайындалды, оның көмегімен әрі қарай болжау, оңтайландыру және тәуе­кел­дерді бағалау тетіктерімен барлық өнді­ріс­тік жүйелер автоматтандырылады. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.