• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№ 13 сын-қатер

321 рет
көрсетілді

Тұрғындар өмір сапасының күрт нашарлауы, еңбекақының, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың әркез кешіктірілуі ӨМІР САПАСЫ

Бірінші кезекте, менің көзқарасымша, мемлекеттік органдардың реттеуші рөлін кү­шей­тіп, тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемінің ұлғаюына сәйкес келмейтін баға­лар­дың бей-берекет өсуін тоқтатуға күш салу қажет. Бұл қаржылық тепе-теңдікті қам­тамасыз етіп, экономиканы тұрақтандыруға, аз қамтамасыз етілген тұрғындарды әлеу­меттік қорғауға, еңбекшілерді жаппай кедейшіліктен арашалап қалуға мүмкіндік берер еді. Біз реформалардың алғашқы кезеңінде жіберілген қиғаштықтарды аластауға тиіспіз.

Нұрсұлтан Назарбаев. Демократиялық қоғам құру және нарықтық экономикаға өту проблемалары туралы Қазақ телевизиясынан сөйлеген сөзінен.

Алматы қаласы, 1992 жылғы 22 қазан

Қазақстан 90-шы жылдардың ортасында тап болған өтпелі кезеңдегі дағдарыс республиканың барлық әлеуметтік жетістіктерін апат шегіне апарып қойды. Күн өткен сайын кү­шей­ген инфляция тұрғындардың барлық қаржылық жинақтарын құн­сыз­дандырып жіберді. Көптеген Қазақстан азаматтарының зейнет­ақысы мен еңбекақысы өмір сүру деңгейінен анағұрлым төмен болып шық­ты. Осының барлығы Қазақстан тұр­ғын­дарының айтарлықтай бөлігі­нің, бірінші кезекте, зейнеткерлер мен мүгедектер өмір сапасының шұғыл құлдырауына алып келді.  Сарапшылардың баға­лауы­­на сәйкес, 1991 жылы Қа­зақ­стан­­да тұрғындардың 10 па­йыз­дан кем емес бөлігі күрделі ма­териалдық жағ­дай­да қалып қой­ды. Ал 1993 жылдың басында Қа­зақ­стан тұр­ғындарының 50 па­йызы кедей­шіліктің төмен­гі ше­гінде тұрса, тұрғын­дар­дың түр­лі топ­тарының ара­сындағы өмір сүру көрсет­кіштері жедел ал­шақтай түс­ті. Өмір сүру проб­ле­ма­лары Қазақ­стан тұр­ғын­дары­ның басым бө­лігінің ал­ды­нан өткір шықса, бұл өмір сүру деңгейі көрсет­кішінде айқын байқалды. Сөйтіп, 1994 жылы тұр­ғын­­дардың жан басына шақ­қан­дағы орташа табысы республика бо­йын­ша 408 теңгені ға­на құ­рады. Бұл көрсеткіш қа­лалық жерлерде 560 теңге, ал ауыл­дарда 257 теңге бол­ды. Тек ең аз тұтыну бюд­жетінің азық-түлік бөлігі орташа ал­ған­да 1170 теңгені ғана құ­р­а­ғанын ескерсек, жағ­дай­дың қан­ша­лық­ты күрделі болғанын түй­сі­ну қиын емес. Осылайша жан басына шаққандағы табыс ең аз тұтыну бюджеті құнының тек 17,4 пайызын ғана құрады. Экономиканы түбегейлі ре­формалау еңбек қаты­нас­тары саласындағы жағдайдың күр­де­ленуіне әкелді. Жаңа эко­но­ми­калық жағдайларда көп­те­ген ұйымдардың қаржы­лық мүм­кіндігі шектеулі екен­дігі анық­тал­ды. Осының сал­дары­нан тұр­ғындардың өмір сүру дең­гейі күрт нашарлап, еңбек­ақы, зейнетақы мен жәр­дем­ақы жү­йелі түрде кешіктірілетін бол­ды. 1998 жылдың 1 қаңтарына аталған төлем­дер­ге қарыз 36,9 млрд. теңгеге жетті. Еңбекақы­ға, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қа­рызды өтеу мақ­сатында Қа­зақстан Респу­б­ли­ка­сының Үкі­­меті Дүниежүзілік банктен күрделендірілген шарт­тар бойынша кредит алудың ша­раларын қарастырды. Жұмыссыздар санының ең ұлғаю шыңы 1996-1999 жыл­­­дардың үлесіне дөп келді. Бұл экономиканы рефор­ма­лау­дың бастапқы кезеңінде кәсіпорын­дар­дың еңбекпен қамтуды рет­теудің түрлі ша­ра­ларын қол­дануына, яғни, жұмыс кестесін қысқартуға, қамтылмаудың уа­қытша пішіндеріне, жұмыс істейтіндер санын азайтуға алып келген жұмыссыздар санының өсуі­мен байланысты болды. Тоқтап қалған кәсіп­орын­дарды оңалту мақсатында заң­­ды негізде шетел инвес­ти­цияларын тарту үшін жағ­дай­лар жасала бастады. Барлық өңірлерде қатаң және кең қол­данылмайтын шаралар қа­был­дау құқы берілген жедел жұ­мыс топтары құрылды. Ірі со­ма­дағы кредиторлық және де­биторлық қарыздары бар және сауығу преспек­ти­ва­лары жоқ кәсіпорындарға банкрот­тық про­цедуралары қолданылды. Қабылданған шаралар ең­бекақыға қарызды айтар­лық­тай қысқартуға (1999 жылғы 6,4 млрд. теңгеден 2011 жыл­ғы 1 қыркүйекте 1,6 млрд. тең­геге дейін) мүмкіндік берді. Осы­лайша, еңбек қа­ты­нас­тарын тұрақтандыруға қол жет­кізіліп, еңбек қауіпсіздігі мен оны қор­ғауды қамта­масыз етудің, әлеу­меттік әріптестікті дамытудың құқықтық арқауы құрылды; мем­лекет азаматтардың еңбек саласындағы негізгі құқық­тары мен бостан­дықтарын жү­зеге асы­рудың гаранты ретінде көрінді. Әлеуметтік төлемдерге (зейнет­ақы, жәрдемақы) өсе түскен сұраныс тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың, және бірінші кезекте, зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы жү­йесін модернизациялау қажеттігін көр­сетіп берді. 1997 жылы жүр­гі­зілген зей­нетақы реформасы Қазақ­станда тұр­ғындарды әлеуметтік қор­ғаудың көп деңгейлі жүйесін кезең-кезеңімен құ­руға институттық алғы­шарт­тар жа­са­д­ы. 1998 жылдың 1 қаң­тарынан зей­нет­ақымен қамта­ма­сыз етудің аралас жүйесі енгізілсе, зейнетақымен қам­та­масыз етудің оң­тайлы тәсіліне жауапкершілікті мемлекет пен жұмысшы тең бөлісуге негізделген мемлекеттік үлестіруші жә­не жинақтаушы жүйе құрылды. Елімізде зейнетақы жүйесі рефор­ма­лан­ған 13 жыл ішінде зей­нет­ақы жү­йе­сін реформалауда то­лы­­қанды көп деңгейлі зейнетақы жү­йе­сін құру үшін тұжырымдамалық және нор­ма­тивтік-құқықтық арқау қа­лып­­тас­ты­рыл­са, жинақтаушы зей­нетақы жүйе­сі­нің инфрақұрылымы құрылып, да­мып келеді, зейнетақы жү­йесін бас­қаруда айтарлықтай тәжі­рибе жи­нақталды. 1998 жылдан бастап әлеуметтік қамсыздандыруға тең құқықты қам­та­масыз ету үшін бұрын мүге­де­к­ті­гіне және асыраушысынан айры­луы­на бай­ла­нысты еңбек өтілі мен ең­бекақы­сы­на тәуелді тұрғыда таға­йын­далған зей­нетақыны алмас­ты­ра­тын мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақы енгізілді. 2005 жылдың қаңтары­нан бастап елімізде міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Ол жұмыс істейтін аза­мат­тарды қосымша қорғауды қам­та­масыз етеді. Қамтамасыз ету үдерісі төленетін әлеу­меттік аударылым­дар­дың көлемі мен ұзақтығына тікелей бай­ланысты және әлеуметтік тәуе­кел­де­р­ді де қарастырады. Қазақстанда жүргізілген реформалар нәтижесінде Қазақстанда әлеуметтік тө­лем­дер алатын түрлі категориялардың ж­е­ңілдетілген және артықшылық берілген жүйелерін оңтайландыру жүзеге асы­ры­лып, арқаулық, міндетті (ортақ және жи­нақ­талған) және ерікті тұрғыдағы көп дең­гейлі жүйе құрылып жұмыс істей бастады.  2011 жылдың 1 қазанындағы жағ­дай бо­йынша зейнеткерлер саны 1 719,9 мың адам­ды құрады. Сонымен қа­тар, зейнет­ақы жүйесін реттеудің заңна­ма­лық арқауы мен әлеуметтік қамсыз­дан­дырудың және әлеуметтік сақтандырудың жүйелері құ­рыл­ды. Әлеуметтік бағ­дар­ламаларды қар­жы­ландыру тұрақты түрде ұлғайып келеді. Зейнетақы төлемдерінің өсімі де қам­та­масыз етіліп отыр. 11 жыл ішінде (2000- 2011 жылдар) зейнетақы­ның ең аз көлемі 7 есе (3 500-ден 24 047 теңгеге дейін), орташа көлемі – 8 есе (4 462-ден 35 727 тең­геге дейін), зейнетақы­ның жоғары көлемі 6,4 есе (8 156-дан 52 226 теңгеге дейін) өсті. Бұған қоса, еңбекке ақы төлеу жүйе­сін жетілдіру бойынша шаралар қа­был­да­нып, бюджет саласы қызметкерлерінің ең­бекақы көлемі кезең-кезеңімен өсіріліп келеді. Қазақстан Республикасы Прези­денті­­нің Жолдауларына сәйкес (2005 жыл­­ғы, 2008 жылғы) мемлекеттік қыз­мет­шілер мен бюджет саласы қызмет­кер­лерінің – мұғалімдердің, дәрігерлердің, мә­дениет қызметкерлерінің, әлеуметтік қам­тамасыз ету саласы қызметкерлерінің, т.б. еңбек­ақы­лары орташа есеппен: 2006 жылдың 1 шілдесінен 32 пайызға; 2007 жылдың 1 қаңтарынан 30 пайызға; 2009 және 2010 жылдары жыл сайын 25 пайызға; 2011 жылдың 1 шілдесінен 30 пайызға өсірілді. Нәтижесінде еңбекке ақы төлеудің деңгейі жоғарылады. Сөйтіп, ел бойынша орташа айлық номиналды еңбекақы тұтастай алғанда 2000 жылғы 14 374 теңгеден 2011 жылдың қаңтар-шілдесінде 84 187 теңгеге дейін артты. Экономика саласының ырғақты дамуы еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік жасады. Егер 1996 – 1999 жылдары Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 13 және одан да көп пайызын құраса, 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі орташа алғанда 5,8 пайыз болды.  Тұтастай алғанда, экономика өсіміне сәйкес Қазақстан тұрғын­дары­ның әл-ауқаты да жақсарды. Егер 1993 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ шамамен 700 АҚШ долларын құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 9 000 АҚШ дол­ларынан асып түсіп, 13 есеге жуық өсті. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғанындай, тәуелсіздіктерінің алғашқы 20 жылында әлемнің ешбір елі мұндай нәтижеге қол жеткізе алмапты. Оңтүстік Корея секілді дамыған елде егемен дамудың алғашқы 20 жылында  жан басына шаққандағы ІЖӨ 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе артқан. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарында ел тұрғындарының өмір сапасы айтарлықтай жақсарды. Осы жылдар ішінде экономика өсімі зейнет­ақы, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы көлемдерін арттыруға мүмкіндік берді. Рес­публика тәуелсіздігі жылдарында орташа еңбекақы бірнеше есе өсті. Ең аз еңбекақы 15 есеге артты. Зейнетақы көлемі айтарлықтай көбейді.