• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – адам денсаулығы

912 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық даму жол­дары – еліміздің барлық салаларын­дағы сияқ­ты, денсаулық сақтау сала­сын­да да ай­тар­лықтай оңды нәтижелер ке­зеңі болғаны мәлім. Өйткені, мемлекеттің басты құнды­лы­ғы – адам, осы тұрғыда халық денсаулығының жақ­сара түсуіне, өсіп-өркендеуіне бағытталған бағ­дар­ла­ма­лар жұмыс істеп, бұл салада қыруар шаралар атқарылды. Бүгінгі күні денсаулық сақтау ісін қар­жы­ландыру көлемі 1991 жылмен салыс­тыр­ғанда 107 есеге, ал оның ішінде медици­на­лық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі­не жұмсалған қаржы, 2001 жылмен салыс­тырғанда, 10,5 есеге өсті. Халықтың өсу саны, 2000 жылмен са­лыстырғанда 1,5 миллионнан асты. Бала туу көрсеткіші тұрақталып (мың адамға шақ­қан­да, 1991 ж.- 21,5; 2010 ж.- 22,5,), ал 2001 жыл­мен салыстырғанда 14,9-дан 22,54-ке дейін көтерілді. Жалпы өлім-жітім деңгейі тұрақталып, оның ішінде аналар мен нәрес­телердің шетінеуі анағұрлым азая түсті. Жүрек ауруларынан қайтыс болу 2007 жылдан бастап төмендеуде, құрт және ісік ауруларымен ауыру және олардан қайтыс болу да азаюда. Жұқпалы және паразитарлық аурулар 2 есеге жуық төмендеді. Басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулар азая түсуде. Аталған аурулардың нысаналы индика­тор­ларының жоспарланған дәрежеде төмен­деуі халық денсаулығының жақсара бастаға­нының дәлелі болса керек. Еліміздің дәрігер мамандарын, емдеу мекемелерінің басшыларын (менеджерлерін) арнайы дайындықтардан өткізіп, білімдерін жетілдіру, өзіміздің республикалық орта­лық­тарда және дамыған елдерде оқыту дұрыс жол­ға қойыла бастады. Соның арқасында, бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесінің шең­берінде ел өңірлерінде жоғары мамандан­ды­рылған көмектің түрлері мен көлемі даму үстінде. Егер бұрын кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және басқа да күрделі операциялар тек республикалық орталық­тар­да, ғылыми-зерттеу институттарында жасалса, қазіргі кезде олар облыс орталықтарында да кеңінен көрсетіле бастады. Бұл шаралар азаматтардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып отыр. Денсаулық сақтау жүйесін және оның материалдық-техникалық базасын дамыту, институттар мен ғылыми орталықтар база­сында инновациялық жобаларды енгізу, жо­ғары білікті мамандар даярлау арқылы, Қа­зақ­стан Орталық Азияда сапалы әрі қол­же­тімді медициналық көмек көрсететін бірден бір елге айналды. Әрбір қазақстандық медициналық кө­мек­­тің тегін кепілдендірілген көлеміне құ­қы­лы болып, бірыңғай ұлттық денсаулық сақ­тау жүйесі аясында сапалы әрі жоғары дең­гейдегі медициналық көмек алуда. Мысалы, үстіміздегі жылдың 10 айлық есептік кезең қорытындысы бойынша медициналық көмек алған адамдар саны 2 миллиондай болды. Оның ішінде тұрғылықты жерінде 90% емделсе, 3% өзге өңірлерді таңдаған, ал 7% рес­публикалық клиникаларда жоғары ма­­ман­дан­дырылған көмек алды. Еркін таңдау құ­қы­ғын пайдалану жолымен стационарларда жоспарлы емделген адам саны 800 мың, олар­дың ішінде 42% ауыл тұрғындары болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ден­саулық сақтауды дамыту республикалық орталығы құрамындағы емделуге жатқызу бюросының порталы арқылы пациенттер ме­ди­циналық ұйымды еркін таңдауға және жос­парлы емдеуге жатқызу кезінде көрсе­ті­летін медициналық қызметтің қолжетімділігі жайлы нақты ақпаратты тегін ала алады. Бұл орайда медициналық көмек көрсетілген адам­­дардың 95%-ы жиырма күнге дейінгі мерзімде, ал 5%-ы жиырма күннен аса стационарда көрсетілетін медициналық көмекке кезекте тұрған. Қазіргі іс-әрекетіміз - аталған көр­сеткіштерді одан әрі жақсарту, аурулардың стационарлық емделуге жатуын анағұрлым тездету. Бұл шаралар шетелдік тәжірибедегі ауруханаға жету үшін 6 айдан астам кү­туі­мен салыстырғанда үлкен жетістік. Алыс өңірлерде тұратын тұрғындарға ме­дициналық көмектің қолжетімділігін қам­тама­сыз ету үшін көлік, әуе, теміржол ме­ди­цинасы, соның ішінде, барлық қажетті меди­циналық құрылғылармен және дәрігерлер тобымен жабдықталған санавиация, «Де­н­саулық» және «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойыздары қызмет көр­се­ту­де. 2010 жылдың қыркүйегінен бастап «Са­ла­матты Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты үшінші медициналық пойыз өз жұ­мы­сын нәтижелі жүргізуде. Қазақстан бойынша 17 жылжымалы ме­ди­­­циналық кешен (ЖМК) бар. Жалпы ағым­дағы мерзімде ЖМК арқылы 100 мыңға жуық адам медициналық тексеруден өтті. Ден­сау­лық сақтау жүйесінде сонымен қатар әлемдік стандарттар бойынша скрининг, яғни профи­лактикалық медициналық байқау жүргізіліп, 2011 жылдың 9 айы ішінде бүкіл республика бойынша 2 миллионға жуық адам тексерілді. Медициналық көмектің деңгейі мен са­па­сы азаматтарымызды дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз ету ісімен тығыз байланысты. Қ­а­зақ­стан Республикасында бүгінгі күні 6 мыңнан астам қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмектік және медициналық құралдар тіркелген. Дәрілердің тиімділігі мен жағымды әсері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жарияланады. Дегенмен, үлкен ақпарат ағымында дәйекті әрі қажетті мағлұмат табу қиынға түседі. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға қатысты жарияла­на­тын ақпараттың сапасы мен нақтылығына айырықша көңіл бөледі. 2011–2015 жыл­дар­ға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институци­о­нал­дық реформаны жүргізу» бағытындағы Дү­ниежүзілік банк жобасының іс-шараларын іске асыру мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде денсаулық сақтаудың басты реформаларын қолдау үшін Ден­сау­лық сақтауды дамыту республикалық орта­лы­ғында және еліміздің барлық аймақтарын­да Дәрілік ақпараттық орталықтар (ДАО) ашып, олардың жұмысын қамтамасыз етті. Облыстардағы Дәрілік ақпараттық орта­лықтар ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды да­мы­ту республикалық орталығы» РМК базасын­да құрылған аттас орталықтың басшылы­ғымен, ұйымдастыру-әдістемелік және әлем­дік тәжірибемен үйлестірілген жұмысы ар­қы­лы еліміздегі медициналық мекемелер мен оның дәрігерлерінің, бүкіл медицина қыз­меткерлерінің халыққа сапалы меди­ци­налық қызмет көрсетуіне өз үлесін қосуда. Дәрілік ақпараттық орталықтардың бү­гін­гі денсаулық сақтау жүйесінде орындай­тын бірнеше басты мақсаты бар. Біріншісі – ха­лыққа дәрілік заттарды орынды, қауіпсіз және тиімді қолдануы жайлы ақпарат ұсыну. Ал, екіншісі – формулярлық жүйенің дамуы­на үлес қосып, оның Қазақстанның барлық ай­мақ­та­рында дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Әлемдік стандарттар бойынша дүние жү­­зінде емдеу үдерістері дәлелді медицина негізінде құрастырылады, Қазақстан да осы тұрғыда шетте қалған жоқ. Формулярлық жүйені енгізу арқылы, республикада тіркелген дәрі-дәрмек тізімінің басым бөлігі дә­лел­денген базасы бар препараттар болып отыр. ДАО мамандары медициналық мекемелерде, дәріханалар мен университеттерде дә­лелді медицина негіздері мен дәрі-дәрмек­терді орынды қолдануы жайлы дәрістер оқып, дәрігерлермен, фармацевт және фармакологтармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. ДАО дәрі-дәрмектерге байланысты кез келген ақпаратты әлемдік қауымдас­тық­тар мақұлдаған ақпараттар базасына сүйеніп береді. Мәселен, Британдық ұлттық формуляр, Кохреин кітапханасы, австралиялық және америкалық формулярлар және т.б. 2011 жылдан бастап әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындар үшін қосымша қым­бат тұратын медициналық зерттеулер жүр­гізіліп, әр азамат медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі аясында берілетін амбулаториялық дәрілік қамсыздандыру бағдарламасы бойынша тегін әрі 50% же­ңілдікпен дәрі-дәрмек сатып алуға мүмкін­дігі болды. Бұдан былай, 2012 жылдан бастап, пациент амбулаториялық дәрілік қам­сыз­дандыру аясында дәрілік заттарды тегін алатын болады. Тегін препараттарды іздеу уақытын қысқартып, қолжетімділігін анағұр­лым арттыру мақсатында емханалар база­сында дәріханалар ашылмақ. Елбасы бекіткен, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы осы жылы өз жұмысын бас­тап, қысқа уақыт ішінде халқымыздың ден­сау­лығын, еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту бағы­тын­дағы игілікті қадамдары оң нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауында атап көрсе­тіл­­­ген­­­дей, денсаулық сақтау ісінің ал­ды­на қой­ыл­ған міндеттерді орындау нә­тижесінде 2015 жылы қазақстан­дық­тар­дың өмір сүру ұзақ­ты­ғын 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға 72 және одан да кө­бірек жасқа дейін ұзарту мақсаты тұр. Тәуелсіздік мейрамына орай, ота­н­­­дас­та­рыма денсаулықтарыңыз мықты бол­­­сын, өсі­ріп отырған ұрпағымыз ба­қытты болсын, еліміз гүлдене түссін деген, шын жүректен шыққан тілегімді білдіремін. Серік ЫБРАЕВ,  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор.