• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Маусым, 2018

Михаил Бортник: «Нұрлы жердің» орындалу барысы алаңдатады

381 рет
көрсетілді

Бізді «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалу барысы алаңдатып отыр. Әрине, өткен кезеңдердегі көрсеткіштер жаман емес, мәселен, өткен жылы жоспарланған 10,1 млн шаршы метрдің орнына 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Осының арқасында 100 мыңнан артық отбасы өздерінің тұрғын үй мәселесін жақсартты.

Тұрғын үй құрылысына бөлін­ген инвестиция көлемі де 18 пайыз­ға артып, 980 млрд теңгені құра­ған. Соның ішінде мемлекет бөлген 1 теңгеге жекеменшік ин­вес­­тицияның 5 теңгесі қосыл­ған. Бұлардан басқа мемлекет инже­нерлік-коммуналдық инфра­құ­ры­лымдарды салу үшін 80 млрд теңге бағыттаған, бұл жердегі мем­лекеттік және жекеменшік қа­ражаттың қатынасы тіпті 1:9-ға жетті.

Енді Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «7 – 20 – 25» бағдарламасының басталуына байланысты «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудағы олқылықтардың бәрі ескеріліп, оларды шешудің жүйелі жолдары жасалуы керек. Сонда ғана тұрғын үй құрылысы қосымша қуат алып, жаппай жүргізілетін сипатқа қол жеткізеді.

Осы орайда біз өзіміз көріп жүрген бірқатар кемшіліктерді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депу­таттық сауалымызда ашып, көрсеттік. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­да 16 үй құрылысы ком­би­нат­ы жұмыс істейді. Олар мем­лекеттік индустриялық-инно­ва­циялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде салынған. Мемлекет олардың құрылысын жан-жақты қолдап, несиелік ставкаларын субсидиялаған, инже­нерлік жүйелерді де тартып бе­ріп, жалпы айтқанда оларға 30 млрд теңгедей қаражатты шығын қылған. Комбинаттар толық іске қо­сылғанда тұрғын үйлердің әр­бір шаршы метрінің бағасын тө­мен­детеді, құрылыс мерзімін қыс­қартады деп жоспарланған еді.

Алайда, бүгінгі таңда осы кә­сіпорындардың жұмыспен қам­ты­луы 50 пайыздан аспай отыр. Бұл олардың әрі қарай дамуын тежейтіні сөзсіз. Қолданыстағы заң­намаларда мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыратындығына байланыс- ты оларға арналған қандай да бір преференциялар немесе басқа да жеңілдіктер қарастырылмаған.

Осындай жағдай мемлекеттің тұрғын үй құрылысын салу тапсырысын тиісті техникалық жә­не технологиялық ресурстары жоқ, салған үйлерінің сапасына жауап бермейтін кездейсоқ ком­паниялардың тендерден жеңіп алуына жеткізіп отыр.

Сонымен қатар жергілікті ат­қ­а­­рушы органдар жаңа тұрғын үй­­лер аудандарын салуға қы­зы­­ғушылық танытып кетті. Алай­­да осы жерлерде балалар бақшасы, мектеп, аурухана сияқ­ты әлеуметтік инфра­құры­лым­дар­дың құрылысын салуды «ұмы­тып кетіп», жаңа үйлердің тұр­ғын­дарына ыңғайсыздықтар туғызуда.

Үкімет осы мәселелерді еске­ріп, Президенттің тапсырмасын орындауда олқылықтар жібер­ме­се екен деген тілегіміз бар. Со­нымен қатар тұрғын үйдің өзін­дік құнын төмендетуге ба­ғыт­талған Жол картасын жа­сау­дың да уақыты жетті. Та­ғы бір мәселе әскерилер мен олар­дың отбасына байланысты. Осы кү­­ні Тұрғын үй құрылыс жи­нақ­­ банкі мұғалімдер мен дә­рігерлерге арналған арнайы үй құ­рылысын жүргізуде, біз осы тә­жі­рибемен әскерилерге арналатын үй құрылыстарының да бой көтергенін қалаймыз.

Михаил БОРТНИК,

Сенат депутаты