• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№9 сын-қатер

319 рет
көрсетілді

Мемлекетте қаржы құралдарының жетіспеуі, алтын-валюта резервтері мен ұлттық валютаның болмауы Өз тәуелсіздігінің елең-алаңында Қазақстанда іс жүзінде өзінің қаржы ресурстары мен валюталық қорлары болған жоқ. Елдің дербес қаржы-несие саясатын жүргізуге де мүмкіндігі болмады. Мемлекеттік қазына бос болды, мемлекеттік қызметшілерді ұстауға, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және басқа да мемлекеттік маңызды функцияларды жүзеге асыруға қажет ақшаны қайдан алуға болатындығы түсініксіз еді. Оның сыртында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бюджет саясаты мемлекеттік бюджетке тиесілі түсімдер ең төмен болған жағдайда жүзеге асырылды. Осылайша 1993 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері де, сол сияқты шығындары да 7 млрд. теңгеден сәл ғана асты. Бюджет түсімдерінің төмен болуының негізгі себебі 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы өнеркәсіп өндірісінің тұйыққа тірелуі мен елдегі экономикалық дағдарыс болды. Мемлекеттік ресурстардың өткір тапшылығына байланысты әлеуметтік қорғауға тиесілі шығындар төрттен үшке төмендеді. Бұл жылдары мемлекеттік қызметшілер жылдап, кейде одан да ұзақ уақыт еңбекақыларын ала алмады. Мұндай ахуал шұғыл, кейде қоғам үшін бейтаныс шешімдер қабылдауды талап етті. Мемлекет қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуді негізгі міндет етіп қойды. Мемлекеттік органдарды ұстауға кететін шығындарды бір мезгілде қысқарта отырып, бюджеттің кірістері мен шығыстарын қатаң бақылау жөнінде шешім қабылданды. 90-шы жылдардың ортасында елде көлеңкелі экономика белең ала бастады.

Қазақстан Республикасында 1990-2004 жылдардағы бақыланбайтын экономика динамикасының мөлшерлері, ІЖӨ-ге %-бен

1997 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде елде әкімшілік бюд­жеттік реформа жүргізіліп, оның шеңберінде мемсек­тор­ды басқарудың базалық негіздері құрылды және бас­қарудың бағдарламалық-мақсаттық тәсілдерін енгізуге негіз қалаған жаңа бюджет жүйесіне көшу жүзеге асырылды. 2001-2003 жылдары жұмыс мемлекет пен кәсіпорындардың борыштарын жою, кедейшілікпен күрес, өндірістік, қаржылық және бюджеттік сектордағы реформаларды жалғастыру жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталды. Сонымен бір мезгілде тұрақты қаржылық және салық-бюджет жүйесін құру саласында жұмыстар жүргізілді. Қолма-қол ақшаның жетімсіздігі, жеткізіп берген өнімдер үшін Қазақстанға 200 млрд. рубльден астам берешек болған ТМД елдері тарапынан төлемдердің артуы, осы проблемаларды таяу уақыттарда шешудің нақты перспективаларының болмауы – осының бәрі біздің алдымызға өз валютамызды енгізу қажеттігін қоюы мүмкін.

Президенттің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен.

Алматы, 1992 жылғы 15 желтоқсан.

Үкімет қызметі инфляцияны одан әрі төмендетуді қамтамасыз ететін, инвестициялық жобаларды несиелеу үшін жағдайлар жасайтын, сондай-ақ бюджет жүйесінің мұнайдың әлемдік бағаларының тербелістеріне тұрақтылығын қамтамасыз ететін, шикізаттық емес сектор салаларын дамытуға жағдай жасайтын жүйелі шаралар белгілеуге шоғырландырылды. Өндірістік әлеуеттің біртіндеп қалпына келуі және экономикалық өсу траекториясына шығу 90-шы жылдардың соңына қарай түсімдер көлемін 400 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға жағдай жасады. 2003 жылы мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі 1 трлн. теңгеден асты, ал 2010 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,4 трлн. теңгені құрады. Қазақстан экономикасы ауқымының және оның субъектілерінің табысының ұлғайғандығын айғақтайтын мемлекет табыстарының артуы аясында мемлекеттің міндеттемелері де өсе түсті. Егер 1993 жылы мемлекеттік бюджет шығындары 7,5 млрд. теңге болса, 2003 жылы ол 1 трлн. теңгеден асты, ал 2010 жылы 4,9 трлн. теңгені құрады.   Қазіргі күні Үкіметтің әлеуметтік салада қабылдаған барлық міндеттемелері толық көлемде орындалды. Зей­нетақы төлемдері мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өткен жылы 25 пайызға өсірілді. Биылғы жылы 30 пайызға кезекті өсіру жүргізілді. Әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік төлемдер) шығындары бүгінде мемлекеттік бюджет шығындарының 50 пайыздан астамын құрайды. Оның сыртында мемлекет жүргізген қаржыны ойланып тұтыну және аз шығындау саясаты арнайы құрылған Ұлттық қорда айтарлықтай қаржы әлеуетін жинақтауға жағдай жасады. Сонымен қатар, 1993 жылдан бастап мемлекет алтын-валюта резервін құруды бастады, ол тәуелсіздік жылдары ішінде 50 еседен астамға – 1993 жылғы 0,7 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 37 млрд. АҚШ долларына жетті. 2011 жылдың 1 тамызына қарасты Ұлттық банктің алтын-валюта резерві Ұлттық қор активтерін қоса алғанда 75,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Халықаралық резервтер деңгейі бойынша біз әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына енеміз. Тәуелсіздік алған сәтте елдің банк секторы да кең көлемді проблемалармен бетпе-бет келді, олардың қатарында жаңадан құрылған көптеген сапасыз банктер, халық үшін несие ресурстарының қолжетімді болмауы, «жұмыс істемейтін» активтер мен ең бір шығынды мемлекеттік кәсіпорындар болды. Тәуелсіздік жылдарында тиянақтылықпен жүргізілген реформалардың нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанның банк секторы бүкіл посткеңестік кеңістікте ең прогресшіл ретінде танылды. Бізге ТМД елдерінде жалпы әлемдік өлшемдерге жауап беретін ең үздік төлем жүйесін құрудың сәті түсті. Тәуелсіз мемлекеттің нышандарының бірі өз валютасын енгізу болып табылады, онсыз толық тәуелсіздік туралы айту мүмкін емес. 90-шы жылдардың басындағы күрделі кезеңде еліміз ұлттық валютасын әзірледі. Қазақстан рубль аймағында болған белгілі бір уақытқа дейін республиканың мемлекеттік басқару органдары инфляциялық үдерістерді тежеудің нақты тұтқаларына ие бола алған жоқ. 1993 жылдың қарашасында ұлттық валюта – теңге енгеннен кейін республикада монетарлық және фискальдық реттеу құралдарын тиімді пайдалану мүмкіндігі пайда болды. 1993 жылы дербес ақша бірлігін енгізу елімізге гиперинфляцияны ауыздықтауға, экономиканы одан әрі құлдыраудан сақтап қалуға, оны түбірінен реформалауға және оған бірқалыпты ырғақты өсу сипатын беруге жағдай туғызды. Одан кейінгі маңызды мәселе ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Мемлекет осы жылдар ішінде теңгенің тұрақтылығын сақтауға ғана жағдай жасап қоймай, сонымен бірге, біздің валютамыздың өңірлік деңгейде мойындалуына жағдай жасайтын валюта саясатын жүргізді. Бүгінгі күні теңгенің айырбас бағамы әлемдік экономикада бо­лып жатқан оқиғаға қарамастан, тұрақты күйінде қалуда. Қа­зақ­станда ұлттық валютаның одан әрі де тұрақты болуына қолдау жасауға мүмкіндік беретін жеткілікті әлеует бар. Ол жинақталған жеткілікті қаржы әлеуетімен және мемлекеттің ойластырылған макроэкономикалық саясатымен қамтамасыз етіледі.