• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№12 сын-қатер

280 рет
көрсетілді

Аумағында әлемдегі аса ірі «Байқоңыр» космодромы бола тұра, өзінің ғарыштық бағдарламаларының жоқтығы Қазіргі кезде ғарыштық қызмет біздің мемлекеттеріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай ықпал етуде. Космодромның арқасында біз мемлекеттеріміздің сапалы телекоммуникациялық байланысқа, табиғи ресурстар мен құбылыстарға, төтенше жағдайларға болжам жасауға, аспан кеңістігі мен басқа да көптеген мәселелерді танып-білуге деген қажеттіліктерін үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ете аламыз.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Байқоңыр қаласында өткен «Байқоңыр» космодромының 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен.

Қызылорда облысы, 2005 жылғы 2 шілде. Бүкіл әлем бойынша шамамен 30 космодром жұмыс істейді. Олардың арасында жал­пы ұшырылымдарды, сондай-ақ коммерциялық ұшырылым­дар­ды қоса есептегенде, «Бай­қоңыр» космодромы көшбас­шылар қатарынан орын алады. Әлемдегі аса ірі космодром ретінде «Байқоңыр» біздің елі­міздің ғажайып бәсекеге қабі­летті басымдығы болып табы­лады. 90-шы жылдары космодром Қазақстанға тек де-юре тиесілі болса, ал ол Ресейдің билігі мен қолданысында де-факто қалып келді. Сол ке­зеңде Қазақстанның өз күші­мен «Байқоңыр» кешенінің одан әрі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпеді. Осын­дай күрделі жағдайда кос­модромды жоғалтудың шын қаупі пісіп-жетілді. Қа­лып­тасқан ахуалдан шығудың жолы космодромды Ресей та­ра­пына жалға беру болды. Бір­ақ жалға алудың негізгі шарты Қазақстанға өзінің экономика­лық, ғылыми және кадрлық әлеуетін дамытуына байланыс­ты бірте-бірте «Байқоңыр» кешеніне енуі болып қалып отыр.   Тәуелсіздігінің таңсәрісінде Қазақстан ғажайып ғарыш кешені – «Байқоңыр» космодромын иеленді. Аталған жоғары технологиялық алаңды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін үлкен күш жұмсау және саяси ерік-жігер көрсету қажет болды. 2007 жылы Ұлттық ғарыш агент­тігін құру Қазақстанның ға­рыш қызметін дамытуда сапалы жаңа кезеңнің туғанын белгілеп берді. Ел үшін жаңа ғарыш са­ла­сын құруға бағытталған ғарыш сала­сын дамытудың стратегиясы жасалды. Аталған стратегия аясында елімізде алғаш рет Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің жер­дегі инфра­құ­рылымы құрылды. Оның құрамына Орталық Азиядағы ха­лықаралық деңгейде сертификатталған, Астана мен Алматыда жерді қашық­тық­тан зондтаудың деректерін қабыл­дау­дың, өңдеудің және мұрағаттаудың екі аса ірі орталығы кіреді. Қазіргі кезде ғарыш қызметімен белгілі бір деңгейде әлемдегі бар­лық жетекші елдер мен көптеген дамушы елдер айналысады. Оған қоса, егер ғарыш саласындағы жекелеген міндеттер іс жүзінде олардың әрқайсысында шешілетін болса, көпқырлы ғарыш қызме­ті­мен айналысуға тек бірнеше мемлекеттің ғана мүмкіндігі бар. Бүгінде Ресеймен және Франциямен бірлесіп Индустриялан­ды­ру картасына енген 4 ірі инвес­тициялық жоба жүзеге асырылуда. Сол жобалардың бірінің шең­берінде үстіміздегі жылдың шілде ай­ын­да «Байқоңыр» космодромынан «КаzSat-2» ғарыш аппаратын ұшыру жүргізілді. Атал­ған жобаны жүзеге асыру Қазақ­стан­дағы байланыс операторларының жұмыс ауқымы мен сапасын арттыруға жағдай туғызады. 2010 жылы «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы аумағында Астана қаласында Ұлттық ға­рыш орталығының құрылысы басталды.

Қазіргі кезде еліміздің алдында әлемдегі жетекші ғарыш державаларының бірі болу міндеті тұр. Ол үшін біз Қазақстанның ғарыш саласын мақсатты түрде дамытуға бағытталған іс-қимылды жалғастыратын боламыз.