• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№5 сын-қатер

367 рет
көрсетілді

Ескірген заңнамалық база

Мемлекеттік құрылыс Соңғы 5 жылда негізінен жүргізіліп жатқан реформалардың құқықтық базасы қалыптастырылды, соған қарамастан, ол азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, шетел инвестицияларын тарту үшін неғұрлым қолайлы ахуал қалыптастыруға, қылмысты ауыздықтап, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталған айқын да әділ заңдар қабылдау қажеттігін күн тәртібінен алып тастамайды. Мемлекет басшысының  1996 жылдың 16 желтоқсанында ел Тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. *** Мемлекет пен құқықтың одан кейінгі стра­те­гиялық бағыттарын айқындау 1995 жылы қа­былданған ҚР-дың қолданыстағы Конституциясына негізделді, ал ол мемлекетті ұйымдастырудың негіз қалаушы принциптерін, адам мен азаматтардың құ­қықтары мен еркіндіктерін, сондай-ақ Қазақ­станның мемлекеттік инстиуттарының жаңа жүйесін бекітті. Дегенмен, бұл сатыда да қиындықтар аз болған жоқ. Сол бір тарихи кезеңде уақыт талап еткендей барлық қажетті заңдарды шұғыл түрде қабылдауға мүмкіндіктер болған жоқ. Мемлекет басшысы осы­нау маңызды міндетті шешу жауапкершілігін өз мой­­нына алды. Нәтижесінде іс жүзінде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы рефор­ма­ларға әкелген 150-дей нормативтік-құқықтық ак­ті­лер қабылданды. Одан кейін ол актілердің бәрі заң мәртебесіне ие болып, қазіргі заманғы ұлттық заңнаманың ядросын құрды. Бірінші кезекте оларға елдің мемлекеттік құрылысын айқындаған заң­на­малық актілер жатады. Олардың қатарында «ҚР-дағы банктер мен банк қызметі туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және басқа да көптеген заңдар бар.   Қазіргі заманғы, тіпті сол кездегі өлшемдер бойынша революциялық дейтіндей заңнамалық база жасамайынша шешілуі мүмкін емес өткір әлеуметтік-экономикалық проблемалар өзіне сәйкесті және шұғыл түрдегі құқықтық шешімдер қабылдауды талап етті. Ахуалдың төтеншелігі, құқықтық вакуумды еңсеру қажеттігі 1991 жылдың желтоқсанында республика Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тиісті ұлттық заңнамалар қабылданғанға дейін Қазақстан аумағында КСРО заңдарының нормаларын уақытша қолдану мүмкіндігін бекітуге дейін мәжбүрледі. Бірақ КСРО дәуірінде қабылданған заңдар бұрынғы жүйе үшін жасалған-тұғын және олар өзі өмір сүрген алғашқы күннен бастап демократия құндылықтарына, құқық үстемдігі мен нарықтық экономикаға бағдарланған жаңа тәуелсіз мемлекетке бөгде еді. Жаңа құқықтық саясатқа мақсаткерлік пен тұтастық сипат беріп, оның айқын бағдарлары мен базалық параметрлерін айқындау үшін 1994 жылы Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасы қабылданды. *** Қолданыстағы құқықты жаңарту жөнінде мемлекет қабылдаған батыл шаралар нәтижесінде республика заңнамаларының алғашқы буыны 90-шы жылдары дайын болды және ол мемлекеттік-құқықтық құрылыстың іргелі мәселелерін шұғыл түрде шешу қажеттілігіне байланысты өмірге келіп еді. Осылайша, 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Ол елдің мемлекеттік тәуелсіздігін ғана жариялап қойған жоқ, сонымен бірге егемен Қазақстанның негізгі мемлекеттік институттарын құру үшін негіз қалады. Қазақстан Президенті лауазымы тағайындалған 1990 жылы қабылданған заң соның алғашқысы болды, 90-шы жылдардың басындағы мемлекеттік басқару жүйесі айқындалды. Дегенмен, тәуелсіз мемлекет құрудың құқықтық іргетасы болуға қабілетті заңдар көрер көзге жеткіліксіз еді. *** Бұрынғы КСРО күйреуінің ескі заңдардың әкімшіл-әміршіл жүйенің принциптерін бейнелеп, егемен Қазақстанның сапалы жаңа шындықтарына мүлде жауап бермейтін ахуалға соқтыруына байланысты тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңа заңнама базасын қалыптастыру ел үшін негіз қалаушы маңызға ие болды. Елдің құқықтық бетімен кетушілік пен заңдық нигилизмге барған сайын көбірек батып бара жатуына байланысты биліксіздік пен заңсыздық уақытын тез арада еңсеру қажет болды. Қоғамдағы заңға деген нем­құ­рай­дылық қатерлі сипат ала бастады, оның өзі мемлекеттік инстиуттардың эрозиясына жол ашып, республика тәуелсіздігін жоғалтудың шынайы қауіптерін туындатты. *** Елдің Президент бастаған мемлекеттік органдарының қажырлы да тыңғылықты жұ­мысының арқасында ғана бұрынғы заңнама Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларындағы жүйелік проблемаларды шешуді қамтамасыз еткен жаңа заңдармен ауыстырылды. Ұлттық заңнаманың бүгінгі буынына келер болсақ, олар тіптен де ал­ғаш­қылар емес, оның есебін Қазақстанның қазіргі заманғы құқығының негізін құ­рай­тын және солардың арқасында елде жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси ре­фор­малар жүргізуге мүмкіндік туған көп­теген маңызды заңдар қабылданған 2000 жылдардың басынан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізуге болады.