• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2010

ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ – ЖЕТІСТІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

1243 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Жаңа он­жыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қа­зақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа Жолдауында келесі онжылдықта мемлекеттің дәйекті түрде дами түсуін қамтамасыз етуге мүм­кіндік беретін нақты міндеттер мен басым­дықтарды айқындап берді. Онда әрқайсымызды өмірді жақсарта түсу үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға экономикалық және әлеуметтік салалардағы проблемаларды бірлесіп шешуге шақырады. Енді Әділет министрлігі осы міндеттерді орындауға белсене кірісіп кетті. Атап айтқанда, жақын уақыттағы жұмыс бағыттарының Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың қоғам алдына қойған міндеттерімен тікелей ұштасуын және сәйкес келуін айқындап, негізгі бағыттар бой­ынша реформаларды бастады. Әсіресе, бұл заң шығару қыз­метін жақсартуға, бизнес ашуды жеңілдетуге, пенитенциарлық жүйені ізгілендіруге, нотариат пен адвокатура қызметінде аза­мат­тарға қызмет көрсетуді жақ­сартуға әрі аталған салаларда сы­байлас жемқорлық деңгейін тө­мендетуге бағытталған өзгеріс­тер­ге де қатысты болып отыр. Өйткені, Пре­зи­денттің Жолдауында айтылған міндеттердің бірі – “сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру және заңдардың сапасын арттыру” мәселесі заң шығару саласында министрліктің қызметіне жатады. Біз заңнамалық актілердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың тиімділігін баға­лау үшін заңдарға жүйелі құқықтық монито­ринг жүргізу талап етіледі деп есептейміз, бұл үшін министрлік тиісті тетікті пысықтауда, яғни заң жобасын дайындаушы әрбір орган тұрақты негізде үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген заңдарға талдау жасайтын болады. Бұдан басқа, заң шығару қызметінің сапа­сын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы­ның тапсырмасымен Заң шығару институты­ның ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестіктен ерекше мәртебесі бар мемлекеттік мекемеге өзгерді. Бұл қыз­мет­керлер жалақыларын өсіруге және институтқа білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл заң шығару бастамаларын ғылыми тұрғыда пысықтау сапасын, сондай-ақ болжау-талдау қызметін жақсартуға тиіс. Қазіргі сәтте жаңадан құрылған институттың ұжымы қалыптастырылуда. Президент Жолдауда атап өткендей, дағ­дарыстан кейінгі кезеңде мемлекеттің дамуында негізгі локомотив бизнес құрылымдары болады. Мемлекеттік органдардың алдындағы мақсат – бизнес ахуалды жақсарту және шикізат сек­то­рына тәуелділікті төмендету, яғни экономи­каны әртараптандыру. Бұл жақында әділет органдарында тіркелуге тиіс жаңа өндірістер мен кәспіорындардың көбірек ашылатынын біл­діреді. Демек, министрлік пен оның құ­рылымдық бөлімшелерінің жүгі де арта түседі. Былтырғы жылы әділет органдарында 20 мыңға жуық заңды тұлғалар, соның ішінде 12 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеуден өтті. Бизнес құру рәсімін оңайлату және әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, Парламент заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жеңілдету мәселелері жөнінде заң қабылдады. Көрсе­тіл­ген заңда үлгілік жарғы бойынша шағын кә­сіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімін 1 жұ­мыс күніне дейін қысқарту көзделді, жарғылық капиталдың мөлшері 100 АЕК-тен 100 теңгеге дейін азайды. Сонымен бірге, құрылтай құжат­тарын нотариалдық куәландыру міндеті алып тасталды. Осылайша, Қазақстанда бизнес ашуға қойылған талаптар барынша жеңілдетілді. Әлеуетті кәсіпкерлер мұны қоштап отыр. Кәсіпкерлерге жұмыс жағдайын одан әрі оңайлату үшін министрлік тетіктерді пысықтап, оңтайландыруда. Ол бойынша құрылтай құжаттарына өзгерістер тек хабарлама негізінде ғана енгізіледі, ал заңды тұлға таратылған кезде оның барлық филиалдары мен өкілдіктері орталықтандырылған түрде есептік тіркеуден шығарылады. Бұл белгілі бір шамада бизнесті тіркеуге әрі жүргізуге байланысты операциялық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы да Мемлекет басшысы Жолдауда айтты. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмы­сындағы кемшіліктерді көрсете отырып, Пре­зидент Қазақстандағы жазалау жүйесінде айып­­тар 5 %-дан аз болса, түзеу жұмыстары – 0,4 %-ды, қоғамдық жұ­мыс­тар 0 %-ды құ­рай­­ты­нын атап өтті. Бұл ар­найы мекемелерде адам санының жыл сайын толассыз өсуіне әкеледі, яғни ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша рес­публика мекемелерінде 63 445 сотталған мен тергеу-қамаудағылар ұсталады. Бұл былтырғы жылға қарағанда 5 мыңға көп. Қылмыстық-атқару жүйесінің бюджетін шексіз көбейте беру мүмкін емес. Сондықтан елімізде түрмедегі халықты азайтуға бағыт­тал­ған кешенді шаралар қабылдануы қажет. Бұл үшін қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жағына қарай дамыту бағыттары айқындалған респуб­ликаның 2010-2020 жылдарға арналған Құқық­тық саясат тұжырымдамасының ережелерін толықтай іске асырған маңызды. Біз қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдай жасауға жұмыс істейтін боламыз. Ізгілендіру барысы қоғамға аса қауіп келтір­мейтін адамдарды – алғаш рет кішігірім не­месе ауырлығы орташа қылмыс жасағандарды, кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын – аяғы ауыр әйелдер мен асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты аналарды, егде жастағы адамдарды қамтуға тиіс. Жолдаудан туындайтын Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша түрмедегілердің санын қайтадан толықтырмас үшін бас бостан­дығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту және қайта әлеуметтен­діру­дің толық жүйесін жасау керек. Жалпы, қыл­мыстық-атқару жүйесі жақсартуға мұқтаж екен­дігін түсінеміз. Сондықтан оны жетілдіру бой­ынша министрлік кешенді бағдарлама әзірлеуде. Сонымен қатар Елбасы республика азамат­тарының өмірін жақсартуға және әлеуметтік қызмет көрсетулер сапасын арттыруға мән береді. Осыған байланысты, азаматтарға мем­лекеттік қызмет көрсету үрдістерін жеңілдету үшін министрлік енгізген халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы атап өтпеуге бол­майды. Елбасының тапсырмаларын орындау шеңберінде жыл басында ХҚО әкімдіктердің қарамағына берілгенімен Әділет министрлігі жергілікті билік органдарына қажетті көмек көрсете отырып, олардың жұмысын ұйым­дас­тыруға белсене атсалысуды жалғастырып отыр. Мысалы, қазіргі сәтте бір өтініш қағидаты бойынша ХҚО-ның жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылуда. Осы ұсыныстың мәні бойынша азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін ХҚО-ға көптеген түрлі құжаттардың көшір­ме­лерін (мысалы, үй кітабы, кету парағы, СТН, ӘЖК және т.б.) беру қажет болмай қалады. Осы мәліметтердің барлығы деректер қорында бар. Сондықтан, біздің ойымызша, азаматтар­дан оларды қосымша сұратудың мәні жоқ. Бір өтініш қағидаты бойынша ХҚО жұмысы азаматтар үшін мемлекеттік қызмет алу тәртібін едәуір жеңілдетеді, оларды артық қаржы шы­ғындарынан босатады. Бұдан басқа, қазір Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустар инс­титутын қалпына келтіру мәселесін пысықтауда. Әділдік ретінде мемлекеттік нотариустардың жұмыс істеуін ешкім өзгертпегенін атап өту керек. Елімізде олардың мүлдем қалмағандығы басқаша іс. Қалай дегенмен, былтырғы жылдың шілдесіне дейін Қазақстанда бір де бір мемлекеттік нотариус болған жоқ. Біз күзде әр облыс орталығында мемлекеттік нотариаттық кеңселер аштық. Қазір олар – 16. Бұл орайда олардың қызметіне қажеттілік күн сайын өсуде. Біз қолданыстағы заңнама бойынша жеке­мен­шікті нотариустармен қатар жұмыс істеуге тиіс мемлекеттік нотариатты қалпына келтіру ту­ралы шешім қабылдадық. Осы өзгерістер Жолдауда айтылған міндеттерге жауап береді. Ел Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесі министрліктің қолданыс­та­ғы квоталау жүйесін және нотариустарды орналастыру орындарын бөлу жөніндегі ұсынысын қолдады, басқаша айтқанда, алдағы уақытта округте нотариустар санын көбейту шектелмейтін болады. Соттардың қызметіндегі негізгі бағыт бойынша адвокаттарды мамандандыруды, сондай-ақ адвокаттардың мүліктік жауапкершілігі және жауапкершілігін міндетті сақтандыру институттарын енгізу мақсатқа сай болады деп пайымдаймыз. Былтыр министрлік әділет органдарының электронды деректер қорына (“Жылжымайтын мүлік тіркелімі”, “Жеке тұлғалар”, “Заңды тұл­ғалар”) нотариустардың қол жеткізуіне арнал­ған “Электронды нотариат жүйесі” қанатқақты жобасын әзірледі. Бұл оларға жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде – клиенттің некеде тұрғанын, оның тіркеу мекен-жайы қандай екенін, сондай-ақ жұмыс үшін қажет мәліметтерді көруге көмектеседі. Осы жаңалық мәмілелерді жасау кезінде алаяқтық қаупін төмендетеді деп күтілуде. “Электронды нотариат жүйесін” қолдану болашақта жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте азаматтар әділет органдарына жүгіну міндеттерінен босатылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу әділет органдарының немесе ХҚО қызметкер­лері­мен өтініш берушілердің тікелей байла­ныспауы арқылы жүзеге асады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең тиімді шара әрі халық үшін жылжымайтын мүлікті тіркеу үдерісін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, осы барлық жаңалықтарды енгізгенге дейін ағымдағы жылдың өзінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарланып отыр. Былтыр заңнаманы түсіндіру және құқық­тық насихат жұмыстарының аясында Әділет министрлігі соттарда, ХҚО-да, жоғары оқу орын­дары мен кітапханаларда электронды заң­на­ма деректеріне тегін қол жеткізу “нүкте­ле­рін” орнатты. Бұдан басқа, бізде Колл-орталық жұмыс істейді. Орталық арқылы азаматтардың ХҚО көрсететін қызметтердің сипаты мен құжаттардың орындалу барысы туралы кеңес алуына мүмкіндігі бар. Осы анықтамаларды алу үшін азамат кез келген облыс орталығынан Астана қаласының кодын термей 58-00-58 телефон нөміріне тегін қоңырау соға алады. Сонымен бірге өтініштерді талдау көр­сет­кендей, елімізде құқықтық мәселелер жөнінде анықтама орталығын құру қажеттігі пісіп- жетілді. Сондықтан, ағымдағы жылы Колл-орталықтың құзыретін кеңейту жоспарланып отыр. Оның негізінде бірыңғай ақпараттық-құқықтық қызмет құрылатын болады. Мысалы, Колл-орталықтың қызметкерлері қызметтің барлық түрлерін лицензиялау тәртібін, мем­ле­кеттік органдардың құзыретін түсіндіріп, және оған қажетті құжаттар тізбесін, тиісті мекен-жайлары мен сенім телефондарын көрсетеді. Қажет жағдайда Колл-орталықтың оператор­ла­ры толық жауап беру үшін қоңырау соғушыны қойылған сұраққа жауап беру құзыретіне кіретін мемлекеттік органмен қоса алады. Мұндағы түкпілікті мақсат бір қоңырау арқылы кез келген құқықтық кеңес алу болып табылады. Жалпы, әділет органдары жұмыс істеп жатқан басқа да ұсыныстар мен жаңалық­тар­дың артықшылығы олардың әлеуметтік сипатта болуында. Олар азаматтардың өмірін жеңілде­туге және кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін жағдайларды жетілдіруге бағытталған. Рашид ТҮСІПБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Әділет министрі.