• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Бірыңғай тіркеуші: ретке келтіру және жүйелеу

335 рет
көрсетілді

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін сақтау, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын және оларға тиесілі баға­лы қағаздар туралы ақпаратты қорғау оны жүргізу жөніндегі қызметтің аса маңызды міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, Бірыңғай тіркеуші жүйесін құру осы міндеттерді іске асыруға ықпал ететін болады. 2008 жылы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақты­лығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бастапқы әзірлеу кезеңінде 2010 жылға дейін кезең-кезеңімен ба­ға­лы қағаздарды ұстаушылар тізілім­де­рі­нің жүйесін жүргізу жөніндегі қыз­метті бір ғана ұйымның жүзеге асы­руына көшу жөнінде ұсыныс берілді, яғни Бірыңғай тіркеуші туралы мәселе көтерілді. Мәселені мемлекеттік органдармен және қаржы нары­ғы­на қатысушылармен талқылау бары­сын­да бұл талапты белгілеудің орнына бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың, сондай-ақ олар бойын­ша меншік құқықтарының өтуін есепке алудың бірыңғай базасын құру ұсынылды. Осы мақсаттармен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін құру ұсынылды, оны жүргізу Орталық депозитарийге жүктелді. Бүгінгі күні Орталық депозитарий жүргізуін тіркеушілер жүзеге асыра­тын бағалы қағаздар ұстаушылар тізі­лімдерінің жүйелеріндегі барлық ақ­па­ратты көрсететін жеке шоттардың бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – ЖШБЖ) толық қалыптастырды. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қа­ғаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйелерінде тіркелетін барлық мәмі­ле­лер Орталық депозитарийдің ЖШБЖ-да көрсетіледі. Сонымен қатар бұл тетік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметпен байланысты тәуекелдердің эмитент­тер­дің өздері үшін де, бағалы қағаз­дарды ұстаушылар үшін де туындау мүмкіндігін толық жоққа шығармай­ды. Орталық депозитарий тіркеуші­лер­дің ЖШБЖ-де тіркеген операция­ла­рын көрсету кезінде мәмілені тір­кеу­ге негіз болатын бастапқы құжат­тар­­ға қол жеткізе алмайды. Бастапқы құ­жаттар Орталық депозитарийге сақ­тау­ға берілмейді, соған байланысты ЖШБЖ-ды жүргізу мәмілелерді заң­­сыз тіркеумен және осы мәмілелерді тір­кеуге негіз болған құжаттардың жо­ға­луымен байланысты тәуекелдерді өте­мейді. Одан басқа қазіргі уақытта ба­ғалы қағаздар ұстаушылар тізілім­дерінің жүйесін құрайтын құжаттар­дың сақталуын қамтамасыз ететін бі­р­ың­ғай мұрағат және резервтік орта­лық жоқ. Тіркеуші лицензиясының қолданы­луы тоқтатылған не одан айырылған жағдайда бағалы қағаздарды ұстау­шы­лар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттарды бұзу және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйе­сін жаңа тіркеушіге беру үшін эмитенттерді іздеумен байланысты про­­б­лемалар туындайды. Республика заң­намасының бағалы қағаздар ұстаушы­лар тізілі­мі­нің сақталуын қамтамасыз еткені үшін жауапкершілікті айқын­дай­тын­ды­ғына және эмитенттерді олар­­мен уа­қтылы шарттар жасауға міндеттейтіндігіне қарамастан, эмитенттер­дің барлығы бірдей жаңа тіркеушіні таң­дағаны туралы шешімін уақтылы бере қоймайды. Алайда бұл бағалы қағаз­дар ұстаушылар тізілімдерінің жүйе­сін құрайтын құжаттарды уақы­тылы беруге бағалы қағаздар мүмкін­дік берген болар еді. Тіркеуші эмитент шарт­тарды бұзу және барлық деректерді жаңа тіркеушіге беру жөніндегі қажет­ті іс-қимылдарды жүзеге асыр­ма­й­тын­дықтан, тіркеушінің қызметін тоқтату рәсімі созылып кетеді. Соның салда­рынан бұл үдерістер ұзақ уа­қытқа со­зылып, бағалы қағаздар ұс­таушылар бағалы қағаздар бойынша өз құқық­тарын іске асыра алмайды. Қазіргі уақытта лицензиялардың қолданылуын тоқтату жөніндегі іс-ша­раларды он тіркеушінің үшеуі жүзеге асырады. Бұл ретте лицензиялардың ерікті қайтарылуына байланысты эми­тент­термен шарттарды бұзу және эми­тенттердің бағалы қағаздар ұстау­шы­лар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды беру жөніндегі рәсімдерді 2010 жылдың ортасынан бастап екі тіркеуші жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар қаражаттың жетіспеуіне байланысты көптеген тіркеушілер қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру барысында пайдаланылатын өз­де­рінің бағдарламалық-техникалық қам­тамасыз етуін уақтылы жетілдіруге және жаңартуға қауқарсыз болады. Бірақ ол бағалы қағаздармен мәмі­ле­лерді тіркеу рәсімін жеделдетуге және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілім­де­рінің жүйесін жеткілікті деңгейде қор­ғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Республиканың шалғай өңірлерін­де тіркеушілердің қызметтерін өтеу дең­гейінің төмендігін, олардың рес­пуб­ликаның бүкіл аумағында меншікті филиалдар желісінің болмауын атап өткен жөн, соның нәтижесінде бағалы қағаздар эмитенттері мен ұстау­шы­ла­ры­на қатысты тең емес жағдай ту­ындайды. Сонымен бірге уәкілетті орган тір­кеушілердің бағдарламалық-техни­ка­лық қамтамасыз етуінің заңнаманың талаптарына, оның ішінде ЖШБЖ-ның қағидаттарына сәйкестігіне рейдтік тексеру жүргізді. Алынған нәти­же­лерге жасалған талдау көптеген тір­кеу­шілердің кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында пайдаланылатын өз­де­рінің бағдарламалық-техникалық қам­­тамасыз етумен байланысты жүйе­лік проблемалардың бар екендігін көр­сетті. Атап айтқанда, есепке алу жүйе­сінде операцияларды жүзеге асыру кезінде тіркеушілер ЖШБЖ қағидат­та­рын және заңнаманың талаптарын тиісінше сақтауы қамтамасыз етпейтіні анықталды. Осылайша, бағалы қағаздар нары­ғын­да Бірыңғай тіркеушіні құру қа­жеттігі жеке тіркеушілердің уәкілетті орган тарапынан тиісті талданатын жә­не мониторинг жүргізілетін қызме­ті­мен қатар жүретін экономикалық, сол сияқты құқықтық тәуекелдерге бай­ланысты. Өз кезегінде, барлық эмиссиялық бағалы қағаздардың ұстаушылары тізі­лімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақ­тау және жүргізу жөніндегі функ­ция­ларды жүзеге асыратын Бірыңғай тіркеушіні құру бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу рәсімін жылдамдатады, себебі мәмілені тіркеу кезінде Орталық депозитарийден ЖШБЖ-да оның тіркелуін растауды күтудің қажеті болмайды. Сондай-ақ Бірыңғай тіркеушіні құ­ру бағалы қағаздарды ұстаушылар ті­зілімдерінің жүйесін құрайтын құжат­тар­ды бір тіркеушіден басқа тіркеушіге беру проблемасын шешеді. Демек, эмитент әр кез жаңа тіркеушіні таңдау туралы шешім қабылдамайды, бағалы қағаздар ұс­таушылар эмитенттің тіркеушіні таң­дау жөніндегі шешіміне тәуелді бол­майды және тиісінше, өздеріне тиесілі бағалы қағаздар бойынша өз құ­қық­та­рын кез келген уақытта өткізе алады. Сонымен қатар тізілімдерінің жүйе­сіне қызмет көрсететін эмитенттерге қатысты формалды түрде үлестес бо­­лып табылмайтын (бірақ онымен бел­гілі бір шарттық қатынастардағы, со­ған байланысты эмитент тіркеушінің қызметіне әсер ете алатын және тізілімдер жүйесінде мәмілелерді тіркеу кезінде өз талаптарын күштеп таңа алатын) «қалта» тіркеушілерді құру мүмкіндігін болдырмайды. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізі­лім­дерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті реттеудің мұндай схемасын енгізу Орталық депозитарийге түсетін кейбір салмақты азайтады. Бірыңғай тіркеушінің өз қызметін коммерциялық емес ұйым (негізгі мақ­саты кіріс алу болып табылмайтын жә­не алынған таза кірісті қатысушы­лар арасында бөлмейтін) нысанында жүзеге асыратынын ескере отырып, оның қызметінен алынатын кірістер көрсетілетін қызметтерді одан әрі да­мытуға, бағдарламалық-техникалық қам­­та­масыз етуді жетілдіруге және жа­ңар­туға бағытталатын болады. Бірыңғай тіркеушінің бағалы қа­ғаз­дар ұстаушылар тізілімдерінің жү­йе­сін жүргізу жөніндегі қызметі баға­лы қағаздар нарығындағы кәсіби қыз­мет болып табылады, соған орай уә­кілетті орган Бірыңғай тіркеуші қыз­метінің қағидаттары мен ережелерін айқындай отырып, эмитенттермен жә­не қаржы нарығының басқа қаты­су­шыларымен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарды келісе отырып, оның жұмысын бақылап, реттей алады. Осылайша, ҚР Ұлттық Банкі қа­был­дап отырған іс-шаралар бағалы қа­ғаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды ұстаушылардың құ­қық­тарын және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы ақпаратты қорғауға бағытталған, бұл тұтастай алғанда, республиканың бағалы қағаздар нары­ғын одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады. –––––––––––––––– RSS        Бағалы қағаздар нарығын  дамыту мақсатында. Ұлттық Банк Бірыңғай тіркеуші жүйесін құруды табанды түрде ұсынады TW         Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ететін болады Данияр АҚЫШЕВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.