• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2018

Астанада жат діни ағымның өкілдерін анықтап, оңалтуға жібереді

299 рет
көрсетілді

Контртеррористік комитет Астана әкімдігімен бірлесіп деструктивті діни бірлестік өкілдерін анықтау, есепке қою және оңалту бойынша жоба шеңберінде ауқымды жұмыстарды атқармақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін меморган қызметкерлері үшін «Жат діни ағым өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізудің негіздері» атты семинар болып өтті. Семинар барысында «Контр – террористік комитет» РҚБ басшысы Аманжол Оразбаев деструктивті діни бірлестіктердің мүшелерін анықтау, есепке қою және оңалтудағы жоспарларын айтты. Бұл Қоғамдық даму министрлігі, ҮЕҰ және Астана әкімдігімен бірлесіп жасалып жатқан жұмыс. Астана - тұрғындар саны үнемі көбейіп отыратындықтан пилотты қала ретінде таңдалып алынды. Радикалды және басқа да жат діни ағымның өкілдерін сауалнама арқылы анықтайды.

«Өткен жылы Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының есебі бойынша дәстүрлі исламға деструктивті діни ағымның 940 мүшесі қайтарылған. Бірақ өкінішке қарай оны растайтын құжат жоқ. Біз қазір осы жұмысты деструктивті діни бірлестіккке тартылғандардың әрбірін растайтын база жасағымыз келеді. Онда біз құжат арқылы ол адамның діни атрибуттар тағынып жүрсе де дәстүрлі исламның өкілі екенін дәлелдей аламыз. Барлығына бір өлшеммен қарауға болмайды. Шын мәнісінде көбісі кәдімгі діни киініп жүретін мұсылмандар», - деді А. Оразбаев.

Одан басқа, "Контр – террористік комитеті" РҚБ басшысы дінге тартудың жолдары туралы да айтып берді. Негізінен, ол танымал мессенджер мен сайттар арқылы жүргізіледі.

«Әлеуметтік желі арқылы ақпаратты таратады. Жастар мен тәжірибесі жоқ адамдар әрине осы насихатқа елтіп, оңай беріледі, - деп жалғастырды ол. Бізде Қазақстан бойынша қазіргі таңда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Осы жұмысты да қатар дамыту керек», деді А. Оразбаев.

Сонымен қатар, семинарда жат діни ағымның өкілдерімен тиімді жұмыс жасауды арттыруға бағытталған механизмдердің барысы талқыланды.