• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2018

Алматыдағы метро бекеттері 2021 жылы қолданысқа беріледі

985 рет
көрсетілді

Алматыда салынып жатқан келесі екі метро бекеті 2021 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы құрылысқа жауапты компания өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының құрылысына осыдан үш жыл бұрын 67 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл қаражат жетпегендіктен, республикалық бюджеттен биыл қосымша 9,5 млрд теңге қарастырылып отыр.

Қазір салынып жатқан екі метро бекеті пайдалануға берілген соң, мамандар «Қалқаман» стансасын салуға кіріседі. Оған қажетті жер телімдері анықталып, бөлім иелерімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 152 жер телімі мемлекет мұқтажы үшін сатып алынады. Ал құрылысшылар біраз қиындықтардың барын айтады. Жерді ұңғылауға заманауи техникалардың өзі шыдас бермей жатқан көрінеді.

 Жамиля Арисова, «Алматыметроқұрылыс» АҚ өндірістік техникалық департаментінің директоры:

– Алматы метросын салудағы ең бір күрмеуі қиын күрделі жағдайлардың бірі болып саналатыны – Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы. Метро құрылысы аумағында жерасты топырағының ерекшелігі айтарлықтай қиындықтар туғызады. Тіпті бүгінгі замандағы алдыда келе жатқан қуатты техникалардың өзі көптеген қиындыққа ұшырауда.