• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Ұйымдастыра білген ұтады

274 рет
көрсетілді

Егемен ел атанғанымызға 20 жыл толып отыр. Бұл кезең тәуелсіз Қазақ елінің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына дәйек­­ті баға беруге азырақ болса да бет алған бағыт-бағ­дарымыздың оң-солын сара­лау­ға мүмкіндік беретін сияқты. Қандай елдің де болма­сын ауылшаруашылық өнді­рісі, экономикалық өркен­деуі­нің негізгі көрсеткіште­рінің бірі болып есептеледі. Ауылшаруашылық өндірісі ерекше күрделілігімен, нақ­ты­лығымен ерекшеленбегенімен, елдің табиғи жағ­дайында нарықтық эконо­мика бәсекелестігіне лайық­ты ауылшаруашылық өнім­де­рін өндіруде қабілетті, іскер, кәсіби сауатты маман­дар­ды қажет ететіндігіне кү­мәндануға болмайды. Ке­ңес­­тік жоспарлы ауыл­шаруа­­шылық өндірісінде бү­гінгі жағдаймен салыс­ты­ғанда ғы­лыми жетістіктер, озық тәжірибелердің кеңі­нен қол­даныс табуының, сауат­ты мамандардың қызметтерінің арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жетті дегенімізбен, өндірілген өнімдері­нің 30 пайызға жуығы тұты­нушыларға жеткенше түрлі себептермен ысырап болады екен. Бұған мал бастарының негізсіз шығындарын, өнім­де­рінің жиі қолды болуын қосақ, бұл саланың тиімділігі туралы айту қиын. Мен өз тәжірибемде де, мемлекеттік ауылшаруашылық құ­рылымдарына басшылық жа­­сағанда да бұл келеңсіз­діктерге қандай тосқауыл болар екен деп қина­ла­тынмын. Демек ауылшаруашылық өндірісіне жеке меншікті енгізу, біріншіден, нақты иелікті, ауыл еңбегінде еркіндікті қалыптастырып, басқа экономика салаларына қара­ғанда басымдығымен ерекшеленетін ауыл еңбегіндегі немқұрайлылық пен енжар­лы­лыққа тыйым салғандай бол­ды. Сонымен қатар, бұ­рын­да айлап-жылдап жа­сала­тын азық-түлік бағдар­лама­ларын­сыз-ақ, тұтыну­шы­­ларды қа­жетті тағамдар­мен қамтама­сыз ету мүмкін­дігі пайда бол­ды. Әзірге ішкі рыноктағы азық-түліктің 30-40 пайызға жуығы шетелдерден тасымал­да­нады дегенімізбен, мұнда отандық өнім­дер өндіру­ші­лердің үлес салмағының да еселеп арта беретініне, таяуда респуб­ли­калық мал тұқымдарын асыл­дандыру орталығы – «Асыл түлік» АҚ атқарып жатқан жұ­мыстар аясында еліміз­дің солтүстік өңірлері ауыл­­шарушылық құр­лым­да­рын­да болғанымда көз жеткіздім. Атап айтқанда, Сол­түс­тік Қазақстан об­лысы «Зеньченко и К», «Ильинское», «Тайынша-Астық», «Победа-Тай­ын­ша», Қостанай об­лысы «Викторовское», «Шеминовка», «Ақбидай-агро», «Фрунзинское» және «Боталинское» мал шаруа­шылы­ғын­да сүтті ірі қара өсірумен айна­лы­са­тын серіктестіктерде бол­дым. Ауыл реформасын еш өңір­ден қалыс қалмай атқардық деп жүр­ген Қа­ра­ған­ды, Жез­­қаз­ған, ай­мақ­тарында біраз жылдар қызметтер атқар­ған мен үшін, бұл ша­руа­шылық­тарда көрген­де­рім таңдан­дырғандай бол­ды. Бұл шаруашылықтарда нақ­ты­ланған еңбек жауапкершілігі, оңтайлан­ды­рыл­ған бас­қару жүйесі қалып­тас­қан, әрқайсы­сында 2000-4000 басқа дейін ірі қара мал өсіріледі, жылдық сауын сиыр сүттілігі орта есеппен 4000-6000 кг. дең­гейінде, көпшілігі 1,5 жыл­­дық мал азығы қорын да­йын­даған. Кеңестік ке­зең­де ас­пиранттық жұ­мыс­та­рым­­ды жүргізген Ал­ма­ты об­лысы, Қаскелең ау­да­ны «Каменский», «Ақсай» асыл тұ­қымды ірі қара мал зауыт­тары еліміз бо­йын­ша әр сауын малға 4000-5000 кг. сүт сауатын бірегей ша­руа­шылықтар бол­са, бүгін­де олардың саны аталған облыстар­дың өзінде бірнеше он­дық­ты құрап отыр. Сонымен қатар, «Зеньченко и К» құрылымын өнім­дер өндіретін шаруа­шы­лық қана емес, көп са­лалы, тұтынушыларға тікелей өңделген өнімдер ұсы­на алатын өндірістік комбинат деп атауға болады, тәу­ліктік сүт өнімі көлемі 30 тонна. Бұл шаруашылықтар орналасқан елді мекендер инфрақұрлымдары мейлінше тұрғындар қажеттілігіне сай қалыптастырылған, мы­­салы, «Зеньченко и К» серіктестігінде орталық елді мекен көшелері абаттанды­рыл­ған, жас мамандарға са­лынған зәулім үйлер қатар түзеп тұр, орталықтан­ды­рыл­ған жы­лу жүйесі қызмет етеді. Аталған шаруашы­лық­тар­дың қайсысында болма­сын, кеңседе, өндіріс алаң­ын­да бос жүрген адам­дар­ды бай­қау қиын, бұл көрініс еңбек тәртібінің үлгі­сін көр-сет­кендей. Бұл шаруашылықтар ауыл шаруашылығы ғылымы мен мал тұқымдарын асылдан­дыру іс-шараларын өндірісі­нің негізгі арқауы етіп, бұл бағытта бір-бірімен бәсеке­лестікті де қалыптастыр­ғанға ұқсайды. Ауылшаруа­шылық өндірісі, ғылымы, мемлекеттік басқару салала­рында біршама тәжірибе жинақтаған маған, аталған шаруашылықтар басшыла­ры, мамандарымен кездескенде, ойланбай сұрақтар қою немесе пікірлер айту оңай болған жоқ. Дегенмен де бұл шаруашылықтар тізгінін өзге ұлттар өкілдерінің иеленіп отырғанын да айт­пауға болмайды. Осыған орай, Елбасымыздың ұлты­мыз, тіліміз, дініміз туралы пікірталас туындағанда «ма­ңай­­­ларыңа қарасаңдар­шы» деген сөзінің мағына­сын мен осында түсінгендей болдым. Елбасымыз Нұрсұлтан На­зарбаевтың ауылды ре­фор­малауға қатысты «бізге дейін еліміз тарихында тәуел­­сіз мемлекет құру тә­жі­­ри­бесі болған жоқ, сон­дық­тан да бұл маңызды іс-шараны ат­қаруда кемшіліктер мен қиындықтардың болуы да ықтимал» деп атап көрсет­кеніндей, бұл шаруашылық­тарда да бар­лық жағдай ауыл реформ­а­сында болжан­ғандай деп айтуға болмайды. Біріншіден, аталған ша­руашылықтардың дені мал шаруашылығы өнімділігін жетілдіруде тікелей шетелдермен байланыс жасауға құлықтылықтарын байқат­ты. Әрине бұл нарық жағ­дайын­да құрылымдар ие­лері­нің жеке құзырындағы мәселе. Дегенмен Үкіметтің им­портты алмас­тыру, отан­дық өнімдер, қыз­меттер үлес сал­мақтары ту­ралы бағдар­ламаларына сай, ауыл ша­руашылығы отандық ғы­лы­ми-өндірістік құры­лым­дар қызметтерін пайда­ла­нуы қажеттігі сөз болғанда шаруашылық басшылары бұ­ған түсіністік білдірді, осы­ның арқасында «Асыл тү­лік» АҚ қызметтері ауқы­мын арттыруға мүмкіндік пайда болды. Екіншіден, бұл шаруашылықтарда мал ма­ман­дары жалақысының тым төмендігі де әңгіме бол­ды. Дегенмен де шаруа­шылық иелері бұл жағ­дай­ды ма­мандарға жеңілде­тіл­ген ба­ға­да жем-шөп, ауыл­шаруа­шылық өнімдерін берумен толықтыратындарын айтты. Бірақ бүгінде мемлекет мал шаруашылығы шы­ғын­дарын азайтуға арнайы қайтарым­сыз қаражаттар (субсидия) беріп жатқанда, тікелей мал өнімдерін өнді­руге қатысты қызмет­керлер­дің жалақысын көтеру мүм­кіндігі бар екенін де мойын­дағандай болды. Үшінші­ден, бүгінде үлгілі де тиімді шаруашылық жүр­гізу жекелеген адамдардың кәсі­би іскерлігіне, қабілеті мен беделіне байланысты екені жа­сырын емес. Елбасымыз биылғы ауыл шаруашылығы қызметкер­лері­нің республикалық жиы­­­нында ауыл шаруашылығы саласын тұрақтандыру, іріленген шаруашылықтар ма­­­ңайында шағын ауыл­ша­руа­­шылық өнімдерін өнді­ру­шілерді шоғырландыру қа­­жет­тігін, мал ша­руашы­лы­ғында субсидиялау іс-шара­сының жалғасатынын, бұл бағытта ғылыми ізде­ніс­тер­дің маңыздылығын нақтылы атап өтті. Дегенмен мемлекет та­ра­пынан тікелей ауыл ша­руа­шылығы саласына көр­се­тіліп жатқан қамқор­лық­қа қарамай, бүгінде ком­байн­дары мен мал бас­та­рын үй­лер ауласына қо­йып, баға­тын ауылшаруа­шы­лық өнім­дерін өндіру­ші­лер са­ны­ның азаймай отыр­ғаны қынжыл­тады. Елі­міз Кеден одағына еніп, келешекте Бүкіләлем­дік сауда ұйы­мы­на өтуге талпынып жат­қан­да мұндай шаруа­шы­лық құрлым­дары­ның келешегі шектеулі екенін түсінетін мезгіл жеткен сияқты. Әри­не, енді кішігірім шаруа­шы­лық құрылым­дарына бі­рі­гіңдер деп ай­тудың да қ­а­жеттілігі жоқ сияқты. Сондықтан өндіріс­тік мүм­кін­діктері бар ша­ғын құ­ры­лымдардың мемлекет та­рапынан қарасты­рыл­ған түр­лі қолдаулар мен көмек­терді пайдаланып, шаруа­шылық ауқымын арт­тыруға бағыт алуы ең тиімді жол болса керек.

Кәкімжан САРХАНОВ, «Асыл түлік» АҚ-тың бөлім бастығы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.