• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2018

Семей қасіретіне арналған еңбек жапон оқырмандарына жол тартты

589 рет
көрсетілді

Тағдыры ядролық жойқын қарудың тақсіретімен түйіскен қазақ пен жапон жұрттарының арасындағы келісті қарым-қатынас жоралғысы жарты ғасыр бұрын басталған. 1957 жылы Токиода өткен сутегі және атом бомбаларына қарсы ІІІ халықаралық конференцияға қатысқан жазушы Мұхтар Әуезовке күншығыс елі керемет ілтипат көрсеткені белгілі.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Сол сапарында әйгілі қаламгерге жапонның көрнекті жазушылары, арасында кейін Нобель сыйлығын алған Ясунари Кавабата да бар, ыстық ықылас танытқан болатын. Алайда шетелге шығарса, соңынан үштіктің үндемесін де ілестіріп жіберетін кеңестік кезеңде туған жері ядролық сынақ алаңына айналған жаны жаралы жазушы жүрегіндегі сырды толық ақтара алмаса керек... Бүгінде әлемді ядролық қарусыздандыру бейбіт миссиясының бастамашысына айнал­ған Қазақстанның Жапониямен ара­дағы барыс-келісі еркін әрі жиілей түсті. Екі елдің басшылары қол жеткізген уағдаластықтар аясында әсіресе, ғылым мен білім саласындағы екіжақты алмасулар көбейді. Бір ғасыр бұрын Алаш арыстары армандаған аралдағы елде тәуелсіздіктің төл буыны білім алып, дара мәдениетіне бойлай түсті. Сол жастардың қатарында жемісті жұмыс істеп жүрген әлеуметтанушы Ақерке Сұлтанованы да айтуға болады.

Жуырда Ақеркенің Семей полигоны жайлы жапон тіліндегі кітабы Жапониядағы Kadensha баспасынан жарыққа шықты. Бұл жаңалықты шығыс­танушы-дипломат, еліміздің Жапония­дағы елшілігінде біраз жыл қыз­мет атқар­ған Батырхан Құрмансейіт әлеу­меттік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, Ақерке Сұлтанова – қазақстандық жапонтанушылар арасында жапон тілінде кітап шығарған алғашқы автор. Отандасымыздың аталған еңбегі туралы Жапонияның жаңадан жарық көретін кітаптар жайлы жазатын book watsh сайты, «Чьюгоку Шинбун» атты күн­делікті газеті жазған екен. Жинақта Семей қаласының көне және Алаш саяси қозғалысының орталығы болған кездегі тарихы мен Семей сынақ полигонына қатысты тың деректер, фотосуреттер топтастырылған.

«Кітаптың бірінші бөлімінде адам тағдыры арқылы Семей ядролық сынақ полигонының қарапайым халыққа қалай әсер еткенін жеткізуге тырыстым. Екінші бөлімде Семей сынақ алаңының құрылу кезеңінен бастап соңғы жарылысқа дейінгі тарихы қамтылады. Бұл полигон туралы толық картинаны және ресми дерек­көздерінде жоқ мәліметтерді береді деп ойлаймын. Сондай-ақ Қазақстан­ның әлемді ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесі туралы әңгімеленеді», дейді автор.

А.Сұлтанованың аталған кітабының ресми жарнамасы жапондық Амазонда жарияланды, ал сатылымға биылғы 18 шілдеден бастап шықты. Бүгінде университеттер мен жекелеген оқырмандар тарапынан алдын ала тапсырыстар да түсуде. Сонымен бірге Жапонияның үш бірдей ірі басылымы автордан сұхбат алу үшін хабарласса, баспа жаңа жинақты 1500 данадан 3 мың данаға дейін көбейту туралы шешім қабылдапты.

Биыл «Семей-Хиросима» жобасына – 20 жыл. Осы атаулы оқиғаға орай өткен жиында Ақерке алғашқы кітабын жапондық оқырмандарға таныстырды. Бұл жиынға «Семей-Хиросима» жобасының мүшелері, Семей медицина университетінің профессоры Найля Шайжүнісова, Хиросима қаласының 8 жыл мэрі болған Хираока сан да қатысты. Бүгінде баспа редакциясы мен «Семей-Хиросима» жобасының кеңсесіне хабарласып, аталған жинақты сұраушылар көбейе түскен көрінеді. Автордың айтуынша, баспа директоры мен бас редакторы кітаптың мұқабасына Ақерке­нің отбасылық фотоальбомындағы бүлдір­шін кезінде ата-анасы, бауырлары­мен бірге түскен ескі суретті беруді өтін­ген көрінеді. Өйткені автор бұл еңбегінде бірқатар оқиғаларды балалық шағы, бауыр­­лары, ата-анасы, өскен ортасы туралы естеліктермен қатар өреді. Қаза­қстанның төл тарихы, мәдениеті, қор­шаған ортасы мен киелі орындары туралы деректер де жапондықтардың қызығушылығын тудырып отыр.

«Әрине Семей сынақ алаңы туралы осы өңірде өмір сүріп жатқан тұрғын­дардың қатысуымен толық мағлұмат беруді қаладым. Өйткені Семей ядролық полигоны жер бетіндегі маңа­йында адамдар тұратын жалғыз сынақ алаңы. Сондықтан бұл кітабым атом­нан зардап шеккен семейліктерге Жапо­ниядан бастап, басқа да елдердің түрлі көмек көрсетуіне негіз болады деп үміттенемін. Полигон маңында тұрған адамдардың қасіретін күллі әлем естуі, атом бомбасынан зардап шек­кен Хиросима мен Нагасаки қала­лары­на көрсетілген құрметке олар да ие болуы тиіс. Сондай-ақ полигонды жабу жолындағы мемлекет және қоғам қайраткері К.Бозтаевтың, «Семей-Невада» қозғалысының және Елбасы Н.Назарбаевтың өлшеусіз еңбегіне тоқталдым», дейді А.Сұлтанова.

Ақерке Өмірзаққызы аталған еңбекке Семей қаласындағы, Абай ауданындағы Қайнар, Қарауыл, Саржал, Дегелең ауылдарының тұрғындарымен жүргізген сұхбаттары енгенін, кітаптың репортаж жанрында жазылғанын айтады. Автордың жапон тіліндегі жазбасына бас­па редакторлары жоғары баға беріп, тіпті Нобель сыйлығының иегері Светлана Алексеевичтің жазу қолтаңбасынан асып түскенін айтып, әзілдепті. 125 миллион халқы бар Жапонияның оқырмандарына қазақ қаламгерлерінен жапон тіліне аударылған Ілияс Есенберлин шығармасы ғана таныс екенін ескерсек, жас жапонтанушы жинағының елімізді жаһандық мәдениетке таныстырудағы орны ерекше екенін бағамдауға болады.

Ақерке – Семей қаласындағы №26 орта мектептің түлегі. Оқушы кезі­нен тіл меңгеруге жетік қаршадай қыз 2000 жылы «Семей-Хиросима» жоба­сы­ның байқауында жеңіске жетіп, Хироси­ма шаһарындағы «Санио герлхай скул» атты қыздар мектебінде бір жыл оқуға мүмкіндік алған болатын. Жас­тайы­нан жапон тіліне жетік ол Қайнар уни­вер­ситетінің халықаралық қатынас­тар факультетін бітірді. Токио универ­сите­тін­де білімін жетілдіріп, ең жоғары І дәре­желі сертификатты иеленген Ақерке Жапонияның аса беделді Хитоцубаши университетінің магистратурасын тәмам­даған. 2006 жылы Астанаға жұмыс сапарымен келген күншығыс елінің Премьер-Министрі Дзюньитиро Коидзумидің Елбасымен арадағы келіс­сөздері кезінде аудармашылар қатарында жұмыс істеді. Жапон елінің бірінші арнасы саналатын «NHK» телеарнасы түсірген Семей полигоны туралы фильмнің жобасын үйлестірушілердің бірі болды. Ал жас жапонтанушының бүгінгі жаңа белесі – жапон тілінде тұңғыш рет ел тарихына қатысты еңбек жазуы болып отыр.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»