• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Тамыз, 2018

Алматыда жер сілкінді

404 рет
көрсетілді

Жерасты дүмпулері сағат 18:22 шамасында болды және олар 5-6 секундқа жалғасты. Үйлерде аспалы шамдар шайқалды.

Алматылықтардың айтуынша, кейбір пәтерде жиһаздар орнынан қозғалған. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 53 шақырым жерде оңтүстік-шығыста Қазақстан аумағында болған.

«Энергетикалық классы - 12.0. Тербелістің магнитудасы - 5.2. Жерасты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінің күші - 4 балл», - деп хабарлады Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының өкілдері.