• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Асқар асуларға жетелейді

289 рет
көрсетілді

11 қарашада Астанада Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Ұлт көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суы­мен өткен агроөнеркәсіп кешені қызмет­кер­лерінің республикалық фо­румын мен өмірімнің ең бір жұлдызды шағына балай­мын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған мәртебелі жиында Елбасымыздың қо­лы­нан «Қазақстанның Еңбек Ері» ата­ғын алу зор құрметіне ие болдым. Эко­но­микалық, өндірістік үздік жетістік­те­рі­міздің бағалануы алдымен елге, ха­лыққа көрсетілген үлкен сенім деп білемін. Аз жылдар аралығында аграрлық сектордың бұрын-соңды болмаған белестерге көтерілгенін, ауылдарды жаң­ғыр­ту бағытында орасан жұмыстардың тынды­рыл­ғанын Мемлекет басшысы әр­дайым айтып келеді. Тәуелсізді­гіміз­дің ұлы тойы­на арналған салтанатты жиналыста сөй­ле­ген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа мем­лекет ретінде ірге тіккен Қазақстан­ның қазіргі және ал­дағы басымдықтарын айқындап берді. Соңғы он жылда ғана экономикамыз­дың шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім 20 есе өсіп, 7 триллион теңгені құраған. Егер 1993 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 700 доллар болса, бүгінде 11 мың доллардан асып отыр. Халықаралық сарапшы­лар­дың «Қазақстан – жемісті мемлекеттік жоба» деп жоғары баға беруі әншейін айтыла салған сөз емес. 2003 жылы қа­былданған дамудың 2003-2015 жыл­дар­ға арналған индустриялық-инновация­лық даму бағ­дарламасы экономика­мыз­ды өркендетуге ерекше серпін беріп, әртараптандыру ба­ғытының бастауына айналды. Ауыл шаруашылығының жал­пы өнім көлемі соңғы он жылда 4 есеге ұлғаюының өзі-ақ көп нәрсені аңғартып тұр. Мерейтойлы жылы егістік алқап­та­ры­нан 30 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Мұндай рекордтық өнім соң­ғы жарты ғасыр ішінде болмаған. Біз мұндай табыстарға АӨШ саласы сая­сатының дұрыс үйлестірілуі арқасында жетіп отырмыз. Елбасымыздың тікелей қолдауы нәтижесінде аграрлық секторға соңғы бес жылда республикалық бюджеттен 670 миллиард теңге бөлінді. Мемлекет демеуіне арқа сүйеген фермерлер бүгінде жоғары өнімді техникалармен жұмыс істейді. Ылғал ұстаушы техно­логияларды кеңінен қолданады. Мемлекеттік аграрлық саясатының жемісін солтүстікқазақстандық диқан­дар да нақты сезініп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы – астықты өңір. Еліміздегі ауыл­шаруашылық өнімдерінің 12 пайызы осын­да өндіріледі. Оның 60 пайыздан астамы егіншілік саласы есебінен қам­тама­сыз етіледі. Биыл гектар берекесі 22,7 центнерден айналып, Отанымызды 9 миллион тонна сапалы астықпен қуанттық. Бір жылдың ішінде ғана 7 миллиард теңге субсидия бөлінді. Сөйтіп, машина-трактор паркінің 80 пайызын жаңалауға мүмкіндік туды. Өңірде индустрияландыру кар­та­сына 30 миллиард теңгенің 24 жобасы енгізіліп, 18-і іске қосылды. Президентіміз өз сөзінде мықты эко­номика мен күшті мемлекет қалып­тас­тырумен шектелмейтінімізді, алдағы онжылдықтар тарихи секіріс дәуірі болуы жөнінде міндеттері қойды. Оған жету жолдарын атап көрсетті. Солар­дың ішінде айрықша назар аударатыны – Қазақстан­ның инновациялық дамуы­ның жол кар­тасы «Жүз инновация» бағдарламасының ұсынылуы. Біздің шаруашылық ғылым жетістіктері мен озық технологияларды өндіріспен ты­ғыз ұштастырып, толайым табыстарға жетудің барлық жолдарын жіті қарас­тырып ­келеді. Биыл 70 мың га алқапқа дәнді да­қылдар сепкен едік. Агротех­ни­ка­лық та­лап­тарға сай күтіп-баптаудың арқа­сын­да шығымдылық 30 центнерден асып түсті. Бүгінде етті мал шаруа­шы­лы­ғын да­мы­туға, оның экспорттық әлеуе­тін арт­тыруға айрықша мән беріп отырмыз. Асыл тұ­қымды мал шаруашылығы мәртебесін иелене отырып, сүтті және етті ірі қара малын 4 мың басқа жеткіздік. Жергілікті қазақтың ақбас және қара ала сиыр­ларымен қоса Канададан голштинг асыл тұқымды малдары әкелініп, екі мың басқа шақталған сүт фермаларын іске қостық. Бүгінде әр сиырдан алынатын өнім мөлшері 8 мың литрді құрайды. Жуырда шет елден тағы да бес жүз бас сүтті сиырлар жеткізілді. Ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсек, алдағы жылдары мал басын 6 мыңға жеткізбек ойымыз бар. Елбасының Маңғыстау облысы активінде сөйлеген сөзі де әрбір қазақстан­дық­қа үлкен ой салып, тәуел­сіздігімізді тұғыр­лы ету жолын­да­ғы абы­ройлы белестерге жетуде бірлік пен татулықты берік ұстану қажеттігін тағы бір  еске салады. Руслан  МОЛДАБЕКОВ, Қазақстанның Еңбек Ері,  «Тайынша-Астық» ЖШС-нің бас директоры. Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы.