• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

«Ақ жолды» алаңдатар мәселе бар

267 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде: «Қазақстан Рес­публикасында зейнет­ақы­мен қамтамасыз ету проб­ле­ма­ла­ры. Жетім бала­лар­дың, мүг­е­дектердің, күн­кө­рісі тө­мен адамдардың әлеу­меттік бейімделуі үшін лайықты жағ­дай жасау» деген тақы­рыпта дөңгелек үстел өтті. «Ақ жол» партиясы мем­лекеттік саясаттың бас­ты мақ­­саты – азаматтардың ма­те­риалдық әл-ауқатын үз­дік­­сіз арттыру, халықты әлеу­­­мет­тік қорғау және әлеу­­мет­тік қамтамасыз ету рефор­ма­сын дәйектілікпен жүргізу, әлеуметтік әділет­ті­­лікті сақ­тау, зейнетақымен қамта­ма­сыз ету. Бұлар қо­ғам­дағы ма­ңыз­ды мәселе­лер­дің негізгі буын­дарының бірі екені анық. Қазақстанда зейнетақы­мен қамтамасыз етудің үш дең­гейлі жүйесі қолданы­ла­тыны белгілі: жасына қарай арқау­лық жәрдемақы, бюд­жет қара­жа­ты есебінен тө­ленетін ор­тақ­тас (еңбек) зей­нетақы, жи­нақ­­тау­шы және ерікті зей­нет­ақы. «Ақ жол» партиясы төр­аға­сының орын­басары Л.Жу­­ла­нованың ай­туы­на қа­ра­ғанда, «Ақ жол» партиясы зейнет­ақы­мен қам­та­ма­сыз етудің барлық үш дең­гейінде туындаған проб­лема­лар­ды шешуді қажет деп са­най­ды. Олардың пікірінше, жал­пы алғанда, зейнетақы жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Өте маңызды есеп айы­ры­сулар негізінде қазіргі за­ман­ғы, теңдестірілген зей­нет­ақы жүйесінің ұзақ мерзімдік стра­тегиясын әзірлеу ке­рек. Қа­зақ­стан Респуб­ликасының жинақ­таушы зей­нет­ақы жүйесінің тиімді жұ­мыс істеуін көздейтін ұзақ мерзімдік бағдарлама қа­был­дау, жинақтаушы зейнет­ақы қорларының кірістілігін арт­тыратын институттық тетіктерін әзірлеу, олардың инвес­ти­циялық мүмкіндіктерін ке­ңей­ту де бүгінгі күннің тала­бынан туындайды. Отырыс аясында Л. Жуланова мынаны атап айтты: «Са­­ны 6-8-ден аспайтын қор­ды сақтап, жинақтаушы зей­нет­­ақы қорларын ірілендіру, жи­нақ­таушы зейнетақы жүйе­­­сін­де әкімшілік шығыс­тар­ды азай­ту ұтымды болады деп есептейміз.  Еңбек және ха­лық­ты әлеу­меттік қорғау министрлігінің халықтың зей­нетақы жинақ­та­рының нақты жағдайына мониторинг және болжам жа­сауы­на жауапкершілігін арт­ты­ру қажет. Өз қыз­меткерлеріне ерікті кәсі­би зейнетақы жар­на­ларын аударған жұмыс берушілер үшін ынталандыру шара­ла­ры жасалуға тиіс», деді ол. Отырыста жұмыс істеп жү­ріп, зейнетақы қорына ерікті зей­нетақы жарна­ла­рын аудар­ған азаматтарды мемлекет ын­таландыра ала­тыны, зейнеткерлік жас­та­ғы адам­дар­ды экономика са­ласындағы жұмысқа тарту тәжірибесін кеңейту қа­жет­тігі, жетім ба­лаларға, мү­гедектерге, зейнеткерлерге, күнкөрісі төмен адамдарға лайықты жағдай жасау үшін Үкімет шаралар кешенін қабылдау қажеттігі де назардан тыс қалмады. Дөңгелек үстелдің жұ­мы­сына жинақтаушы зей­нет­ақы қорларының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым минис­тр­ліктерінің өкілдері, қала кә­сіпорындарының бас­шы­ла­ры, ҮЕҰ өкілдері, осы проб­лемаларды шешуге   тиіс қыз­меттер қатысты. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.