• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2018

Қос тарапқа да тиімді келісімдер жасалды

236 рет
көрсетілді

2005-2017 жылдар аралығында түрік инвесторлары Қазақ­стан­ның экономикасына 4,6 млрд доллардан астам қаржы құйды. Түрік инвестицияларының бір ерекшелігі, олардың экономиканың өңдеуші секторына, сауда саласына және логистикаға көптеп салынуы еді.

Бүгінде түрік инвесторлары тау-кен, энергетика сала­ларына да қызығушылық таны­ту­да. Мәселен, «Lidya Madencilik» атты түрік компания­сы Қара­ған­ды облысындағы Оң­түс­тік Мойынты алтын кен орны­ның 100% үлесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ екі ел сауда айналымын қазіргі 2 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін көбейтуге келісті. Бүгінде Қазақстан Түр­кия­дан тауарлардың үлкен ассор­тиментін импорттайды, соның ішінде халық тұтынатын тауарлар (киім, аяқ-киім), құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі­нің өнімдерінің үлесі басым. Түркия үшін Қазақстан ең алдымен құрылыс саласында қызмет көрсету нарығы ретін­де тартымды. Қазақстанда Sembol, ENKA сияқты түрік ком­па­ния­ларының филиалдары табысты жұмыс істеуде. Түркия­ның Sembol Construction компа­н­ия­сы­ның филиалы 2017 жылы елі­міздің бюджетін 17,27 млрд тең­геге толтырып, құрылыс компа­ния­­ларының ішінде ең үлкен салық түсімдерін қамтамасыз етті.

Қазақстан үшін экспорты­ның құрылымында 41%-і тұтыну­шылық, 47% аралық және 11% инвестициялық тауарды құрайтын Түркияның тәжірибесі өте пайдалы. Өз капиталымен және технологияларымен келе­тін түрік кәсіпкерлері Қазақстан өңір­лерінің әр түрлі сала­ларын дамытуға елеулі үлес қосуға қабілетті.

Айжан МҰҚЫШБАЕВА,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы