• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Данияр АҚЫШЕВ: «Үкіметтің және Ұлттық Банктің экономикалық саясаты теріс болжамдардың іске асырылуына мүмкіндік берген жоқ»

260 рет
көрсетілді

Кейде болжамдар орындалмайды. Мұны барлық уақытта бірдей нашар деуге болмайтынын осы жыл көрсетті. Үнемі дағдарыстың екінші толқынының қайталану қаупі және проблемалар болжанған және кейбіреуі орындалмаған қаржы секторы үшін 2011 жыл – дағдарыстан кейінгі кезеңдегі неғұрлым сәтті жыл болды. Жылдық көрсетуде инфляция желтоқсанның басында Ұлттық Банктің болжамды дәлізіне кірді және 7,8% болды. Елдің алтын-валюта активтері 2011 жылғы 11 айда 27,3% өсті және 75,4 млрд. АҚШ долларынан асты. Валюта нарығы, сондай-ақ барлық болжамдар мен қауесеттерге қарамастан, тұрақты, ең бастысы, басқаруға көнді. Банк жүйесіндегі депозиттердің жалпы көлемі жыл басынан бастап қарашаға қарай өсті және 8,5 млрд. теңгеден асты. Кредиттік нарықтағы ахуал да икемге келді: 11 айда кредиттеудің өсуі 11,2% болды. Еуроаймақ проблемаларына, АҚШ экономикасы жөніндегі жағымсыз хабарларға, Араб әлемі елдеріндегі сілкіністерге қарамастан, ел үшін сыртқы ая қолайлы болды. Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары әлемдік нарықтарда жо­ғары сұранысқа ие және тиісінше құны да жақсы болды. Мұның өзі, нәтижесінде, елге валюта ағынын қамтамасыз етті. Өтіп бара жатқан 2011 жыл тарихта тағы несімен есте қалады? Бұл жөнінде және өтіп бара жатқан жылдың бол­жамды қорытындылары туралы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орын­басары Данияр АҚЫШЕВПЕН сұхбаттасып көрелік.

ТЕРІС БОЛЖАМДАР ОРЫНДАЛҒАН ЖОҚ

– Данияр Талғатұлы, 2011 жыл жаңа дағ­­­дарысты күтумен өтті. Бақытымызға қарай, мұндай күтулер іс жүзінде болған жоқ, алайда ҚР ҰБ ақша-кредит саясатына айтарлықтай түзетулер енгізілді. Осы жыл тарихта қандай үрдістермен, оқиғалармен, қабылданған іс-шаралармен өзіндік ізін қалдырады?

– Ең алдымен, 2011 жылы Ұлттық Банк Қа­зақстан Үкіметімен бірлесіп елдің экономикасын әртараптандыруға, баға тұрақтылығына, қаржы сек­торына қолдау көрсетуге, ұлттық валютаның тұрақ­тылығын қамтамасыз етуге бағытталған эко­номи­ка­лық саясатты іске асыруды жалғас­тыр­ғанын атап айтамын. Жыл ішіндегі біздің ы­н­­ты­мақтастығымыз осы кезеңнің аяғындағы оң мак­роэкономикалық нәтижелерге себепші болды. Осы бірлескен та­быс­ты жұмыс – экономикалық нашар көріністердің іске аспауына, ал теріс болжамдар­дың орындалмауына бірден-бір себепші болды деп ойлаймын.

Ұлттық Банктің алдына қойылған міндеттер бөлігінде осы табыстың құрамдас бөлігін алып қа­райтын болсақ, онда, ең алдымен баға тұрақ­ты­лы­ғының қамтамасыз етілуі. Жылдың бірінші жар­тысында сыртқы күйзелістерге байланысты елдегі инфляциялық үдерістер біршама күшейді, алайда 2011 жылғы қазанның аяғында жылдық инфляция деңгейі 6-8% мақсатты дәліз шегіне қайта оралды. Екіншіден, 2011 жылы ұлттық валюта әлемдік эко­номикада болып жатқан теріс қаржылық үрді­с­тер­дің аясында өзінің тұрақтылығын көрсеткенін атап айту қажет. Атап айтқанда, АҚШ-тағы кредиттік рейтингілердің төмендегені, Еуропадағы проблемалар. Бұл үдерістердің қазақстандық валюта на­ры­ғына ықпал етуде біршама үлесі бар, алайда олар теңге тұрақтылығының ауытқуына әсер етпеді.

Үшіншіден, елдің қаржы секторы тұрақты жұ­мыс істеуде. Мұны банктер кредиттерінің және сол сияқты депозиттерінің өсу фактісі көрнекі түр­де көрсетіп отыр. Банктердің кредиттік белсенділігі қал­­­пына келуде, кредиттеу көлемі бойынша дағ­дарысқа дейінгі цифрлардан асып кетті. Егер үш жылға жуық кредиттеудің іс жүзінде болмағанын ескерсек, мұның ерекше мәні бар. Сонымен қатар, банктердің депозиттік базасы өсуде. Оның ішінде халықтың депозиттері жыл басынан бері 18% ұлғайды, ал бұл адамдардың елдің қаржы жүйе­сі­не және ұлттық валютасына деген сенімінің өске­нін көрсетіп отыр. Соңғысы, жылдың қорытын­дысы бойынша Қазақ­станның төлем балансы біздің басты экспорттау объектілерімізге әлемдік бағаларына қатысты қолай­лы ахуалға байланысты оң болып отыр.

ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ НАШАР ПОРТФЕЛЬМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

– 2011 жылдың міндеттерінің бірі банк­тер­дің нашар портфельдерін «сөгу» болды. Алайда, үмітсіз кредиттердің көрсеткіші бұрын­ғы­ша жоғары. Бұған халықаралық талдаушылар – рейтинг агенттіктері, ХВҚ да назар аударуда. Осы міндетті шешуге не кедергі жасады, ал­ғы­шарттар жасалды ма және болжамы қандай?

 – Кредиттік портфель сапасының төмен болуы Қазақстан банктері үшін айтарлықтай проблема болуда. 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойын­ша тұтастай жүйе бойынша алғанда жұмыс істемейтін активтерінің үлесі 37,22% құрады. Бұл ретте банк жүйесінің портфелі сапасының нашар­лау­ы­на үш ірі банктің («БТА Банк», «Альянс Банк» және «Темiрбанк») жұмыс істемейтін заемдары ай­тарлықтай үлес қосуда, олар 2009-2010 жыл­да­ры кредиттік портфельдерін қайта құрылымдады.

 Қазақстан банктерінің проблемалық активтері үлесінің жоғары болуына тек заемшылардың тө­лем жасауға қабілеттілігі ғана емес, сонымен қа­тар бірқатар басқа факторлар себепші болды. Мә­селен, банктер жұмыс істемейтін заемдарды баланстан есептен шығаруға талпынған жоқ. Бұл заемдар есептен шығарылған жағдайда провизия­ларды қалпына келтіруден түсетін кірістерге салық салуға бай­ла­нысты мәселелердің реттелмегендігіне байланысты болды. Сонымен қатар, банк­тердің «Кредит нары­ғының жай-күйі және болжамы» зерттеуін жүргізу барысында алынған өз растамалары бойынша көп­те­ген банктер жыл­жымайтын мүлік бағаларының өсу­ін күтуде, осыған байланысты олар жылжы­май­тын мүлікпен қамтамасыз етілген проблемалық заем­дар­ды баланстан есептен шығаруға асықпай отыр.

Банктердің кредиттік портфелі сапасының төмен болу проблемасын шешу мақсатында Ұлт­тық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен және нарықтың өкілдерімен бірлесіп Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсарту тұжырым­дамасын әзірледі. Бұл құжат банктерден проб­ле­малық кредиттерді сатып алу және олардың құнын қалпына келтіру үшін Ұлттық Банктің 100% қа­тысумен Ұлттық Банктің еншілес арнайы ұйы­мын құруды болжайды. Қазіргі кезде бұл ұйым – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мемлекеттік тіркелуден өтуде. Сонымен қатар, Тұжырымдама шеңберінде банктердің өзінің проблемалық активтерді басқарумен айналысатын арнайы «еншілес» ұйымдарын құру да болжанып отыр. Екінші дең­гей­дегі банктердің жұмыс істемейтін заемда­ры­ның көлемін төмендету көбінесе Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыруға қатысты болады. Прови­зияларды қалпына келтіруден түскен кірістерге салық салуға байланысты проблемалардың қазіргі кезде іс жүзіне шешілгені маңызды фактор болып табылады. Бұл жұмыс істемейтін заемдарды банктердің балансына есептен шығару барысының катализаторы ретінде болуы тиіс.

ӨСУ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

– Аяқталып келе жатқан жылы банк сек­­то­ры кредиттеу көлемі өсуінің 11 пайыздық дең­гейіне шыға алды. Сондай-ақ болжанып отыр­ған­дай, кредиттеудің өсу деңгейі 2012 жылы осы көрсеткіштен асуы мүмкін. Ұлттық Банк­тің енді реттеушінің де рөлін атқаратынын ескере отырып, сіз осы өсу себепші болған тәуекелдерді қалай бағалайсыз?

– Банктердің экономиканы кредиттеуінің жал­пы көлемі қаңтар-қазанда 11,2% ұлғайып, 8,4 трлн. теңге болды. Бұл ретте ағымдағы жылғы 10 айда теңгемен кредиттеу 22,7% өсті, ал шетел валютасымен кредиттеу 4,5% төмендеді.

Кредиттік белсенділікті қалпына келтіру 2011 жылғы мамыр – қазан аралығындағы кезеңге тиесілі, яғни 6 айдағы қорытындылар кредиттеудің негізгі өсіміне себепші болғандықтан, болашақта біз кредиттеудің барынша жоғары өсу қарқынын күтеміз. Экономиканың 7%-ға жуық деңгейдегі болжамды өсуі кезінде кредиттеудің мұндай өсуі тәуекелді болып табылмайды, мұнда банктердің консерватизм деңгейі жаңа кредиттер беру кезінде барынша жоғары болып қалып отыр.

Мысалы, дағдарыс алдындағы жылдары, эко­но­миканың қызып кету проблемасы туындағанда оның кейбір салаларында кредиттік тәуекелдің шоғырлануы байқалды, кредиттеудің өсу қарқыны ЖІӨ өсу қарқынынан алты есеге асып кетті. 2003 − 2007 жылдар аралығында кредиттеу 60%-ға өскенде, экономика орта есеппен жылына 10%-ға өсті, бұл ретте 2006 жылы ахуал шегіне жетті, мұнда ІЖӨ-нің өсуі 10,7% болды, ал кредиттеу осы жылы 81%-ға ұлғайды.

ЕҢ ЖОҒАРЫ КЕПІЛДІК МӨЛШЕРІ – 5 МЛН. ТЕҢГЕ - САҚТАЛАДЫ …

– Салымшыларды ойландыратын мәселе­лердің бірі, депозиттерге кепілдік берудің ең жо­ға­ры деңгейі 2012 жылдан бастап қандай болады?

 – Банк секторының тұрақтылығын арттыру және халықтың банк жүйесіне деген сенімін сақ­тау мақ­­сатында, ҚР қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдікті өтеу сомасын тұрақты негізде 5 млн. теңге мөлшерінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл деңгей дағдарысқа қарсы уақытша шара ретінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана қолданысқа енгізілгенін атап өткен жөн.

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес ҚР Ұлттық Банкі тиісті түзетулер дай­­­­­ындады, олар елдің Парламенті қабылдаған «Қ­а­­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тә­уе­­кел­дерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде көзделген. Осылайша, Мемлекет басшысы жоғарыда аталған Заңға қол қойғаннан кейін және ол қолданысқа енгізілгеннен кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдікті өтеу сомасы 5 млн. теңге мөлшерінде болады.

…АЛ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ КАПИТАЛЫН ҰЛҒАЙТАДЫ

– Салымдарға кепілдік беру қорының бүгінгі күнгі жай-күйі қандай? Бұл мәселе салым­шы­лар­ды қайта құрылымдаудан өткен банктердің оңай емес жағдайынан туындаған сыбыстарға байланысты алаңдатып отыр. Олар белсенді түрді салымшыларды тартуда және кредиттерді барынша ұсынуда. Дисбаланс туындамай ма?

– 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бой­ын­ша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қо­ры­ның арнайы резерві 153,1 млрд. теңге болды. Соңғы үш жылда Қорды Қазақстанның Ұлттық Банкі қосымша капиталдандырды, оның нәти­же­сінде Қордың жарғылық капиталы 16 млрд. теңге­ден (2008 жылғы қазан) 121 млрд. теңгеге (2011 ж. желтоқсан) дейін, яғни 7,5 есе өсті. Бұдан басқа, дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылдың аяғында Ұлттық Банктің Қор­ды тағы 10%-ға, яғни 12,1 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруы күтіледі. Қажет болған жағдай­да, Қордың жарғылық капиталын мұндай толты­рулар одан әрі жүзеге асырылатын болады.

Қайта құрылымдаудан өткен банктер өз актив­те­рінің сапасын жақсарту бойынша белгіленген бизнес-стратегияларын әзірледі және бүгінгі күні оларды ойдағыдай іске асыру үстінде. Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің және Қазақ­стан­ның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілет­тіктер пакетінде қажет болған жағдайда банк­тер­дің депозиттер тартуға және кредиттер беруге қа­тыс­ты агрессияшыл саясатын ұс­тап тұруға мүмкіндік беретін шаралар кешені бар.

ЗАҢ ДОГМА ЕМЕС, ПРАКТИКА ТҮЗЕТІП ОТЫРАДЫ

– Осы жыл белсенді заң шығару жұ­мы­сы­мен ерекшеленді. Заңнамаға енгізілген қандай маңызды түзетулерді атап өтер едіңіз және олар­дың қайсысы қаржы қызметінің тұтыну­шы­ларын қорғауды арттыруға бағытталған?

– Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстанда әкімшілік тосқауылдардың болуын си­паттайтын көрсеткіштерді жақсарту, сондай-ақ «Ва­люталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңының нормаларын 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі ту­ралы халық­ара­лық шартқа (2011 жылғы 17 қаң­тардағы №389 ҚР Заңымен ратификация­лан­ды) сәйкес келтіру мақ­сатында Ұлттық Банк тиісті заң жобасын әзірледі. Заң жобасы республиканың кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақы­лау мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықты­ру­лар енгізуді көздейді. Сонымен қатар, онда тау­ар­ларды кедендік ресімдеу кезінде сыртқы эконо­ми­калық қызметке қатысушылар ұсынатын құжаттар тізбесінен мәміле паспортын алып тастау, валю­та­лық реттеу рәсімдерін нақ­ты­лау және резидент­тер­дің валюта операциялары­ның жекелеген түрлерін жүзеге асыру тәртібін ықшамдау көзделген. Жел­тоқсанда осы заң жобасы ҚР Парламентінің Сена­тында мақұлданды және қазіргі уақытта оны қол қоюға дайындау рәсімдері жүріп жатыр.

Сонымен қатар 2011 жылғы 10 ақпанда Қа­зақ­стан Республикасының Қаржы нарығын және қар­жы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі әзір­леген «Қазақстан Республикасының кейбір заң­­намалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Ипотекалық кредиттеу мәселелері жөніндегі заңның негізгі мақсаты ипотекалық кредиттердің көмегімен тұрғын үй сатып алатын азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, қаржы нарығын тұтынушылардың, бағалы қағаздар на­ры­ғындағы инвесторлардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру арқылы қаржы қызметінің сапасын арттыру, сондай-ақ «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған позицияларын арттыру болып табылады.

Ипотекалық кредиттеу мәселелері жөніндегі заң банк заемдарын берудің проблемалық міндеттерін, оның ішінде, ақпаратты тиісті деңгейде жария етудің және клиенттерге қызмет көрсетудің бі­рыңғай тәсілінің болмауымен, шарттарда клиенттер үшін әділетсіз, кіріптарлық талаптардың, оның ішінде көтеріңкі сыйақы ставкаларын белгілеумен, клиенттерге банкке жақын сақтандыру және (немесе) бағалау компанияларының шектеулі топта­рын таңумен, төлемдердің инексациясын қол­да­ну­мен байланысты міндеттерді шешуге бағытталған.

Ипотекалық кредиттеу мәселелері жөніндегі заң төлемдері индекстеуге және банк заемының шарттары бойынша талаптарды біржақты өзгер­туге тиімді, банктер, банк операцияларының же­­келеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер берген заемдар бойынша сыйақы став­ка­ларының шекті деңгейін белгілейді және банк зае­мының шарттары бойынша міндеттемелерді орын­дамағаны үшін айыппұл мөлшерін шектейді.

ЗАЕМ ТӘБЕТІ – ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША

– Қазақстандық банктер шетелдік капитал нарықтарына белсенді қызығушылық білдіруде. Елдің рейтингі көтерілген соң, шетелдік қорландыру көздеріне деген қолжетімділік жеңілдейтін шығар. Ұлттық Банк банктердің тәбеттерінің қайта оянуына дайын ба? Бүгінде банктердің сыртқы берешегі қандай және олардың динамикасы қалай?

– Халықаралық рейтинг агенттіктерінің (Stan­dard&Poor’s, Fitch Ratings) Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін көтеруі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі отандық экономиканың дамуындағы оң жағдай болып табылады. Оған қоса, осы ха­лық­ара­лық бағалау Үкіметтің де, сол сияқты Ұлттық Банктің де Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақ­ты­лығын және экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі қабылдаған шараларының барабар­лы­ғын толық көрсетеді.

Халықаралық рейтинг агенттіктерінің оң баға­сына және Қазақстан экономикасының қалыпты өсу­ін қамтамасыз ететін әлемдік тауар нарығын­да­ғы қолайлы конъюнктураға қарамастан, екінші дең­гейдегі банктердің көтерме қаржыландырудың сырт­қы нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігі, бұрын­ғы­сынша шектеулі болып отыр. Мәселен, 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша резидент еместер алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасы (ҚҚК деректері бойынша) 2 376,5 млрд. теңгені (ағым­дағы жылдың басынан бастап төмендеу – 7,3%) құрады, бұл оның банктердің жиынтық міндеттемелеріндегі үлесінің ағымдағы жылдың басындағы 23,9%-дан 20,4%-ға дейін төмендеуіне ықпал етті. Яғни, ағымдағы жылы банктердің сыртқы міндет­темелерінің төмендеу тренді сақталып отыр.

Сонымен қатар, 2011 жылдың алғашқы 11 айы ішінде клиенттердің (заңды және жеке тұлға­лар­дың) салымдары 16%-ға өсті және ағымдағы жылдың 1 қарашасында 7 914,7 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте клиенттердің банктердің жиынтық міндеттемелері құрылымындағы салымдарының үлесі сол күні 68,1%-ға жетті, бұл сыртқы міндет­те­ме­лер­дің ішкі депозиттермен ауыстырылғандығын көрсетеді.

Оған қоса, Еуроаймақ елдеріндегі дағдарыс бел­гілерінің күшеюі аясында қазақстандық банк­тердің кредиттік ресурстарының бұрынғы донор елдері бүгінгі күні өздері өтімділік тапшылығын басынан кешіріп отыр. Сыртқы көтерме қаржы­лан­дырумен байланысты тәуекелдерді (өтімділік тәуекелі, қайта қаржыландыру тәуекелі, кредиттік тәуекелдер, ва­лю­талық тәуекелдер) материал­дан­ды­ру соңғы қар­жы дағдарысының Қазақстанның банк секторына теріс әсерінің негізгі факторы болып табылады. Осы­­ған байланысты, тәуекелді сыртқы қорлан­ды­ру­дың ағынын бұдан әрі шектеу, сондай-ақ банктердің мен­шікті капиталдарын ұлғайтуды ынталандыру мақ­­­­­са­тында банктерді капиталдандыру коэффи­цен­ті Қа­зақ­стан Республикасының резидент еместері алдын­дағы міндеттемелерге қатысты қатаңдатылды.

Тұтастай алғанда, осы бағытта заңнаманы жетілдіру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығымен ма­құл­данған Қазақстан Республикасының қаржы сек­т­орын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұ­жырымдамасын іске асыру шеңберінде жалғас­ты­ры­латын болады. Атап айтқанда, банк секторының сыртқы міндеттемелерінің деңгейін төмендету жөніндегі қызметке және жалпы алғанда көтерме қаржыландыруға ерекше назар аударылады. Мәселен, сыртқы қорландыруды банктердің жи­ын­т­ық міндеттемелерінің 30%-нан аспайтын дең­гей­ге дейін шектеу және қаржы ұйымдарының сыртқы активтері бойынша тәуекелдерді қысқарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Бола­шақта сыртқы көтерме қаржыландыру тәуекелдері тиісінше бағаланып, хеджирленетін болады.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде сыртқы қорлан­ды­ру макропруденциалдық реттеу объектісі бола­ды және банк секторы үшін және тұтастай ал­ған­да, эко­номика үшін жүйелік тәуекелді тудыр­май­ды. Бұл ретте, банк заңнамасының қолданыстағы және жаңа енгізіліп жатқан талаптары банктерді қор­лан­дырудың әртараптандырылған базасын қа­лып­тас­тыруға, яғни белсенді операцияларды көбі­не ішкі қаражат көздері есебінен, атап айтқанда депозиттік база, жеке алғанда жеке тұлғалардың депозиттері есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.

ТРЕНДТЕГІ ТЕҢГЕ

– РФ Экономикалық даму министрлігі рубль­­­дің әлсіреуін болжап отыр. Ұлттық Банктің ба­ға­лауы бойынша теңгені 2012 жылы не күтіп тұр?

– Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамы бойынша болжау жасамайды және жарияламайды. Бұл ретте, қазіргі кезде теңгенің валюталық ба­ға­мының динамикасына әсер ететін факторлардың жиынтығы таяу уақытта теңгенің айырбас баға­мының ұзақ мерзімді трендін төмендетудің төмен ықтималдылығын көрсететінін атап өтеміз.

– Келер жылға жағымсыз жаһандық болжамдар айтылып жатыр. Ұлттық Банк жағдай­­ды жақсартудың қандай сценарийлерін, қандай макроэкономикалық өлшемдерді қарастырып жатыр, келер жылға қандай болжамдар бар?

– Қазіргі кезде Ұлттық Банк Қазақстан Рес­публикасының 2012 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеп жатыр. Бұл құжатта ақша-кредит саясатының негізгі басым­дық­тары, ел экономикасын дамытудың сценарийлері, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (инфляцияны, ақша ұсыныстарының көрсеткіш­терін қоса алғанда) болжамдары, сондай-ақ ақша-кредит саясатының осы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша шаралары берілген. Келесі жылдың басында аталған құжатпен танысуға болады.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді кезеңдегі ақша-кредит саясатына келсек, онда ол маңызды өзгерістерге ұшырамайды. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны орта мерзімді кезеңде жылдық көріністе 6-8% ша­ма­сында ұстап тұруды көздейтін бағаның тұрақты­лы­ғын қамтамасыз ету болып отыр. Тұрақты түрдегі төмен инфляция – елдегі макроэко­но­ми­калық тұрақтылықты сақтаудың міндетті шартта­ры­ның бірі. Сонымен қоса, теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығын және еліміздің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәсе­лелері бірінші кезектегі, стратегиялық маңызды міндеттер болып табылады және Ұлттық Банк аталған міндеттерді іске асыруға қажетті ша­ралардың барлығын қабылдайтын болады.

Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын әзірлеу жә­не жүргізу кезінде ішкі және сыртқы экономика­лар­дағы ахуалға тұрақты мониторинг және талдау жүргізеді, Қазақстандағы макроэкономикалық жағ­­­дайға теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді бағалайды. Бұл ретте Ұлттық Банк экономиканы қалыптастыру шарттарының өзгеруіне шұғыл ден қоюға және жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатына белгілі бір түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін құрал­дардың жеткілікті тізбесіне ие. Біз соңғы жылдарда жинақталған тәжірибе пайдалы, ал әзірленген ақша-кредит саясаты тиімді болатынына сенеміз.

Әңгімеміздің соңында өз мүмкіндігімді пайдалана отырып, Ұлттық Банк атынан «Егемен Қазақстан» газетінің оқырмандарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Бұл – көпшіліктің шын көңілмен күтетін және өткен жылдың қорытындысын шығара отырып, Жаңа жылға жаңа жоспарлармен және жақсы­лық­қа деген сеніммен баратын мейрам. Жаңа жыл бар­шаңызға қуаныш, сәттілік, бейбітшілік және міндетті түрде қаржылық береке алып келсін.

– Әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ.

–––––––––––––––––––

RSS        Өтіп бара жатқан жыл дағдарыстан кейінгі кезеңдегі жақсы жыл болды. Қаржы секторының көрсеткіш тері сауығып келе жатқанымызды дәлелдейді

TW         Ұлттық Банк жылдың алдын ала қорытындысын шығарды