• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Сенат жылды қорытындылады

273 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің же­текшілігімен өткен палатаның кезекті пленарлық оты­ры­сында биылғы жыл отырысы қорытындыланды. Одан белгілі бол­ғанындай, биыл 36 жалпы отырыс өткізіліп, 152 заң қабылданыпты. Сенат Төрағасы олардың ішін­де қоғамымыздағы тәртіпті бақылауды нығайтуға, еліміздегі экономиканы өркендетуге қажет­ті заңдар көп екендігін баса ай­тып өтті. Соның ішінде   Қазақ­стан­ның жеткен жетістіктерін ай­қындайтын тарихи-саяси-құқық­тық құжат – Қазақстан Респуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясы қабылданды. Сон­дай-ақ Елбасының рөлін айқын­дайтын Тұңғыш Президент күні – 1 желтоқсан бекітілді.   Парламент тарихындағы бірінші рет аталған осы деңгейдегі декларация, мен ойлаймын, қоғамдағы мемлекеттік құрылым ішіндегі Парламенттің рөлін, қоғамдағы заң шығарушы органның маңы­зын, беделін одан әрі арттыра түседі, деді Қайрат Әбдіразақұлы. Төрағаның айтуынша, эконо­ми­калық, тұрғын үй қаты­нас­та­ры, әлеуметтік-мәдени даму, білім беру және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша Премьер-Министрге және басқа мемлекеттік органдарға, министрліктерге 206 депутаттық сауал жолда­нып­ты. Осындай жемісті жұмыстары үшін Сенат Төрағасы алғысын білдіре келіп, әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен құттық­та­ды. Жылдан жылға Отанымыз­дың мерейі асқақтап, халқы­мыз­дың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқаты өсіп, жақсара берсін. Елімізге тыныштық, отбасы­лары­мыз­ға бақыт пен қуаныш, әрқай­сыңыздың жеке басыңызға ден­саулық тілеймін, деді Қ.Мәми. Қылмыстық-атқару жүйесі мә­селелері бойынша кейбір заң­на­малық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды қарастыратын заң жобасын депутаттарға ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков баяндады. Одан белгілі болғандай, өзге­ріс­тер Әділет министрлігінің қыл­мыстар жасады деп күдік келтірілген және айыпталушы адам­дар­ды ұстау,  тергеу изоля­тор­ла­рындағы адамдарға қатысты қыл­мыстық жазаларды атқару жөнін­дегі функциялары мен өкілет­тік­терін Ішкі істер министрлігіне берумен байланысты болып отыр. Осылайша қылмыстық-ат­қару қызметін бірінен екінші министрлікке қайтаратын заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Сондай-ақ орман шаруа­шы­лы­ғы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша кейбір заң­на­малық актілерге өзгерістерді қа­рас­тыратын заңдық құжат та екінші оқылымда қолдау тапты. Аты айтып тұрғандай, заң жобасы табиғатты пайдаланудың реті мен маңызын жан-жақты қамтыған. «Телерадио хабарларын тарату туралы» және оған ілеспе заң жо­балары бойынша баяндаманы Бай­ланыс және ақпарат министрі­нің іссапарда болуына байланысты оның орынбасары Ләззат Таныс­бай жасады. Заң жобасының әзір­ленуінің басты себебі – қарқынды дамып келе жатқан телерадио са­ла­сында бірде-бір салалық заң­ның болмауымен байланысты. Оның үстіне 2015 жылы еліміз сандық (цифрлық) форматқа кө­ше­ді деп күтілуде. Ал бұл өз кезегінде көптеген құқықтық мәсе­ле­лер туындатады. Сандық тарату арқылы отандық телеарналар са­ны артады. Жаңа қызықты арналардың ашылуына мүмкіндік туады, деді Ләззат Мұратқызы. Мұндай заңдық құжат көптеген Еуропа және өзге де елдердің қолданысында бар екендігі де назардан тыс қалған жоқ. Заң жобасымен бірнеше мақ­сат­тар көзделеді: азаматтардың отан­дық телеарналарға қол­жетім­ділігі мен ақпараттық қауіпсіз­ді­гін  қамтамасыз ету;  отандық ақ­па­рат кеңістігін дамыту арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, т.б. Осы ретте заңның те­лерадио саласындағы субъек­ті­лер қызметін де белгілейтіндігін айта кеткен жөн. Көп арналы хабар тарату мәселесі реттеліп, тех­ни­калық бірегей нормативтік талаптар енгізіледі деп күтілуде. Қазіргі телеарналарда қатыгездік пен зорлық-зомбылық, парногра­фиялық материалдар кезігеді. Сол себепті осындай бағдарламалар мен фильмдерді көрсетуге, әсіре­се, балалардың психологиясына кері әсерін тигізетін шетелдік өнім­дерді көрсетуге тыйым салынады. Заң жобасы бойынша қа­зақ­стандық телерадиоарна­лар­да­ғы отандық контент көлемі 2018 жылы біртіндеп 50 пайызға жеткізіледі. Отандық контентті дамы­ту­да арналардың қолжетімділігі мен міндетті пакеттері қалып­тас­ты­рылады. Заң жобасында бекітілген ең маңызды мәселенің бірі – барлық отандық телеарналар сандық форматқа көшуде ұлттық оператордың сандық пакетіне қо­сылуға кепілдік алады. Әлеумет­тік аз қорғалған отбасылар үшін отандық сандық арналарды көру үшін приставкалар бюджет қар­жы­сына сатып алынып беріледі. Заң жобасы шетелдік телерадио-арналарды да уәкілетті органда есепке тұруға міндеттейді. Кабельдік телевизия тек есепке қойылған арналарды ғана тарата алады. Сенатор Ғарифолла Есімнің Елбасының мемлекеттік тілді мең­геруді арттыру міндетіне бай­ла­нысты қойған сұрағына ми­нистр­дің орынбасары бұл мәселе бақылауда екендігін айтып жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, негізінен телерадиоарналарына мониторинг жүргізіліп келеді. Олар өз тарапынан қазақ тіліндегі хабар тарату уақытын сақтап отыр. Әйтсе де жеке меншік арналар 50 пайыздық үлесті сақтау үшін өздерінің өнімдерін орыс тілінде беріп, астына қазақ тілінде субтитр салады. Соны мемлекеттік тіл­­дегі өнім деп есептеп, 50 па­йыз­­дың ішіне енгізеді. Енді заң жо­басында нақты норма жазы­лып, субтитр қазақ тіліндегі өнім­ге жатқызылмайтын болады. Жал­пы, биыл «Қазақстан» телеарнасы таза мемлекеттік тілге көшірілсе, со­ны­мен қатар,  қазақ тіліне ба­сым­дық берілген «Мәдениет» пен «Балапан» телеарналары ашылып отыр. Сенаторлар Қуаныш Айтаханов, Ғани Қасымов  пен Жабал Ерғалиев заң жобасына қатысты өз ойларын білдірді. Нәтиже­сін­де «Телерадио хабарларын тарату ту­ралы» заң жобасы қабылданса, оған ілеспе заң жобасы бірінші оқы­лым­да мақұлданды. Артынан заң жо­басы күн тәртібіне қайта енгізіліп, екінші оқылымда қабылданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.