• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2011

Ынтымақ пен бірліктің ұясы

476 рет
көрсетілді

Облыста жүзге жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тұ­рып жатыр. Әрине, бұл этнос­тар­дың қонақжай Ақтөбе өңіріне келу тағдыры әрқалай. Алды сонау он сегізінші ғасырдың басында ішкі Ресейден ығысып келсе, со­ңы кешегі Ұлы Отан соғысы жыл­дарын­дағы жаппай жер аударуда ат басын тірегендер. Ал тың көте­ру кезінде келіп, орнығып қалғандары қаншама. Тіпті кезінде поляктар­дың, болгарлардың бір-бір ауыл болып, ұйысып отырғаны да рас. Президенттің бастамасымен өмір­ге келген Қазақстан халқы Ас­самблеясы алдында тұрған міндеттерді орындауда облыстағы эт­но­мәдени орталықтардың рөлі зор. Қазір өңірде осы жылдарда бас­тап­қыдағы бес этномәдени орта­лық­тың саны он сегізге жетті. Мұ­ның өзі этностардың өздерінің ана тілдерін, ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениеттерін сақтауға деген құлшынысын аңғартады. Бұдан екі-үш жыл бұрын қа­ла­ның қақ ортасынан бой көтер­ген «Достық» үйінде этномәдени ор­та­лықтар орналасып, өздерінің жұ­мыс­­тарын жүйелі жүргізуде. Бұл ең­селі ғимараттың салтанат­ты ашы­луына Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың қатысуы да мақ­та­ныш. Мұн­дай ғимарат бұған дейін қолы мен мүмкіндігі жеткен жерде ор­на­ласып жүрген ұлттық-мә­де­ни ор­та­лықтардың арманы бо­ла­тын. «Дос­тық» үйін елімізге бел­­гілі әнші Қа­нат Айтбаевтың басқаруы да этно­мә­дени орталықтардың жұ­мысына жаңаша бағыт, серпінділік берді. Қазір мұнда орталықтың мү­ше­леріне өздерінің ана тілін, мемлекеттік тілді оқытып, үйрету үшін жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақ тілін үйренуде татар, әзербайжан, неміс ұлты өкілдері ыждағатты екен. Ғимаратта әр ор­талықтың жеке бөлмесі, ортақ би залы, 320 орындық көрермендер залы, балаларға арналған би үйір­месі бар. Қажетті аппаратура, жаб­дықтармен жабдықталған. Орта­лықтардың көркемөнерпаздар үйір­мелері мен қолөнер шеберлерінің жетістіктері де жетерлік. «Файльхен» (неміс), «Оксана» (украин), «Русская песня» (орыс) секілді халықтық хор ұжымдары, «Язгы-Моннар» (татар-башқұрт), «Чхинсон» (корей), «Радуга-Престиж» халықтық ансамбльдері жұмыс істейді. Бұдан басқа украиндардың «Барвинок» балалар үлгілі фольк­лор­лық ансамблі, әзербайжан ор­та­лығының «Азери», болгарлар­дың «Вяра» ансамбльдері, армян­дар­дың би тобы мен еврейлердің драмалық үйірмелері мерекелерде, түрлі мәдени шараларда және байқау-конкурстарда өнерлерін ор­таға салып, береке мен бірліктің көрі­гін қыздыра түседі. Этномә­де­ни орталықтардың өнерпаздары әр түрлі халықаралық байқау­лар­дан оза шауып, жүлделі оралып та жүр. Олардың қатарында «Оксана», «Вяра» ансамбльдерін, тағы бас­қаларын атауға болады. «Достық» үйінің жанынан құ­рылған «Достық сазы» фольк­лор­лық ансамблінің тұсаукесер концерттік бағдарламасы сәтті өтті. Ансамбльге халықаралық байқау­лар­дың лауреаты, танымал дом­бы­рашы Бақытбек Зейнелов жетекшілік етеді. Фольклорлық ансамбль қазақ ұлт аспаптарынан құ­рылған. Ансамбльдің бағдар­ла­ма­сының негізгі мақсаты мен ба­ғыты – Қазақстан халқы бірлігін ас­қақ­тататын, қазақтың ұлттық өнері­мен үндескен түрлі этнос өкіл­дері­нің әуендерін дамыту, насихаттау болып табылады. «Достық» үйі осындағы этно­мә­дени орталықтардың өнерін ға­на дамытып қоймайды, түрлі ба­ғыттарда жоспарлы жұмыс жүр­гі­зеді. Мысалы, 2011 жылы өткі­зіл­ген мәдени-көпшілік шаралардың ішінен «Бейбітшілік мейрамы» об­лыстық халықтар достығы фестивалі, «Көгімізде қалықтасын, еркін ән!» атты вокалдық әншілер байқауы, «Мемлекеттік тіл – ме­нің тілім», «Ұлан-байтақ Респуб­ликам менің» атты плакаттар кон­курстары жұртшылық есінде қал­ды. Сондай-ақ «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» акция­сы аясында ұлттық-мәдени орта­лық­тар арасында ұйым­дас­ты­рыл­ған «Мәдениет үндестігі» – «Соз­вучие культур» атты аймақтық фестивальге Ресейдің Астрахань облысы Володар ауданы Алтын­жар ауылынан домбыра ансамблі, Атырау облысынан «Россияночка» ансамблі, Батыс Қазақстан облысындағы «Еднання» украин этномәдени орталығын, «Суда­руш­ка» ансамблін атауға болады. «Достық» үйінің екінші қаба­тын­да орналасқан ұлттық-мәдени орталықтардың қолданбалы өнер көрмесі келушілердің қызығушы­лығын тудыратын қасиетті орын. Мұнда неміс, өзбек, татар-баш­құрт, украин, чех, чешен-ингуш, армян, еврей, орыс, корей, әзер­бай­жан, поляк, ұйғыр және грек ұлттық-мәдени орталықтары өкіл­дері тапсырған жәдігерлер бөлек-бөлек жиыстырылған. Көрмедегі әр дүние сол ұлттың мәде­ниеті­нен, дүниетанымынан хабардар етеді. Әрқайсысы үлкен тарихтың кішкентай бөлшегіндей болып тұрған жәдігерлер мұнда жетерлік. Көрме жұмыс істей бастағалы мұнда белгілі ақын О.Сүлей­менов, Польшаның Қазақстандағы елшісі П. Чеплак, Израиль елшісі Исраэль Мей Али, республикалық болгарлар бірлестігінің төрағасы О.Дымов, ресейлік ұшқыш-ға­рышкерлер Г.Гречко мен А.Быков сынды тұлғалар, сондай-ақ Мәс­кеу­дегі №891 Әлия Молдағұлова атындағы мектептің оқушылары қонақта болған екен. Ал күн­делікті өтіп жататын түрлі ша­раларға қатысушылар мен келу­шілердің мұнда бас сұқпай кететіндері сирек. Көрмедегі заттарды орналастыру мен безендіруден ұсы­нақтылық аңғарылады. Экс­по­наттар жинау жалғасуда. Көрмені болашақта мұражайға айналдыру да ойластырылуда. Біз облыстағы этномәдени ор­та­лықтардың бір-екеуінің өкіл­дерін сөзге тартқанбыз. «Әзер­бай­жандар ассоциациясы» респуб­ли­калық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қаласындағы филиалы кеңесінің төрағасы Шахбаз Жамалов: – Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігіне қазір әлем елдері қызыға да қыз­ғана қарайтыны шындық. Еліміздегі ынтымақ пен татулық эко­но­микалық даму мен саяси тұрақ­ты­лықтың кепілі болып отыр. Ста­тис­тикалық деректер бойынша, об­лыста қазір 1 мыңнан астам әзер­бай­жан тұрады екен. Қазір де об­лыста тұрып жатқан әзербай­жан­дардың жас ұрпағы Тәуелсіз Қа­зақстанның эко­номикалық дамуы, саяси тұрақ­тылығы жолында еңбек етіп, өз үлестерін қосуда. Біз осын­дай бейбіт және тату елде тұрып жат­қа­ны­мызды мақтаныш тұтамыз, – деді. Ал Қазақстан халқы ассамб­лея­сының мүшесі Павел Маглели: – Біздің ата-бабаларымыздың алыстағы Болгариядан, Бессарабиядан Ақтөбе жеріне қоныс­тан­ғанына бір ғасырдан астам уақыт болған екен. Болгарка ауылында он­даған ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сү­ру­де. Көбі бірнеше тілде сөйлейді. Біз қиын кезде қонақжайлық та­ныт­қан қазақ халқына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазір облыста мың­нан астам болгарлар тұрады. Олардың басым бөлігі Алға ауда­нын­дағы Болгарка ауылында. Осы ауылда Афанасий Бошков бас­қа­ратын «Үміт-Надежда» ЖШС жұ­мыс істейді. Біздің этномәдени ор­та­лық құрылғанына он бес жыл бол­ды. Орталық жанынан «Вяра» фольк­лор­лық ансамблі құрылды. Ансамбль облыста өткен мәдени ша­раларға ұдайы қатысады. Жал­пы, облыста этномәдени орталық­тар­дың жұмы­сын дамытуға қолдау көрсетіліп келеді. Соның бір мыса­лы, тамаша ғимарат салып берілгендігі және орталықтарға жыл са­йын берілетін қаржылай грант дер едім. Мұндай қамқорлыққа риза­мыз, – деді ол ағынан жарылып. «Достық» үйінен әр ұлттың әуез­ді үні естіліп, әсем әуендері қа­лық­тайды. Ән мен күй бірлігі мық­ты берекелі елдің сәнін келтіріп, салта­на­тын арттыратыны сөзсіз. Ақтөбе облысы.