• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Достық бесігі

529 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің бас­ты құндылығы – ұлттар достығы. Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биіктеп, үнемі шуақ төгіп тұр­а­тыны да сондықтан. Мұнда Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамашылдығымен 1995 жылы құ­­рылған Қазақстан халқы Ассам­блеясының ұлттар мен ұлыстар­ды ұйыстырушы маңызы орасан. Жұрт­шылық жүрегіне жақын құ­рылым мемлекеттің ұлттық сая­сатын жүр­гізудегі негізгі тұтқа са­налып отырғандығы айқын. Күні кешегі «Тәуелсіздігіміздің жұл­дыз­ды шы­ңында» Ұлттық бір­лік күнінің жалпыхалықтық мереке ретінде аталып өтуінің өзі елі­міз­дің бо­лашақ ұстанымда­ры­ның беріктігін байқатты. Оның идеол­о­гиялық негізі халықтық диплома­тия­ны өрістету қызметі­нен де көрінеді. Жоғарыда айтылған жұлдыз­ды күндерде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мерекелік сессиясына қатысып, жүз­ден астам ұлт пен ұлыс өкілде­рінің жарқын жүз, жарасты тіршілігіне қаныққанымыз бар. Эт­ностық қатынасты нығайтуда ұлттық мәдени орталықтар мен бірлестіктердің қызметін нығай­туға күнделікті көңіл бөлінуде. Қоғамдық құрылымдардың белсенділігі құрметке лайықты. Олар­дың қызметі сан-тарау. Об­лыстағы патриоттық акциялар, этномәдениет күндері, халықтық мейрамдар, танымдық-көпшілік шараларды бұларсыз елестету де мүмкін емес. Осылардың бар­лығы облыс тұрғындарын ұлттар мен ұлыстардың сан қырлы салт-дәстүрлерімен таныстырып, мә­де­ниеттердің жақындай түсуіне, бір-бірін толықтыра түсуге әсер етеді. Адамдар арасындағы шы­найы достық, сенім мен құрмет сезімдері осынау ыстық ауан арнасында қуаттанатыны белгілі. Облыста «Қазақстан-2030» Стратегиясының талаптарын жү­зеге асыруда мәдени-тілдік сая­сатты жүйелі әрі сарабдал түрде іске асыру мерейлі міндет сана­лады. Барлық ұлт өкілдері өзінің тілі мен тарихын оқып білуге, діни ұстанымдары мен халықтық салт-дәстүрлерін құрметтеу ісіне еркін араласады. Оған кең мүм­кіндіктер берілген. Облыста 13 жексенбілік мектептер жұмыс істеп, мыңнан астам адамға тәлім төгуде. Ұлттық киімдер тіктіру мен мәдени шаралар өткізуге биыл облыс бюджетінен 4,5 миллион теңге бөлініп отыр. Көкшетау және Степногор қа­лаларында достық үйлері жұмыс істеуде. Жұртшылықты жаңа жыл­дың алғашқы тоқсанында об­лыс орталығында заманалық сәулеттегі жаңа Достық үйінің құрылысы басталатыны туралы хабар желпінтіп отыр. Мұндай жұмыс аудан орталықтарында да қолға алынғаны мақұл. Өйткені, халық бұл шуақты орданы «Дос­тық бесігі» ретінде айрықша әс­петтейтіні анық. Облыстық ассам­блеяның өзіндік әнұраны да «Дос­тық бесігі» аталатыны осыдан. Хатшылық жанында ғылыми-талдамалық орталықтың құры­луы жұмыстың жемісті ырғағын қамтамасыз етуде. Кеңестің көш­пелі мәжілістері дәстүрлі сипат алуы түйткіл жайттарды шұғыл шешуге, ортақ мәселелер төңі­ре­гінде бірлесіп ой қорытуға мүм­кіндік ашуда. Астрахан, Бурабай аудандары мен Степногор қала­сында өткізілген мәжілістерде Қа­зақстанның Ұлттық бірлік док­тринасы қызу талқыланғанын білеміз. Іле-шала 10 ақпараттық-насихат топтары құрылып, ел ішінде елеулі қызмет атқарса, док­тринаға қатысты қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде анықтама­лық сөздіктің жарық көруі де игі іс ретінде бағалануда. Сондай-ақ, балалар мен жастардың 36 ұйы­мында кіші ассамблея құрылып, жастар арасындағы азаматтық ұстанымдар мен патриоттық тәр­биені нығайтып отырғанына жы­лы лебіздер білдіруге тиіспіз. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз­ді­гіміздің 20 жылдығына арналған салтанатта «Еншімізге бұйырған ерен бақыт» аталатын баянда­масында қоғамның барлық жетістіктерін ұлттар мен ұлыстардың ортақ табысы ретінде бағалады. Алда атқарылатын міндеттердің біріншісі ретінде, «Біздің Тәуел­сіздігіміздің ең басты жетістігі және оны нығайтудың шарты – ұлттар бірлігі. Бұл құндылық Қазақстан дамуының кез келген сатысында маңызға ие болмақ», деп атап көрсетті. Сондай-ақ, сал­танатымыздың басты жина­лы­сындағы баяндамада Елбасы: «Баршаңыз білесіздер, Қазақстан халқын біріктіретін қуатты құрал – біздің мемлекеттік тіліміз... Тәу­елсіздік жылдары қазақ хал­қы – ұлыстың ұйтқысына, қазақ тілі – тұтас ұлттың ортақ тіліне айналды», деген жүрекжарды сөз­дерді айтты. Бұл бағытта астаналық Ақмо­ла облысында жоспарлы да мақсатты жұмыстар жүргізілуде деуімізге болады. Қазіргі таңда қазақ тілінде тәлім беретін бала бақшаларының саны 2001 жыл­мен салыстырғанда 40 пайызға артты. Қазақ мектептері саусақ­­пен санарлықтай болса, ол 173-ке жетті. Өзге тілдерді дамытудың да өрісі кеңейді. Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблея­сы­ның бастамасымен 2010 жылдың қыркүйегінде Көкшетау қалалық №1 мектебінде тілдерді тереңде­те оқытатын «Шаңырақ» орталы­ғы ашылды. Мұнда әр ұлттың 256 баласы Қазақстан халқының 11 тілі бойынша, оның ішінде қа­зақ тілі де бар, дәріс алуда. Биыл­ғы жылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, этномә­де­ни бірлестіктер өкілдерінің мемлекеттік тілді оқуы үшін облыс­тық бюджеттен 2,5 миллион тең­­ге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жалпы, өңір өркендеуінің кешенді бағдарламаларына ұлттық-мәдени орталықтар мен бірлес­­тік­тердің қосып отырған үлесі күн санап айшықтала түсуде. Олар әлеу­меттік жобаларға белсенділікпен араласып, елеулі та­быс­тар­ға қол жеткізгені жайында­ғы мы­салдар жеткілікті. Біз осы орайда, этномәдени бірлестік же­тек­ші­ле­рі­нің де ой-пікірлерін білу мақса­тын алға ұстаған бола­тынбыз. Бекхан Евлоев, «Зама» чешен-ингуш мәдени орталы­ғы­ның Атбасар аудандық бөлім­ше­сі­­­нің төрағасы: «Қазақ хал­қын­да «Бірлік болмай, тірлік бол­мас» де­ген қарапайым да қа­рым­­ды да­налық бар. Міне, ын­ты­мақ­­­­қа, та­тулыққа шақыратын осы ұла­ғат­ты сөзді Президентіміз Нұр­сұл­тан Назарбаевпен бірге көп­ұлтты елі­міздегі ұлттар мен ұл­ыс­тар күнделікті ісінде бас­шы­лық­қа алып, елімізді әлемге танытты. Біздің бірлестік 1997 жылдың 1 шілдесінде өз жұмысын баста­ды. Мәдени орталығымызда «Вай­нах» ұлттық би ансамблі құры­лып, өзіміздің би үлгіле­рі­міз­бен қатар, елімізде тұрып жат­қан бас­қа да халықтардың мәде­­ниетін насихаттап, мерекелерде көпке та­ны­тып жүр. Осының бәрі Елба­сы­ның – Ұлт көш­басшысының жүздеген ұлттар мен ұлысты бір шаңырақтың ас­ты­на біріктіріп, бір атаның бала­ларындай береке-бірлікте ғұмыр кешкі­зіп жатқан сарабдал саяса­тының, данагөйлі­гі­нің арқасында деп білемін», дейді. Борис Лотц, «Видергебурт» об­­­лыстық немістер қоғамының Сан­дықтау аудандық филиа­лы­ның төр­ағасы: «Менің анам Қа­ра­ған­ды­ның қызы, әкем Германияда ту­ып-өскен. Кейін Қазақ­станда жо­ғары білім алып, көңіл­дері қосыл­ған екен. Өзім Қазақ­станда туып, ержеткенім үшін, осынау дарқан дала төсінде ша­ңырақ көтеріп, ұрпақ тәрбиелеп отырғаныма, ұл­тымыз басқа болса да тілегіміз бір болғанына қуаныштымын. Облыстық қоғамның қаржы­лан­дыруымен аудан орталығы –Балқашындағы мектеп жанынан мәдени орталық ашылды. Онда қариялар мен жастар, басқа ұлт өкілдері де тіл үйреніп, мәдени іс-шараларға қатысуда. Біз Ел­басымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді сарқа жұмсаймыз. Көп ұлтты тәуелсіз Қазақ­ста­ны­мыз жасай берсін», дейді. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.