• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

«SAT & Company» саңлақтар қатарында

358 рет
көрсетілді

«SAT & Company» АҚ бас мекемесі Алматы қаласына орналасқан. Ол негізінен мұнай өнім­дерінің көтерме саудасымен, мұнай-химия өнер­кәсібімен, металл өңдеумен, әуе тасы­малы­мен, экономиканың ең жедел дамитын сала­лары­на инвестиция тартумен, мұнай-газ ма­шина­ларын құрастырумен шұғылданады. Ел экономикасының сан саласын қамтыған аталмыш компания Жамбыл облысының орта­лығынан Тараз металлургия зауытын ашқалы да біраз жыл болып қалды. Атап айтсақ, 2006 жылы Елбасының тапсырмасымен бұрынғы «Химпром-2030» ЖШС «Тараз металлургия зауы­ты» болып қайта құрылды. Зауыт ә деген­нен-ақ ферроқорытпалар өндірісін жаңғырту және кеңейту жобасын қолға алып, тәмамдады. Бүгінде зауыттың екінші тынысы ашылып, алға қарай басқан адымы қарыштай түсті. Оның ферросиликомарганец, электрод массасы, жөн­деу массасына деген өнімдеріне сұраныстар да көп. Ферробалқыма үшін негізгі шикізат болып табылатын марганец шикізаты Батыс Қамыс, Түйебай-Сыртсу, Айткөкше кен орын­дарынан тасымалданады. Уақыт талабы – өндірісті модернизациялау. Ол шикізатты жан-жақты өңдеп, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ресейлік және еуропалық кәсіп­орын­дар тарапынан зауыттың өнімдерін сатып алуға нақты тапсырыстар мол. Тапсы­рысты тап-тұйнақтай орындау үшін әлеуеті де зор. Мысалы, кәсіпорын жылына 100 мың тонна ферросиликомарганец өндіре алады. Енді өндірістік бағдар­лама бойынша жылына 65 мың тонна ферросиликомарганец шығару жоспар­ланып отыр. Зауытты одан әрі дамыту үшін айына 21 мың тонна марганец концентратын жеткізіп тұру қажет. Бұл өндіріс орнының жаңаруына және бірқатар марганец кеніштерінің өркен­деуіне септігін тигізбек. Сонымен қатар, «SAT & Company» АҚ Тараз филиалының іске қо­сылуы Қарағанды, Павлодар және Тараз қала­ларының бірқатар кәсіпорындарын тапсырыс­тармен қамтамасыз ететін болады. Тараз металлургия зауытын жаңғыртуға 11,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл жобаға қолдау көрсеткен – «Қазақстан Даму банкі» АҚ. Соның арқасында зауытқа Ресей, Украина және отан­дық жаңа құрылғылар орнатылып, ферроқо­рыт­палар­ды өндеудің жаңа технологиялары енгізілді. Зауыттың қанат жайып, дамуының арқасы­н­да, жұмысшыларының саны бүгінде 1700-ке жетті. Сондай-ақ, болашақта табыстың белгілі бір бөлігі білікті мамандарды дайындауға жұмсалмақшы. Қоршаған орта мен ауаны зиянды қоспа­лар­мен ластамау үшін зауытта құны 200 миллион теңге болатын газ тазалағыш құрылғы салу жоспарланған. Бұл жоба зиянды қоспалардағы қатты қалдықтардың, яғни органикалық емес шаң, марганец оксидтері, алюминий оксидтерін 97% тазартады. Аталған құрылғы ауаға кететін неорганикалық шаң қалдықтарын жылына – 257,52, марганец оксидін жылына – 15, 84, алюминий оксидін жылына 14, 48 тоннаға кемітуге мүмкіндік береді. Шынын айту керек, өнеркәсіптің өркендеп, кәсіпорындардың қарыштап дамуының «әттеген-ай» дегізетін жағы да бар. Ол – Тараз қаласы аумағындағы ауыр экологиялық ахуал. Бірақ Тараз металлургия зауытының аталған жобасы экологияның нашарлығынан пайда болатын аурулар санын азайта түспек. Зауыт жұмысшылары таяуда кезекті ферро­қос­палар пешінің іске қосылғанына қуанышпен еске алады. Өйткені, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама­сына енгізілген бұл жоба осы мекемеге 11,5 миллиард теңге инвестиция тарту арқылы олардың әлеуметтік жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсуге мүмкіндік беріп отыр. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.