• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2012

Халықтық IPO мемлекеттік бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

593 рет
көрсетілді

Халықтық IPO мемлекеттік бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Халықтық IPO бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген. Мақсат – елдегі көшбасшы компа­ниялардың жеткен жетістігіне тұрғылықты халықты да тарту. Қазақстандықтарға мемле­кеттік компаниялардың барынша ірі, тұрақты әрі болашақтағы әл-ауқаты күшті деген акциялары ұсынылмақ. Бұл компаниялардың акцио­нері атанған азамат компанияның сеніміне кіріп, ондағы кірістің бір бөлшегін өзі иемдену мүмкіндігіне ие.

Халықтық IPO мемлекеттік бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Халықтық IPO бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген. Мақсат – елдегі көшбасшы компа­ниялардың жеткен жетістігіне тұрғылықты халықты да тарту. Қазақстандықтарға мемле­кеттік компаниялардың барынша ірі, тұрақты әрі болашақтағы әл-ауқаты күшті деген акциялары ұсынылмақ. Бұл компаниялардың акцио­нері атанған азамат компанияның сеніміне кіріп, ондағы кірістің бір бөлшегін өзі иемдену мүмкіндігіне ие.

Халықтық IPO-ның келесі бір мақсаты – қаржылық сектордың дамуын қамтамасыз етіп, жергілікті халықты ел ішіндегі инвестициялық мәдениетке тарту. Ұзақ мерзімді перспектива­лық бағдарлама Қазақстанның Орталық Азияда аймақтық-қаржылық орталық есебінде дамуына көмектеседі.

Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарыс­қа жақсы деңгейде төтеп бере алды. Ал ол мемлекеттегі экономикалық өсім мен ұзақ мерзімді Халықтық IPO бағдарламасының жүзеге асуына мүмкіндік бермек.

Халықтық IPO бағдарламасы алғашқы­да 2011 жылға жоспарланған болатын. Ал қазір бұл мерзім 2012 жылға қалдырылып отыр. Оның себебі неде?

Бағдарлама кешеуілдетілген жоқ. 2011 жылы Ұлттық банк «Самұрық-Қазына» бағдарлама­сына қызығушылық танытып отырған тәуелсіз кеңесшілермен бірге өте маңызды жұмыс   атқа­р­ды. Оның барлық аспектілері бүгінде толықтай қаралды. Бағдарлама аясындағы компаниялардың нормативтік-құқықтық базасы, тұрғындардың қаржылық сауаттылық дең­гейі, рынок қорының инфақұрылымын бағалау ісі жүзеге асырылады.

Жауапкершілік «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесі мен Үкіметтің мойнында болғандықтан, жоба барынша мұқият жоспарлануы керек. Ол үшін соған лайықты дайындық пен уақыт қажет етіледі.

Бағдарламаға қандай компаниялар қа­тыспақ?

Жалпы, Халықтық IPO бағдарламасына «Са­­мұрық-Қазына» қорынан 400-ден аса әлеует­­ті кандидаттар қарастырылды. Қойылған талап­тарға сәйкес, бағдарламаға деген дайын­дық­тарынан бастап, қаржылық көрсеткіштерін, корпоративтік басқару деңгейін және олардың әр кезең сайынғы кестесінің листингі қарас­тырылды.

Қазақстан қор биржасының бірінші сатысы 2012 жылдың екінші және үшінші тоқ­санына жоспарланған болатын. Оған «Қаз­Транс­Ойл», «KEGOS» электр желілі компаниясы, сонымен бірге, мемлекеттің басты әуе компаниясы «Air Astana» кіреді. Екінші эшелонның құрамында «ҚазТрансГаз», «Казмортрансфлот» және «Са­мұрық-Энерго» бар. Соңғысына – «Қазақстан темір жолы» мен «Қазтеміртранс» кіреді деп жоспарланып отыр. 2015 жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» бен «Казатомпром» ком­панияларының бағдарламаға деген мүмкін­діктерін қарастыру көзделеді. Кезең бойынша жүргізілген дайындықтар аясында бағдарла­ма­ға компаниялардың әлі де болса дайын еместігі анықталып отыр. Одан өзге, Қазақстан қор биржасының мүмкіндіктері айтарлықтай шек­теу­лі. Акциялар көп шығарылатын болса, ол инвесторлар тарапынан тиісті сұранысқа ие болмауы да мүмкін.

Бағдарламаға деген дайындық немен өл­шенеді?

«Самұрық-Қазына» қорына кандидаттарды іріктеуде бағдарламаға тартылған тәуелсіз кеңесші компаниялардың негізгі экономикалық көрсеткіштері, перспективалық жетістіктері, халықаралық стандарттарға сай қаржылық есеп беруі, басшылық сипаты, корпоративтік басқа­ру деңгейі бағаланды. Бағдарламаға барынша тұ­рақты компаниялар тартылды. Яғни, мақсат­тарының айқындығына, стратегиялық дамуына, акцияның болашақта өсуіне ықпалының тие­тіндігіне басымдық берілді. Олардың нақты мақсаттары мен даму стратегиялары бар. Кейіннен акциялардың өсіміне әсер ететін факторлар ескерілді. Бұл шараның барлығы да инвесторларды, яғни, қазақстандық акция имеденушілердің мүддесін қорғауға арналған.

Компаниялар Халықтық IPO бағдарла­ма­сын не үшін жүргізеді?

Бағдарламаны жүзеге асырудағы басты мақсаттардың бірі – халықтың мемлекеттік компаниялардың акционері атануына мүмкіндік беру. Бұл қазақстандық ең табысты өндірістер, яғни мұнай, газ, көлік пен электр энергиясының үлескері болуда таптырмас мүмкіндік.

Барлық компаниялар мен кандидаттар бү­гінгі таңда өздерінің қаржылық көрсеткіштерін дамытып келеді. Сонымен бірге, бағдарлама шең­берінде мемлекет ішіндегі қаржы қазақ­стан­дық экономиканың өсіміне жұмыс істейтін болады.

Компаниялардың бағдарламаға дайын­дығы қалай?

Компания-кандидаттардың деңгейі әртүрлі. Алайда, барлық компанияларға қойылатын талап біреу ғана – ол қаржылық көрсеткіштер өл­шемі, басшылық сипаты, және корпоративтік басқару деңгейі. Бұл ретте тартылған компа­ниялардың барлығы әлемдік тәжірибеге сүйе­ніп, негізгі көрсеткіштерін жақсартуға тырысуда.

Дәл қазіргі уақытта бірінші эшелондағы ком­паниялар тәуелсіз кеңесшілерді (банк иелері, кепілші, заңгер, коммуникация жөніндегі мамандар) тағайындау үстінде. Халықтық IPO-ға деген дайындық ұзақ мерзімді қамтиды. Оған қоса, жан-жақты тексерілген стратегиялық талдауларды, перспективалық өсімді, қаржылық сараптаманы, аудитті, қайта өңдеуді және инвестициялық стратегияның жетілуін, сонымен қоса эмиссиялық бағдарламаны қажет етеді.

Барынша түсінікті болу үшін, бағдарлама үдерісін үш топтамаға бөлуге болады.

1. Алдын ала дайындық

Бағдарламаны жоспарлау барысы объективті шаралар қатарын қажетсінеді. Айталық:

•  дайындық және қаржылық аудиттің

есеп беру ісі;

•  тәуекелдер және корпоративтік

басқару жүйесінің көрсеткіші мен оны

жетілдіру ісі;

•  аудит және ішкі бақылау жүйесінің

көрсеткіші;

Сонымен бірге кандидат-компаниялар болашақта қор рыногындағы акцияларды өңдеуде бастама көтерулері тиіс. Осы мақсатты кандидат-компаниялар ұсыныс құрылымын анықтау үшін, тәуелсіз кеңесшілерді бір мақсатта жұмыс істеу ісіне тартуы керек.

2. Акцияларды орналастыру ісіндегі дайындық

Акцияларды орналастырудан бұрын, үш эшелондағы кандидат-компаниялар төменде көрсетілген шараларды аяқтауға тиіс.

•  Кешендік тексерістің өтуі;

•  қызмет көрсету құны мен соңғы

кеңесшілерді анықтау;

•  заңдық қолдау көрсету;

•  бизнесті бағалау ісінің өткізілуі;

•  маркетингтік бағдарламаны қайта

қарау.

3.      Акцияны орналастыру жұмыстары

Дайындық жұмыстарының маңызды бөлігі акцияларды орналастыруға дейін, әлеуетті инвесторлардың араласуымен белгіленеді. Қор рыногында акцияларды орналастыру сатысы кандидат-компаниялар тарапынан төмендегі шаралардың өткізілгендігін талап етеді:

•  Инвесторлардың білімін жетілдіру

(ақпараттық және инвестициялық

меморандумға дайындық);

•  өтініштерді жинау (бағдарламаны

алдын ала жариялау, компания

жетекшілерінің басқа да өңірлерінде

өткізген тұсаукесерлері, талдау

ұсыныстар, баға белгілеу);

•  акцияларды орналастырып болғаннан

кейінгі қайталама рыноктағы

іс-шаралар.

Бірінші эшелонға «KEGOS», ҚТО және «Air Astana» компанияларын таңдау себебі неде?

Халықтық IPO бағдарламасына қатысушы кандидаттарды іріктеуге және бірінші эшелонға тартылған компания-кандидаттардың тізімін «Самұрық-Қазына» қоры және тәуелсіз кеңес­шілер анықтады. «KEGOS», ҚТО және «Air Astana» компанияларының жеткен жетістіктері, қаржылық жағдайы қойылған талаптарды қана­ғаттандыра алды. Бұл ұйымдардың көрсет­кіші, атап айтқанда, қаржылық көрсеткіштері, саясаты, корпоративтік басқарылымы, страте­гиялық дамуы, Халықтық IPO бағдарламасының негізгі талаптарына сай келеді. Сонымен бірге, нарықтың құбылмалы жағдайында бұл компа­ниялардың ұстанған бағыттары да қатаң ескерілді.

«Air Astana» компаниясының акциясы жөніндегі нақты қорытынды қашан шығады?

Халықтық IPO бағдарламасын жүргізгеннен кейін, мемлекет барлық компаниялар мен кандидаттар үшін негізгі акционер болып қалмақ. Дәл қазіргі таңда, мемлекет Эйр Астанамен бірге акцияға иелік етіп келеді. Осылайша, лис­тинг бойынша бұл компаниялардың нақты шешімі екіжақты келісімнен кейін шықпақ. Бұл ретте, олар мемлекетті бақылау пакеттерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Бірінші эшелондағы компаниялар акция­сы­ның алдын ала бағалары анықталды ма? Баға қандай талаптар бойынша белгіленеді?

Ережеге сәйкес, акцияның нақты бағасы міндетті түрде листингтің алдында жоспарланып, әлемдік конъюнктураның тіркеуі бойынша анықталады.

Компания акциясын орналастыру ісі қалай жасалады? Қосымша эмиссия түрінде ме, әлде сатылымда жүрген акция түрінде ме?

Қомақты қаржылар компаниялардың стра­тегиялық дамуына аударылып, олардың мүм­кін­діктері арта түспек. Бұл сұрақтың жауабы ком­паниялардың бізге ұсынған ұсыныстарына орай шешілмек. Қаржы, құқықтық сала бойынша кеңесшілердің бағамдары да ескерілетін болады.

«Самұрық-Қазына» қорының кеңесшіле­ріне қандай компаниялар жатады? KASE компаниясы акциясының брокерлерін шы­ғаруда қаржылық кеңесші кім болмақ?

Бағдарламаға қатысты туындаған сұрақ­тармен халықаралық деңгейдегі Citigroup, UBS AG банкі ірі инвестициялық банктер VisorCapitаl, KKBSecurities, сонымен бірге, халықаралық аудиторлық компания Price­WaterhouseCoopers секілді банктер жұмыс істейтін болады. ClearyGottliebSteen&Hamilton­LLP және қазақстандық GRATA бағдарламада заң жөніндегі көмекші қызметін атқармақ.

Жалпылама айтар болсақ, бағдарламаға шы­ғып жатқан компанияларда екі кеңесшіден бар. Оның бірі KASE листингі бойынша жұмыстар жүргізетін қазақстандық кеңесші болса, екін­шісі халықаралық стандарттарға сай дайындық­тарын тексеретін шетелдік кеңесші болып табылады.

Бүгінгі таңда Халықтық IPO бағдарла­масына шығатын компаниялардың қазақстан­дық биржаға деген талабы Лондон, Нью-Йорк, Гонконг биржаларына қарағанда анағұрлым либералды екендігіне көз жеткіздік.

Халықтық IPO бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Халықтық IPO бағдарламасының акциясын иемденуге тек қана Қазақстан азаматының құқығы бар. Акцияның неғұрлым қазақстан­дықтардың үлесіне көптеп тию талаптары да қарастырылған. Сонымен бірге, оған қазақ­стандық зейнетақы қорлары да қатыса алады. Зейнетақы қорлары ұзақ мерзімді инвесторлар болғандықтан, акция бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда бүгінгі таңда зейнетақы қорларына тіркелген азаматтар саны 8 миллионды құрайды. Олардың осы қорлар арқылы Халықтық IPO бағдарламасынан өз үлестерін алып отыруына жағдай жасалған.

Енді әлеуетті сұраныс жайына ойыссақ. Тұр­ғындар тарапынан болған сұраныстарға қан­дай да бір зерттеулер жүргізілді ме?

Иә, тұрғындарға қатысты зерттеу жұмыс­тары 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүр­гізілді. Тұрғындар тарапындағы сұ­раныстың жалпы бағамы 100-200 миллион АҚШ долларын құраған. Алайда, әлеуетті тұр­ғындар мен олардың инвестициялық мүмкін­дік­тері жайлы, халық толық ақпараттанды­рыл­ған жағдайда, жоғарыда айтып өткен көрсеткіш деңгейі одан да артуы мүмкін. Өз кезегінде зейнетақы қорлары тарапындағы сұраныс көлемі 200-300 АҚШ долларын құрап отыр. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, қор рыногында бағалы қағаздардың 10 мыңын жеке тұлғалар қатары құрайды екен. Бұл ретте, тұрғындардың зейнетақы қорлары арқылы бағалы қағаздарға деген қолжетімділігі артпақ. Жоспарға сәйкес, бағдарлама тұрғындар арасында жеке тұлға­лардың 160 мыңын қамтып, жақсы деңгейде жүзеге аспақ.

Акцияны орналастыруда зейнетақы қор­лары мен жеке тұлғалар арасында кезекке тұру мәселесі туындауы мүмкін бе?

Бірінші кезекте жеке тұлғаларға жағдай жасалатын болады. Екіншіден, зейнетақы қорла­ры­ның акцияға деген қолжетімділігін нақты айта алмаймыз. Себебі, акция ұзақ мерзімді стратегияны жоспарлауға мүмкіндік бере алмайды. Бұл кезеңде нақты үйлесімділік арнайы бекі­тілмеген және әрқайсысы нақты бағдарламамен айқындалатын болады.

Шетелдік инвесторлар Халықтық IPO бағдарламасын пайдалана ала ма? Немесе бағдарлама халықаралық листинг дең­гейінде қарастырылған ба?

Бағдарлама акциясының негізгі бағыты Қазақстан халқына арналған. Ол қазақстандық экономикаға қосымша кірістер әкелуді көзде­мек. Алайда, алдағы уақытта Қазақстандағы эко­­номикалық ахуал өрісін кеңге жайып, халықаралық ареналардан көрінетініне сенім мол. Дәл қазіргі уақытта бұл бағытта жоспарланған шаралар жоқ.

Компания листингтері түбегейлі Қазақстан қор биржасында өткізілетін болады. Соның нәтижесінде, елдің жетекші кәсіпорындарына, әсіресе, қазақстандықтарға жақсы мүмкіндік беретініне сенеміз. Ал, кейінірек Қазақстан қор рыногын дамыту мақсатында, KASE арқылы шетелдерге инвестициялануы ықтимал.

Ел аузында жүрген пікірлерге сүйенсек, компанияларға лайықты IPO бағдар­ла­масын жүргізу барысында мемлекет стра­тегиялық активтерді бақылаудан айырылып қалуы мүмкін.

Халықтық IPO бағдарламасы аясында компания акциясының 5-15 пайызы сатылымға ұсынылатын болады. Сондықтан бақылауды жоғалтып алу жөнінде ешқандай қауіп жоқ. Рынокқа шығатын барлық компанияларда мемлекеттің үлесіндегі «Самұрық-Қазына» қоры бәрінен де жоғары тұрмақ.

Сол сәтте биржаға шығарылатын компаниялар оларды барынша жариялы ететін болады. Заң шығару органдары мен инвесторлар бағ­дар­ламаның жүзеге асырылуына қатысушы мұндай компаниялардың кірісі мен шығыста­рының барынша ашық түрде жариялануын талап етеді. Бұл менеджменттің жауап­кершілігін қамтамасыз етіп, акционерлер алдында өздерінің шешімдерін дәлелдеуге мүм­кін­дік береді. Осылайша, Халықтық IPO бағ­дар­ламасы мемлекеттік компанияларды қоғам­дық бақылауға қосымша мүмкіндіктер береді.

Нарықтың құбылмалы жағдайында Ха­лық­тық IPO бағдарламасын жүргізу қанша­лықты пайдалы?

Бұл ретте, Халықтық IPO бағдарламасына халық ерекше қызығушылық танытып отырға­нын ұмытпаған жөн. Мемлекет пен «Самұрық-Қазына» қоры халықтан қаржы жинап, өз ак­ция­ларын соншалық жоғары бағаға сатпайды. Ондай мақсаты да жоқ. Қор компаниялары жоғары кіріске ие, несие алуға деген мүм­кін­діктері де жоқ емес. Сонымен бірге, қосымша қаржылан­дыруды қажет етпейді.

Мәселен, Ресейде осыдан бірнеше жыл бұ­рын Сбербанк, ВТБ компанияларына арналған IPO бағдарламасы жүргізіліп, нарықтың биік шыңынан көріне білді. Ал олардың акциялары барынша жоғары бағаға сатылды. Әрине, экономикалық дағдарыс басталған тұста, рынок та, акция бағасы да түсіп, халыққа залалы тиді.

Қазақстанда Халықтық IPO бағдарламасы жеке меншік инвесторлар үшін қолайлы уақыт­та жүргізілмек. Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін, рынок жағдайы төменгі көрсеткішті көр­сетеді. Демек, қазақстандық компаниялардағы акция бағасы құнының әлеуеті биік болады.

Халықтық IPO бағдарламасын дайын­дауда қандай тәуекелге бардыңыздар?

Бүгінгі таңда акция бағаларының құбалма­лы екендігін бәріміз де білеміз. Акция бағасы­ның құбылмалылығы, инфрақұрылым жүйе­сінің жетіспеушілігі және акцияның белгілі бір топтар арасында ғана шоғырлануы тәуекелге баруды қажет етті. Ең негізгі аспектілер компания-кандидаттарды іріктеуден басталып, заң шығару органдарындағы өзгертулер мен толықтырулар кезінде сезілді.

Баға тұрақсыздығына ұшырамас үшін әлем­дік шикізат өнімдеріне тәуелсіз әрі оған барынша тұрақты, кез келген жағдайға төтеп бере алады деген компанялар ғана тартылды. Одан өзге, зейнетақы қорларын, кәсіби және ұзақ мерзімді инвесторларды тартуда акция бағасына әсері болатыны ақиқат.

Бағалы қағаздар рыногына қатысу үшін ең бірінші кезекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ, брокерлік компаниялар, трансфер-агенттіктер, «Бағалы қағаз депозитариі» және тіркеушілер дайын болды.

Мемлекеттің барлық аймақтарындағы жеке инвесторларды қамтып, сонымен бірге Қазақ­стан қор биржасының инфрақұрылым­дарын жи­нау сияқты шаралар 2012 жылдың 1-2 тоқсанына дейінгі кезеңді қамтуы тиіс.

Бағалы қағаздардың рынокта орын алуы үшін акция компаниясының үлесі қалай анықталады?

Халықтық IPO бағдарламасына енгісі келген акционердің мақсаттық құрылымы мен қазіргі таңда бақылауға алынып отырған үлесі, акцияның санын есепке алғаны жөн.

Жеке тұлғаларға арналған өтініштерді қабылдау үдерісі қашан басталады?

Өтініштерді қабылдау мерзімі өткізілген лис­тинг қорытындысына қарай анықталады. Сондықтан компания қазіргі таңда дайындық кезеңінде. Нақты жәйттер кейінірек анықтала­тын болады.

Жеке тұлғалар үшін акция санына шектеу қойылған ба?

Акциялардың халыққа тиімді жолмен әрі әділ сатылуы мақсатында олардың ең жоғарғы санынан шектеу белгіленді. Ол халық үшін өте тиімді.

Үкімет 2011 жылдың 8 қыркүйе­гінде Бағ­дарламаны бекіткеннен кейін, дайындық жұ­мыстарында қандай да бір өзгерістер болды ма?

Бағдарлама халыққа арналған жоба болған­дықтан, жұмысы жан-жақты жалғасуда. Үкімет компанияны кең көлемдегі ақпараттық-таным­дық бағытта таныстыруды көздейді. Сонымен бірге, нормативтік және құқықтық өзгерістер енгізілуде. Халық банкі тұрғындардың қар­жылық сауатын күшейту мақсатында өз жұмыстарын жалғастыруда.

Әлі де болса шешілмеген мәселелер таяу уақытта шешіліп үлгере ме?

Бағдарлама бекітілгеннен 6 апта бұрын, алға қарай жылжудың көріністері байқала бастаған болатын. Бұл ретте, Халықтық IPO бағдарлама кестесі әлі нақтыланбағанын ескерген жөн. Ол кез келген сәтте әлемдік деңгейдегі экономи­ка­лық ахуалға сәйкес, әрдайым өзгеріс үстінде болып тұрады.

Халықтық IPO бағдарламасы қазақстан­дық­­тар­дың көпшілігіне қолжетімді болуы үшін оның бағасы қандай болуы керек деп ойлайсыз?

Акцияның нақты бағасы міндетті листингті түрде өткізілген листингтің алдында мәлім болады. Және әлемдік конъюнктураның есеп-қисабына жүгінеді.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Қазақ­стан егерде екінші рет дағдарысты бастан кешетін болса, оған төтеп беру қабілеті жеткілікті» деген болатын, бағдарламада бұл туралы не айтылған?

Әлемді қаржы дағдарысы шарпыған тұста Халықтық IPO бағдарламасы белгілі бір мақсатта жұмыс істейтін болады. Ол қаржы рыногы динамикасына және халықтың акцияларды сатып алу қауіпсіздігіне жағымсыз әсе­рін тигізуі мүмкін. Халықтық IPO бағдарлама­сы – бірінші кезекте халыққа арналған және барынша жағымды шаралармен есте сақталуын мақсат тұтады. Әрине, бұл ретте әлемді шарпы­ған қаржы дағдарысындағы келеңсіздіктердің бізге әсер ету мүмкіндігі де ескеріледі.

Алғашында бағдарлама «нарықты дамыту» мақсатында танылып, кейіннен компания қо­сымша капиталдарға мұқтаж емес делінді. Ал осы жақын арада ғана «мақсат – бағдарла­ма ая­сында қаржыландырушы компанияларды тар­ту» деген әңгіме өрбіді. Бұл туралы не айтасыз?

Рыноктағы капиталға деген қолжетімділік – кез келген компания үшін жобаларды қаржыландыруда таптырмас мүмкіндік. Қажет болған жағдайда бұл компаниялардың кез келгені несие түрінде қаржылық рынокқа шықпай-ақ, келісімге келу мүмкіндігіне ие. Бұл дегеніміз, акционер атанған кез келген компания мен мемлекет ішінара елдегі экономикалық дамуға өлшеусіз үлесін қоса алады деген сөз.

Халық үшін қандай тәуекел болуы мүмкін?

Акция иемденушілерді жариялау ақпарат­тық білім беретін компаниялар үшін өте тиімді. Ол бағдарламаға қатысушылардың мүмкінді­гіне қарай, барлық компанияларда жарияланады. Бұл ақпараттарды дайындау ісі өте ұзақ мерзімге жалғасып, тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін. Талапқа сай, анықтамалар IPO бағдар­ламасының алдында жарияланып, осы уақытқа дейін халық аталған бағдарламамен толық қам­тамасыз етілуі тиіс. Ең бастысы, ел тұрғындары бағдарлама туралы, атап айтқанда, Халықтық IPO бағдарламасының халық пен ел эконо­микасының дамуы жолында кепілдеме беретіндігі жөнінде толық білулері тиіс.

Халықтық IPO бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекетке түсетін салмақтың кө­лемі қанша? Салық төлеушілердің ақшасы қайда кетіп жатыр?

Бағдарлама бірінші кезекте, тұрғындар үшін қызмет етеді. Мақсат – ешбір шығындарға қарамастан, халықтың акцияға деген қолжетім­ділігін арттыру.

Қазақстан қор биржасы халықтық IPO бағдарламасына қаншалықты дайын?

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қор биржасында өтініштер жинау жұмысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, техникалық аспектілер мен ішкі нормативтік база қаралуда. Биржа сонымен бірге, тұрғындардың қаржылық сауаттылығы­мен де жұмыс істеуде. Осы мақатта, бүгінгі таң­ның өзінде ойын терминалдары іске қосылған. Жеке тұлғалар терминалдарға ақша салу арқы­лы инвестиция жайындағы мәселелерге дайындалу мүмкіндігіне ие.

Мемлекет ішінде роудшоу ұйымдасты­рылуы мүмкін бе?

Бағдарламаның бағаға қатысты негізгі ке­зең­дері анықталып, акцияларды барынша кеңей­тілген түрде орналастырып, жылдық қар­жылық есеп дайын болған соң, 2012 жылы роуд­шоу ұйымдастыру жұмысы жоспарланып отыр. Роудшоу шеңберінде компания менедж­менті мемлекеттің кез келген жерінде өз компаниялары жайлы таныстырылым өткізіп, тұр­ғын­дар көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар Халықтық IPO жұмысы мен өз жетістіктері жайлы толыққанды ақпараттан­дыру мүмкіндігін пайдалана алады.

Қазақстан Республикасы азаматтары ак­цияны сатып алған жағдайда ол осы компа­ния­ның акционері атанады. Соған сәйкес, компания саясатына ол азаматтар араласа ала ма?

Акция дегеніміз – белгілі бір акционерлік қоғамның капиталын, оны иемденуші акцио­нер­дің құқығын бекітуші бағалы қағаз. Демек, акцияның ең аз дегенде бір бөлігін ғана иемденген акционер компанияның ішкі саясатына толыққанды араласу құқығына ие. Мәселен, акционерлердің жыл сайынғы отырысында белгілі бір акцияның бағытына қарай, келесі акция бағытталады. Айналымдағы акция қанша­лықты аз болса, бағасы да соншалықты жоғары. Акцияны сатып алушылар өздігінен акционерлер қатарына еніп, компания қатысушы­лары­ның тізіміне енеді. Сонымен бірге, страте­гия­лық шешім қабылдауда дауыс беру мүм­кіндігіне де ие.