• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2018

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - еліміздегі мұнай-газ саласы бойынша көшбасшылардың бірі

916 рет
көрсетілді

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі ең жасы әрі мұнай-газ саласы бойынша көшбасшылардың бірі. Елбасы Н.Назарбаевтың мұнай өңдеудің көлемі мен сапасын арттыру тапсырмасына сәйкес зауытта жүргізілген жаңғырту жұмыстары қазіргі таңда аяқталған.

Мемлекеттік үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында зауытта жүргізілген модернизациялау жұмысының басты мақсаты – өнім көлемін, сапасын арттыру. Жобаның бас мердігері – CPECC (China Petroleum Engineering & Construction Corporation) ком­­паниясы. Төрт жыл бұрын бас­тал­ған қайта жаңғырту жобасы екі кезең бойынша атқарылды. Бірін­ші кезеңде пайдалануға беріл­ген изомерлеу қондырғысы еуро­палық сапаға жауап беретін эко­ло­гиялық санаттағы К4, К5 жоғары октанды жанармай өн­д­і­руде. Американың жетекші компаниясы құрастырған изомерлеу қондырғысының құны – 1,8 миллиард теңге. Еліміздегі бірегей жобалардың бірі саналатын изомерлеу автоматты техникасы іске қосылғаннан кейін жоғары октанды жанармайды өндіру жылына 38%-ға жетті. Бұрын бұл көрсеткіш 21-22% болатын. Ал өндірілген сұйық газдың көлемі 3%-дан 6%-ға, дизель отыны 1,5 есеге артса, мұнай қалдығы – мазутты өңдеу керісінше 20%-дан 10%-ға кеміп отыр. Сондай-ақ бұған дейін зауыттың шикізат өн­діру қуаты жылына 5,25 миллион болса, модернизациядан соң 6 миллион тоннаға дейін жетті.

Министрлік бекіткен ілес­пе газды пайдаға жарату бағ­дарламасы бірқатар маңыз­ды экологиялық мәселелердің шеші­мін табуына ықпал етті. Шым­кенттік компания елімізде алғаш­қылардың бірі болып бағ­дарлама аясында ілеспе газды тиімді пай­далануға бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Солар­дың бірі – жаңғырту жұ­мыс­­тары нәтижесінде іске қо­сыл­ған күкірт өңдеу қондыр­ғы­сы. Онда күкіртті газ жағы­лып, нәтижесінде пай­даға жа­р­амды күкірт пайда болады. Мамандардың айтуынша, көмір­сутекті буларды рекупера­циялайтын блогы бар жаңа қондырғы экологиялық талаптарды ескере жобаланып, салын­ған. Қондырғы технологиясы жол­дың екі бөлек нүктелері бо­йынша мұнай өнімдерін вагон-цистерналарға әрқайсысы телес­копиялық жабдықтар арқылы сағатына 730 текше метр өнім­ділікпен саңылаусыз құюды қам­тамасыз етеді. Мұнда екі шо­йын жол бар. Жоба бойынша әр теміржолға 28 вагоннан сыя­ды. Сонда қондырғы бір мезет­те 56 вагонды қабылдай алады. Бұл технология көмірсутек бу­лары­­ның атмосфераға таралуын болдырмайды. Сондай-ақ жұ­­мыс­­шылардың уақытын үнем­­деп, денсаулықтарына зиян кел­тір­мейді. Өнімдерді цистер­наға құю процесі бұған дейін тек жұмысшылардың қолы­мен жасалатын. Әрі алпыс тон­на­лық бір вагонды толтыруға мұ­най­шылар бір сағаттай уақыт жо­ғал­­татын. Ал қазір барлығы авто­­маттандырылған және бар­лық процесс компьютер арқылы бақыланады. Қон­дыр­ғының бір мезгілде екі түрлі өнімді құя алатын мүм­кін­дігі бар. Бір цистерна шамамен 10 минутта толады. Жаңа қондырғы компанияға шы­ғын­сыз әрі қарқынды жұмыс іс­теуге жол ашты. Сондай-ақ бұл құюды берілген массаға сәй­кес орындауға, мұнай өнімінің цис­тернаның ернеуінен асып кетуі­не жол бермейді. Республикада алғаш рет жемісті іске қосылған германиялық қондырғының бензин құю бойынша қуаты жылына 2,5 миллион тоннаны құрай­ды және оның қуаты келешекте авиа­­керосин бойынша жылына 0,5 миллион тоннаға, дизель отыны бойынша жылына 2 миллион тоннаға артпақ.

Ағымдағы жылдың шілдесін­де зауытта жоғары қуаты жылына екі миллион тонна мазутты терең өңдей­тін каталитикалық крекинг қондыр­ғысы кешені салынған болатын. Каталити­калық крекинг шикізатты өңдеу көле­мін жылына 6 миллион тоннаға дейін жеткізуге және шикізатты өңдеу терең­дігін 85%-ға дейін жеткізуге бағыт­тал­ған. Мамандардың айтуынша, қуаты жылы­на 2 миллион тонна шикізат өң­дей­тін RFCC каталитика­лық крекинг қондырғысы UOP компаниясының (АҚШ) технологиясы бойынша құрас­тырыл­ған. Мұнда Merox, Prime G+, Claus, PSA-2 қондырғыларының көме­гі­мен жоғары октанды бензин, дизель отыны, сұйытылған газ және аз мөлшерде қазандық отыны өндіріледі. RFCC каталитикалық крекинг кешенін іске қосу зауытта шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға, сапасы бойынша К-4 және К-5 экологиялық кластары­на сәйкес келетін автомобиль отындарын (бензин, дизель) шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Аталған кешенде 185 маман жұмыс істейді. Олардың 100-ден астамы жасы отызға де­йінгі мамандар екен. Яғни ма­мандардың дені жастар.

Өндіріс орнының алға қой­ған жоспарлары да аз емес. Мысалы, алдағы уақытта RT маркалы әуе отынын шығару көзделген. Бұған дейін компания TS маркалы отынын жылына 265 тоннаға дейін өндіріп келді. Енді жылына 400 тоннаға дейін жеткізбек. Жаңғырту жұмыстарының нәти­жесінде мұнай өңдеу зауытында халықаралық Jet-A1 стандартты әуе отыны өн­дірісі реттелді, АҚШ-та, Еуропа­да және ТМД-ның бірқатар елдерінде ұшақтар­ға құю үшін пайдаланылатын стан­дарт Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың мамырынан бастап қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ жаңғыртудан кейін аумағы кеңейген кәсіпорын­ның жұмысы толығымен авто­маттандырылған жүйеге көшті. Десе де бұл маман­дардың, жұ­мыс­шылардың қысқаруына себеп болған жоқ. Жаңа қон­дыр­ғы­лар іске қосыл­ған­нан кейін 400-ден астам жа­ңа жұмысшы қа­был­­­данған. Олар­дың барлығы мұнай саласы бойынша білімі бар жастар. Зауыт бас­шылығының ай­туын­ша, әсіресе жер­гілікті жетек­ші оқу орны М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ, политехникалық кол­­ледж, Халықтар достығы уни­вер­ситеті секіл­ді білім орда­лары­ның жас түлек­тері жұмыс­пен қамтылған. Бүгінде ши­кі­­зат­ты «ПетроҚазақстан Құм­көл Ресорсиз» АҚ-тан алып отыр­ған «Петро­Қа­зақ­стан Ойл Про­дак­тс­та­ғы» жаңғырту жұ­мыс­­тарынан ке­йін мұнай өңдеу кө­лемі ұл­ға­йып, ел нарығындағы үлесі 35%-ға дейін артып отыр. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан» 

Түркістан облысы