Биылғы қатал басталған қысты өзгерткен аппақ қарға өрнек бергендей болған көздің жауын алған мойыл еді.
Айналаға қар түскен желтоқсанның бет қарыған алғашқы күндері жұмысқа бара жатқанда жол бойындағы бір түп жидектің ал қызыл бояуы көз жауын алғаны ерек. «Самалдағы» ең биік үйдің алдына егілген ағаштың біріне мойыл өседі деп кім ойлаған.
Мойыл шіркін алғашқы қар жауғанда қар астында қалған еді. Араға апта салып келгенде күн жыли бастаған сәт болатын, аязда әдемі көрінетін мойылдың борсып ісіне бастағанын байқап таңғалдық. Мойыл ағып кетеді дегеніңіз осы шығар деп қойғанбыз.
Сіз де көріңіз, жары,қтық, мойыл ағып кеткен жыл деп жазатын осы кез-ау! Жол жиегіндегі доланаларды тосап жасауға жинап алған, ал мойылыңыз ағаш басында Жаңа жылда жылтырап көздің жауын алады. Қызық, сіз білесіз бе, негізі мойыл су қоймаларының, көлдердің, өзендердің жағаларында, бұталардың арасында, ормандардың шеттерінде өседі екен. Баяғыда қаланы көркейту орындары аймақты жасылдандыру кезінде мойыл бұтағын шанши салған болды ғой.
Шіркін, мойыл!
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы