• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2012

Кемтарлар кемдік көрмеуі керек

400 рет
көрсетілді

Кемтарлар кемдік көрмеуі керек

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 8:23

«Қазақ саңыраулар қо­ғамы» қоғамдық бірлестігінің ширек ғасырдан астам уақыт ыстығына күйіп, суығына то­ңып жетекшілік етіп келе жатқан білікті де тәжірибелі басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тезекбай Исай Қарттар мен мүгедектер күні мерекесіне орай ескеріп келетін тілшілер қауымына ризашылығын білдіре келе, қоғам мүгедектерінің бүгінгі мұң-мұқтажын баяндады. Әң­гімесінің әлқиссасын ақсақал мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл мүлдем аз бөлінетінінен бастады.

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 8:23

«Қазақ саңыраулар қо­ғамы» қоғамдық бірлестігінің ширек ғасырдан астам уақыт ыстығына күйіп, суығына то­ңып жетекшілік етіп келе жатқан білікті де тәжірибелі басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тезекбай Исай Қарттар мен мүгедектер күні мерекесіне орай ескеріп келетін тілшілер қауымына ризашылығын білдіре келе, қоғам мүгедектерінің бүгінгі мұң-мұқтажын баяндады. Әң­гімесінің әлқиссасын ақсақал мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл мүлдем аз бөлінетінінен бастады.

– Бұрындары біздің табы­сы­мыз расында мол болатын. Оларды жұмыспен қамтуда да онша қиындықтар кездесе бер­мейтін. Сол табыстың ар­қасында біз оларға пәтер алып беретінбіз. Осы уақытқа дейін 2400 пәтер алып беріппіз. Кейін еліміз нарыққа қадам бас­қанда жағдайымыз күрт тө­мен­деп, қаржымыз пәтер алу­ға жетпей қалды. Біздің мү­ге­дектер үшінші топтағы мүге­дектер санатынан. Оларға пә­тер­ге кезекке тұруға немесе үй салу үшін жер алуға да Үкі­мет тарапынан ешқандай жеңілдіктер жоқ, ал, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге бар. Бұл ретте біз Үкіметке біріншіден, тілінің кемістігі бар, екіншіден, құлағы естімейтін бұл жандарға екінші топтағы мүгедектік берілсе деп бірнеше рет сауал қойдық, нәтиже жоқ, дейді ол. Ал оларды жұ­мыспен қамту мәселесіндегі қиындықтар жайын да қоғам басшысы аса қиналыспен жеткізді.Жалпы, елімізде осындай кемістігі бар адамдар 94 мың болса, 24 мыңы қоғам тіркеуінде екен. Ал он бес мыңнан астамы қоғамның мүшесі болып отыр.Қазіргі күнде республика бойынша 800-дей адамымыз жұмысқа орналаса алмай жүр. Олардың біразы ауылдық жер­лерде тұрады. Бұлардың ішінде арнайы мамандық ал­ға­ны да, алмағаны да бар. Елімізде естімейтін және шала еститіндерге арналған 29 мектеп-интернат бар. Оларда бұ­рын мамандықтар беретін. Қа­зір бұл үрдіс жоқ. Сондықтан біз оларды мектептен шық­қан­нан кейін шақырып, оқы­тамыз. Талабы барын жұмыс­қа қалдырамыз. Кейбіреуі әрі қарай оқуымды дамытамын деп колледждерге барады. Былай қарағанда, бұл мемлекеттік проблема. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында мүгедектерге жәрдем беру жөнінде тамаша айтты емес пе?, деді әңгіме барысында Т.Исай. Сондай-ақ ол көрші мемлекеттердегі мүгедектер жайын да назардан тыс қалдырмады.

Ресей, Украина, Беларусьта парламентте мүгедектерден де­путаттар бар. Солар мүге­дектердің жағдайын жеткізіп отырады. Сонымен бірге, Үкі­метте мүгедектердің жағ­дайын қарайтын комиссия бар. Мұның барлығы да, сай­ып келгенде, оларда мүге­дек­тер мәселелерін шешуде қи­ын­дықтар жоқтың қасында еке­нін көрсетеді. Бұл мем­ле­кеттердің мүгедектерге деген адамгершілігі мен мейірімі ерекше, дейді қоғам басшысы. Ақсақалдың сөзінен ұққаны­мыз – саңырау мүгедектерге деген Үкіметтің қолдауы аса қажет.Биыл Қазақ саңыраулар қоғамының құрылғанына 75 жыл толды. Бұл атаулы мереке елордада республикалық дең­гейде салтанатты түрде ата­лып өтілді. Сол жиынға барған біздің ойымызды олар­дың бүгінгі тіршіліктері қатты толғандырған-ды. Әуелі олар жасаған бұйымдардан өткізіл­ген көрмедегі көздің жауын алар тұрмыстық заттар мен ар­найы киімдерді қарап, олар­дың күлімсіреген жылы жүз­де­рінен өмірге деген құлшы­ны­сты аңғарғанбыз. Бұл жа­салған бұйымдар әлемді қолы­мен әрлеуге талпынған саңы­рау мүгедектердің көз майы мен шеберліктерін сарқуының көрінісіндей болған. Таңдана, тамсана қарағанбыз сонда. Мұның барлығы еліміздегі са­ңырауларға арналған 18 оқу-өндірістік орталығында жа­сал­ған дүниелер екенін айтқан ләзім. Үкіметке масыл бола бермеуді басты назарда ұста­ған жандарға алғыстан басқа айтар жоқ, әрине. Ал олардың (оқу-өндірістік мекемелердің) шекесі шылқып тұрмағаны да белгілі. Орта есеппен алғанда елуден аса адамдар жұмыс ат­қа­ратын мекемедегі қиыншы­лық­тар да жетіп артылады екен. Қоғам президентінің ай­туына қарағанда, тендерге қа­тысқанда төмен бағаны ұсын­ған мекеме жеңіске жетсе, бұлар да амалсыздан одан да төмен ұсынуға мәжбүр бола­ды. Бұлар жұмысшылардың тек айлық жалақысын жабуы деген қанағат сезіміне тә­уелді. Сөйтіп, жоғарыда атал­ған­дар­ды пәтермен қам­та­масыз ету іс өзінен өзі ысы­рылып қала береді. Алай­да бұлар өндірген өнім­дер сапа­сы жағынан түрлі халық­ара­лық байқауларда топ жарып, арнайы дипломдармен де марапатталуда. Әрине, бұл олар­дың өз кә­сібіне деген адал­дығы мен еңбекқорлы­ғы­­ның жемісі екені даусыз.Сондай-ақ қоғам саңырау­лар­ды еңбекке ұйым­дас­ты­рып, жұмыспен қамтумен қа­тар, олардың арасында өнер сайыстарын да ұйымдастыру­ды қолға алған. Соның ішінде өнердің би, клоунада және ыммен өлең айту түрлерінен республикалық байқаулар өткізіледі. А.Никулин, Н.Қа­ратаева, Ә.Меңдібаев сынды өнерпаздар халықаралық бай­қауларға да қатысып, жүлделі орындар алып келіпті. Өз ара­ларында оларды ынталан-дыру мақсатымен құрметті атақ та тағайындалған. Бүгін­ге дейін 40-тан астам өнерпаз «Қазақ саңыраулар қоғамы­ның еңбек сіңірген әртісі» деген атаққа ие болған. Рухани өмір мен денсаулық сақ­тау­дың бір парасы спорт болса, саңыраулар қоғамы бұл істен де шет қалмай келеді. Бүгінге дейін олардың арасынан 3 еңбек сіңірген спорт шебері, 30 спорт шебері, 16 спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған азаматтар шық­са, олар негізінен үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика түр­лері бойынша осы атақ­тарға қол жеткізген. Қоғам Т.Төлеуішов, А.Уткина, В.Верещагин, ағайынды Құ­сайы­нов­тар секілді суретшілерімен де мақтана алады. Олардың қылқалам туындылары еліміздегі ғана емес, халықаралық көрмелерге де қатысып, бай­қауларда жүлделі орындар алса, аталған суретшілердің бәрі де Қазақстан Суретшілер ода­ғының мүшелері.– Қоғамның көптеген мү­шелері талмай талаптануының арқасында экономист, заңгер мамандықтарын да алған, сон­дай-ақ қызмет көрсету сала­сында технолог, шаштараз сияқты кәсіптерді меңгерген. Бүгінгі таңда қоғам мүшесі болып табылатын 355 мүге­дек жоо және орта арнаулы оқу орындарында мамандық алу үшін оқып жүр. Әрине, сау адамдардың өзі маман­дығы бойынша жұмысқа тұра алмай жатқанда, мүгедек жан­дардың жұмысқа орналасуы оңай емес екені де көңілге мұң ұялатады, дейді Тезекбай Ділдәбекұлы.Иә, мүгедектің мұңы қа­шан таусылған. Оларға қолдау мен демеу көрсету қашанда кезек күттірмейтін мәселе. Олар қоғамда сау адамдар секілді, ешнәрседен кемдік көрмей алдағы күннен тек мол үміт күтеді. Сол үшін де барын сала жұмыстар жасаудан әсте жалықпақ емес.Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.