• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2012

Елін қорғағанның еңсесі биік

285 рет
көрсетілді

Елін қорғағанның еңсесі биік

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:14

Жылдағы дәстүр бойыншаелімізде көктем мен күздеазаматтық борышын өтеугетиіс жастарды әскергешақыру басталатындығыбелгілі. Қазірдің өзіндеҚорғаныс істерідепартаменттері менбасқармалардың,бөлімдердің әскергешақыру пунктінде нағызқарбалас шақ.

 

Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:14

Жылдағы дәстүр бойыншаелімізде көктем мен күздеазаматтық борышын өтеугетиіс жастарды әскергешақыру басталатындығыбелгілі. Қазірдің өзіндеҚорғаныс істерідепартаменттері менбасқармалардың,бөлімдердің әскергешақыру пунктінде нағызқарбалас шақ.

Биылғы күзгі әскергешақыру жұмыстары қалайжүргізіліп жатқанын білмекоймен біз Астана қаласыҚорғаныс істерідепартаментінің бастығы,полковник МұқамеджанТАЛАСОВТЫ әңгімегетарттық.

– Астана қаласы бойыншаәскергеша­қырылушылардың санықанша? Жыл сайын әскериқызметке жөнелтілетінәс­керге шақырылушылардың саны жет­кілікті ме?

– Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әс­керлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады. Баршамызға белгілі, Елбасымыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қарулы Күштер сан жағынан көп емес, ұтқыр және шынайы ұрысқа қабілетті болуы тиіс деп анықтап берген. Бұл тұрғыда, әске­ри бөлімдерге жөнелтілетін әскерге шақы­рылушыларымыздың саны да көп емес. Бірақ әскерлерді жасақтау үшін жетіп-арты­лады. Осыған байланысты «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болатындар ғана таңдалуда. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскер­лері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, ден­саулық жағдайын ескереді, осыған байла­ныс­ты басым түрде:

- зымыран, авиация, бронды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығарумен байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі;

- режімдік және арнайы бөлімдерді жа­сақтау үшін көрсетілген командаларға алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылар жіберіледі;

- аэроұтқыр әскерлерін жасақтау үшін кемінде жалпы орта білімі, жақсы дене бітімі бар және бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан әскерге шақырылу­шыларды іріктеу жүзеге асырылады;

- Республикалық ұланды жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, кемінде жалпы орта білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;

- жоғары білімі бар әскерге шақыры­лу­шылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;

- математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген әс­кер­ге шақырылушылар радиотехникалық, зе­ниттік-зымыран бөлімдеріне, Қарулы Күш­тердің барлық түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының байланыс бөлімдеріне жіберіледі;

- ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зе­ниттік-зымыран бөлімдеріне және Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қор­ға­ныс бөлімдеріне, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі;

- медицина және фармацевтика фа­куль­тет­терін бітірген әскерге шақырылушылар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиісінше кіші меди­ци­налық персонал лауазымдарына жібе­ріледі;

- оқу-жаттығу бөлімдеріне және сержанттарды, сарбаз мамандарды даярлауға арнал­ған мектептерге кемінде жалпы орта білімі және жоғары моральдық қасиеттері бар әс­керге шақырылушылар қатарынан қатаң дербес тәртіппен іріктеледі. Оқу-жаттығу бөлім­деріне кандидаттарды іріктеу кезінде, сонымен қатар, олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

– Өз қалауымен әскери міндетін өтеуге ынта білдіретіндер көп шығар?

– Ата Заңның 36-бабына сәйкес «Қазақ­стан Республикасын қорғау – оның әр аза­матының қасиетті борышы» болып табылады. Мұны баршамыз білеміз.

Біздің халқымыз жоғары патриотизм рухында тәрбиеленген. Адамзат тарихында жер бетінен жоғалып кеткен халықтар мен мемлекеттер аз емес. Тек патриотизм және отанға деген сүйіспеншілік қана кез келген мемлекеттің гүлденуі мен өркендеуіне кепіл болар негізгі күш болып табылады. Жастарымыз да ерліктің дастаны болған бабалары­мыздың жолымен жүріп келеді. Сондықтан болар, әр әскерге шақыру жасындағы азаматымыз әскери киім киіп, жауынгерлік ұжымның рухын сезінгенді жөн көреді.

– Мекемелеріңіздің әскерге шақырудан жалтарғандарды анықтайтынқандай «құ­ралдары» бар? Анықталған жалтарушыларды қандай жазатосады?

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулы­сы­мен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларының» 11-тармағына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әс­керге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жер­гілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде жергілікті атқарушы органдар арқылы ша­қырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қой­ғыза отырып жүргізеді.

Әскерге шақырылушылардың аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясына дәлелді се­беп­терсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа ша­қыр­ту қағазын жеке өзіне беру мүмкін бол­ма­ған барлық жағдайлар туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлім­дер­дің) бастықтары оларды іздестіру үшін ішкі істер органдарына хабарлайды. Әскерге ша­қыру­дан қасақана жалтарған, сондай-ақ аза­маттардың әскерге шақыру пункттеріне уақ­ты­лы келуіне кедергі келтірген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заң­на­маға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға тапсырылады.

Азаматтардың әскерге шақыру пунктте­рі­не бармауының дәлелді себептеріне келсек, олар мыналар:

- еңбекке жарамдылығынан айырылуға бай­ланысты науқастануы немесе жара­қаттануы;

- басқа адамның көмегіне мұқтаж, толық мемлекеттік қамтамасыз етумен қамтыл­ма­ған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мү­шелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған кезде әскерге шақырылушы адам тарапынан күтімді талап ететін жақын туы­сының қайтыс болуы немесе науқастануы;

- азаматтың жеке өзінің келу мүмкін­дігі­нен айырған табиғи немесе техногендік си­паттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны, өрт және бас­қалар) болып танылады.

Келмеу себептері құжат түрінде расталуға тиіс.

– Биылғы жылғы жаңалықтардың бірі – бұл әскерге шақырылушылардыңмін­детті түрде наркотест тапсыруы болып отыр. Осы жаңа үрдістіңқажеттілігі қан­ша? Әскерге шақыруға дейін есірткі қол­данған жас әскериқызметке бара ала ма?

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «2006-2014 жылдардағы наркомания және наркобизнеспен күрес стратегиясына», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы №1029 қаулы­сы­мен бекітілген «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына», «2009-2011 жылдар­дағы Қазақстан Республикасындағы наркомания және наркобизнеспен күрес бағдар­ла­масына» сәйкес әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке жарамды­лы­ғын анықтау үшін медициналық тексеруден өткізген кезде наркотестілеу жүргізіледі. Есірткі қолданатын әскерге шақырылу­шы­лар әскери қызметке жіберілмейді және емделуі тиіс.

– Қарулы Күштерімізді аралас тәсіл­мен жасақтаудың қажеттігі неде?

– 20 жыл ішінде еліміз секілді Қарулы Күштеріміз де дамыды, басқа елдердің әскер­лері­мен терезесі теңесті. Жауынгерлік да­йындық жетілдіріліп, әскери техника мен қару-жарақтың заманауи жаңа үлгілерімен жарақ­танып, жауынгерлік әзірліктің деңгейі жоға­рылады. Қарулы Күштеріміздің келбеті де өзгеруде – ықшам, ұтқыр және кәсіби­ленуде. Қарулы Күштерімізді, басқа әскер­леріміз бен әскери құралымдарымызды жеке құраммен жасақтауда да оң өзгерістер аз емес.

Израиль, Солтүстік Корея және басқа да елдер сияқты біздің елімізде де жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде азаматтар әскери қызметке шақыру жолымен алынады. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерландтар, Ирландия және басқа елдерде әскерді ерікті түрде келісім-шарт бойынша жасақтау бар. Грекия, Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия, Португалия, Италия, Польша, Чехия, Венгрия, Словакия, Түркия, Румыния, Болгария, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерде әскер аралас – жалпыға бірдей әсери міндеттілік туралы заң негізінде және әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт бойынша жинау жолымен жасақталады. Ал біздің Қарулы Күштерімізде де әскер аралас тәсілмен жасақталады. Оның қажеттілігі келесі факторлармен байланысты.

Жыл сайын Қарулы Күштерімізге ғылым мен технологияның жаңа жетістіктері енгізілуде, қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлері қабылдануда, ал оларды басқару мен қолдану үшін сарбаз-мамандарды дайындау ұзақ уақытты талап етеді. Осындай лауазым­дарға келісім-шарт бойынша әскери қызмет­шілерді тағайындау тиімдірек. Себебі, келі­сім-шарт әскери қызмет мерзімі үш жылдан кем емес және осы уақыт ішінде жақсы маманды даярлауға болады. Ол қымбат бағалы техника және қару-жарақ түрінде жауынгер­лік кезекшілік атқара алады, сонымен бірге, оған сапалы техникалық қызмет көрсете біледі. Осы себепті, Қарулы Күштеріміздің белгілі бір бөлігін келісім-шарт бойынша шақырылған кәсіби мамандармен жасақтау аса қажет.

– Әскери кафедраларды бітірген жас­тардың дайындық деңгейін бағалапбер­сеңіз. Өйткені, олар лейтенант атағын әс­керде қызмет атқармастан,үйінің ма­ңайында жүріп те ала береді ғой.

– Әуелі айтылған контингент әскери кафедрада екі жылдан кем емес уақыт оқиды. Кафедраны бітіргеннен кейін далалық жиындардан өтеді, өз біліктілігін іс жүзінде шыңдайды. Соңынан емтихан тапсырады.

– Жақсы жауынгер болу үшін сарбаз қандай қасиеттерге ие болуы керек?

– Алдымен – жақсы дене дайындығы, қажетті білім деңгейі (жоғарыда айтылып өткен), ал ең бастысы – өз Отанының нағыз патриоты болуы тиіс. Себебі, елін қорғаған азаматтың еңсесі қашанда биік болатынын жастардың жадында сақтағаны жөн.

Әңгімелескен

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».