• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Шынайы достықтың, сенімді серіктестіктің көрінісі

330 рет
көрсетілді

Шынайы достықтың, сенімді серіктестіктің көрінісі

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:19

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарында сауда-экономикалық байланыстардың орны да, жөні де бөлек. Көршілес екі мемлекеттің басшылары әуел бастан-ақ осы жағына баса назар аударып, ерекше мән берген. Соның нәтижесі бүгінде екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, өзара тауар айналымын еселеп арттырып отыр. Экономиканың барлық салаларындағы тиімді қатынастар Ресейді еліміздің ірі сауда әріптестерінің қатарына қосты. Мысал келтірейік, Қазақстанның жалпы сыртқы саудадағы тауар айналымы көлемінің 20 пайызға жуығы Ресейдің үлесіне тиеді. Ал өткен жылы Қазақстан – Ресей арасындағы тауар айналымы 23,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

 

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:19

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарында сауда-экономикалық байланыстардың орны да, жөні де бөлек. Көршілес екі мемлекеттің басшылары әуел бастан-ақ осы жағына баса назар аударып, ерекше мән берген. Соның нәтижесі бүгінде екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, өзара тауар айналымын еселеп арттырып отыр. Экономиканың барлық салаларындағы тиімді қатынастар Ресейді еліміздің ірі сауда әріптестерінің қатарына қосты. Мысал келтірейік, Қазақстанның жалпы сыртқы саудадағы тауар айналымы көлемінің 20 пайызға жуығы Ресейдің үлесіне тиеді. Ал өткен жылы Қазақстан – Ресей арасындағы тауар айналымы 23,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Іргелі екі мемлекеттің қа­тынастары барлық салаларда ор­нық­ты дамып келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Осыған байланысты еліміздің көмірсутегі шикізаттарын Ресейдің магис­тралды құбырларын пайдалану арқылы әлемдік рынокқа тасы­мал­дау мәселесін алайық. Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей қазақ­стандық мұнайды сыртқы рынок­қа экспорттауда Атырау – Самара, Атасу – Алашаңқай және КТК құбырларына басымдық беріп отыр. Өйткені, Атырау – Самара мұ­най құбыры ірі экспорттық ба­ғыттардың бірі болып табылады. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұ­найы «Трансмұнай» жүйесі бо­йынша Одесса, Приморск, Новороссийск, сондай-ақ «Достық» жүйесі бойынша Солтүстік-Ба­тыс, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне тасымалданып келеді.

Қазақстан мұнайын экспорт­тау­да 2001 жылы іске қосылған Каспий Тұрбақұбыры Консор­циу­мының (КТК) да атқаратын рөлі ерекше маңызды. Аталған құ­быр желісі ТМД аумағында инвести­ция­лық жобалардың ауқым­дысы саналады. Біздің еліміз үшін де бұл құбыр басым бағыттардың бірі болып табылады. Оның үсті­не КТК жалпы ұзындығы 1511 шақырымды құрайтын Теңіз – Но­вороссийск мұнай құбырына иелік етеді әрі ол Қазақстанның ба­тысындағы кен орындарын Ре­сейдің Қара теңіз жағалауымен жалғап жатыр. Еліміздің Теңіз және Қашаған кен орындарынан мұнай өндіру көлемі артқан кезде КТК-ның өткізгіштік әлеуеті де ұл­ғая түсетін болады. Бұл Қа­зақ­стан үшін де, Ресей үшін де пай­далы. Себебі, екі ел КТК-ның негізгі акционерлері болып табылады.

Екі елдің ынтымақтастығы газ конденсатын өндіру және оны тасымалдауда да түсініктікпен да­мып келеді. Оны 2010 жылғы 7 қыркүйекте Өскеменде Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын барлау туралы қол қойылған келісімнен көруге болады. Қазақстан – Ресей, сондай-ақ Каспий теңізінің ресейліктерге қарайтын бөлігін­де­гі Хвалынское және Центральное кен орындарындағы өнімді бөлу аясында да түсініктікпен жұ­мыс істеуде. Дайындық жұ­мыс­тары белсенді жүргізіліп жат­қан бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда, ол тараптардың отын-энергетика кешені салаларын­да­ғы өзара іс-қимылды нығайтуға ық­пал етеді. Әрі шекаралас өңір­лердің әлеуметтік-экономикалық жағ­дай­ларын жақсартады, соны­мен қатар, көмірсутектерін шетел­дерге экс­порттау көлемін арттырады.

Қазақстан–Ресей қатынас­та­рын­­да автокөлік және комму­ни­ка­циялық жол құрылыстарына қа­тысты қолға алынып жатқан жо­балар да бар. Бүгінде Транс­азия­лық темір жол магистралінің еуразиялық транзиттік дәлізін дамытуға байланысты нақты іс-шаралар қолға алынуда. Мұны­мен қатар, екі елдің аумақ­тары­мен жүк тасымалдау тарифтерін жақындастыру жөнінде де жұ­мыс­тар жүргізіліп жатыр. Екі­жақ­ты ынтымақтастықта су көлі­гі саласындағы байланыстардың перспективасы жоғары болмақ. Бүгінде Қазақстанның қаты­суы­мен Каспий және Азов-Қара теңіз бассейнін қосатын су көлігі құ­рылысын салудың мүмкіндіктері қарастырылу үстінде.

Қазақстан – Ресей қаты­нас­та­рында өңіраралық ынтымақтас­тық ерекше маңызды орын ала­ды. Қазіргі кезде осыған бай­ла­нысты екі елдің арасында бекітілген 200-ден астам шарт пен келісімдер бар. Өңіраралық ынты­мақ­тастық сол құжаттар бойын­ша жүзеге асырылады. Мемлекет басшыларының қатысуымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Өңір­аралық форумдар Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақ­та­рының өзара қатынастарын жаңа сатыға көтерді, тауар айналымын еселеп арттырды. Ал форумдарда екіжақты ынтымақтастықтың аса өзекті мәселелері талқыланып келеді. Табиғатты, өзен-көлдерді бір­лесіп пайдалану, бірлескен кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру, көршілес екі елге ортақ басқа да мәселелер мүмкіндігіне қарай шешімін тауып отырады.

Жыл сайын өткізілетін форумдар онда күн тәртібіне қойыл­ған мәселелердің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мысалы, 2008 жыл­дың 22 қыркүйегіндегі форум Қазақстан және Ресей Прези­денттерінің қабылдаған шешімімен Өңіраралық ынтымақтастық форумы деген атауға ие болды. Өткен жылдың 15 қыркүйегінде Астраханьда өткен форум екі­жақ­ты бірқатар құжаттарға қол қойылуымен ерекшеленді. Соның бірі – Қазақстан мен Ресей ара­сындағы 2012-2017 жылдарға ар­налған өңіраралық және шека­ра­лық ынтымақтастық бағдарлама­сы және Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Алтай» трансшекаралық резерватын құру туралы келісім дер едік. Міне, енді ертең Павлодар қала­сын­да Қазақстан мен Ресей басшы­ларының қатысуымен кезекті ІХ Өңіраралық ынтымақтастық фо­румы өтеді. Бұл жиында екі елдің қатынастарын әрі қарай дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Бүгінде Қазақстан – Ресей арасында трансшекаралық су нысандарын қорғау және оларды тиімді пайдалану проблемалары бойынша нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мысалы, Жайық өзенінің экологиялық жүйесін қорғау жөніндегі Үкіметаралық комиссия және Мемлекетаралық қор құру жұмысы жалғасын табуда. Сонымен бірге, Ертіс өзенінің суын бірлесе пайдалану, оны қорғау мәселесі де қарастыры­лу­да. Аталған осы мәселелерге қа­тысты екі ел үкіметтерінің ара­сын­да келісім де жасалған.

Жалпы, өткен жылы Қазақ­стан Президенті мен Ресей Президенті сегіз рет кездесті. Көр­ші­лес екі елдің басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері биыл да өзінің жалғасын табуда. Міне, бұл мызғымас достықтың, ізгі ниеттестіктің, стратегиялық әріптестіктің айқын көрінісі болып табылады.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».