• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2012

Бірлік пен келісім – басты ұранымыз

2757 рет
көрсетілді

Бірлік пен келісім – басты ұранымыз

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:31

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылғалы бері оның Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бар­лық күш-жігері көпэтносты еліміздің патриоттық күшін біріктірген жаңа қо­ғамдық инс­титуттың дамуына бағытталып отыр. 1992 жылғы желтоқсан айында өткен Қа­зақстан ха­лықтарының фору­мын­да Ел­басымыз еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі орны болып табылатын осы Ас­самблеяны құру туралы бастаманы көтер­ген еді. Ол жас тәуелсіз мем­лекетіміздің жаңа­дан эконо­микалық, әлеуметтік және саяси негізі қаланып, демо­кратиялық қоғам құруға бет бұрған кезең еді. Қазақ­станның ұлттық саясаты бар­лық этнос­тардың экономика­лық және кешенді дамуын, этносаралық келісімді, этнос­тар арасындағы достық пен бірлікті, өзара кө­мекті ескере отырып дамуда. Іс жүзінде бұл жағдайларды ескермесек, саяси жағынан тұ­рақты, этносаралық және кон­фессияаралық келісім орын алған әрі экономикасы дамыған қоғамды құру мүмкін болмас еді.

 

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:31

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылғалы бері оның Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бар­лық күш-жігері көпэтносты еліміздің патриоттық күшін біріктірген жаңа қо­ғамдық инс­титуттың дамуына бағытталып отыр. 1992 жылғы желтоқсан айында өткен Қа­зақстан ха­лықтарының фору­мын­да Ел­басымыз еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі орны болып табылатын осы Ас­самблеяны құру туралы бастаманы көтер­ген еді. Ол жас тәуелсіз мем­лекетіміздің жаңа­дан эконо­микалық, әлеуметтік және саяси негізі қаланып, демо­кратиялық қоғам құруға бет бұрған кезең еді. Қазақ­станның ұлттық саясаты бар­лық этнос­тардың экономика­лық және кешенді дамуын, этносаралық келісімді, этнос­тар арасындағы достық пен бірлікті, өзара кө­мекті ескере отырып дамуда. Іс жүзінде бұл жағдайларды ескермесек, саяси жағынан тұ­рақты, этносаралық және кон­фессияаралық келісім орын алған әрі экономикасы дамыған қоғамды құру мүмкін болмас еді.

Сол себептен Елбасымыз­дың бірлік пен келісімнің Ас­самблеясын құру туралы ұсы­нысын оның саяси даналығы деп есептеймін. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы өзінің ат­қарған істері арқылы қоғамдық қатынасты қалыптастырудың эволюциялық дамуының жаңа­шыл үлгісін көрсете білді. Таза қазақстандық саяси жаңашыл­дықтың нәтижесі іспеттес қо­ғамдық институттың іс-тәжі­рибесі мен ұлттық саясатының қазақстандық үлгісін үйренуге көптеген шет мемлекеттерде, атап айтқанда, АҚШ, Қытай, Ресейде үлкен ықылас білдірілуде.

Осы саяси құрылым өзінің жұмыс жасай бастаған кезінен бастап халықтар арасындағы достықты, татулық пен сый­ластықты бекітудің құралына айналды. Халықтар достығы деген біз үшін жаңалық емес, оның тамыры бірнеше ғасыр­лық тарихты құрайды, яғни Қазақстанды мекендеп келе жатқан барлық этностардың та­рихында үлкен орын алатын құбылыс болып табылады. Көп­теген этностар, соның ішінде күрд халқының өкілдері қазақ даласына сталиндік репрессия кезінде қоныс теуіп еді. Мемлекет құраушы ұлт бо­лып табылатын қазақ халқы күрдтер үшін және осындай қиын жағдайды басынан кешірген басқа да этностың өкілдері үшін қысылған кезде пана­лайтын сая бола білді. Құшақ жая қарсы алған Қазақтың дархан даласы өзінің қамқор­лы­ғына алып, жылуын берумен қатар, біздің ұлттығымызды сақ­тап қалуға көмектесті. Ашы­ғып, ұлттық на­мысы тап­талып келген этнос өкілдерін қазақ халқы пана­латып қана қойған жоқ, олар үшін екінші Отан бола білді, ал осы жерде туып-өскендер үшін ең қымбат, қимас мекенге ай­налды. Содан бері барлығымыз бірігіп, туған отанымыздай бо­лып кеткен Қазақстан жерін көркейту жолында жұмыла тер төгудеміз. Солай болуы керек те.

Педагог ретінде мен Мемлекет басшысының білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы және қазақстандықтардың құ­қық­тық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық толерант­ты­лықты дамыту қажет деген пікірін толық қолдаймын. Бұл Елбасының атап көрсеткен бо­лашаққа арналған нақты мін­деттердің ішіндегі ең бірінші бағыт болып табылады. Мектептер мен жоғары оқу орын­дарында енгізіліп жат­қан «То­леранттылық негіздері» атты факультативтік курстың жастар үшін ма­ңызды құрал бола­тынына сенімім мол. Себебі, ол пән Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тарихы мен мәдениеті, ұлттық дәс­түр­лері жайлы толық білім берумен қатар, жастарды рухани жағынан байытып, ой-өрісін кеңейтетін және сол арқылы өзара түсінушілікке тәрбие­лейтін қайнар көз болмақ.

Болашаққа арналған мін­деттердің ішіндегі екінші бағыт ретінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды көрсетті. Енді ҚХА ел хал­қының мемлекеттік тілді мең­геруінің жалпыұлттық үдері­сіне басшылық жасауы керек. Мен Қазақстанда тұратын бар­лық этностар қазақ тілін жо­ғары деңгейде меңгеріп алуы керек деп есептеймін, өз ана тілімізді қалай жақсы көрсек, қазақ тіліне де сондай сүйіс­пен­шілікпен қарауымыз керек. Елбасының сөзімен айтсақ, «қазақ тілінде сөйлеу қалауы әрбір қазақстандыққа табиғи нәрсе болуы үшін бәрін істеуге тиіспіз».

 Қазақ жерін паналаған күрд халқы Қазақстан Рес­публи­ка­сындағы жаңа азамат­тық қоғам­ның дамуына өз үлесін қосып келеді. Оның бір үлгісі – күрдтердің мектепте немесе жоғары оқу орнында қазақша білім алуы болып табылады. Менің қандаста­рым­ның үштен екісі мемлекеттік тілімізді екінші ана тілім деп есептейді.

Қазіргі таңда күрдтер ара­сында көптеген ата-аналар өз­дерінің балаларын қазақ мектептеріне беріп, қазақша білім алуларына атсалысуда. Ассам­блеяның өзіне келетін болсақ, оның осы салада тәжірибесі мол, күрд тілін ана тілі ретінде үйренушілер үшін жексенбілік мектептер ашып, сол арқылы осы мәселенің шешімін тапқан. Сол сияқты ендігі жерде біз – яғни, ҚХА Кеңесінің мүшелері мемлекеттік тілді үйрету үшін белсенділік танытуымыз керек, әрбір қазақстандық өзінің аза­мат­тық парызын түсініп, мемлекеттік тілде сөйлеуді әдетке айналдыратындай дәрежеге жетуіміз керек.

Президентіміз орыс тілін қазақ тіліне қарсы қою қате екенін, бүгінде Қазақстанның этностары өзара орыс тілінде сөйлесетіндерін айтты. Осы уа­қытқа дейін біздің мәдение­тіміздің ажырамас бөлігі болып келген орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып қала бермек. Болашақта осы тілдің деңгейіне қазақ тілі жетуі тиіс, сол үшін Елбасы жұмысты тіл­дердің үш тұғырлығы бағдар­ламасы бойынша жүргізуді ұсы­нады. Осы тұрғыда мен өзім еңбек ететін Абай атын­дағы ҚазҰПУ-да атқарылып жатқан іс-шараларды айта кетсем деймін.

Университет мәртебесіне ие болғалы бері ҚазҰПУ-да екі шетел тілі оқытылатын факультеттер саны көбеюде. Оқыту толығымен мемлекеттік тілде жүргізіледі. Универси­те­тіміз­дің қабырғасынан жоғары білікті мамандар дайындалып шы­ғарылуда, олар Батыс Еуропа мен Шығыс тілдерін еркін меңгерген болашақ журналистер мен халықаралық заң­гер­лер, филологтар мен педагогтар.

Ұлттық бірлігіміздің маңыз­ды құрамдас бөлігі болып табы­латын конфессияаралық келісімді Президент үшінші бағыт ретінде атап көрсетеді. Н.Назар­баевтың бастамасы бойынша Қазақстанда Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының съезі болып өтті. Онда ірі конфессия өкілдері әлемдегі бейбітшілікті бірқалыпты сақтап тұ­руға ықпал ететін маңызды мәселелерді талқылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тәрбие жұ­мы­сын жүргізуде сіңірген ең­бектері мол. Өткен жылы көк­темде Алматы облысы, Іле ауда­нындағы Түймебаев ауылында жаңа мешіт ашылып, пайда­лануға берілді. Оның демеушілері күрд кәсіпкерлері Г.Сүлей­менов пен Ф.Ибрагимов. Мешіт өзінің айналасына бейбітшілікті қалайтын барлық мұсылман өкілдерін біріктіріп отыр, ұлты басқа болғанмен, діндері бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір күрд, әзербайжан, т.б. эт­ностың өкілдері сол жерге жи­налып, елімізде сақталып тұрған бірлік пен келісім үшін ғибадат қылуда.

Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық бірліктің беріктігі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бар­лық этномәдени бірлестіктер жұмы­сының тиімділігін арт­тырумен тікелей бай­ланысты екенін атап көрсетті. Ең ал­дымен ҚХА Хат­шылығының үй­лестіруші рөлін күшейту керек, Ассамблея жа­ны­нан «Ақ­сақалдар алқасын» құру өзін­дік нәтижесін бермек. Со­нымен қатар, ғылыми-сарап­тамалық кеңестің жұмысын күшейтіп, этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қолдан­балы зерттеулер жүргізетін ға­лымдар үшін грант тағайындау қажет.

ҚХА мүшесі және ҚР күрд­терінің «Барбанг» қауымдас­ты­ғының төрағасы ретінде мен Президентіміздің этномәдени бір­лестікті мемлекеттік қолдау үшін жүргізетін саясатын то­лық қолдаймын. Бұл олардың қыз­ме­тінің диапазонын кеңей­тіп қана қоймайды, мемлекеттік тапсырысты орындау үшін күш жұмсауға, жаңа баста­маларды туғызуға мүмкіндік береді. Осы орайда айта кететін мәселе, қазақстандық күрд­тер үшін өз ана тілінде ра­диохабарлар жүргізуді қол­ға алсақ екен дейміз. Қазақ радиосында неміс, корей, ұйғыр тілдерінде хабарлар жүргізіліп тұрады, дәл сондай уақыт күрд хабар­ларына да бөлінсе екен. Күрд халқының өкілдері арасында, әсіресе, жастар арасында өз ана тілдерін жеткілікті білмейтіндері кездесіп жатады. Радиохабарлар жастардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру­мен қатар, бүкіл әлемге күрд­тердің Қазақстанда өз радио­хабарларын жүргізуге мүм­кіндік бар екенін көрсетуші еді. Сондай-ақ, күрд мәде­ниетін таратудың да құралы болып табылушы еді.

Ресми орындарда күрд тілінде сөйлеуге мүмкіндік жоқ, 20 миллион күрд тұ­ратын Түркия мемлекетінде 2008 жылдың 25 желтоқсаны­нан бастап осы тілде жүр­гізілетін жаңа хабар ашылды. Бұл мүмкіндікті Түрік мемлекеттік телекорпорациясының TRT-6 атты жаңа телеарнасы іске асырды. Қазіргі уақытта тәулік бойы күрд тілінде хабар тыңдауға болады. Қазақ радио­сында дәл осындай күрд редак­циясын құру туралы өтіні­шімізді мемлекетіміз бен Ассамблея қолдай алады деп ойлаймын.

Алдағы уақытта өз елімізде, бізге жақын орналасқан шет мемлекеттерде, жалпы бү­кіл әлемде этносаралық және кон­фес­сияаралық келі­сімнің қазақ­стандық үлгісін кеңінен наси­хаттауымыз қа­жет. Осы мақ­сатпен ҚХА Хатшылығына Қазақстандағы ұлтаралық ке­лісім­нің тәжі­рибесін кеңінен насихаттау үшін негізгі Еуропа тілдерінде «Қазақстан: бірлік пен келісімнің интегралды мекені (ошағы)» деген атпен арнайы басылым дайындау қажет. Бұл – қазіргі таңдағы ең үлкен әрі маңызды міндет болып та­былады.

Князь МИРЗОЕВ, Қазақстандағы күрдтердің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.